Четверг , 1 мая 2025

ҚАҢТАР: КЕШЕБҮГІН

Қалай бастал­ды?

Қаңтар оқиға­сын өткен шақ­пен айта­тын кез­ге жет­тік. Осы­дан екі жыл бұрын ғана елді әуре­ге салған дүр­бе­лең еді. «Уақыт – емші» деген. Қаңтар қасіреті де сана­мы­здан ақы­рын-ақы­рын жылы­ста­тып бара жатыр. Деген­мен Қан­ды қаңтар­дың қасіреті жаны­мы­зды әлі маза­лай­ды. Айдың-күн­нің ама­нын­да жаста­ры­мыз не үшін, кім үшін оққа ұшты деген сұраққа жау­ап іздей­міз іштей.

Басы­нан бастай­ық. Әуелі Қаңтар оқиға­сы қалай баста­лып еді? Хро­ни­ка­сы­на тоқталсақ.

1‑қаңтар. Жаңаө­зен қала­сы. Кеш­кі сағат 17.20. Тұрғын­дар қала әкім­ді­гінің алды­на жина­ла баста­ды. Нара­зы­лы­ққа шыққан­дар сұй­ы­ты­лған газ баға­сы­ның 60 тең­ге­ден 120 тең­ге­ге бір­ден қым­бат­та­уы­на қар­сы­лық біл­дір­ді. Пре­зи­дент­ке видеоүн­деу жол­да­ды. 18.00-де нара­зы­лы­ққа шыққан­дар өз еркі­мен тарап кетті.

2‑қаңтар. Нара­зы­лы­ққа шыққан тұрғын­дар әкім­дік ғима­ра­ты­ның жанын­дағы жол­ды жап­ты. Іле-шала бұл қар­сы­лық Маңғы­ста­удың өзге өңір­лерін­де де бой көр­се­те баста­ды. Қарақи­я­ның Жеті­бай кен­ті мен Құрық ауы­лын­да нара­зы жұрт көше­ге шықты. Түпқа­раған ауда­ны­ның Ақшұқыр ауы­лын­да да тұрғын­дар нара­зы­лық біл­дір­ді. Халы­қтың тала­бы – газ баға­сын 50 тең­ге­ге түсіру.

3‑қаңтар. Жаңаө­зен­де­гі нара­зы халы­қтың саны үш мың­нан асты. Облыс әкі­мі Нұр­лан Ноға­ев тұрғын­дар­мен кез­де­су­ге бар­ды. Бірақ халы­қ­пен тіл табы­са алмады…

Жаңаө­зен­дік­тер­ді қол­дау мақ­са­тын­да осы күні Ақтө­бе, Шым­кент, Алма­ты, Аста­на қала­сын­да тұрғын­дар алаңға шыға баста­ды. Бір­ден бір­не­ше қала­да жалғасқан нара­зы­лы­ққа поли­ция ара­ла­сты. Олар нара­зы­лар­ды ұстай бастады.

4‑қаңтар. Нара­зы­лық шара­ла­ры бір­не­ше қалаға ұла­сты. Әсіре­се, Алма­ты, Тал­ды­қорған, Шым­кент, Қызы­лор­да қала­ла­рын­да ере­уіл­ге шыққан халық саны сағат сай­ын арт­ты. Митин­гі­ге шыққан­дар­дың алға­шқы тала­бы – жаңаө­зен­дік­тер­ді қол­дау бол­са, кей­ін нара­зы­лы­ққа шыққан­дар қым­бат­шы­лы­ққа қар­сы­лық біл­дір­ді. Үкі­мет­тің отстав­каға кетуін талап етті. Алаңға не үшін шыққан­да­рын біл­мей­тін­дер де көп бол­ды. Көп­пен бір­ге қызық көріп жүр­ген­дер­дің қара­сы қалың еді.

