Пятница , 4 июля 2025

Халық қиналып жатқанда, КӨЛІК МИНИСТРІ қайда қарап отыр?

Құл­са­ры­лы­қтар­дың тасқы­н­мен арпа­лы­сып жатқа­ны­на бүгін жетін­ші күн бол­ды. Ресми дерек бой­ын­ша, Аты­рау облы­сы Жылыой ауда­нын­да тасқын қау­піне бай­ла­ны­сты 31 мың­нан астам адам эва­ку­а­ци­я­ланған. Аудан орта­лы­ғы Құл­са­ры қала­сы­нан соңғы үш күн­де 18 мың­нан астам адам қауіп­сіз жер­ге көшіріл­ген. Қала­да 2600 жер үй мен әкім­шілік ғима­рат суда қалған. Пре­зи­дент су тасқы­ны­на қар­сы уақы­ты­лы шара қабыл­да­маға­ны үшін Пре­мьер-мини­стр­дің бірін­ші орын­ба­са­ры Роман СклярғаСу ресур­ста­ры және ирри­га­ция мини­стрі Нұр­жан Нұр­жі­гітов­ке қатаң сөгіс жари­я­ла­ды. Ақтө­бе, Қоста­най, Батыс Қаза­қстан, Аты­рау, Ақмо­ла, Алма­ты, Пав­ло­дар және Абай облы­ста­ры­ның әкім­деріне қатаң сөгіс және қыз­мет­тік мін­дет­теріне толық сай кел­ме­уіне бай­ла­ны­сты ескер­ту бер­ді. Осы­ған орай Тасқын судың орта­сын­да жүр­ген Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің Қар­жы және бюд­жет коми­тетінің мүше­сі Самат Мұса­ба­ев мыр­за­мен сұх­бат­та­сып, жағ­дай­ды сұрадық.

– Самат мыр­за, су алған аудан­дар­дағы жер­гілік­ті халы­қтың жағ­дайы қалай? Тасқын­ның алдын алуға болар ма еді? Кінәлі кім деп ойлайсыз?

– Қаза­қстан­ның су басқан 10 облы­сын­да төтен­ше жағ­дай жари­я­лан­ды. Елде­гі су тасқы­ны – көле­мі жағы­нан соңғы 80 жыл­дағы ең ірі табиғи апат. Бұрын-соң­ды бол­маған, бұрын-соң­ды көр­ме­ген едік мұн­дай ала­пат апат­ты. Бұн­дай табиғи апатқа Үкі­мет те, халық та дай­ын бол­ма­ды. Сон­ды­қтан қазір бір-бірі­мізді кінәлай­тын уақыт емес. Адам шығы­нын бол­дыр­мауға жұмыс жаса­уы­мыз керек. Аты­рау мен Маңғы­стау – төсек­те бас, төс­кей­де мал қосы­лып жатқан екі аймақ. Бір-бірі­мен өте жақын қарым-қаты­на­ста. Ағай­ын-тума­лас болып кет­кен екі облыс халқы мына Құл­са­ры­да болған жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты тікесі­нен тік тұрып қыз­мет жаса­уда. Маңғы­ста­улы­қтар еңкей­ген кәрі­ден еңбек­те­ген балаға дей­ін көмек қолын созып, Құл­са­ры­дан ауған халы­қты орна­ла­сты­рып жатыр. Жем өзенінің арна­сы­нан асып, Құл­са­ры қала­сын су басуы­на бай­ла­ны­сты 8150 қапқа құм тол­ты­ры­лып, 2200 метр қорға­ныс бөгеті бекітілді.

Кеше Аты­рау облы­сы Құл­са­ры қала­сын су басып, ел абды­рап, үй-орма­нын тастап, жан-жаққа бас сауға­лаған қиын кез­де Аты­ра­удан Алма­ты, Аста­на, Ақта­уға ұша­тын ұшақ билет­терінің баға­сы 4–5 есе­ге дей­ін қым­бат­тап кет­ті. Бүкіл ел болып Аты­ра­удың жаны­нан табы­лып, жаны қал­май көмек беріп жатқан­да, біздің ынсап­сыз, ашкөз әуе ком­па­ни­я­ла­ры табыс табу­дың, қар­пып қалу­дың қамы­на кірісіп­ті. Көлік мини­стрі Марат Қара­ба­ев қай­да қарап отыр?!

Халы­қты ашық тонап жатқан әуе ком­па­ни­я­ла­ры­на неге шара қол­да­ныл­май­ды? Мына­дай қиын-қыстау кезең­де азық-түлік­ті, халы­ққа қажет­ті тау­ар­лар баға­сын аспан­дат­пай ұстап тұру – Үкі­мет­тің басты мін­деті емес пе? Әлде Марат Қара­ба­ев Бек­те­нов­ке бағын­бай ма? Бағы­на­тын бол­са, Пре­зи­дент­тен бастап бір­лік­ке, көмек­ке жұмы­лып жатқан­да, транс­порт мини­стрі неге мына­дай сабо­таж жасай­ды? Аты­рау қала­сын­да төтен­ше жағ­дай жари­я­ла­нып жатыр, менің де жай­шы­лық кез­де­гі­дей күтіп оты­ра­тын бір апта неме­се он күн уақы­тым жоқ.

– Су тасқы­ны­нан зардап шек­кен­дер­ге қан­дай көмек көр­сетіл­ді? Олар­дың неси­е­лері кешірі­ле ме?

– Kaspi.kz пен Biz birgemiz қай­ы­рым­ды­лық қоры­мен бір­лесіп 55 мың адам шама­мен 80 мил­ли­он тең­ге жина­ды. Kaspi.kz өз кезе­гін­де қара­жат­ты 200 мил­ли­он тең­ге­ге дей­ін ұлғайт­ты. 8 сәуір күні ком­па­ния тағы 500 мил­ли­он тең­ге аударға­нын хабар­ла­ды. «Қаза­қстан халқы­на» қоры су басқан ауыл­дарға үй салуға 5 млрд тең­ге бөледі. Қор су тасқы­ны­нан зардап шек­кен ауыл­дық елді мекен­дер­де 200 үй салуға бола­ды деп есеп­тей­ді. Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер зардап шек­кен­дер­дің неси­е­лерінің мерзі­мін 30 мау­сы­мға дей­ін ұзар­тып, айып­пұл мен өсім­пұл есеп­те­мей­тінін хабар­ла­ды. Одан бөлек, Қырғыз­стан­ның Төтен­ше жағ­дай­лар мини­стр­лі­гінің құтқа­ру­шы­ла­ры су тасқы­ны­нан зардап шек­кен Қаза­қстан халқы­на 300 тон­на гума­ни­тар­лық жүк жіберді.

Төтен­ше жағ­дай­лар вице-мини­стрі Бауы­р­жан Сызды­қов су тасқы­ны­нан зардап шек­кен тұрғын­дар­дың жаңа үйлері қауіп­сіз жер­ге салы­на­ты­нын мәлімдеді.

– Маңғы­стау мен Аты­рау облы­сы­ның эко­ло­ги­я­сы­на бай­ла­ны­сты көп­те­ген сұрақтар туын­дап жатыр. Талай жыл­дан бері қор­да­ланған мәсе­ле қашан шешілмек?

– Дұрыс сұрақ қой­ып отыр­сыз. Маң­ғыстау облы­сы­ның бүгін­гі экология­лық аху­а­лы әбден ушы­ққан. Мыса­лы, «Қошқар ата» – қал­ды­қтар қой­ма­сы. Осы­дан 50 жыл бұрын аймақтағы үш ірі өндіріс зауы­ты­нан шыға­тын радио­ак­тив­ті қал­ды­қтар жинай­тын қой­ма болған. Кей­ін кәсі­по­рын­дар жабы­лып, көл­ге құй­ы­ла­тын су тоқта­тыл­ды. Соның сал­да­ры­нан зиян­ды қал­ды­қтар ауаға көтеріліп, жел­дің әсері­нен жақын елді мекен­дер­ге тарай баста­ды. Жар­ты ғасыр уақыт өтсе де, «Қошқар ата» қой­ма­сы адам өміріне зор қауіп төн­діріп тұр. 15 жыл­дан бері көміл­мей келеді.

Алға­шқы көму Қырым­бек Көшер­ба­ев облыс әкі­мі болып тұрған кез­де бастал­ды. 2010 жыл­дар­дан бері әлі біт­пей қой­ды. Бар­лы­ғы дай­ын болып, бірін­ші рет көмілетін кез­де ҰҚК тоқтат­ты. Аяғын­да тен­дер­ге таласқан Кәрім Мәсі­мов клан­да­ры­ның өза­ра соғы­сы екенін түсін­дік. Маңғы­ста­улы­қтар ара­сын­да онко­ло­ги­я­лық ауру­лар, өкпе және жүрек-қан тамыр­ла­ры ауру­ла­ры, йод тап­шы­лы­ғы сияқты ауру түр­лері көп. Ден­са­улы­ғы жарам­сыз ана мен одан туа­тын дім­кәс бала саны бой­ын­ша да көш бастап тұр. Қазір өңір­де қатер­лі ісік­ке шал­ды­ққан 900-ге жуық адам бар. Рес­публика бой­ын­ша алға­шқы үштік­ке кіреді. Қазір көл­дің бетін­де 30 жыл бойы үздіксіз тө­гіл­ген улы заттар­дың сал­да­ры­нан 105 мил­ли­он тон­на қат­ты қал­дық жатыр. Қошқар ата ойпа­тын­дағы қауіп­ті мәсе­ле жел тұрған кез­де қал­ды­қтар­дың жан-жаққа ұшуын­да болып отыр. Ұшқан у ауаға тарап, жұрт­ты алаң­да­та­ды. Бір­ден зардабы бол­ма­са да, ұзақ жыл­дардан кей­ін кеселі тиетіні бел­гілі. Күл­лі тір­шілік иесіне қауіп төн­діретін поли­гон­дағы залал­ды жою үшін рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен 15,5 млрд тең­ге бөлін­ген. Алай­да 2021 жылы небәрі 1 млрд ғана игеріліп, жұмыс тоқтап қал­ды. Яғни, 266 гек­тар жер залал­сыздан­ды­ры­лған. Ал был­тыр 3 млрд тең­ге­ге 905 гек­тар аумаққа құм төсе­луі тиіс еді. Бірақ жоба­ның есеп-қиса­бы дұрыс бол­май, жыл­дың қақ орта­сын­да жұмыс тоқта­ды. Сал­да­ры­нан рекуль­ти­ва­ци­я­ла­нуға тиіс 905 гек­тар жер­дің үштен бір бөлі­гіне ғана қиыр­шық тас төселген.

– ⁠Депу­тат болға­ны­ңы­зға бір жыл­дан асты. VIII шақы­ры­лым­дағы өзіңіздің жұмыста­ры­ңы­зға көңіліңіз тол­ды ма? Қан­дай мәсе­ле­лер­ді көтер­діңіз?

– Бұл тура­лы көп­те­ген мәсе­ле айтуға бола­ды. Естеріңіз­де бол­са, сұй­ы­ты­лған газ баға­сы­ның Маңғы­ста­уда күрт өсуіне бай­ла­ны­сты халық нара­зы­лы­ғын біл­дір­ген бола­тын. Артын­ша Үкі­мет шеші­мі­мен елі­міз­де газ баға­сы­на бір жылға мора­то­рий жари­я­ланған бола­тын. Оған сай, сұй­ы­ты­лған отын­ның ең жоға­ры құны лит­ріне 70–75 тең­ге болып бекітіл­ді. Біз 2025 жыл­дың аяғы­на дей­ін баға тұрақта­ла­ды деп заңға түзе­ту енгіздік.

Одан бөлек, газ сата­тын ком­па­ни­я­лар­дың ара­сын­дағы дел­дал­дар­ды алып таста­дық. Бұн­дай жұмыстар энер­ге­ти­ка сала­сын­да да жүр­гізіліп жатыр. Одан кей­ін мем­ле­кет бас­шы­сы Қаза­қстан халқы­на жол­да­у­ла­рын­да жер қой­на­уын иге­ру­ге инве­сти­ция тар­ту үшін, заң­на­ма мен рәсім­дер­ді жеңіл­де­ту қажет­ті­гін бір­не­ше рет атап өткен бола­тын. Өткен жылы 8 мил­ли­он­нан астам сай­ла­у­шы қаты­сып, көп­шілік­тің дауы­сы­мен қабыл­данған Кон­сти­ту­ци­я­лық нор­ма­лар­дың ішін­де 6‑баптың 3‑тармағында «Жер жəне оның қой­на­уы, су көз­дері, өсім­дік­тер мен жану­ар­лар дүни­есі, басқа да табиғи ресур­стар халы­ққа тиесілі. Халық аты­нан мен­шік құқы­ғын мем­ле­кет жүзе­ге асы­ра­ды» деп бекітілді.

Кон­сти­ту­ци­я­ның осы нор­ма­сы­на қаты­сты қоғам тара­пы­нан билік­ке, оның ішін­де Пар­ла­мент­ке бұл қалай іске асы­ры­ла­ды деген маңы­зды сұрақ жиі қой­ы­лып жүр және оның жөні де бар. Сон­ды­қтан бола­шақта гео­ло­ги­я­лық қорын­да 100,0 млн тон­на­дан астам мұнай, 50 млрд тек­ше метр­ден астам газы бар бар­лық ірі кен орын­да­ры бірін­ші кезек­те ұлт­тық ком­па­ни­я­ның қаты­суы­мен игерілетін бола­ды және ұлт­тық ком­па­ни­я­ның келісім­шар­ттағы үлесі 50%-дан жоға­ры болуы мін­дет­ті. Міне, осы заңға да үлесім­ді тигіздім.

– Cұх­ба­ты­ңы­зға рахмет!

Дина ӘДІЛ,

«DAT» газетінің пар­ла­мент­тік тілшісі

Фото: arbatmedia.kz

Республиканский еженедельник онлайн