Пятница , 4 июля 2025

Қоғам бір бөлек, билік өз алдына бөлек

Қала мен ауыл мек­теп­терінің ара­сын­дағы білім дең­гейі алшақтап бара жатыр. Сапа­лы кадр тап­шы­лы­ғы мен мек­теп­тің мате­ри­ал­дық база­сы­ның әлсізді­гі­нен бұл мәсе­ле әлі күн­ге дей­ін шешіл­мей келеді. Осы олқы­лы­қтар­дың орнын тол­ты­ру үшін, мем­ле­кет­тік дең­гей­де нен­дей мін­дет­тер жүзе­ге асуы керек? Осы және басқа да сұрақтарға Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің Халы­қа­ра­лық істер, қорға­ныс және қауіп­сіздік коми­тетінің мүше­сі Ербо­лат Бай­ұ­за­құ­лы жау­ап берді.

– Ербо­лат мыр­за, депу­тат­тық ман­дат алға­ны­ңы­зға бір жыл бол­ды. Осы бір жыл­да сіз Пар­ла­мент депу­та­ты ретін­де не тын­дыр­дым деп айта аласыз?

– Иә, бір жыл тол­ды. Осы уақыт ара­лы­ғын­да он бес­ке жуық заң жоба­сын әзір­леу бары­сын­да жұмыс тобы­ның мүше­сі болып, біре­уіне жетек­шілік еттім. Ол заң­дар­дың бар­лы­ғы­на Пре­зи­дент қол қой­ып, қазір жұмыс істеп жатыр. Бұлар­дың ішін­де­гі мағы­на­сы жағы­нан да, көле­мі жағы­нан да ең ауқымдысы – «Қаза­қстан Респуб­ликасының кей­бір заңна­малық актілеріне биз­нес жүр­гі­зу мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» құжат. Заң жоба­сы­на енгізіл­ген өзгерістер мен толы­қты­ру­лар кәсіп­кер­лік қыз­мет­ті жүр­гі­зу жағ­дай­ла­рын жақ­сар­ту­ды, мем­ле­кет­тік бақы­лау жүй­есін рет­ке кел­тіруді, олар­ды жүр­гі­зудің ашы­қты­ғы­на кепіл­дік беруді, сон­дай-ақ биз­неске жүк­те­мені азай­ту­ды, сыбай­лас жемқор­лық тәу­е­кел­дерін төмен­де­туді көз­дей­ді. Заң жоба­сы елде­гі биз­нес-аху­ал­ды жақсар­ту мақ­са­ты­мен әзірленді.

Одан бөлек, Қоғам­дық бақы­лау тура­лы заң жоба­сын әзір­леу кезін­де де жұмыс тобы­ның мүше­сі бол­дым. Құжат негізін­де кез кел­ген аза­мат қоғам­дық бақы­лау ұйы­мын құрып, нысан­дарға тек­се­ру жұмыста­рын жүр­гі­зе ала­ды. Бұл рет­те қос тарап­тың да құқы­қта­ры мен мін­дет­тері заң­да нақты жазы­лған. Ал пети­ци­я­ны арнайы интер­нет-пор­тал арқы­лы бере алады. 

Айта бер­сек, жұмыс көп. Бұл жұмыстар­дан бөлек, коми­тет­тің де жұмысы бар. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің Халы­қа­ра­лық істер, қорға­ныс және қауіп­сіздік коми­тетінің мүше­сі болған­ды­қтан, шетел­дер­мен бай­ла­ны­сты күшей­ту­ге қаты­сты әске­ри және шека­ра сала­сын­дағы мәсе­ле­лер­ді шешу­ге де атса­лы­стым. Қорға­ныс сала­сы – елдің еге­мен­ді­гі мен аумақтық тұта­сты­ғы­ның, әрбір қаза­қстан­дық отба­сы­ның тыны­шты­ғы мен сенім­ділі­гінің кепілі.

Осы аталған жұмыстар­дан бөлек «Ауыл» пар­ти­я­сы­ның фрак­ци­я­лық жұмыста­ры да жет­кілік­ті. Жаз­да ауыл-аймақтар­ды ара­лап, халы­қ­пен кез­де­стік. Ауыл шару­а­шы­лы­ғын дамы­ту­мен қоса, тұта­стай ауыл­ды дамы­ту бағы­тын­да жұмыстар атқа­рып келеміз.