Алма­ты­ның «Ала­тау» теат­ры­ның алды­на жиналған көп­шілік кеш бата сап түзеп, Рес­пуб­ли­ка алаңы­на қарай бет алды. Жол бойы қала тұрғын­да­рын өздеріне қосып алып отыр­ды. Қосы­лғы­сы кел­ме­ген­дер­ді күшпен тарт­ты, сес көр­сет­ті. Бір­лі-жарым тұрғын­дар көп­шілік­ке қар­сы шыға алмай, амал­сыздан ерген­дері де бол­ды. Олар­дың көбі жұмыста­ры­нан шыққан­дар, базар, дүкен ара­лап жүр­ген бей­біт қала тұрғын­да­ры болатын.

Рес­пуб­ли­ка алаңы­на жет­кен­де поли­ция халы­қты тара­ту үшін көз­ден жас ағы­за­тын газ шашып, шулы гра­на­та қол­дан­ды, резең­ке оқ атты. Бірақ халық тарай қоймады.

Төр­тін­ші қаңтар­дан бесін­ші қаңтарға қараған түні алаңға жақын жер­де поли­ция көлік­тері өртен­ді. Бей­біт митин­гінің сипа­ты өзге­ре баста­ды. Қаза­қстан Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев 5 қаңтарға қараған түні Маңғы­стау облы­сы мен Алма­ты қала­сын­да төтен­ше жағ­дай жариялады.

5‑қаңтар. Түс­ке дей­ін. Қаза­қстан Пре­зи­ден­ті Қ.Тоқаев Үкі­мет­тің отстав­ка­сын қабыл­да­ды. Түстен кей­ін. Алма­ты. Нара­зы топ­тың құра­мын­дағы адам­дар­дың түр-тұлға­сы, ере­уіл­дің сипа­ты қат­ты өзгеріп кет­ті. Бел­гісіз адам­дар тобы пай­да бол­ды. Атыс бастал­ды. Бір күн бұры­нғы нара­зы халы­қтың мінезіне мүл­де ұқса­май­тын, қызуқан­ды жігіт­тер әр топ­тың құра­мын­да бой көр­сет­ті. Олар қара­пай­ым бей­біт тұрғын­дар­дың намысын оята­тын сөз­дер айтып, әр жер­ден бүлік­ті күшей­те бастады.

Әлгі бел­гісіз бүлік­ші топ­тың баста­ма­сы­мен нара­зы­лар Алма­ты әкім­ді­гін өрте­ді, ішін тона­ды. Про­кра­ту­ра ғима­ра­ты да бүлін­ді. «Көп­те ақыл жоқ» деген рас екен. Көпе-көр­неу бүлік­шілер­дің ара­ла­сып кет­кені көз­ге көрініп тұр­са да, халық солар­дың соңы­нан ерді. Бір қызы­ғы, халы­қты ертіп, отқа айдап жүр­ген сол бүлік­шілер әр жер, әр жер­ден бой көр­сетіп отыр­ды, арнайы дай­ын­ды­қтан өткен­дері сол әре­кет­тері­нен бай­қа­лып тұр­ды. Қол­да­ры­на рация ұстаған коор­ди­на­тор­лар алаң­да бұй­рық беріп, топ­тар­ды керек бағы­тқа бұрып, басқа­рып отыр­ды. Белек­теріне ақ бел­гі бай­лаған адам­дар қара­пай­ым халы­қты ертіп, тұрғын­дар­ды отқа айдады.

Бел­гісіз адам­дар Рес­пуб­ли­ка алаңын­дағы теле­ар­на ғима­ра­ты­на басып кіріп, тонап, өрте­ді. Олар­дың бұл әре­кетіне қар­сы болған­дар­дың өзіне қауіп төн­дір­ді. Біз айтып оты­рған баста­ма­шыл топ­тың бәрі – діни ради­кал­дар еді.

Алма­ты тұрғы­ны Гауһар Нұр­сей­ітқы­зы әуел­де нара­зы­лар­мен бір­ге көше­ге шыққан, билік­ке өз тала­бын жет­кі­зу үшін Рес­пуб­ли­ка алаңы­на дей­ін барған. Алай­да бесін­ші қаңтар күні түстен кей­ін нара­зы­лық шара­ның сипа­ты өзге­ре бастаға­нын бір­ден сезіпті.

«Төр­тін­ші қаңтар жұмыста бол­дым. Бесін­ші қаңтар нара­зы­лар­мен бір­ге алаңға бар­дым. Түс­ке дей­ін бәрі бей­біт, сау­ат­ты адам­дар бол­ды. Митин­гі­ге шыққан­дар­дың көбі жүзта­ныс, үне­мі Алма­ты­дағы бей­біт жиын­дарға шығып жүретін бел­гілі адам­дар мен қара­пай­ым қала тұрғын­да­ры бола­тын. Аран­да­ту­шы­лар түс­ке қарай ара­ла­сты. Халы­қтың ара­сын­да сақал­ды, киі­мі мен тұр-тұлға­сы бөтен адам­дар пай­да бол­ды. Олар өте қызуқан­ды көрін­ді, ешкім­ді тың­да­май­ды, айғай­лап сөй­лей­ді, ешкім­ді сөй­лет­пей­ді, халы­қты тыны­шты­ққа шақы­рған үлкен қари­я­лар­дың өзіне дүр­се қоя бер­ді. Үлкен­ді де, әйел­дер­ді де сый­ла­май­тын, тың­да­май­тын бүлік­шілер. Бір­де­ме десең, қол көте­ру­ге дай­ын. Сосын, бәрі бір-бірін қол­дап, бір біріне арқа­ла­нып отыр­ды. Мықты дай­ын­ды­қтан өткен­дерін бір­ден бай­қа­уға болар еді. Мен соны бай­қа­дым да, мұның соңы дұрыс бол­май­ты­нын бір­ден сездім. Әкім­дік ғима­ра­тын өрте­ген­де, теле­ар­на­ны тонаған­да бүлік­шілер­дің жат­пиғыл­ды, ешнәр­се­ден қай­мы­қ­пай­тын ради­кал­дар екеніне бір­ден көз жет­ті. Ары қарай, ондай бүлік­шілер­дің аран­да­туы­на түсіп қал­май­ын деп үйі­ме қайт­тым. Рес­пуб­ли­ка алаңы­ның айна­ла­сын­дағы бар­лық көше­лер­де аран­да­ту­шы діни ради­кал­дар жұмыс жаса­ды, бәрін өз көзім­мен көр­дім» дей­ді куәгер.

Бесін­ші қаңтар бүкіл Қаза­қстан­да төтен­ше жағ­дай жарияланды.

Тал­ды­қорған­да да жағ­дай күр­делі­лене баста­ды. Нара­зы­лар Назар­ба­ев­тың ескерт­кі­шін құлат­ты. Рес­пуб­ли­ка­лық теле­ар­на­дан тіке­лей эфир­де мәлім­де­ме жасаған Қаза­қстан Пре­зи­ден­ті елден кет­пей­тінін мәлім­деді. Ол Назар­ба­ев басқа­рып кел­ген Қауіп­сіздік кеңесінің төраға­лы­ғын өз қолы­на ала­ты­нын жари­я­ла­ды. Күштік құры­лым өкіл­дері қаза тап­ты. Дәл осы уақыт­та Шым­кент пен Тараз­да, Ақтө­бе­де де жағ­дай қат­ты ушы­қты. Қаза­қстан­ның бар­лық өңірін­де бір күн­де, бір сәт­те оқиға бір­дей сипатта өрбіп отыр­ды. Ере­уіл­дің сце­на­рийі бір­дей бол­ды. Осы­ның өзі оқиға­ның арнайы ұйым­да­сты­ры­лға­нын көретеді.

Бесін­ші қаңтар кеш­ке қарай аран­да­ту­шы­лар­дың баста­ма­сы­мен нара­зы­лар Алма­ты әуе­жай­ын басып алды. Сол жер­де атыс бол­ды: күштік құры­лым­дар­дан да, нара­зы­лар­дан оққа ұшқан­дар кез­де­сті. Әуе­жай­ды басып алуға барған­дар­дың көбі өз әре­кет­терін түсін­діріп бере алма­ды. Әуе­жай­ды басып алуға барған­дар­дың ішін­де отыз жастағы Алма­ты тұрғы­ны Нұр­лы­бек те болған (өз өтіні­ші бой­ын­ша фами­ли­я­сын құпия қалдырдық).

«Бізді рация ұстаған бір адам басқа­рып отыр­ды. Алаң­нан дай­ын көлік­ке оты­рғы­зды. Әуе­жай­ды басып ала­мыз, ешкім ұшып келе алмай­ды, бәрін бақы­ла­уда ұстай­мыз, біз­ге басқа билік керек» деді. Жастар­дың көбі сол сөз­ге тоқта­ды. Әуе­жай­ға барған­да баста­ма­шыл топ өте дөрекі әре­кет жаса­ды. Бан­ко­мат­тар­ды тона­ды, жолын­дағы­ның бәрін өрте­ді, қират­ты. Осы­ның бәрін көр­ген­нен кей­ін, көңілім қал­ды, бой­ым­ды қорқы­ныш биледі. Бір кез­де атыс баста­лып кет­ті, амал­сыз бас сауға­лап қашуға тура кел­ді. Құдай сақтап, оқтан аман қал­дым» дей­ді. Кей­ін бел­гілі болға­нын­дай, осы күн­дері биз­нес пен эко­но­ми­каға кел­тіріл­ген зиян көле­мі 3 мил­ли­ард дол­ларға жеткен.

6‑қаңтар. Алма­ты мен Тал­ды­қорған­да бір­не­ше ғима­рат өртен­ді, тонал­ды. Бүкіл елде интер­нет өшіріл­ді. Осы күні Алма­ты­да «Дикий Арман» лақап аты­мен бел­гілі Жұма­гел­ди­ев пай­да бол­ды. Қаңтарға дей­ін ізде­уде болып, шетел­де тұрып кел­ген Жұма­гел­ди­ев шека­ра­дан қалай кедер­гісіз өткен? Оған қан­дай мін­дет­тер жүктелді?

Бас про­ку­ра­ту­ра­ның Қыл­мыстық қуда­лау қыз­метінің басты­ғы Серік Шала­ба­ев­тың орта­лық бақы­лу комис­си­я­сын­да өткен бри­финг­те сөй­ле­ген сөзін­де «Дикий Арман­ның» қаңтар­дағы мін­дет­тері тура­лы жеткізді.

Оның айтуын­ша, 6 қаңтар­да «Дикий Арман­ның» қыл­мыстық тобы­на оқиға қаты­су­шы­ла­ры­ның бірі Алма­ты қала­сын­дағы «Қаза­қстан» қонақ үйіне кел­ген қыл­мыс­кер­лер­ге «Glock» жəне «Мака­ров» мар­ка­лы тапан­ша тара­тып, оларға нұсқау жасап оты­рған. «Олар өздерінің серік­те­стерін 10 адам­нан тұра­тын топ­тарға бөліп, жос­пар­ланған рөл­дерін аны­қтай­ды. Іштері­нен «бас­шы­ла­ры» тағай­ын­да­лып, оларға бро­не­жи­лет­тер, баста­ры­на арналған қорға­ныс құрал­да­ры, атыс қаруы жəне 200 мың тең­ге ақша беріл­ді», – дейді.

Шала­ба­евтың айтуын­ша, «Дикий Арман» серік­те­стеріне суық қару, дубин­ка мен басқа заттар тап­сы­рып, өз адам­да­рын тану үшін әрқай­сысы­ның жеңіне ақ мата тағып бер­ген. «Аталған қару­лы қыл­мыс­кер­лер тобы қала­ның əртүр­лі нүк­те­лері­нен 24 аза­мат­ты ұрлап, олар­ды ұрып-соғып, «Ritz Carlton» жəне «Қаза­қстан» қонақ үйлерінің пар­кинг­терін­де ұстаған. Кей­ін­нен жəбір­ле­ну­шілер­ді қала шетіне шыға­рып, қыл­мыс­кер­лер­дің қару­лы күзеті қой­ы­лып, кон­тей­нер­ге қамалған» дей­ді. «Дикий Арман­ның» тұтқы­нын­да болған Бек­бо­лат Иса­бе­ков қара­пай­ым так­сист болған, нәпақа­сын содан тауып жүр­генін айтады.

