Четверг , 3 июля 2025

ОРМАНҒА ОТ ҚОЙҒАНЖЕМҚОРЛЫҚ!

  • 2002 жылы сол кез­де­гі ауыл шару­а­шы­лы­ғы тура­лы «Хабар Жер» атты ТВ бағ­дар­ла­ма­ның жур­на­лисі ретін­де Шығыс Қаза­қстан облы­сы­на ісса­пар­мен бар­дым. Жер­гілік­ті фер­мер, өнім өңде­ушілер­ді түсіріп жүр­міз. Кел­гені­мізді есті­ген жер­гілік­ті орман­шы­лар өздері тура­лы сюжет жаса­уы­мы­зды өтін­ді. Жос­пар­да жоқ бол­са да келістім. Орман­шы­лар­дың жұмыс орны­на жете­лей­тін жолға түс­кен­де-ақ келіс­кені­міз­ге өкініп қал­дық. Өйт­кені ол жол емес, бағыт қана еді.

Ондаған мың гек­тар орман алқа­бы­на қарай­тын инспек­тор­лар­дың жағ­дайы адам аяр­лы­қтай еді. Ешқай­сы­нан съем­ка үшін жібі түзу фор­ма табыл­ма­ды. Көбі жай киім­мен жүр. 5 жыл бұрын беріл­ген фор­ма күн­ге оңып кет­кен, ағаш бұтағы жыр­тқан жері қырық жамау. Әр инспек­тор 2–3 мың га жер­ден айна­ла­тын аумақты атпен кезек-кезек ара­лай­ды. Себебі ат жетіспейді.

Ондаған мың гек­тар орман алқа­бы­на жалғыз өрт сөн­діру­ші маши­на. Біз барған­да, короб­ка­сы бұзы­лған күйі тұр екен. Рация жетіс­пей­ді, қыл аяғы дүр­бі­ге дей­ін тап­шы. Мыл­ты­ғы да, оғы да сана­у­лы. Ара бағып, жеміс-жидек сатып күн көріп оты­рған орман­шы­ларға ол аздай, келетін комис­си­я­ның ас-суын да өздері көте­ру­ге міндетті.

Сон­дай сор­лы жағ­дай­ға жет­кен­дік­тен, ағаш кесетін­дер­ден доля алып, олар­дың ісіне көз жұмуға мәж­бүр екенін каме­ра сыр­тын­да айтып қалды.

Дәл сол қоры­қтың қасын­да жеке мен­шік дема­лыс орны тұр­ды. Оны да түсір­дік. Жап-жаңа ағаш үйлер қала­шы­ғы. Тікұ­шақ қона­тын орын. Аста­на­дан кел­ген қонақтар аю атуға келеді екен. Дема­лыс үйінің иесі жыл сай­ын 50 мың тең­ге­ден 3 аю атуға лицен­зия сатып алып, аста­на­лық қонақтарға әрқай­сысын 150 мың тең­ге­ге атқы­за­ты­нын айтқа­ны есім­де қалып­ты. Бірақ қонақ үзіл­ме­геніне қараған­да, 3 аюдан көп-ау шама­сы деп топ­шы­ла­дық. Орман­шы­лар сол дема­лыс орны шақы­рған­да «калы­мға» бара­ды екен.

Кей­ін сюжет шыққан соң, бізді Аста­наға Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гінің кол­ле­ги­я­сы­на шақыр­ды. Сол кез­де­гі министр Ахмет­жан Есі­мов «қазір кино көре­міз» деп біздің сюжет­ті көр­сет­кен соң, раз­бор­ка жасаған. Ақы­рын­да ол уақыт­та Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гінің қара­мағын­дағы орман шару­а­шы­лы­ғы, су ресур­ста­ры коми­тетінің төраға­сы қыз­меті­нен қуылды.

Содан бері 20 жыл өтті. Коми­тет басқа мини­стр­лік құзы­рын­да, сан төраға­сы ауы­сты, талайы сөгіс алды. Бірақ баяғы жар­тас – сол жартас.

Қаза тапқан инспек­тор­лар­да дені дұрыс бай­ла­ныс құра­лы, жол талға­май­тын көлік­тер, өрт сөн­діру­ге қажет құрал­дар болған­да, қай­ғы дәл осын­дай мас­шта­б­та бол­мас па еді? Менің­ше, олар өрт орны­на жет­кен­ше көп уақыт өткен­дік­тен, өрт аумағы тура­лы ақпар ескіріп кет­ті, ал олар бай­ла­ны­стың жоқты­ғы­нан жағ­дай­дан бей­ха­бар қалды.