– Депу­тат­ты­ққа дей­ін сіз Тараз инно­ва­ци­я­лық-гума­ни­тар­лық уни­вер­си­тетінің рек­то­ры бол­ды­ңыз. Ал ара­дағы бір жыл­дың қоры­тындысы бой­ын­ша уни­вер­си­тет­те­гі әлдеқай­да «тірі» жұмысты тастап кет­кеніңіз­ге өкін­бей­сіз бе?

– Әсте өкін­бей­мін. Уни­вер­си­тет­те он жылға жуық рек­тор­лық қыз­мет атқар­дым. Ш. Мұр­та­за атын­дағы Тараз халы­қа­ра­лық инно­ва­ци­я­лық инсти­ту­ты­ның өз дең­гей­іне дей­ін көтерілуіне, тек облы­стық жоға­ры оқу орны емес, рес­пуб­ли­ка­лық, халы­қа­ра­лық аре­наға шығуы­на атса­лы­стым. Әлі де сол уни­вер­си­тет­тің құры­л­тай­шы­сы ретін­де жұмысым­ды жалға­сты­рып отыр­мын. Ол жер­ден жалақы алмай­мын, тек ақыл-кеңес беріп, оқу бағ­дар­ла­ма­сы­на ара­ла­са ала­мын. Бұрын тек бір оқу орны­ның дамуы­на жұмыс жаса­сам, қазір Қаза­қстан­ның бар­лық жоға­ры оқу орнын сырт­тай қадаға­лап отырамын.

– Пар­ла­мент­те­гі өзіңіздің депу­тат­тық қыз­метіңіз­де әлдебір шек­те­улер мен «сызы­лып беріл­ген» шең­бер бар ма?

– Депу­тат­тық қыз­мет­тің өзін­дік мақ­са­ты мен мін­деті бар. Біз қоғам­ның про­бле­ма­сын Үкі­мет­ке жет­кі­зетін халық пен билік ара­сын­дағы «алтын көпір» бола білуі­міз керек. Арнайы сызы­лып беріл­ген шек­теу жоқ. Халы­қтың көкей­ін­де жүр­ген кез кел­ген мәсе­лені алып, депу­тат­тық сау­ал жол­дай ала­мын. Пар­ла­мент қабы­рға­сын­да талқы­ла­нып жатқан кез кел­ген заң жоба­сы­на өзім­нің депу­тат­тық пікірім­ді біл­діріп, өзгерістер енгі­зе аламын.

– Бүгін­де заң шыға­ру­шы билік­тің биі­гі­нен қараған­да, жоға­ры білім беру сала­сын ұйым­да­сты­ру бағы­тын­да қан­дай кем­шілік­тер бар деп ойлайсыз?

– Кем­шіліксіз жұмыс жоқ. Жоға­ры білім беру сала­сын­да көңіл ауда­ра­тын мәсе­ле­лер­дің бірі – ауыл­дан шыққан жаста­ры­мы­здың қай­та­дан ауы­лға орал­мауы. 2009 жыл­дан бері қолға алы­нған «Диплом­мен – ауы­лға» бағ­дар­ла­ма­сы ауыл­дық елді мекен­дер­де кадр тап­шы­лы­ғын азай­туға сеп­ті­гін тигізіп келеді. Бағ­дар­ла­ма ауы­лға барып жұмыс істей­тін жастарға жағ­дай жаса­уға бағыт­талған: оларға үй алуға несие беріліп, көтер­ме жəр­де­мақы төле­неді. Десе де, қала­да білім алып, жай­лы мекен­ге үйрен­ген жастар­дың ауы­лға барып жұмыс істе­гісі кел­мей­тіні жасы­рын емес. Бағ­дар­ла­ма­ны қар­жы­лан­ды­ру мөл­шері артқа­ны­мен, жастар­да қызы­ғу­шы­лық жоқ. Сол себеп­ті ауыл­да маман тап­шы­лы­ғы азай­май тұр. Сон­ды­қтан бағ­дар­ла­ма­ның аясын кеңей­тіп, жұмысты жаңа дең­гей­де жал­ғастыру керек. Одан бөлек, грант­тар тағай­ын­дау мәсе­лесі бой­ын­ша «Сер­пін» бағ­дар­ла­ма­сын ауыл­ды жер­лер­ге де жаса­уы­мыз керек. Ауыл мен қала мек­теп­тері ара­сындағы білім беру сапа­сын­дағы алшақты­қты қысқар­ту – өзек­ті мәсе­ле. Ел Пре­зи­ден­ті де Жол­да­уын­да қала мен ауыл мек­теп­тері ара­сын­дағы орта білім сапа­сы алшақтап бара жатқа­нын айт­ты. «Негіз­гі мәсе­ле – ауыл­ды жер­де­гі білік­ті педа­гог кадр­лар­дың тап­шы­лы­ғы» деп атап көр­сет­ті. Шыны­мен де, білік­ті кадр – білім баста­уы. Бұл да алшақты­ққа әсер ететін фак­тор. Ауыл мек­теп­терін­де мате­ри­ал­ды-тех­ни­ка­лық ба­за мен интер­нет­тің жетіс­пе­ушілі­гі де басты себеп­тер­дің бірі. Айтқым кел­гені – ауыл­дық кво­та­дан бөлек те жер­гілік­ті әкім­дік­тер­дің тара­пы­нан берілетін грант­тар санын арт­ты­руы­мыз керек.

Қар­ным аша­тын тағы бір мәсе­ле – ғылым сала­сы. Жоға­ры оқу орын­да­рын­да орын­далған ғылым өндіріспен бай­ла­ны­спай тұр. Қазір­гі уақыт­та әлем­де­гі эко­но­микалық тұрғы­да дамы­ған ел­дер­дің аса маңы­зды бәсе­ке­ле­стік арты­қ­шы­лы­ғы – білім, ғылым және жаңа тех­но­ло­ги­я­лар. Сон­ды­қтан елі­міздің ғылы­мы даму­дың жаңа дең­гей­іне түбе­гей­лі көтерілуі қажет. Төр­тін­ші мәсе­ле – жаста­ры­мыз маман­ды­қты таң­да­май­ды. Қаза­қстан­да жоға­ры оқу орын­да­рын­да таң­дау көп. Алай­да жас түлек­тер­дің көп­шілі­гі тегін оқу деп жаны қала­май­тын маман­ды­ққа түседі.

– Ал өзіңіз ше? Оқу бітір­ген­нен кей­ін ауы­лға барып жұмыс істе­діңіз бе? Өз бала­ла­ры­ңы­зды ауы­лға жібе­ру­ге дай­ын­сыз ба?

– Мен кеңес зама­нын­да оқып, білім алдым. Ол кез­де оқу бітір­ген соң, арнайы жол­да­ма­мен елі­міздің түк­пір-түк­піріне жібе­ретін. Осы жол­да­ма­мен 1994 жылы Әл-Фара­би атын­дағы Қазақ ұлт­тық уни­вер­си­тетіне жібер­ді. Ол жер­де 2003 жылға дей­ін ғылым сала­сын­да жұмыс істе­дім. Қазір өзім қала­да тұрған­ды­қтан, бала­ла­рым да қала­да дүни­е­ге кел­ді. Бірақ олар егер ауы­лға бара­мыз, кәсіп бастай­мыз, ауыл­ды дамы­та­мыз дей­тін бол­са, қуа­на-қуа­на келісі­мім­ді берер едім. Олар өзі­міздің отан­дық оқу орын­да­рын­да білім алып жатыр. Ауыл­дан көшіп кет­сем де, ауыл­мен бай­ла­ны­сым­ды мүл­де үзген емес­пін. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы сала­сын­да кәсіп бастап, «Туған жер­ге туы­ң­ды тік» бағ­дар­ла­ма­сы аясын­да ауыл мек­теп­теріне «Руха­ни жаңғы­ру» каби­нетін ашып бер­дім. Құмө­зек ауы­лын­да 40 жыл­дан бері жөн­деу көр­ме­ген Ы.Алтынсарин атын­дағы орта мек­теп­тің күр­делі жөн­де­уіне атса­лы­стым. Сон­дай-ақ мек­теп түлек­тері бір­лесіп, мек­теп жа­нынан саябақ сал­дырдық. Ба­лабақшаның да мәсе­лесін на­зардан тыс қал­дыр­май, оны да жөн­де­уден өткіздік. Кеңес үкі­меті тұсы­нан бері ауыл­да қал­ған мә­дениет үйін бұз­дыр­май, 2015 жы­лы мем­ле­кет мен­ші­гіне өт­кізіп, оны да ел игілі­гіне тапсырдым.

– Ал енді осы олқы­лы­қтар­дың орнын тол­ты­ру үшін, мем­ле­кет­тік дең­гей­де нен­дей мін­дет­тер жүзе­ге асуы керек?

– Мұн­дай кем­шілік­тер­дің орнын тол­ты­ру үшін, ең алды­мен заң­ды рет­те­уі­міз керек. Бұл кез кел­ген салаға қаты­сты. Біз­ге халық үшін, қоғам үшін жұмыс жасай­тын заң керек. Көп­те­ген заң­дар­да қателік­тер мен кем­шілік­тер бар. Заман дамып кет­кен, ал ол заң­дар­дың көбі ескіріп қалған. Көп­те­ген заң­дар­дың артын­да лоб­би тұр.

Екін­ші мәсе­ле – қазір Пре­зи­ден­ті­міз айтқан «Әділет­ті Қаза­қстан­ды» құру жолын­да­мыз. Оның алғы­шар­тта­ры­ның бірі – өсіп келе жатқан жас ұрпаққа дұрыс тәр­бие беру. Ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры­мы­зды бала кезі­нен бой­ы­на сіңіріп, жақ­сы тәлім-тәр­бие беруі­міз керек. Ел үшін жұмыс істей­тін жастар буы­нын тәр­би­е­ле­уі­міз керек.

Дін мәсе­лесін де басты шар­ттар­дың бірі деп қабыл­да­уы­мыз керек. Себебі қазір ради­кал­ды дін­дер­дің жете­гіне еріп, ада­сып жүр­ген жаста­ры­мыз өте көп.

Одан кей­ін шағын және орта биз­не­сті дамы­ту үшін жұмыс жаса­уы­мыз керек. Осы рет­те жақын­да биз­не­сті жүр­гі­зу тура­лы заң Сенат пен Мәжілі­сте мақұл­да­нып, Пре­зи­дент­ке қол қоюға жіберілді.

– Пре­зи­дент Тоқа­ев баста­ма­шы болған «Жаңа Қаза­қстан» иде­я­сы­ның жүзе­ге асу қарқы­ны сіздің көңіліңіз­ге қона ма, әлде сыл­быр­лық басым ба?

– Қаза­қстан­ның еге­мен­дік алға­ны­на да, міне, 33 жыл тол­ды. Біз өзі­мізді дамы­ған мем­ле­кет­тер­мен қалай салы­сты­ра­мыз? АҚШ-тағы дамы­ған жоға­ры оқу орын­да­ры­ның жасы алды 500 жылға бара­ды. Ең жас уни­вер­си­тет­терінің өзіне 50–60 жыл толып отыр. Ал біз­де ең көне оқу орны ҚазҰУ-іне 90 жыл тол­ды. Бұл салы­сты­руға кел­мей­ді. Мем­ле­кет­ті де осы­лай салы­сты­ру керек. Нары­қтық жүй­е­ге енгені­міз­ге отыз жыл енді ғана тол­ды. Оның алға­шқы он жылын­да нары­қты түсі­ну­мен жүр­дік. Келесі жиыр­ма жыл өзі­мізді таны­та баста­дық. Осы­ның бар­лы­ғы­на уақыт кет­ті. Әрине, кем­шілік­тер де кет­ті. Бірақ жасаған игі істері­міз көбірек. «Отыз жыл­да ештеңе істел­меді» деп аттан сала­тын­дар­мен келіс­пей­мін. Осы­дан отыз жыл бұры­нғы Қаза­қстан мен қазір­гі Қаза­қстан­ды салы­сты­рып көріңіз. Ара­сы жер мен көк­тей. Енді «Жаңа Қаза­қстан­ды» құру үшін, оның алдын­да жасалған қателік­тер­ді қай­та­ла­мауы­мыз керек. Жеке өз басым алдағы уақыт­та «Жаңа Қаза­қстан» мен «Әділет­ті Қаза­қстан» құры­ла­ды деген ойға сенемін.

– Ал билік­ті қоға­мға неме­се қоғам­ды билік­ке жақын­да­ту мақ­са­тын­да қан­дай да бір кібір­тік­те­улер бар ма? Бұл бағыт­та екі тарап­тан қан­дай қадам­дар жаса­луы керек деп ойлайсыз?

– Қоғам мен билік­тің ара­сын­дағы бір­тұ­та­сты­қты нығай­ту бағы­тын­дағы жұмыстар осы уақы­тқа дей­ін де жаса­лып кел­ді. Бірақ нәти­же­сі көңіл көн­шіт­пей­ді. Қоғам бір бөлек, билік өз алды­на бөлек болып қал­ды. Был­тыр жал­пы­ха­лы­қтық рефе­рен­дум өткіз­ген бола­тын­быз. Басты мақ­сат – тағ­дыр­ше­шті шешім­дер­ді аны­қтай­тын рефор­ма­ларға тек депу­тат­тар ғана емес, бүкіл халық қаты­суы қажет. Бірін­ші осын­дай сая­си қадам жасау арқы­лы өзі­міздің эко­но­ми­ка­лық тұрақты­лы­ғы­мы­зға қадам жаса­дық. Рефе­рен­ду­мға халы­қтың 68,05 пай­ы­зы қаты­сып, 77,18 пай­ы­зы Ата заңға енгізіл­ген өзгерістер мен толы­қты­ру­лар­ды қол­да­ды. Сөй­тіп, Кон­сти­ту­ци­я­ның 33 бабы­на өзгеріс енгізіл­ді. Негіз­гі заңы­мы­зға енгізіл­ген түзе­тулердің бірін­ші бло­гы супер­прези­денттік модель­ден пре­зи­дент­тік рес­­пуб­ликаға түп­кілік­ті көшу­ге бағыт­­тал­ған. Мәсе­лен, Пре­зи­дент өз өкі­леттігі кезін­де ешқан­дай сая­си пар­тия мүше­сі бола алмай­ды. Бір рет­тен артық ел басқа­руға құқы­ғы жоқ. Сон­дай-ақ мұн­дай шек­теу Кон­сти­ту­ци­я­лық сот­тың, Жоғарғы сот­тың, өзге де сот­тар­дың төраға­ла­ры мен судья­ла­ры­на, Орта­лық сай­лау комис­сиясының, сон­дай-ақ Жоғарғы ауди­торлық пала­та­ның төраға­сы мен мүше­леріне қолданылады.

Ел тағ­ды­ры­на ықпал еткен келесі оқиға – биыл науры­зда өткен Мәжіліс және мәс­лихаттар сай­ла­уы. Пар­ла­мент депу­тат­та­рын сай­лау алғаш рет про­пор­ци­о­нал­ды-мажо­ри­тар­лы жүйе бо­­йынша өтті. Мәжіліс пен облы­стық мәс­ли­хат депу­тат­та­ры­ның бір бөлі­гі, аудан­дық мәс­ли­хат депу­тат­тары­­ның бәрі бір ман­дат­ты округ бой­ын­ша сай­лан­ды. Нәти­жесін­де өкіл­ді орган­дар шынайы халық билі­гі тар­мағы­на айнал­ды десек, қате­ле­с­пей­міз. Бұған дей­ін төмен­гі пала­та­да 107 депу­тат бол­са, кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма­дан кей­ін олар­дың саны 9 депу­татқа қысқар­ды. Осы­лай­ша «Қаза­қстан Рес­пуб­ликасындағы сай­лау тура­лы» кон­сти­ту­ци­я­лық заңға сәй­кес, біры­ңғай жал­пы­ұлт­тық сай­лау окру­гі аумағы бой­ын­ша Мәжілістің 69 депу­та­ты, бір ман­дат­ты аумақтық сай­лау округ­тері бой­ын­ша 29 депу­тат сай­лан­ды. Осын­дай сая­си қадам­дар арқы­лы екі тарап­тың ара­сы бір­та­бан жақындады.

– Бұл сұх­бат­та біздің сұрақтар­дан басқа, өз тара­пы­ңы­здан тағы да қан­дай мәсе­ле­лер­дің қозғалға­нын қалар едіңіз?

– Ауыл­дың жағ­дай­ын айтқым келеді. Ұлт­тық ста­ти­сти­ка бюро­сы­ның мәлі­метін­ше, бұл – ел халқы­ның 38,2%-ы. Урба­ни­за­ция қарқы­ны­на бай­ла­ны­сты соңғы жыл­да­ры ауыл халқы­ның үлесі азай­ып келеді. Соңғы 10 жыл­да елі­міз бой­ын­ша 600-ге жуық ауыл жой­ы­лып кет­кен. Жақын­да мем­ле­кет бас­шы­сы­ның Жар­лы­ғын іске асы­ру үшін, Үкі­мет Ауыл­дық аумақтар­ды дамы­ту­дың 2023–2027 жыл­дарға арналған тұжы­рым­да­ма­сын бекіт­ті. Тұжы­рым­да­ма ауыл­дық аумақтар­дың гео­гра­фи­я­лық ерекшелік­тері мен арты­қ­шы­лы­қта­рын еске­ре оты­рып, олар­дың әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық әле­уетін аша түсу­ге бағыт­талған. Оның аясын­да ауыл тұрғын­да­ры­ның табысы мен тұр­мыс сапа­сын арт­ты­ру бой­ын­ша түр­лі шара­лар қарас­ты­ры­лған. Одан бөлек, «Ауыл ама­на­ты» жоба­сы­на 2024 жылы 100 мил­ли­ард тең­ге бөлін­ді. Жоба аясын­да ауыл­дық елді мекен­дер мен шағын қала­лар­дың тұрғын­да­ры төл биз­несін ашуға және жұмыс істеп тұрған биз­не­сті кеңей­ту­ге шағын неси­е­лер ала ала­ды. Сый­ақы­ның номи­нал­ды мөл­шер­ле­месі – жыл­дық 2,5%. Несие мерзі­мі 5 жыл, ең көп деген­де 7 жыл­дан аспай­ды. Кепіл­мен қам­та­ма­сыз ету керек. Бірақ 100 млрд тең­ге ауыл­дағы мәсе­ле­лер­ді тұта­стай шеше алмайды.

Одан кей­ін орта білім беру сала­сын­да да көкей­те­сті мәсе­ле­лер бар. Ол тех­ни­ка­лық және кәсіп­тік білім беру меке­ме­лерін­де­гі оқы­ту­шы­лар­дың айлық мәсе­лесі. Біз­де орта мек­теп мұғалім­дері кол­ле­дж­де білім беретін мұғалім­дер­ге қараған­да 40 пай­ы­зға артық айлық ала­ды. Елі­міз­де 800-ге жуық кол­ледж бар.

Екін­ші мәсе­ле, сол кол­ле­дж­дер­де­гі елге қажет­ті маман­ды­қтар­ды қай­та қарас­ты­ру керек деп есеп­тей­мін. Жер­гілік­ті кол­ле­дж­дер­ге облы­стың есебі­нен мил­ли­ард­таған қара­жат бөлі­неді. Ол кол­ледж түлек­тері алған маман­ды­ғы бой­ын­ша жұмысқа да орна­лас­пай­ды. Ары қарай оқу оқи­мыз деген желе­умен қай­да кететін­дері бел­гісіз. Сон­ды­қтан тек елі­міздің эко­но­ми­ка­сы­на қажет­ті маман­ды­қта­ры бар кол­ле­дж­дер­ді қал­ды­рып, басқа­ла­ры­ның бар­лы­ғы­на опти­ми­за­ция жасау керек. Ол кол­ле­дж­дер­дің мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық база­сын рет­теп, ста­ту­ста­рын көте­ру бағы­тын­да жұмыс жаса­уы­мыз керек.

Шалғай ауыл­дар­дағы мек­теп мәсе­лесін де айта кет­кен жөн. Ол жақта интер­нет жоқтың қасы. Ауыл мұғалім­дерінің жетіс­пе­ушілі­гі және олар­дың білік­тілі­гінің төмен­ді­гі де өзек­ті мәселе.

Оқу-ағар­ту және Ғылым мен жоға­ры білім мини­стр­лі­гінің алдын­да осы тап­сыр­ма­лар­ды орын­да­уға бай­ла­ны­сты үлкен мін­дет тұр. Бұл мін­дет тек мини­стр­лік пен Үкі­мет­тің алдын­дағы ғана мін­дет емес, бүкіл халы­қтың алдын­дағы бар­ша­мы­зға ортақ мін­дет. Ұлты­мы­здың бола­шағы мен мем­ле­кеті­міздің тұта­сты­ғын мәң­гілік ұстап тұра­тын жаста­ры­мы­здың бола­шағы деп білуі­міз керек.

– Cұх­ба­ты­ңы­зға көп рахмет!

«ДАТ»-тың

Пар­ла­мент­тік тілшісі

Дина ӘДІЛ

Республиканский еженедельник онлайн