Иса­бе­ков Достық көше­сі­мен төмен қарай түсіп келе жатып, «Қаза­қстан» қонақ үйінің жаны­нан қолы­на ақ мата бай­лап алған адам­дар­ды көреді. Тоқтай­ды, сол сәт­те оның көлі­гіне ірі денелі бір­не­ше ер адам жетіп кел­ген. Өздерін «тона­у­шы­лар­дың жолын кесіп, қала­да тәр­тіп орна­тып жүр­міз» деп таны­сты­рып, Иса­бе­ков­ке қонақүй­дің ішіне жүр дей­ді. Ол келіседі.

– Мені Жұма­гел­ди­ев­тің алды­на апар­ды. Еке­уміз аман­да­стық. Оған: «Қала­дағы ұрлық пен бас­сызды­қты тоқта­тып жатқан­да­рың дұрыс болып­ты», – дедім. Ол «Мына ақ таңғы­шты қолы­ңа бай­ла да, біз­ге қосыл», – деді. Сол кез­де­гі қателі­гім – таңғы­шты тағуға келіс­пе­генім бол­ды. Тұр­дым да, бұры­лып кетіп қал­дым. Бірін­ші есік­тен шықтым. Осы кез­де арт жағым­нан «Ана­ны ұстаң­дар! Так­си­сті бері алып келің­дер!» деген дауыс естідім.

Так­си­сті ұстап, қай­та­дан Жұма­гел­ди­ев­тің алды­на апарған. Осы кез­де «Дикий Арман» оған қару кезеніп, қорқы­та бастай­ды. Осы сәт бақы­лау каме­ра­сы­на да жазы­лып қалған.

– Ол маған «Кім­нің ада­мысың? Мой­ын­да, әйт­пе­се атып тастай­мын!» – деді. «Ешкім­нің ада­мы емес­пін» деп жау­ап бер­дім. Ол адам­да­ры­на көзі­мен ымдап еді, олар мені жұды­ры­қ­пен, таяқ­пен ұрып, тебе баста­ды. Содан соң зал­дың түк­піріне алып бар­ды. Арман Жұма­гел­ди­ев жағам­нан ұстап тұр­ды да, қазір оның адам­да­ры мені жер­төле­ге апа­рып, басым­ды сал­бы­ра­тып іліп қой­ып, атып тастай­ты­нын айт­ты. «Мына­ның аяғын сын­ды­ры­ң­дар» деген бұй­рық бер­ді. Сосын аяғым­нан ұра бастаған кез­де, жаным көзі­ме көрініп, айқай­ла­дым. Біре­уі маче­те­ге ұқсай­тын темір бір­деңе­мен сүй­е­гі­ме дей­ін тіліп жібер­ген­де, қан сау ете түсті, – дейді…

«Дикий Арманға» Қаңтар­да жүк­тел­ген мін­дет – Көк­тө­бе­де­гі теле­мұ­на­ра мен әуе­жай­ды басып алу. Ол осы мін­детін атқа­ру үшін қыз­мет еткен. Бірақ ісін аяғы­на жет­кі­зе алмады.

Бүлік­шілер Алма­ты­да поли­ция депар­та­мент­теріне шабуыл жаса­ды, қару-жарақ дүкен­дерін тона­ды. Осы күн­дері 3 мың­нан аса атыс қаруы ұрланған, оның ішін­де авто­мат, пуле­мет, тіп­ті гра­на­то­мет бар. Тал­ды­қорған­да СИЗО-ға шабуыл жасап, сот­талған­дар­ды босат­пақ бол­ды. Тараз бен Шым­кент қала­сын­да да іс қат­ты ушы­қты.. Осы­ның бәрі қаңтар­дың әуел­де бей­біт жиын болға­ны­мен, кей­ін арнайы ұйым­да­сты­ры­лған мем­ле­кет­тік төң­керіс екенін көрсетеді.