Жыл сай­ын осы салаға мил­ли­ард­тар бөлі­неді. Бірақ ол діт­те­ген жеріне жет­пей, құмға сің­ген судай жоға­ла­ды. Ал оны тек­сер­ген ешкім жоқ. Өйт­кені бәрі күл­ше­ден үлес жеп отыр.

Ағаш мафи­я­сын туды­рған, инспек­тор­лар­ды бай­ла­ны­стан, қажет­ті өрт сөн­діретін тех­ни­ка-құрал­дан, ақы­рын­да өмір­ден айы­рған, орман­ды да, өзек­ті де өрте­ген ЖЕМҚОР­ЛЫ­Қты жой­май­ын­ша, жылаға­ны­мыз жылаған, жылатқа­ны­мыз жылатқан күй­де қаламыз.

Данеш Бай­бо­ла­тов,

«Фейс­бук» парақшасынан

ЫСЫРАПШЫЛДЫҚ

кедейлікке апарады

Ұлт­тық құры­л­тай­ды өткізу­ге бөлін­ген 390 мил­ли­он тең­ге кім­нің қал­та­сы­на түсті?

Түр­кістан облы­сын­да Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың төраға­лы­ғы­мен өтетін Ұлт­тық құры­л­тай­ға 390 млн тең­ге жұм­сал­мақ. Мем­ле­кет­тік сатып алу пор­та­лын­да «Құры­л­тай­ға арналған» бес келісім­шарт жасалған. Бар­лы­ғын­да тап­сы­рыс беру­ші – Түр­кістан облы­сы мәде­ни­ет және туризм басқар­ма­сы­на қарас­ты «Облы­стық мәде­ни­ет және халық шығар­ма­шы­лы­ғы орта­лы­ғы» мекемесі.

Орта­лық құры­л­тай­ға бай­ла­ны­сты екі келісім­шар­тты (бірін­шісінің құны – 39 млн, екін­шісінің құны – 76,6 млн тең­ге) Korzhyn Group деп ата­ла­тын ком­па­ни­я­мен жасасқан. Мем­ле­кет­тік сатып алу пор­та­лын­да 39 мил­ли­он тең­ге нақты қан­дай қыз­мет­ке бөлін­гені жай­лы мәлі­мет жоқ. Ал 76,6 млн тең­гелік екін­ші келісім­шарт маз­мұ­нын­да «Пле­нар­лық оты­рыс орнын тақы­рып­пен безен­ді­ру» деп көр­сетіл­ген. Келісім­шар­ттың негіз­гі құжа­ты сана­ла­тын тех­си­патта­ма пор­тал­да жоқ. Сон­ды­қтан 76,6 млн тең­ге­ге нақты не істе­летіні белгісіз.

Мем­ле­кет­тік сатып алу пор­та­лын­да жал­пы оты­рыс залын безен­діру­ге бай­ла­ны­сты тағы бір келісім­шарт бар. Оның баға­сы – 88,3 млн тең­ге. Бұл қар­жы ArtLab StudioALS ком­па­ни­я­сы­на беріл­ген. Пор­тал­да бұл келісім­шар­ттың да тех­си­патта­ма­сы жоқ. Маз­мұ­нын­да «Пле­нар­лық зал­ды тех­ни­ка­лық және сахна­лық жаб­ды­қтар­мен безен­ді­ру» деген қысқа­ша мәлі­мет қана көрсетілген.

Құры­л­тай аясын­да ком­по­зи­тор Шәм­ші Қал­да­яқо­втың шығар­ма­шы­лы­ғы­на арналған кон­церт те өте­ді. Оған жұм­са­ла­тын қар­жы – 164 млн тең­ге. Қал­да­яқо­втың кон­цер­тіне бай­ла­ны­сты тен­дер­ді Astana Media Production деген ком­па­ния алған. Бірақ Мем­са­тып алу пор­та­лын­да кон­церт­те кім­дер өнер көр­се­тетіні, қан­ша көре­рмен­ге арнап ұйым­да­сты­ры­лып жатқа­ны жай­лы мәлі­мет жоқ.

