Пятница , 4 июля 2025

Әйел құқығы — мемлекеттің ісі болуы керек

Әйел­дер мен бала­ларға жаса­ла­тын зор­лық-зомбы­лық мәсе­лесі бүгін­де өзек­ті тақы­рып. Бұры­нғы министр Қуан­дық Бишім­ба­ев­тың өз әйелін ұрып өлтір­ді деп күдік­пен ұсталған­нан кей­ін бұл про­бле­ма одан сай­ын ушы­ға түсті. Сарап­шы­лар үйде­гі зор­лық-зомбы­лы­қтың тый­ыл­мауын қол­да­ны­стағы заң­на­ма­ның олқы­лы­ғы­нан деп айтады. 

«Феминита» ұйымының негізін қалаушы Гүлзада Сержан
«Феми­ни­та» ұйы­мы­ның негізін қала­у­шы Гүл­за­да Сержан

2017 жылға дей­ін мұн­дай құқық бұзу­шы­лы­қтар үшін Қыл­мыстық Кодекстің “Ден­са­улы­ққа қасақа­на жеңіл зиян кел­тi­ру” және “Ұрып-соғу” бап­та­ры бой­ын­ша қыл­мыстық іс қозғалған. Бірақ 2017 жылғы 3 шіл­де­де­гі декри­ми­на­ли­за­ци­я­лау тура­лы заңға сәй­кес, тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық үшін қыл­мыстық емес, әкім­шілік жау­ап­кер­шілік көз­деліп отыр. Естеріңіз­ге сал­сақ, жақын­да тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лы­ққа жаза­ны қатай­ту­ды сұраған екі жыл бұры­нғы пети­ция қай­та жан­да­нып, оған қол қой­ған­дар 150 мың­нан асқан. Алай­да, Әділет мини­стр­лі­гі оның заң­ды күші жоқ деді.  Себебі, “бұл пети­ция 2021 жылы, яғни елде пети­ция тура­лы заң қабыл­дан­бай тұрған­да, ашы­лған” деп санайды.

Осы орай­да әйел құқы­ғы үшін күресіп келе жатқан «Феми­ни­та» ұйы­мы­ның негізін қала­у­шы Гүл­за­да Сер­жан ханым­мен сұх­бат­тасқан едік. Фем­би­ке қоғам дер­тіне айналған тақы­ры­пқа қаты­сты өзек­ті сау­ал­дарға жау­ап берді.

  • Тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лы­ққа қаты­сты Заң жоба­ны осы­дан 4 жыл бұрын қабыл­да­мақ бол­ды. Алай­да заң жоба­сы тура­лы қоғам­дық пікір қақ жары­лған бола­тын. Артын­ша, заң­ды қатаң­дат­па­уды қол­дай­тын лоб­би­лік топ­тар­дың бар екені бел­гілі бол­ды. Бұл адам­дар кім­дер және олар заң жоба­сы­на не себеп­ті қар­сы шықты?
  • 2020 жыл­дың қаңта­ры­нан бастап «Тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық про­фи­лак­ти­ка­сы тура­лы» заңға енгізіл­ген өзгерістер­ге орай, отба­сы­лық-тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық үшін айып­пұл­дар алы­нып тастал­ды, енді агрес­сор­ларға ескер­ту ғана жаса­ла­ды. Іс жүзін­де озбыр еркек кесірі­нен отба­сы мүше­сінің қолы, қабы­рға­ла­ры сынуы мүм­кін, миы шай­қа­луы мүм­кін. Бірақ зардап шек­кен адам ауру­ха­на­да 21 күн­нен аз уақыт емдел­се, онда бұл жарақат­тар ден­са­улы­ққа жеңіл зиян деп сана­ла­ды. Заң­ның 73–1 бабын­да агрес­сорға жаза­ның тек екі түрін қол­да­нуға бола­ды: ескер­ту неме­се 15 тәулік­ке дей­ін қамауға алу. Қаза­қстан­да қоғам­дық орын­дар­да қоқыс тастаған­дар қол сын­ды­рған­дарға қараған­да қатаң жаза­ла­на­ды. Әйел­ге жәбір көр­сет­кен еркек­ке берілетін жаза түрі өте жеңіл. Covid пан­де­ми­я­сы кезін­де ұйым­дасқан анти­вак­сер­лер­ден құралған топ өзгер­тіл­ген Заң жоба­ның қабыл­да­нуы­на кедер­гі жаса­ды. Бұл заң­ды қабыл­да­уға қар­сы шыққан­дар­дың ішін­де: Бек­бо­лат Тіле­ухан, Қыды­рәлі Бол­ма­нов, Сәу­ле Әбіл­да­ханқы­зы, Аза­мат Битан, Ана­то­лий Ким сияқты елге бел­гілі аза­мат­тар бар. Жаңа заңға қаты­сты қар­сы қол жинаған­дар­дың сыл­та­уы ақы­лға қоным­сыз бол­ды. Олар­дың айтуын­ша, бұл заң қаза­қы мен­та­ли­теті­міз­ге және ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры­мы­зға сай кел­мей­ді.  Олар Қаза­қстан­да демо­кра­тия орнап, адам құқы­ғы қорға­луы­на жаны қас. Әр түр­лі бел­гісі бой­ын­ша кем­сітіл­ген адам сол бой­ын­ша кем­сітіліп жүре бер­генін қалай­ды. Соның ішін­де, әйел мен бала құқы­ғын қорғау бағы­тын­да жасалған өзгерістер­ге өре түре­геліп қар­сы бол­ды. Қаза­қстан кон­сти­ту­ци­я­сын­да жазы­лған “Демо­кра­ти­я­лық, Зай­ыр­лы, Құқы­қтық және Әле­умет­тік” ел болу олар­дың тақи­я­сы­на тар келеді. «Отба­сын­да зор­лық-зомбы­лық бұрын­нан болған, солай өмір сүр­дік, ары қарай сүре берей­ік, өзгерістің кере­гі жоқ»,- дей­ді. Бұл адам­дар кей­бірі осы­лай біре­уді артық, біре­уді кем көру — табиғи жағ­дай, дәстүр­лі құн­ды­лық деп ақта­ла­ды. Әйел мен бала құқы­ғы ер адам құқы­ғы­на тең болуы­на түбе­гей­лі қарсы.
  • Биыл жел­тоқ­сан айын­да бір­не­ше қала­лар­да тұр­мыстық зор­лы­ққа қар­сы бей­біт шеру ұйым­да­стыр­мақ­шы бол­ды­ңы­здар. Естуі­міз­ше, әкім­дік­тер рұқ­сат бер­меді. Не себеп деп ойлайсыз?
  • 25 қара­ша күні әйел­дер­ге қаты­сты зор­лық-зомбы­лы­қты жою халы­қа­ра­лық күрес күніне орай бүкіл әлем­де шеру­лер өтті. Мыса­лы, Рим­де шеру­ге 50 мыңға жуық адам қаты­сты. Стам­бул көше­лерін­де 500-ге жуық әйел «Біз үнде­мей­міз» деп жазы­лған пла­кат­тар­мен жинал­ды. Біз­де осы ниет­те бей­біт шеру ұйым­да­стыр­мақ­шы бол­дық. Жиын­ның негіз­гі тала­бы — Қаза­қстан заң­на­ма­сы­на феми­цид қыл­мысын енгі­зу және депу­тат­тар төрт жыл бойы жылы жауып қой­ған тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лы­қ­пен күрес тура­лы заң жоба­сын қабыл­дау болған. Осы уақы­тқа дей­ін бұл заң жоба­сы­ның қабыл­дан­ба­уы ашуы­мы­зға тиді. Заң шығуы үшін тағы қан­ша әйел өлуі керек? Тағы қан­ша қан төгілуі керек? Иә, расы­мен әкім­дік­тер “Қаза­қстан әйел­дері зор­лы­ққа қар­сы” атты бей­біт митинг өткізу­ге рұқ­сат бер­меді. Соның ішін­де, Алма­ты қала­сы әкім­ді­гі тура­лы баса айтқым келіп отыр. Әкім­дік­ке 9 жел­тоқ­сан күні  Шоқан Уәли­ха­нов алаңын­да бей­біт митинг өткіз­гісі келетінін айтып, ескер­ту тап­сы­рған бола­тын­быз. Артын­ша, Алма­ты қала­сы әкім­ді­гінің өкілі Аман­жол Мұса­ев хабар­ла­сып, 9 жел­тоқ­сан­да Уәли­ха­нов алаңын­да кезек­ті жөн­деу жұмыста­ры жүретінін айтқан. Әкім­дік өкілі митинг өткізу­ге арналған Сары­арқа кино­те­ат­ры­ның маңын­да мәде­ни-қоғам­дық шара жос­пар­ланға­нын айт­ты. Сон­ды­қтан феми­ни­стер Махат­ма Ган­ди пар­кін­де митинг өткі­зуді сұрап, әкім­дік­ке жаңа ескер­ту тап­сыр­дық. Түр­лі себеп-сыл­та­у­лар­мен дәл осы жағ­дай Ақтау, Тараз, Қызы­лор­да қала­ла­рын­да да орын алды.

    Жал­пы заң бой­ын­ша Қаза­қстан­да жұрт бей­біт митинг өткі­зу үшін жер­гілік­ті әкім­дік­ке алдын ала ескер­туі тиіс. Бірақ билік көбіне түр­лі себеп­пен бей­біт митин­гілер­ге рұқ­сат бере бер­мей­ді. Рұқ­сат етпе­ген митин­гі­ге шыққан­дар 10–15 күн­ге қама­ла­ды я айып­пұл төлей­ді. Әкім­дік ата­у­лы Қаза­қстан­ның авто­ри­тар­лы сая­си жүй­есін сақтап қалу жолын­да бар қолы­нан кел­генін жасап бағу­да. Оларға бұл билік­ті уысы­нан шығар­мау үшін қажет. Яғни билік­ке, сая­сатқа, шешім қабыл­дау дең­гей­іне өзі­нен өзге адам­ды, оның ішін­де, әсіре­се, әйел­ді жолат­па­уды көз­дей­ді. Бей­біт жиын жасау құқы­ғын бел­ден басып, тәу­ел­сіз ұжы­мға митиң, шеру жаса­уға рұқ­сат бер­мей, оның орны­на осы ауто­ри­тар­лы билік­пен ауыз­жа­ласқан, әкім­шілік­тен тіке­лей не жана­ма түр­де биз­нес арқы­лы суб­си­дия ала­тын бірқа­тар ұжы­мға ғана осын­дай мүм­кін­дік беріп отыр. Яғни феми­ни­стер жыл­да ұйым­да­сты­рып жүр­ген әйел құқы­ғы­на қаты­сты тақы­рып­та өтетін марш пен митиңі ата­улы­ны бұдан былай «Жаңа Адам­дар», «Ерік­тілер лига­сы», «Қаза­қстан­дық ата-ана­лар одағы» сияқты ұйым­дарға тар­тып алып оты­рған түр­лері. Олар­дың пай­ы­мын­ша,  жал­пы жұрт­шы­лық қай ұжым әйел құқы­ғын шын мәнін­де көтеріп тұрға­нын ажы­ра­та біл­мей­ді дей­тін сияқты. Бұл аталған ұйым­дар әйел құқы­ғы мәсе­лесі мұрын­да­ры­на иісі бар­май­тын, ал кей­бірі тіп­ті әйел құқы­ғын құл­ды­ра­тып жібе­руді көз­дей­тін ұйым­дар. Мыса­лы, осы атал­мыш «Ата-ана­лар одағы» әйел­дер­ге қар­сы отба­сы­лық зор­лық-зомбы­лық алдын алу заңы­на өре тұрып қар­сы шыққан ұйым.
  • Қаза­қстан­дағы феми­цид мәсе­лесіне келер бол­сақ. Ресми деректер­де­гі ста­ти­сти­ка қан­ша­лы­қты шын­ды­ққа жанасады?
  • Қаза­қстан­да тек 2022 жылы әйел­дер­ге қаты­сты тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лы­қтың 61 277 оқиға­сы тір­кел­ген. Биыл­да ол ста­ти­сти­ка көңіл көн­шіт­пей­ді. Жыл басы­нан бері 35 мыңға жуық шағым келіп түс­кен. Алай­да отба­сын­да ойран салған­дар­дың 17% ‑ы ғана тиісті жаза­сын алған. Соңғы 2,5 жыл­да елі­міз­де отба­сы­лық агрес­сор­лар­дың қолы­нан    400-ге жуық әйел көз жұм­са, ден­са­улы­ққа ауыр зиян кел­тірудің 878 дере­гі тір­келіп, 37 мың­нан астам адам әкім­шілік жау­ап­кер­шілік­ке тар­тыл­ды. Соңғы бір айдың өзін­де отба­сы­лық-тұр­мыстық сала­да 713 құқық бұзу­шы­лық жасалған. Отба­сын­дағы жан­жал­дан баста­лып зор­лық-зомбы­лы­ққа ұла­са­тын әре­кет­тер­ден зәбір көретін­дер­дің басым бөлі­гі – әйел­дер мен бала­лар. Қыл­мыстық ста­ти­сти­ка бой­ын­ша соңғы үш жыл­да тұр­мыстық әлім­жет­тік көр­ген әйел­дер­дің көр­сет­кі­ші 25 пай­ы­здан асқан. Феми­цид мәсе­лесін әріп­тесі­міз Айгерім Құсай­ы­нқы­зы өте тия­нақты   түр­де түсін­дір­ді. Оны гено­цид ұғы­мы­м­ен қатар заңға енгі­зу қажеті барын дәй­ек­ті дәлел­деді. Біз, “Феми­ни­та” тара­пы­нан Қаза­қстан­ның бір­не­ше қала­сын­да “Қаза­қстан әйелі зор­лық-зомбы­лы­ққа қар­сы” атты бей­біт жиын­ды өткізу­ге мұрын­дық болу­ды мақ­сат етіп отыр­мыз. Жел­тоқ­сан айын­да бір­не­ше қала­да жап­пай әкім­шілік рұқ­сат бер­меді. Бірақ  түбін­де бей­біт жиын­ды өткі­зе­міз. Сол жиын­да негіз­гі тақы­рып тура осы феми­цид бол­мақ. Қоғам наза­ры­на осы мәсе­лені сала­мыз және заң түрін­де Қаза­қстан­да феми­цид түсіні­гі енгізіліп, оған қар­сы шара болуы­на жеткіземіз.
  • Сұх­ба­ты­ңы­зға рахмет!

Cұх­бат­тасқан

«ДАТ» газетінің

Пар­ла­мент­тік тілшісі

Дина ӘДІЛ

Республиканский еженедельник онлайн