Пятница , 4 июля 2025

НАЗАРБАЕВТЫҢ ІНІСІ Самат Әбіш ШАРТТЫ СОТТАЛДЫ

26 ақпан күні Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың неме­ре інісі, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті төраға­сы­ның экс-бірін­ші орын­ба­са­ры Самат Әбіш жабық сот­тың шеші­мі­мен 8 жылға шар­тты түр­де сот­тал­ды. «Оның гене­рал атағы мен мем­ле­кет­тік мара­пат­та­ры алын­ды. Бірақ мен­шік-мүл­кіне кон­фис­ка­ция жасал­ма­ды», деп хабар­ла­ды «ДАТ»-тың инсай­дер­лік ақпа­рат көзі.
Еске сала кетей­ік, бұған дей­ін Қаза­қстан­да ешкім 8 жылға шар­тты түр­де сот­тал­маған. Соған қараған­да, мүд­делі біре­улер «8 жыл» деген едәуір жаза­мен қоғам­ды алдарқа­тып, ал шын­ды­ғын­да Самат Әбі­шті түр­ме жаза­сы­нан алып қалған. Қаңтар оқиға­сы­на бір­ден-бір кінәлі күштік құры­лым­ның жоға­ры дәре­желі лау­а­зым­гері осы­лай­ша тиісті жаза­дан құтыл­ды. Әлбет­те, бұл «коме­ди­я­ның» басты режис­сері Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев екені тай­ға таң­ба басқан­дай аян жағ­дай.
Ең қиы­ны – бұл Әділет­ті Қаза­қстан құру баста­ма­сын алға қой­ған қазір­гі Пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың беделіне бел­гілі бір дең­гей­де нұқ­сан кел­тіріп, халы­қтың онсыз да төмен билік­ке деген сені­міне тағы бір үлкен сызат түсір­гелі тұр. Жағ­дай осы­лай жалға­са бер­се, Тәу­ел­сіз Қаза­қстан тарихын­дағы ең қай­ғы­лы оқиға – Қаңтар қасіретін ұйым­да­сты­рған қыл­мыс­кер­лер түк бол­маған­дай, Самат сияқты сай­ран салып, тай­раң қағып, мен­шік-мүлік­тері де тәр­кі­лен­бей, емін-еркін жүре беретін бол­са, керісін­ше, ешнәр­сені бүл­дір­ме­ген, ешқан­дай қыл­мысы жоқ қоғам бел­сен­ділері жазы­қ­сыз қуда­ла­нып, нақты жаза­ға тар­ты­ла беретін бол­са, онда – жаңа Қаза­қстан­ның таңы жақын жыл­дар­да ата қой­май­ты­ны анық. Бұл қазақ қоға­мын әбден ыза­лан­ды­рып, халы­қтық көтеріліс­ке соқты­руы бек мүм­кін! Отыз жыл бойы әла­у­лай­ым тау­сыл­са, хәла­у­лай­ым бар деген біт­пес ерте­гі­ге алда­нып кел­ген халық енді отыз күн алда­уға да көне қой­мас!
Бұған мем­ле­кет бас­шы­сы­ның жыл басын­да «Еге­мен Қаза­қстан» газетіне бер­ген сұх­ба­тын­да айтқан мына пікірі де анық дәлел: «…Бір сөз­бен айт­сақ, ескі жүйе кел­мес­ке кет­ті. Қаза­қстан­дағы сая­си рефор­ма­лар жүй­елі ғана емес, ешқа­шан кері қайт­пай­тын түбе­гей­лі сипатқа ие бол­ды деп сенім­мен айта ала­мыз. Мұның елі­міз үшін айры­қ­ша маңы­зы бар. Себебі ұлт­тың сая­си сана-сезі­мі түбе­гей­лі өзгер­ді. Жұрт­тың құқы­қтық сау­ат­ты­лы­ғы мен бел­сен­ділі­гі демо­кра­ти­я­лық жаңғы­ру­дың басты кепіліне айнал­ды. Тоқе­терін айт­сақ, кері кету­ге халы­қтың өзі жол бер­мей­ді және елге жаңа леп әкел­ген осы өзгерістер­ді табан­ды­лы­қ­пен қорғай­ды. Мен бұған бек сенім­ді­мін».
Бұдан ұға­тын тағы бір кереғар ой – Самат Әбіш­ке қаты­сты ескі жүй­енің әлі ешқай­да кете қой­маға­ны! Егер әділет­ті, жаңа жүйе қалып­та­сты десек, онда тек ҰҚК төраға­сы­ның бұры­нғы бірін­ші орын­ба­са­ры ғана емес, 238 адам қаза тауып, мил­ли­ард­таған мате­ри­ал­дық шығын әкел­ген Қаңтар қасіретіне жау­ап­ты үлкен­ді-кішілі бар­лық шен­ділер түгел­дей жау­а­пқа тар­ты­лып, тиісті жаза­ла­рын алу­ла­ры керек еді. Үлкен өкініш­ке қарай, әлі олай бол­май тұр. Отыз жыл бойы қара халы­қты зар қақ­са­тып, елі­міздің бар бай­лы­ғын бауы­ры­на басқан ескі Қаза­қстан­ның өкіл­дері бұған барын­ша қар­сы­лық көр­сетіп, өткен­ді аңсап, соған қай­тып келу­ге тыры­сып бағу­да.
«Қамысты бос ұста­саң, қолы­ң­ды кеседі» дей­ді қазақ дана­лы­ғы. Егер жаңа Қаза­қстан ескі Қаза­қстанға қаты­сты солқыл­дақтық таны­тып, бұры­нғы пре­зи­дент­тің маңы­на топ­тасқан, 220 трил­ли­он тең­гені заң­сыз ием­ден­ген, ақыр соңын­да Қаңтар қасіретін ұйым­да­сты­рған оли­гарх­тар­ды қыл­мысы­на сай жау­а­пқа тарт­па­са, бұл ешқан­дай жақ­сы­лы­ққа әкел­мей­ді.
Осы орай­да, 2005 жылы 13 мамыр­да Анди­жан оқиға­сы болған кез­де Өзбек­стан­ның бұры­нғы пре­зи­ден­ті, марқұм Ислам Кәри­мо­втың: «Маған мың бұза­қы­дан 30 мил­ли­он халқым­ның келе­ше­гі қым­бат» деген сөзі еске түседі. Ол сөй­тіп, елде тұрақ­сыздық орна­тып, мем­ле­кет­ке қауіп төн­дір­гісі кел­ген қыл­мыс­кер­лер­ді ешқан­дай аяу­сыз қырып салған еді.
Егер біз енді ғана 20 мил­ли­он­нан асқан Қаза­қстан халқы­ның келе­ше­гін ойлай­тын бол­сақ, азат заман­да аз халқын тонап кел­ген, жаңа­руға, жаңғы­руға, әділет­ті қоғам, кемел келе­шек құруға кедер­гі кел­тіріп, қар­сы тұра­тын ескі Қаза­қстан­ның өкіл­деріне ешқан­дай кең­шілік көр­сет­пе­уі­міз керек!

Республиканский еженедельник онлайн