Пятница , 4 июля 2025

Жаңа Қазақстан қандастарға есігін жапты ма?

Мен мұны ерік­кен­нен жазып оты­рған жоқ­пын, сан қиын­ды­қтан өтіп, елге кел­ген қан­дастар­дың 33 жыл бойы бол­маған жаңа кедер­гілер­ге тап болып, Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын ала алмай, зар илеп оты­рған жағ­дай­ы­на күй­ініп жазып отырмын.

2024 жыл­дан бастап шетел­ден кел­ген қан­дастар­дың Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алуы­на бұрын-соң­ды бол­маған жаңа талап­тар енгізіліп, мына­дай екі заң қабыл­данған екен.

Бірін­ші: Шетел­дер­ден көшіп кел­ген қан­дастар аза­мат­тық алу үшін алды­мен «Қан­дас» деген куәлік алу­ла­ры керек. Бірақ 2024 жыл­дан бастап шетел­ден көшіп кел­ген қан­дастар «Қан­дас» куәлі­гін алу үшін, «Қаза­қстан­да тіке туы­сы бар болуы керек» деген жаңа талап шығып­ты және оған онлайн өтініш беріп, тек бір айдан кей­ін ғана ала ала­ды екен. Ал бұдан бұрын қан­дас куәлік­ті бір апта­да жер­гілік­ті жұмыспен қам­ту меке­месі­нен, Қаза­қстан­да ешқан­дай тіке туы­сы бол­ма­са да, ұлты қазақ бол­са бол­ды, офлайн түр­де алатын.

Екін­ші: 2024 жыл­дан бастап қан­дастар аза­мат­тық алу үшін, қолын­дағы төлқұ­жат, жеке куәлік, туу тура­лы куәлік, неке тура­лы куәлік, диплом, тағы басқа құжат­та­рын өзі кел­ген елдің Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі­нен неме­се Қаза­қстан­дағы сол елдің елшілі­гі­нен АПОСТИЛЬ (Рас­та­ту) жаса­ту­ла­ры керек. Өздері сан тесік­тен өтіп, әрең елге кел­ген­де, кел­ген еліне қай­та тел­мір­ту – опа­сыздық қой. Ешбір ел өзінің аза­мат­та­ры­на өзге мем­ле­кет­тің аза­мат­ты­ғын алсын деп «ия, бара ғой, біздің аза­мат­ты­қты лақты­рып, Қаза­қстан­ның аза­мат­ты­ғын ала ғой», – деп маң­дай­ы­нан сипамайды.

Ал кей­бір билік өкіл­дері «Егер қан­дастар сол­түстік өңір­лер­ге көшіп бар­са, қан­дас куәлі­гін тіке туы­сы бол­ма­са да ала ала­ды, аза­мат­ты­қты да тез ала­ды», – деп соғып­ты. Соған сен­ген біраз қан­дастар сол­түстік­ке көшіп бар­са, қан­дас куәлі­гін алға­ны­мен, құжат­та­рын өзі кел­ген елдің сыр­тқы істер мини­стрі­нен неме­се Қаза­қстан­дағы өз елінің елшілі­гі­нен АПОСТИЛЬ жаса­ту­ла­ры керек деген талап­пен тағы тосы­лып, аза­мат­тық ала алмай, қаңғып жүр.

Елге көшіп кел­ген қан­дастарға «Сол­түстік­ке бар­саң ғана қан­дас куәлі­гін бере­міз, әйт­пе­се бер­мей­міз» деу – бірін­ші­ден, Бірік­кен ұлт­тар ұйы­мы­ның Қаза­қстан қол қой­ған «Жал­пы­ға бір­дей адам құқы­қта­ры декла­ра­ци­я­сын» өрес­кел бұза­ды. Екін­ші­ден, сонау шетел­ден тоқ­сан тесік­тен өтіп, арып-ашып, елге көшіп келіп, елге қаза­қтың санын қосқан қан­даста­ры­мы­зды кеуде­ден итеріп, өзек­ке тебу.

Қысқа­сы, қан­дас куәлі­гін Қаза­қстан­да тіке туы­сы бар қан­дастар ғана ала ала­ды деген жаңа талап – қан­дастар­дың Қаза­қстанға келуін шек­те­удің төте жолы. Себебі шетел­де­гі 5 мил­ли­он­нан аса қаза­қтар­дың бәрінің Қаза­қстан­да тіке туы­сы болуы мүм­кін емес қой.

Ал аза­мат­тық алу үшін қолын­дағы заң­ды құжат­та­ры­на өз елі­нен неме­се елшілік­тен апо­стиль жаса­ту­ды талап ету – Қаза­қстан қол қой­ған БҰҰ-ның Адам құқы­қта­рын қорғау тура­лы декла­ра­ци­я­сын өрес­кел бұзу болып табы­ла­ды. Бұл – қан­дастар­дың құқы­ғын тап­тап, өз еліне кел­ген­де өзек­ке теуіп, өзгенің есі­гіне тел­мірт­кен опасыздық.

Осын­дай кедер­гілер­ді қол­дан жасап оты­рған жаңа Қаза­қстан билі­гінің мақ­са­тын қалай түсі­ну­ге бола­ды? Егер бұл талап­тар­ды алып тастап, қан­дастарға қысқа мерзім­де, аз құжат­тар­мен аза­мат­тық беруді қолға алма­са, мына билік­тен тек қан­дастарға ғана емес, күл­лі қаза­ққа жақ­сы­лық келеді деп айту ақы­мақтық. Бұл мәсе­ле ушы­қ­пай тұрып, депу­тат мыр­за­лар дереу қолға алу­ла­ры керек.

Қыды­рәлі ОРАЗҰЛЫ

Фото: abai.kz

Республиканский еженедельник онлайн