РЕЙДЕРЛІК БОЙЫНША
«СРОК ДАВНОСТИ»
БОЛМАУЫ КЕРЕК

Жақында Қазақстан Парламенті елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы жақсы заң қабылдады. Президент Қ.Тоқаевтың бұл бастамасы өте жақсы! Барлығы бұл заңға қатты қуанып, үміт сәулесі пайда болды. Алайда әдеттегідей бір үлкен бірақ бар.
Бұрынғы билік негізгі активтерін тек сыбайлас жемқорлық пен мемлекеттің қаржысын талан-таражға салу арқылы ғана емес, сонымен қатар саяси және әкімшілік тетіктерді қолдана отырып, кең таралған рейдтер арқылы алғанын бәрі біледі. Осының салдарынан көптеген кәсіпкерлер өз мүліктері мен бизнестерінен айырылды.
Өкінішке қарай, жаңа заң жақсы болса да, бұрынғы билік мүлкін заңсыз тартып алған көптеген адамдарға түк те әсер етпейді. Өйткені біздің Қылмыстық кодексіміз, атап айтқанда, рейдерлік туралы бап тек 10 жылдық талап қою мерзімін ғана көздейді, ал «ескі» Қазақстан 30 жыл рейдерлік етті.
Менің ойымша, рейдерлік істер бойынша ескіру мерзімін (срок давности – Ред.) алып тастау керек. Тарихқа көз салсақ, мысалы, фашистік Германия мүлкін тартып алған бұрынғы меншік иелеріне құқықтарын қалпына келтірген жағдайлар болған. КСРО ыдырағаннан кейін Балтық елдері революция кезінде Кеңес өкіметі тәркілеген мүліктерді иелеріне қайтарып берді.
Сондықтан Президент Тоқаев өзінің әр сөзінде айтатындай әділдікті қалпына келтіргіміз келсе, онда біз Қылмыстық кодекстен «Рейдерлік» бабы бойынша талап қою мерзімін алып тастауымыз керек. Парламент депутаттарынан, Конституциялық сот пен Бас прокуратурадан осы мәселеге назар аударуын сұраймын.