Пятница , 4 июля 2025

«АҚ ЖОЛДЫ» ЫДЫРАТҚАН «БАС КЕЙІПКЕР»

Ә.Байменовтың ФБ желісін­де жүр­ген сұх­ба­ты­нан кей­ін осы­ны жазуға отыр­дым. Ол сол кез­де айна­ла­сын­да бір­ге жұмыс жасаған аза­мат­тар­ды қара­ла­у­ға көшіп­ті. А.Сәрсенбаевтың көзі жоқ екен деп, бұлай бөсу­ге бола ма?

2001 жылы науры­зда «Ақ жол» демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы дүни­е­ге кел­ді. Пар­ти­я­ның бағ­дар­ла­ма­сы бір­ден халы­қтың қол­да­уы­на ие бол­ды. Бар­лық жер­де қара­пай­ым халы­қтан бастап, зия­лы қауым, тіп­тен билік өкіл­деріне дей­ін пар­ти­яға жап­пай мүшелік­ке өте баста­ды. Билік «Ақ жол­дың» бар­лық дең­гей­де бұқа­ра­лық сипат алып бара жатқа­ны­нан қат­ты шошынды.

Тарихқа үңіл­сек, қай кез­де де ішкі күш­тер­дің ара сал­мағын есеп­ке алу жағын ойла­сты­ра біл­ме­ген­дік­тен, сая­си ағым­дар­дың ішкі істерін­де қара­улық жиі туын­дап оты­рған. Бұған себеп­кер болу­шы­лар да – әдет­те билік­пен сыбай­ласқан топ. Ондай­лар дағ­да­ры­сты қол­дан туын­да­тып, өз ішін­де­гі аху­ал­ды іштен ірітіп оты­рған. Бір кез­де­гі «Ақ жол» дем­пар­ти­я­сы­ның ыды­ра­уы да ішкі екі ағым­ның (оңшыл­дар мен сол­шыл­дар) текетіресі­нен бастал­ды. Билік­тің күт­кені де осы еді. Пар­тия ішін­де­гі екі­ге жары­лған иде­я­лық түсін­бес­тік­ті одан сай­ын ушы­қты­руға пайдаланды.

Өткен­ге аздап шегініс жасап, «Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның ыды­ра­уы неден және кім­нен басталға­ны­на және оның «бас кей­іп­керінің» кім болға­ны­на қысқа­ша шолу жасап көрейік.

2003 жылы А.Сәрсенбаев пре­зи­дент­ке өз ары­зын жазып, Ресей Феде­ра­ци­я­сын­дағы ҚР-сының елшілі­гі қыз­метін тастап, қоғам­дық-сая­си жұмыспен айна­лы­са­ты­нын мәлім­деді. Сол жылы қара­ша айын­да пар­ти­я­ның ІІІ съезін­де А.Сәрсенбаев «Ақ жол» дем­пар­ти­я­сы­ның төраға­лы­ғы­на біра­уы­здан сай­лан­ды. Алтын­бек­тің төраға­лы­ққа келуін Ә.Байменов және оның жақ­та­ста­ры қабылдамады.

Бар­лы­ғы «Ақ жол­дың» 2005 жыл 29 қаңтар­да өткен ІV съезі­нен бастал­ды. Съездің негіз­гі мақ­са­ты алдағы пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на ортақ кан­ди­да­ту­ра шыға­ру бола­тын. Бүкіл облы­стар­дан «Ақ жол» дем­пар­ти­я­сы­ның деле­гат­та­ры жинал­ды. Кенет съезд басталған бой­да кей­бір облыс төраға­ла­ры­нан құры­лған «ынта­лы топ» (5 адам) жарғы талап­та­рын бұзып, аяқ асты­нан съезді жүр­гі­зуді өз қол­да­ры­на алып, жиын­ды жүр­гі­зе баста­ды. Әдет­те съезд теңтөраға­лар­дың баста­уы­мен ашы­ла­тын. Облы­стар­дан кел­ген деле­гат­тар­дың басым бөлі­гі съездің бұлай баста­луы­на таңқа­лы­сты. Сөйт­сек, Әли­хан Бай­ме­нов пен Люд­ми­ла Жула­но­ва бастаған 20 шақты пар­тия бел­сен­дісі сая­си бюро­да пар­ти­я­ның теңтөраға­сы Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­на сенім­сіздік жари­я­лау тура­лы шешім­ге кел­ген екен. Олар­дың көз­де­гені қалай да Ә.Бәйменовты жеке-дара төраға етіп сай­лау болды.