Құры­л­тай­ға бай­ла­ны­сты тағы бір келісім­шарт «Саз­ды әуен» ком­па­ни­я­сы­мен жасалған. Пор­тал­да бұл келісім­шарт бой­ын­ша да нақты не істе­луі керек екені тура­лы мәлі­мет жоқ. Тек «Құры­л­тай­ды ұйым­да­сты­ру қыз­метіне» деп көрсетілген.

Құры­л­тай­ға бай­ла­ны­сты бұл бес тен­дер де кон­курс­сыз өткен. Бірақ «Мем­ле­кет­тік сатып алу» тура­лы заң­да пре­зи­дент және күзетілетін өзге адам­дар қаты­са­тын іс-шара­лар­дың тен­дерін кон­курс­сыз өткізу­ге рұқ­сат бар.

Құры­л­тай­ға бай­ла­ны­сты бес келісім­шарт жасасқан Түр­кістан­дағы шығар­ма­шы­лық орта­лық дирек­то­ры Мей­ір­жан Әли­ак­ба­ров 390 млн тең­ге құры­л­тай­ға қаты­су­шы­лар­дың келіп-кетуіне, құры­л­тай аясын­дағы кон­церт­тік бағ­дар­ла­маға, жиын­ды өткі­зетін орын мен безен­діру­ге жұм­са­ла­ты­нын айт­ты. Бірақ Әли­ак­ба­ров әр келісім­шарт бой­ын­ша нақты не істе­лу­ге тиіс екенін түсін­дір­меді. Ол үшін ресми сұрау хат жібе­руді сұрады.

«Азаттық» әкім­дік­ке қарас­ты шығар­ма­шы­лық орта­лы­ққа 8 мау­сым күні ресми сау­ал жол­даған, бірақ осы мате­ри­ал шыққан­ша жау­ап кел­ген жоқ.

Құры­л­тай­ға бай­ла­ны­сты тен­дер алған ком­па­ни­я­ның бірі – Korzhyn Group биыл 22 ақпан­да тір­кел­ген. Бұған дей­ін мем­тап­сы­рыс алмаған. «Құры­лға­ны­на ұзақ уақыт бола қой­маған ком­па­ния екі тен­дер­ді қалай­ша кон­курс­сыз алды?» деген сұраққа шығар­ма­шы­лық орта­лық дирек­то­ры Мей­ір­жан Әли­ак­ба­ров «Құры­л­тай­ға бай­ла­ны­сты ком­па­ни­я­лар­дың бәрін жоға­ры­дағы­лар таң­дап бер­ді» деді. Бірақ «жоға­ры­дағы­лар» деп кім­ді мең­зе­генін түсіндірмеді.

Korzhyn Group серік­те­сті­гінің дирек­то­ры әрі жалғыз құры­л­тай­шы­сы – 24 жастағы Ақсұңқар Жары­лқа­со­ва. Ақсұңқар Жары­лқа­со­ва 2021 жылы Түр­кістан музы­ка­лық дра­ма теат­рын­да сахна­ланған «Бөр­те» қой­ы­лы­мын­да көр­кем­дік жетек­шінің асси­стен­ті болған. Бұл спек­такль­ді қоюға Түр­кістан дра­ма теат­ры 246 млн тең­ге жұм­сап, қоғам­да шу туды­рған болатын.

«Азаттық» Жары­лқа­со­ва­ның өзі­мен де сөй­ле­сті. Айтуын­ша, құры­л­тай өте­ді деген­ді естіп, әкім­дік­ке қарас­ты орта­лы­ққа ұсы­ны­ста­рын жібер­ген. Орта­лық Жары­лқа­со­ва­ның ком­па­ни­я­сын таң­дап, екі тен­дер бер­ген. Ол ком­па­ни­я­сы­на беріл­ген екі тен­дер бой­ын­ша нақты қан­дай қыз­мет жүк­тел­генін ашып айтпады.

Ұлт­тық құры­л­тай деп ата­ла­тын жиын был­тыр Ұлы­тау облы­сын­да өткен. Оның құра­мы мен ере­же­сін бекіту тура­лы жар­лы­қты пре­зи­дент­тің өзі шығарған. Ере­же­ге сәй­кес, пре­зи­дент Тоқа­ев – құры­л­тай­дың төраға­сы. Қаты­су­шы­лар құра­мын да пре­зи­дент бекі­те­ді. Был­ты­рғы жиы­нға 117 деле­гат қаты­сқан. Сөз сөй­ле­ген­дерің көбі пре­зи­дент­ті мақтаған болатын.

«Азаттық»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн