Пятница , 4 июля 2025

ЗАҢ ТҮЗЕЛМЕЙТІЛ ТҮЗЕЛМЕЙДІ

«Ести­тін мем­ле­кет» аза­мат­тар­дың тіл тура­лы өтіні­шін, өкініш­ке қарай әлі есті­мей жатыр»

24 қаңтарда Павлодарда мемлекеттік тіл мәселесін көтеріп жүрген  Руза Бейсенбайтегін тілге қатысты кикілжіңнен кейін күштеп психдиспансерге қамалған болатын. Артынша Ермұрат Бапи, Қазыбек Иса сияқты мәжіліс депутаттарының араласуымен ауруханадан шығарылып, үйіне жіберілді.Осы орайдаорын алған келеңсіз инциденттің анық-қанығын білу мақсатында оқиғаның басы-қасында жүрген тілжанашыры Қазыбек Исамен сұхбаттасқан едік. 

  • Қазы­бек Жары­лқа­сы­нұ­лы сізді қазақ тілінің жана­шы­ры ретін­де халық біледі. Тіл­ге қаты­сты осы уақы­тқа дей­ін қан­ша баста­ма­лар көтеріп те жүр­сіз. Қашан қазақ тілі мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің, биз­не­стің, қала­ның тілі болады? 
  • Қазақ тілі мем­ле­кет­тің, биз­не­стің тілі болуы үшін алды­мен «Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы» заң қабыл­да­нуы керек. Кеңес Одағы­нан бөлініп шыққан елдер­дің ішін­де «Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы» заңы жоқ біз ғана. Қырғы­здар­дың өзі был­тыр тіл тура­лы мем­ле­кет­тік заңын қабыл­дап алды. Ал біз­де­гі қазір­гі Тіл тура­лы заң кезін­де­гі 1989 жылғы заң­ның 1997 жылғы кос­ме­ти­ка­лық өзгерістер енген, соның көшір­месі ғана. Сол жыл­да­ры қараңыз елде­гі жағ­дай қан­дай бол­ды мыса­лы?! Қаза­қтар мен оры­стар­дың көр­сет­кі­ші 38–39%, тең бол­ды. Ал онан бері қан­ша жыл өтті, бүгін қаза­қтар­дың саны 75% асып кет­ті. Үлкен деген орыс  этно­сы­ның көр­сет­кі­ші 10–15% ғана құрып отыр. Міне­кей, осын­дай демо­гра­фи­я­лық, басқа да әле­умет­тік көр­сет­кі­ш­тер­ді еске­ре оты­рып, біз осы ситу­а­ци­яға сай шешім қабыл­да­уы­мыз керек еді. Яғни, қалып­та­сып оты­рған ста­тус-кво­ны ескеріп, «Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы» заң­ды қабыл­да­уы­мыз керек еді. Міне, сол заң­ды қабыл­да­маға­ны­мы­здан қазақ тілі мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің, биз­не­стің тілі бола алмай келе жатыр.

Негізі әлем­де Қаза­қстан­да ғана мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер мен бас­шы­ла­ры мем­ле­кет­тік тіл­ді біл­мей жұмысын істеп, жина­лы­сын өткізіп жүре беретін. Басқа әлем елдері үшін бұл пара­докс! Мем­ле­кет­тік тіл­ді мем­ле­кет мін­дет­те­ген кез­де ғана, ол қала­ның, биз­не­стің, тір­шілік­тің тілі бола­ды. Ал мем­ле­кет­тің тіл­ді мін­дет­теу ол Руза Бей­сен­бай­те­гінің неме­се Қазы­бек Иса­ның мін­деті емес, ол сол мем­ле­кет­тің міндеті!

  • Сон­да мем­ле­кет­тік тіл­ге қар­сы шығып оты­рған кімдер?