Поли­цей­лер халы­қты және өздерін қорғау үшін оқ атуға мәж­бүр бол­ды. Себебі осы уақыт­та поли­ци­я­ның 3400 қыз­мет­кері жарақат­та­нып, 19 қыз­мет­кер оққа ұшқан бола­тын. Сон­ды­қтан қару қол­дан­ды. Қаза­қстанға ҰҚШҰ әске­ри­лері уақыт­ша кіргізілді.

Қаңтар оқиға­сы қалай аяқталды?

7‑қаңтар. Пре­зи­дент­тің жетек­шілі­гі­мен елде кон­сти­ту­ци­я­лық тәр­тіп орна­ды, күштік құры­лым­дар мем­ле­кет­тік ғима­рат­тар мен әкім­дік­тер­ге бақы­лау орнатқа­нын хабарлады.

Қаңтар ісіне қаты­сты сот пен тер­ге­улер дәлел­де­ген­дей, бұл оқиға мем­ле­кет­тік төң­керіс­ке әре­кет екені аны­қтал­ды. Бұл тура­лы экс-пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев та биыл жазған өзінің кіта­бын­да «Қаңтар – билік үшін күрес» деп баға бер­ген. Сон­да бұл кім­дер­дің күресі? Әрине, ескі Қаза­қстан­ның күресі. Қаңтар ісі үшін сол кез­де­гі ҰҚК төраға­сы Кәрім Мәсі­мо­втың тұтқын­да­луы, орын­ба­сар­ла­ры­ның сот­та­луы – қаңтар­дың билік үшін күрес, мем­ле­кет­тік төң­керіс екенінің айқын айғағы.

Пре­зи­дент Тоқа­ев Қаңтар тура­лы бер­ген сұх­ба­тын­да былай дей­ді: «Қас­көй­лер­дің мем­ле­кет­тік төң­керіс жаса­мақ болған жос­па­рын жүзе­ге асы­ру үшін экс­тре­ми­стер, қыл­мыстық топ­тар және әсі­ре дін­шіл­дер бір­ге қимыл­да­ды. Олар­дың мақ­са­ты – ел ішіне үрей туғы­зу, мем­ле­кет­тік инсти­тут­тар­дың қыз­метін тұра­ла­ту, кон­сти­ту­ци­я­лық құры­лым­ның ірег­сін шай­қау, ақыр соңын­да билік­ті басып алу еді». Айдың-күн­нің ама­нын­да шағын топ­тың салған лаңы­нан Қаза­қстан өз тәу­ел­сізді­гі­нен айы­ры­лып қала жаз­да­ды. Бұл Қаза­қстан халқы үшін үлкен сабақ болуға тиіс. Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін­гі екі жыл біз­ге тәу­ел­сіздік­тен қадір­лі құн­ды­лы­қтың жоқты­ғын түсін­дір­ді. Мем­ле­кет­ке сатқын­дық жаса­удың ешқа­шан кешіріл­мей­тінін көр­сет­ті. Тәу­ел­сіздік­ті қорғау әрбір қаза­қстан­ды­қтың пары­зы екенін, оған ешкім нем­кет­ті қара­мау керек екенін дәлел­деді. Кез кел­ген ауқым­ды нара­зы­лы­қтың артын­да әлдебір сая­си топ­тар­дың тұра­ты­нын көр­сет­ті. Сон­ды­қтан елді­гі­мізді сақтау билік­тің ғана емес, әрбір Қаза­қстан аза­ма­ты­ның мін­деті деген қағи­да әрдай­ым бас­шы­лы­ққа алы­нуы қажет.

Айсұ­лу ОСПАН,

«D».

04 қаңтар 2024 жыл

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн