Пятница , 4 июля 2025

Өзі – сот, өзі – үкімет

Өте­ген­нің өктемдігіне

тоқтау бола ма?

Бұры­нғы Телікөл, қазір­гі Ә. Тәжі­ба­ев ауы­лы сырт­тан қараған ада­мға тыныш жатқан мамы­ра­жай ауыл сияқты көрін­гені­мен, ішіне бар­лай қара­саң – әртүр­лі дәк­кі көріп, еңсесін көте­ре алмай жатқан ауыл. Тұрғын­да­ры момын болған соң ба, қиюы қашқан тір­лік­тің басы қосыл­маған­ды­қтан ба, ауыл­дың жағ­дайы көтеріл­мей келеді. Мұн­да жаңа­лық болуы өте қиын. Оның үстіне 5–6 жыл көле­мі бол­ды, Өте­ген Әбдіра­ма­нов деген жазу­шы Алма­ты­дан келіп: «Менің әкем Жек­сен­бай Әбдіра­ма­нов осы ауыл­дың іргесін қалап, ауыл­дың көтерілуіне атса­лы­сқан адам, сол кісі­ге ауыл­дан көше беру­ге тиістісің­дер!» – деп, қоқан-лоққы көр­сетіп келеді.

2015 жылы ауыл әкі­мі Әшір Сай­лау деген аза­мат бола­тын. Сол кез­де Өте­ген Әбдіра­ман келіп: «Мен Алма­ты­дан келіп тұр­мын, жазу­шы­мын, осы ауыл­дың тума­сы­мын, көп­те­ген кітап­та­рым шықты, менің 70 жасқа толған туған күнім­ді атап өткізіп берің­дер», – деген соң, әкім Сай­лау бастап, қалған ел қоштап, ақша жинап, № 214 орта мек­теп­те туған күніне бай­ла­ны­сты іс-шара өткіздік. Одан шыққан соң Оқшы Ата маза­ра­ты­на барып, бір мал сой­ып Құран оқыт­тық. Өте­ген Әбдіра­ма­нов біз­ге рақ­мет айту­дың орны­на: «Мек­теп­ке неге осы уақы­тқа дей­ін ешкім­нің аты беріл­ме­ген, осы мек­теп­тің атын Досма­хан Сұл­та­но­втың аты­на бересің­дер», – деп жина­лыс жасап, шула­тып кет­ті. Жұрт қар­сы болды.

2017 жылы ауыл тұрғын­да­ры­ның момын екенін біліп алған Өте­ген: «Ә.Тәжібаев ауы­лы­ның көше­сі неге Т.Жұматовқа беріледі? Мен тірі тұрған­да, мұн­дай бас­сызды­ққа жол бер­мей­мін. Бос көше бола­тын бол­са, ол Жек­сен­бай Әбдіра­ма­но­вқа берілуі тиіс!» деп тағы кел­ді. Ауыл тұрғын­да­ры тағы да қар­сы болып, тасат­ты­қтың үстіне келіп сөй­ле­ген Өте­ген­ді ит қосып қуды. Оған дәлел ретін­де сол кез­де теле­фонға түсіріл­ген тас­па бар. Соны­мен кет­кен екен деп, біз жүре бердік.

Сөйт­сек, Қызы­лор­да қала­сы­на барып, Т. Жұма­то­втың бала­сын тауып алып, оның жағ­дайы жақ­сы екенін, кәсіп­кер екенін біл­ген Өте­ген Әбдіра­ман Жұма­тов Талғатқа қоқан-лоққы көр­сет­кен. «Мен тірі тұр­сам, Ә. Тәжі­ба­ев ауы­лын­дағы Тас­бо­лат Жұма­то­вқа беріл­ген көшені алды­рып, Жек­сен­бай әкем­нің аты­на бер­гі­зе­мін. Бол­ма­са Аста­на­дан маған екі бөл­мелі үй әпе­ресің, әйт­пе­се қой­май­мын» деген. Кәсіп­кер Т. Жұма­тов Қызы­лор­да қала­сын­да тұрады.

Сол екі орта­да ауда­ны­мы­зда Оқшы Ата маза­ра­тын­да имам болып істеп жатқан Қал­көз Өте­мұра­то­втың соңы­на түсіп, маза­ратқа түс­кен ақша­ны жеп қой­ды деп газет­ке мақа­ла жазып, Қал­көз Өте­мұра­то­вты Оқшы Ата имам­ды­ғы­нан түсір­ді. Қазір Қал­көз Өте­мұра­тов – Ортақ­шыл ауы­лы­ның имамы.

2022 жылы Ә.Тәжібаев ауы­лы­на қай­та­дан кел­ген Өте­ген Әбдіра­ма­нов Мәде­ни­ет үйін­де ауыл аза­мат­та­ры­мен жина­лыс өткізді. Сол жина­лы­сқа аудан­дық Арда­гер­лер кеңесінің төраға­сы Өркен Смай­ы­лов бастап, Нәй­ла Палым­бе­то­ва да еріп кел­ді. Бұл кісілер­дің мақ­са­ты – Тәжі­ба­ев ауы­лы­нан Өте­ген­нің әкесі Жек­сен­бай­ға көше беру жөнін­де үгіт-наси­хат жүр­гі­зу еді. Олар­дың сөзінің төр­кінін түсін­ген ауыл тұрғын­да­ры Әділ­хан Жаха­нов бастап ауыл­да бос көше жоқ екенін айтып, қар­сы шықты. Сол жина­лы­стан кей­ін Әділ­хан Жаха­но­втың үсті­нен басты­ғы­на арыз түсір­ген. Әділ­ханды ауыл болып жақтап, ара­ша түсу­ге тура келді.

2023 жылы қай­та кел­ген Өте­ген Әбдіра­ма­нов пен оның інісі Мақ­сат аудан­дық Арда­гер­лер алқа­сы төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Ғани деген кісіні ертіп келіп, ауыл­дық Мәде­ни­ет үйін­де тағы да жина­лыс өткізді. Осы жина­лы­ста: «Өте­ген, осы сен біздің ауы­лға маза бересің бе, жоқ па?!» – деп қар­сы шығып, сөз сөй­ле­ген ауыл арда­гер­лерінің төраға­сы Халы­қ­бер­ген Тұр­сын­бе­тов бастап, ауыл тұрғын­да­ры тағы да қар­сы шықты. Оған ауыл әкі­мі Ә. Сәр­сен­ба­ев­тың шақы­руы­мен келіп, тас­паға түсір­ген жігіт­тер­дің кас­се­та­сы дәлел.

Осы жина­лыс бітісі­мен 10 күн­нің көле­мін­де Халы­қ­бер­ген Тұр­сын­бе­то­втың үйіне пошта арқы­лы Өте­ген Әбдіра­ман­ның қол­мен жазған қоқан-лоққы көр­сет­кен хаты кел­ген. Дәлел ретін­де бұл хат­тың көшір­месі беріліп отыр (көшір­ме 15 бет).

Бұл бір ғана Шиелі ауда­нын­да болған жағ­дай. Әйт­пе­се теле­ар­на­лар­дың бірі­нен Өте­ген Әбдіра­ман­ның Аста­на қала­сы­нан 25 шақы­рым жер­де­гі Қос­шы елді мекені­нен Нияз Төле­уұ­лы деген қып­шақтың аты­нан көше сұрап барып, сол жина­лы­ста таяқ жей жаз­дап, әрең қашып құты­лға­ны көр­сетіл­ген еді.

Өте­ген Әбдіра­ман деген кісі – өзі сот, өзі үкі­мет. Себебі жүр­ген жерін руға бөліп, айқай шыға­рып, сол арқы­лы пай­да тауып жүр­ген жағ­дай­ла­ры да кез­де­седі. Мұны Халы­қ­бер­ген­ге жазған хатын­да: «Алға­бас ауы­лы­нан әкесі Жек­сен­бай­ға көше сұрап барған Өте­ген­ді ауыл тұрғын­да­ры қар­сы шығып, қуып шықты» деген сөзі үшін Халы­қ­бер­ген­ге «абы­рой­ы­ма нұқ­сан кел­тір­дің, сол үшін 1,5 мил­ли­он тең­ге айып­пұл төлей­сің» деген сөзі­нен көру­ге бола­ды. Сөй­те тұрып, Халы­қ­бер­ген­ге «ойна­стан туған­сың» деп тіл тигі­зеді. Осы жур­на­ли­стер­дің жаза­тын сөзі ме, жур­на­ли­стер де азғын­дап кет­кен бе?!

Ауыл аза­мат­та­ры ара­сы­на осын­дай іріт­кі салып жүр­ген Өте­ген Әбдіра­ма­но­вқа бір тоқтау бола ма? Қашанғы ауыл­ды жік-жік­ке бөліп, рушыл­ды­ққа әкеліп, ағай­ын­ды азғы­ра береді? Ә.Тәжібаев ауы­лы­ның тұрғын­да­ры сіз­дер­ден әділ­дік іздеп, көмек сұрайды.

Убай­дул­ла ОРЫНБАЕВ,

Ә.Тәжібаев ауыл­дық округінің

Арда­гер­лер кеңесінің төрағасы

 Айса­ра ӘБІЛДАЕВА,

 Гауһар БЕГМАН,

 Есен­гел­ді СҰЛТАНМҰРАТОВ,

Қызы­лор­да облысы

Фото: https://osken-onir.kz/

Республиканский еженедельник онлайн