  • Мем­ле­кет­тік  тіл­ге қар­сы шығып оты­рған, қолын­да билі­гі бар шене­унік­тер мен мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер. Және олар өзге ұлт өкіл­дері емес, өзі­міздің қара көз қаза­қтар. Осын­ша жыл­дар бойы қазақ тілі үшін күресіп келе жатқан­да, өзге ұлт өкіл­дерінің мем­ле­кет­тік тіл­ге қар­сы шыққа­нын көр­ген емес­пін. Қай кез­де де қар­сы шығып келе жатқан билік­те оты­рған құл­дық сана қамы­тын киген, ниги­лист қазақтар.
  • Мем­ле­кет­тік тіл­ді мін­дет­тей­тін заң қабыл­дау керек, Кон­сти­ту­ци­ядағы 7 бапқа өзгеріс енгізіп, мем­ле­кет­тік тіл ретін­де жеке-дара ста­ту­сын айқын­дау керек, Мем­ле­кет­тік тіл­ді дамы­ту үшін пре­зи­дент­ке жеке-дара бағы­на­тын тіл агент­ті­гін құру керек ұсы­ны­ста­ры­ңы­здың арты не болды?
  • Бұл мәсе­лені мен ең алғаш 2019 жылы Пре­зи­дент Қ. Тоқа­ев басқа­ра­тын ұлт­тық қоғам­дық сенім кеңесінің алтын­шы қыр­күй­ек­те­гі бірін­ші оты­ры­сын­да көтеріп, өз ұсы­ны­ста­рым­ды бер­ген бола­ты­н­мын. Сонан кей­ін бір айға жет­пей Мәде­ни­ет мини­стр­лі­гі Тіл коми­тетінің ұйым­да­сты­руы­мен ұлт­тық кеңе­сте айты­лған ұсы­ны­стар бой­ын­ша есеп жиы­ны өтті. Сол жиын­да алды­мы­зға кесте қой­ды, кесте­де менің ұсы­ны­ста­рым­ның біра­зы бар екен және ол бой­ын­ша өндірістің жұмыстар­дың басталға­нын министр Ақто­ты Рай­ы­мқұ­ло­ва­ның өзі жет­кіз­ген. Оның ішін­де әрине «Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы» заң қабыл­дау, Алтын Орда­ның 750 жыл­ды­ғын, Жошы Ұлы­сы­ның 800 жыл­ды­ғын атап өту мен шет елдік мульт­фильм­дер­ді қазақ тіліне ауда­ру секіл­ді ұсы­ны­ста­рым­ды көр­дім.  Бірақ сонан бері ешбір әре­кет­сіз жыл­жып келе жатыр, мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң қабыл­данған жоқ. Біз бұл баста­ма­ны 2020 жылы көтер­дік. Қаза­қстан Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­евқа Кон­сти­ту­ци­ядағы орыс тілі тура­лы 7‑баптың 2‑ші тар­мағын алып тастап, Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң қабыл­да­уды талап еткен Ашық хат жол­да­дық.  125 ұлт зия­лы­сы қол қой­ған бұл Ашық хат­ты әле­умет­тік желілер мен «Қазақ Үні» ұлт­тық пор­та­лы­на орна­ла­сты­рып қой­дық.  Міне сол уақыт­тан бері бұл баста­ма­ны қол­дап, дәл бүгін­ге дей­ін 130 мың қаза­қстан­дық аза­мат­тар қол қой­ып отыр. Министр Рай­ы­мқұ­ло­ва­ның кезін­де қатқан сең қозға­лып, Мәде­ни­ет мини­стр­лі­гі «Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң Кон­цеп­ци­я­сын» дай­ын­да­ды. Сол кез­де­гі Үкі­мет бас­шы­сы Асқар Мамин мыр­за­ға кір­гізді, сол жатқан­нан бұл тұжы­рым­да­ма Үкі­мет­те әлі жатыр.  2021 жылы 15 қаңтар­да қолы­ма ман­дат тиіп, Пар­ла­мент депу­та­ты болған соң алға­шқы депу­тат­тық сау­а­лым­ды осы тақы­ры­пқа арна­дым. Тұжы­рым­да­ма мен мем­ле­кет­тік заң не болға­нын сұра­дым. Кей­ін бір жыл өткен соң 2022 жылы 27 сәуір күні тағы да ашық депу­тат­тық сау­ал жаса­дым. Кон­сти­ту­ци­ядағы орыс тілі тура­лы 7‑баптың 2‑ші тар­мағын алып тастау тура­лы және Ата-заңы­мы­зда қазақ тілінің мәр­те­бесін айқын көр­се­туді талап етіп. Бұл баста­мам­ды сол кез­де­гі 108 депу­тат­тың 41 қол­дап қол қой­ды. Қоғам­да үлкен резо­нанс туды­рған бұл сау­ал пети­ци­яға ұла­сып, жар­ты мил­ли­он адам қол­дау біл­діріп, өздерінің аза­мат­тық ұста­ным­да­рын көр­сет­ті. Халық өте қат­ты қол­да­ды, алай­да «Ести­тін мем­ле­кет» аза­мат­тар­дың бұл өтіні­шін, өкініш­ке орай әлі есті­мей жатыр. Ал Пре­зи­дент жаны­нан Тіл агент­ті­гін құру баста­ма­сы да әлі іске аспай жатыр. Бірақ тіл жана­шыр­ла­ры қол­дап жатыр. 2020 жылы Қаза­қстан халқы Ассам­бле­я­сы­ның мем­ле­кет­тік тіл­ді дамы­туға бағыт­талған “Ұлы дала­ның ұлта­ра­лық тілі” атты рес­пуб­ли­ка­лық фору­мы өткен бола­тын. Фору­мға ҚХА Төраға­сы­ның орын­ба­са­ры – Хат­шы­лық мең­ге­ру­шісі Ж.Қ.Түймебаев, ҚР Ақпа­рат және қоғам­дық даму вице-мини­стрі М.А. Әзіл­ха­нов, фило­ло­гия мен линг­ви­сти­ка сала­сы­ның сарап­шы­ла­ры, тіл жана­шыр­ла­ры, ҚХА мүше­лері қаты­сқан. Іс-шара бары­сын­да қаты­су­шы­лар мем­ле­кет­тік тіл­дің этно­са­ра­лық қарым-қаты­нас тілі ретін­де­гі рөлін нығай­ту­ды талқы­лап үндеу жасаған. Сон­да кім­ді күтіп отыр­мыз? Осы­дан 20 жыл бұрын, 2002 жылы сол кез­де­гі Сыр­тқы істер мини­стрі Ерлан Ыды­ры­сов «Егер сіз­дер менің миым­ды ауы­стыр­ма­саң­дар, қазақ тілін үйре­на алмай­мын» деп  пар­ла­мент­те мәлім­де­ген бола­тын. Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң қабыл­да­уды талап еткен ұлт зия­лы­ла­ры­ның көбі қазір өмір­ден өтіп кет­ті. Олар осы тіл тура­лы заң­ның қабыл­да­нуын күтіп өмір­ден өтіп кетті.
  • Соны­мен қатар мем­ле­кет­тік тіл­дің мәр­те­бесіне қаты­сты ҚПК-нің 30-бабы, ӘҚБтК-нің 738- бабы бой­ын­ша да Қаза­қстан­да қыл­мыстық, әкім­шілік құқық бұзу­шы­лық тура­лы істер бой­ын­ша іс жүр­гі­зу тілі қазақ тілін­де жүр­гізіледі, сот ісін жүр­гі­зу де мем­ле­кет­тік тіл­де жүр­гізілуі керек.
    Бұл да 30 жыл­да орын­дал­маған заң. Яғни, бір сөз­бен айтқан­да, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тіл тура­лы заң­на­ма­сы елдің үмітін жой­ған «жан­сыз», өлі заң. Сон­ды­қтан бұл «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы тiл тура­лы» заң­ды сая­си-қоғам­дық банк­рот деп жари­я­лау қажет! Мем­ле­кет­тік тіл­ді мін­дет­тей­тін Мем­ле­кет­тік тіл тура­лы заң қабыл­да­уға тиіспіз!
  • Тіл жана­шы­ры” Құр­мет бел­гісі иегері Руза Бей­сен­бай­қы­зын Пав­ло­дар қала­сын­дағы пси­хо­дис­пан­сер­ге өз еркі­нен тыс зор­лап жауып, өздеріңіздің қол­да­у­ла­ры­ңы­з­бен босап шықты. Осы оқиға бой­ын­ша қан­дай пікір­десіз? Неге қазақ тілі мен қаза­қы­лық үшін күрес­кер аза­мат­тар елі­міз­де қысы­мға ұшы­рап жата­ды? Бұл бір осын­дай әре­кет­тер­ге мүд­делі топ­тың болуын көр­се­те ме?
  • Өте орын­ды сұрақ. 2024 жылы 24 қаңтар күні бел­гілі қоғам қай­рат­кері, “Тіл жана­шы­ры” Құр­мет бел­гісі иегері, 70 жасқа жақын­даған зей­нет­кер Руза Бей­сен­бай­те­гін Пав­ло­дар қала­сын­дағы пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық дис­пан­сер­ге өз еркі­нен тыс зор­лап жауып қой­ды. Бір­не­ше поли­цей­лер мен дәрі­гер­лер бір­ге барып алып кет­кен. Бұны қоғам­дық пікір Пав­ло­дар­дағы Қазақ тілі күрес­керіне жасалған барып тұрған заң­сыздық, Адам құқын қор­лау деп қабылдауда.Біз, бір топ пар­ла­мент депу­тат­та­ры ара­ла­сып жүріп, Руза Бей­сен­бай­те­гін боса­тып алдық.24 қаңтар­да Пав­ло­дар қала­сын­да көше­де Жуни­сов деген кісі­мен ере­гісіп қалып, ол поли­ция мен жедел-жәр­дем­ге, 103 пен 102-ге бір­ден қоңы­рау шалған. Ал әшей­ін­де уақы­тын­да келе қой­май­тын поли­цей­лер мен дәрі­гер­лер келіс­кен­дей бір мезет­те шұғыл жетіп келіп, Руза апай­ды басып алып кеткен.Психдиспансер дәрі­гер­лері қоғам бел­сен­дісі Р.Бейсенбайтегіне қой­ған “пси­хи­ка­ның бұзы­луы” (бре­до­вое рас­строй­ство) диа­гно­зы сенім­сіз, қоғам­ның зор күді­гін туды­ру­да. Руза апай­дың ешқан­дай пси­хи­ка­лық ауруы жоқ, сол дәрі­гер­лер зор­лап алып кет­кен күні ғана түс уақы­тын­да cөй­лес­кенім­де сау болатын.Руза Бей­сен­бай­те­гі­ге жасалған әділет­сіздік тура­лы нақты факт елдің бәріне бел­гілі бол­ды. Руза Бей­сен­бай­те­гін пси­х­дис­пан­сер қыз­мет­кер­лері көше­ден күшпен басып алып кет­кен. Аяқ –қолын бай­лап, төсек­ке таңып тастаған. Ол сол бай­ла­у­лы күй­де 7–8 сағатқа дей­ін жатқан.  Руза Бей­сен­бай­те­гін аяқ-қолын бай­лап тастап, өзінің келісі­мін­сіз дәрі еккен. Одан кей­ін Руза­ның жағ­дайы нашар­лап, қол жууға шыққан­да құлап қалған.Рузаны ұстаған кез­де медқыз­мет­кер­лер оның теле­фо­нын тар­тып алған, сон­ды­қтан ол үйіне хабар­ла­са алмаған. Медқыз­мет­кер­лер Руза­ның теле­фо­нын тек­серіп, ондағы өздерінің заң­сыз басып алып кет­кенін түсір­ген видео­ны өшір­ген. Егер бәрі заң­ды бол­са, қыл­мысы­ның ізін жою үшін видео­ны өшір­мес еді. Яғни, Руза­ның өзін ұстаған­да ден­са­улы­ғы дұрыс, адек­ват­ты, ешқан­дай пси­хи­ка­лық кем­шілік бол­маға­ны видео­да бар. Руза пси­хи­ка­лық ауру­ха­на­да есеп­те тұрмайды.Егер адам бұрын-соң­ды ми жүй­кесі ауы­руы­мен ауы­рып, арнайы есеп­ке алын­баған бол­са, оны сот шеші­мін­сіз бір­ден пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық дис­пан­сер­ге, яғни жын­ды­ха­наға мәж­бүр­леп қамап таста­уға ешкім­нің құқы жоқ, бұл заң­ды бұзу болып саналады.Бұны Пав­ло­дар облы­стық ден­са­улық сақтау басқар­ма­сы­ның өзі де мой­ын­дап тұр. Олар таратқан пресс-рел­из­де Руза Бей­сен­бай­те­гін көше­ден ұстап алып кетіп, пси­х­дис­пан­сер­де 2 күн ұстаға­ны жазы­лған. Бұл жер­де қыз­мет бабын асы­ра пай­да­ла­ну фак­тісі бар. Ауыр­май­тын адам­ды пси­хи­ка­лық ауру­ха­наға заң­сыз еріксіз жатқы­зуға қар­сы Қыл­мыстық Кодекстің 127 бабы бұзы­лып отыр.Екіншіден, Руза Бей­сен­бай­те­гін пси­х­дис­пан­цер­ден шығарған­да қолы­на ұстатқан выпис­ка­да оны не үшін зор­лап алып кел­гені, не үшін 2 күн ұстаға­ны, қан­дай дәрілер қан­дай негіз­де не мақ­сат­пен егіл­гені тура­лы ешқан­дай негіз­де­ме, яғни комис­сия, бұй­рық, өкім, қау­лы шешім­дері жоқ. Тек бөлім мең­ге­ру­шісі Бақыт­жан Сады­ко­ва­ның қолы мен жеке мөрі ғана бар.Осы елге бел­гілі екі жағ­дай­дан-ақ бұл барып тұрған заң­ды бұзу екені айқын көрініп тұр! Бұны адам ұрлау қыл­мысы деп сана­уға болады.Бұдан Руза Бей­сен­бай­те­гін жын­ды­ха­наға жатқы­зу әдейі ұйым­дасқан түр­де тап­сы­ры­спен болған заң бұзу­шы­лық деп сана­уға бола­ды. Жын­ды­ха­наға есеп­ке тір­кеп тастаған, сол үшін мақ­сат­ты түр­де қасақа­на ұйымдастырылған.Бұндай заң­сыз әре­кет Пав­ло­дар­да бірін­ші рет емес. Осы­дан төрт жыл бұрын 2020 жылы күз­де Мем­ле­кет­тік тіл мәсе­лесі­мен әкім­дік­ке кел­ген Руза Бей­сен­бай­те­гіне жын­ды­ха­на қыз­метін шақыр­тқан Пав­ло­дар қала­сы әкі­мі аппа­ра­ты­ның сол кез­де­гі бас­шы­сы Қай­ы­р­жан Оңға­ров тіл жана­шыр­ла­ры­ның, жур­на­ли­стер­дің шуы­нан кей­ін қыз­меті­нен боса­ты­лған еді. Бұл тура­лы сол кез­де «Қазақ үні» сай­ты жазған бола­тын. Енді міне, мем­ле­кет­тік тіл­ді талап еткен­дер­ді көр­се, жау көр­ген­дей бола­тын Пав­ло­дар­лық шене­унік­тер­дің теріс пиғы­лы ақыр іске асып тынды…Кейбір әле­умет­тік желілер мен сайт­тар­да, мыса­лы «Нур­сул­тан­ский соло­вей» теле­грам кана­лын­да, қоғам бел­сен­дісі Руза Бей­сен­бай­те­гіне “пси­хи­ка­ның бұзы­луы” (бре­до­вое рас­строй­ство) диа­гно­зын қой­ды деп, қоғам бел­сен­дісіне қоғам­дық тәр­тіп бұзу­шы ретін­де жала жауып, жалған ақпа­рат таратқан. Бұл жер­де адам құқы­ғы бұзы­лып отыр. Егер диа­гноз­ды дәрі­гер­лер таратқан бол­са, онда дәрі­гер­лік құпия сақтау нор­ма­сы бұзылған.Бұл іс түбе­гей­лі тек­серіліп, кінәлілер қатаң жау­а­пқа тар­ты­луы тиіс.Ел қазір Руза апай­дың ден­са­улы­ғын уай­ым­дап отыр.Бұндай елдің қоғам­дық тұрақты­лы­ғын бұза­тын аран­да­ту­шы­ларға сабақ болуы үшін шұғыл шара­лар жаса­луы қажет. Руза Бей­сен­бай­те­гін Пав­ло­дар қала­сын­дағы пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық дис­пан­сер­ге өз еркі­нен тыс зор­лап жауып қой­ған поли­цей­лер мен дәрі­гер­лер жасаған заң­сыз, адам құқын қор­лаға­ны үшін қатаң жау­а­пқа тар­ты­луы тиіс. Руза Бей­сен­бай­те­гін пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық дис­пан­сер­де­гі заң­сыз тір­кеу мен әділет­сіз қой­ы­лған “пси­хи­ка­ның бұзы­луы” (бре­до­вое рас­строй­ство) диа­гно­зы жой­ы­луы тиіс.Осы диа­гноз­ды қой­ған­дар жалған құжат жасаға­ны үшін жау­ап беруі керек. Бұл оқиға Қаза­қстан­ның қоғам­дық-сая­си тұрақты­лы­ғын бұзу үшін қасақа­на жасалған аран­да­ту­шы­лық деп таны­лып, тиісті заң­дық шара­лар жаса­луы керек.
  • Жал­пы тіл­ге кел­ген­де көр­ші Ресей­дің бел­сен­ді медиа-тұлға­ла­ры біз­ге қаты­сты жиі сын айтып тұра­ды. Бұл ненің бел­гісі? Басқа бір елдің ішкі мәсе­лесіне келесі елдің аза­мат­та­ры ара­ласқа­ны қалай?
  • Өте дұрыс айта­сыз. Олар әдейі айтқы­зып ала­ды да, «Ол мем­ле­кет­тің емес, жеке тұлға­ның пікірі» деп шыға­ды. Кезін­де Ресей пре­зи­ден­ті Вла­ди­мир Путин өзінің бір кез­де айтқан бел­гілі сөзі бар еді. Ол Кеңес одағын қай­та қал­пы­на кел­тіру­ге ұмты­лу тура­лы сұраққа: “Кеңес одағын қай­та орнатқы­сы кел­ген­дер­дің жүре­гі бар, бірақ миы жоқ” деген еді. Тағы шай­қа­ла бастаған­ның миы да шай­қа­ла бастай­ды. Бұны Путинн­нің кей­ін­гі кез­де Тәу­ел­сіз мем­ле­кет­тер­ге тас лақты­ра бер­ген аран­да­ту сөз­дері анық айқын­дап бер­ді. Яғни, Путин­нің өзі өзінің кезін­де айтқан әйгілі сөзінің кей­іп­керіне айна­ла бастады.
  • Cұхба­ты­ңы­зға рахмет!
Республиканский еженедельник онлайн