Пятница , 4 июля 2025

Жаңа Қазақстанға – жаңа гимн!


«Дат» газетінің өткен жылғы, 07.12.2023 күн­гі №43 саны қолға тиіп,
Қарақат Шала­ба­ев­тың осы аттас мақа­ла­сын оқы­ған­нан кей­ін, қолы­ма
еріксіз қалам алдым. Қай уақыт­та шыққа­нын біл­мей­мін, қазақ ара­сын­да
«Қаза­қтың жауы – қазақ» деген сөз бар. Бұл жоқ жер­ден бұра тар­та­тын
адам­дар үшін айты­лған сөз шығар. Және осы сөздің жаны бар ма деп
ойлай­мын. Сек­се­уіл аға­шы­ның қат­ты­лы­ғы сон­дай, оған ешқан­дай бал­та
бат­пай­ды екен. Сол сияқты Қазақ ұлты­ның өрлі­гі де сон­дай мықты деп
айтай­ын десем, өзінің ала­у­ы­зды­ғы­мен, билікқұ­мар­лы­ғы­мен кезін­де
оры­стың шек­пе­ні мен шеніне, оның мақтап-мадақтап арқа­сы­нан
қаққа­ны­на қызы­ққан билер Қазақ елінің жеке ел болуын қалап, оры­стың
басқын­шы­лық сая­са­ты­на қар­сы соғы­сқа шыққан Кене­са­ры ханға ермей,
ақы­ры өздері­мен бір­ге бүкіл қаза­қты оры­стың асты­на түсір­ді емес пе?!
Пат­ша билі­гі­нен құты­лған­мен, қызыл пар­ти­я­ның жалған идео­ло­ги­я­сы­на
еріп, бір қалы­пқа құй­ы­ла алмай, «Еге­мен ел бола­мыз» деген оймен
жан­да­рын шүбе­рекке түй­іп, қызыл­дар­мен арпа­лы­сқа шыққан Алаш
асыл­да­ры­ның да сағын сын­дыр­дық емес пе?! Ком­му­ни­стік пар­ти­я­ның 70
жылғы құл­ды­ғы­нан құтқа­рып, Ель­цин­нің сотқар­лы­ғы­ның арқа­сын­да
ойда-жоқта кел­ген тәу­ел­сіздік­тің өзін сан құбы­л­тып жатқа­ны­мыз өтірік
емес. Оған дей­ін де осы жол­да талай қырғын болға­ны рас. Бірақ
Ель­цин­нің сол бір әре­кеті Қаза­қты арма­ны­на жет­кіз­гені де рас.
Кезін­де Назар­ба­ев­тың өтірі­гіне құдай­дай сеніп қал­дық. Бір өзбек ағай­ын
айтқан екен: «Бәлі, менің мына Таш­кент­те бір қызым бар, одан да өткен
сорақы» деп. Сол айтқан­дай, сен­ген бас­шы­мыз өтірік мақтан, бос сөз­бен
қып-қызыл тона­уға, одан әрі елді таза құр­ту­дың жолы­на түсті. Соны біле
тұра, көбі­міз оған шаң жуыт­пай, қолын жала­дық емес пе? Қар­сы
шыққан­дар­дың көзін құр­тып тын­дық. Ақы­ры Назар­ба­ев та өз көрін өзі
қазып, көзі құры­ды ма деген ойда болып едік, құты­ла алмап­пыз.
Оры­стың үлкен жұды­ры­ғы мен Назар­ба­ев­тың әле­гі­нен құты­лу­дың жолы
ұзақ бола­тын түрі бар. Шынын­да да, «Еге­мен­біз бе, әлде Тәу­ел­сіз­біз бе»
– әлі толық сезіне алмай келе­міз. Тәу­ел­сізді­гі­міз баян­ды болғай!
Алла­дан «арты­ның қай­ы­рын бер» деп тілей­міз де.
Назар­ба­ев бүкіл дүниені жеке­ше­сіне алып, ақы­ры әнұра­ны­мы­зға да ауыз
сал­ды. Оған татым­сыз бір-екі жол қосып, оның қосым­ша авто­ры болып
жазыл­ды. Әрине, бұдан құты­лу керек! Ж.Нәжімеденовтың сөзін өзгер­ту­ге
ешкім­нің қақы­сы жоқ. Ш.Қалдаяқов пен Ж.Нәжімеденов аға­ла­ры­мы­здың
бұл өлеңін Қаза­қстан­ның әнұра­ны болуы­на ұсы­нған және соны қол­даған
депу­тат­тар­дың Құдай тіле­улерін бер­сін! Бұл өлең талай елдің көз­жа­сы­мен жуы­лып, талай ұлда­ры­мыз бен қызда­ры­мы­здың қаны­на шылан­ды емес пе?!
1979 жылы орта­лы­ғын Ерей­мен­тау қала­сы етіп, Неміс авто­но­ми­я­сын
құру тура­лы указ дай­ын­далған. Авто­но­ми­я­ның шека­ра­сы бел­гі­леніп,
бас­шы­ла­ры­ның атта­ры ата­лып, тек указға Бреж­нев­тің қол қоюы ғана
қалған. Кор­кин Цели­но­гра­дқа келіп, ұйым­да­сты­ру жұмыста­рын бастап та
кет­кен. Сол кез­де аты өзгер­ген Ақмо­ла облы­сы­ның орта­лы­ғы
Цели­но­град қала­сы­ның орта­лық алаңын­да қол­да­рын­да «Авто­но­ми­яға
жол жоқ!» деген көп­те­ген пла­кат­тар ұстаған мың­даған жас «Менің
Қаза­қста­ным» өлеңін айтып, Орта­лық алаңға қарай бет­тей­ді. Бұл үлкен
толқу еді. Облы­стың бірін­ші хат­шы­сы Моро­зов колон­на­ның алды­на
три­бу­на қой­ғы­зып, жастар­ды тыны­шты­ққа шақы­ра­ды. Әртүр­лі жалын­ды
сөз­дер айты­лып жатқан кез­де бір жас қыз аты­лып три­бу­наға жұлқы­на
шығып, мик­ро­фон­ды қолы­на алып: «Қазақ жерін­де ешқан­дай авто­но­мия
құруға жол беріл­мей­ді! Егер де указға қол қой­ы­ла­тын бол­са, тура осы
жер­ге келіп, мен өзім­нің үсті­ме бен­зин құй­ып, отқа ора­на­тын бола­мын.
Жаным – жерім­нің садақа­сы!» – деп өзі нәзік болға­ны­мен, ашуға толы
дауы­сы­мен айқай­ға салған­да, мың­даған адам осы ұранға қосы­лып,
айқай­лап тұр­ды. Ашу­лы елдің көз­дерінің жасы сорға­лап тұр­ды. Бұл – сол
мың­даған адам­ның көкірек­тері толған ыза­дан булы­ға шыққан жас еді.
Тек сол батыр қыздың атын ешкім жадын­да сақта­мап­ты. Сон­дағы
мың­даған жастың аузын­да осы «Менің Қаза­қста­ным» әні бол­ды. Оларға
мың да бір рах­мет!
1986 жылы жел­тоқ­сан айы­ның 16–18 күн­дері Алма­ты­ның Орта­лық
алаңын­да Д.А.Қонаевты орны­нан алу мақ­са­тын­да ашы­лған пле­нум­ның
шеші­міне қар­сы жиналған бір­не­ше мың­даған жас та осы «Менің
Қаза­қста­ным» әні­мен алаңға шықты емес пе?! Назар­ба­ев­тың
шақыр­туы­мен кел­ген оры­стың арна­у­лы қару­лы жасағы қару­сыз
жастар­ды қанға бөк­тіріп, қырып салған аза­бы­ның қаны әлі кеп­кен жоқ!
Оның артын­дағы бір­не­ше мың­даған адам­ның тағ­ды­рын ойран қылған
сол Жел­тоқ­сан­ның жара­сы әлі жазы­лған жоқ, ол жазыл­май­ды! Ол
ұрпаққа кете­ді! Мен Шәм­ші аға­мы­здың осы «Менің Қаза­қста­ным» әні
Қаза­қстан­ның әнұра­ны болып мәң­гі­ге қалға­нын қалар едім. Өте айбын­ды
ән!
Бұл жер­де автор ұсы­нып оты­рған Қадыр Мыр­за-Әлі және Ескен­дір
Хасанға­ли­ев аға­ла­ры­мы­зға ешқан­дай көлең­ке түсірей­ін деген ойым жоқ.
Өте дарын­ды, қадір­лі, қаза­қтың маң­дай­ы­на біт­кен ерекше тұлға­лар.
Өлең де өте жара­сым­ды, әні мен сөзі де егіз қозы­дай, біріне-бірі қоса
құй­ы­лған­дай өте шебер­лік­пен жарасқан. Бірақ «Ата­ме­кен» мен «Менің Қаза­қста­ным» әндерінің өре­мі әртүр­лі. Мыса­лы, «Маңғы­стау» қаза­қтың
қаси­ет­ті жері, бірақ ол менің ата­ме­кенім бола алмай­ды. Ол менің
Ота­ным, менің Қаза­қста­ным­ның бір бөл­ше­гі ғана. Менің ата­ме­кенім –
қаси­ет­ті Қарқа­ра­лы аймағы. Сон­ды­қтан бұл жер­де әртүр­лі ой салу­дың
өзі артық деп ойлаймын.

Сәбит ТОҒАМБЕКОВ,
Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның мүше­сі,
Қараған­ды облы­сы, Қарқа­ра­лы ауда­ны, Қасым ауылы

Республиканский еженедельник онлайн