Ақтө­бе­ден деле­гат болып барған, қашан да сер­гек Ж.Қуанышалин мұның бүлік, жарғы талап­та­ры­на қай­шы екенін айтып, съездің бұлай ашы­луы­на бір­ден қар­сы­лы­ғын біл­дір­ді. Съезд деле­гат­та­ры­ның басым бөлі­гі Жаса­рал­ды қол­дап шықты. Бүлік­шіл­дер­дің жалғыз төраға сай­лап алу­дағы арам­за аста­рын тез түсін­ген басқа деле­гат­тар сол бой­да олар­дың ТЖМК жос­па­рын тас-талқан етіп, әлгілер­ді (облыс төраға­ла­ры­нан құры­лған «ынта­лы топ­ты») шумен пре­зи­ди­ум­нан кетір­ді. Бес теңтөраға пре­зи­ди­у­мға қай­та­ры­лып, съезді жүр­гі­зуді бастады.

Күн­діз­гі 13:00-де басталған съезд ұзақ та ауыр тар­ты­стан соң, заң­ды бес төраға­лар­дың бас­шы­лы­ғы­мен кеш­кі сағат 18:30-да аяқтал­ды. Нәти­же­сін­де ортақ бір келісім­ге келіп, «теңтөраға­лар» инсти­ту­ты бұры­нғы­сын­ша сақта­лы­нып қал­ды. Сол күн­гі пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер шыға­ру съезін бес теңтөраға жүрі­гізіп отыр­ды. Съезд А.Сәрсенбаев, Б.Әбілов, О.Жандосов ұсы­нған құжат­тар­ды біра­уы­здан мақұл­дап шықты.

Қоры­тындыс­ын­да съездің ортақ ҚАРАРЫ қабыл­да­нып, алдағы пре­зи­дент сай­ла­у­ын­да бір­ге қимыл­дай оты­рып, ортақ бір үміт­кер шыға­руға келісті. Съезд пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер ретін­де «Ақ жол» дем­пар­ти­я­сы төраға­сы­ның бірі Ә.Байменовты шыға­ра­тын болып шешті. Құжатқа «бес теңтөраға» қол­да­рын қой­ды, ішін­де Ә.Байменов пен Л.Жуланова да бар.

«Жақ­сы керісіп оты­рып келі­седі» деген, «бірік­тік, түсіністік­ке кел­дік» деп, облы­стар­дан кел­ген деле­гат­тар аймақтарға жақ­сы көңіл-күй­мен тарқа­сты. Үміті­міз орын­дал­ма­ды. Өкініш­ке қарай, Бай­ме­нов­шілер­дің «қап, бәлем» деп тіс қай­раған өкпе­сі іштерін­де кетіп­ті. ІV съез­ден соң араға апта сал­май жатып, Алма­ты­да Ә.Байменовты жақта­у­шы­лар жағы өздері қол­да­рын қой­ған пар­ти­я­ның ІV съезінің шешім­дерін мой­ын­да­май, ақпан­ның 13‑і күні Орта­лық кеңес мүше­лерінің оты­ры­сын қай­та­дан шақырды.

Аймақтағы Орта­лық кеңес мүше­лері олар­дың бұл шақы­рған жина­лы­сын қол­даған жоқ. Мәсе­лен, Ақтө­бе­ден Орта­лық кеңес­ке төрт адам мүше бола­тын, олар: І.Көбенов, Е.Жумин, Н.Сисенбай және Н.Нұрым еді. Соңғы екі аза­мат Орта­лық кеңе­стің қай­та­дан кезек­тен тыс съезд шақыр­мақ ниет­терінің аста­рын­да пар­ти­я­ны қалай да екі­ге бөлу екенін бір­ден бай­қай­ды. Жумин Еле­мес пен Н.Сисенбай еке­уі Орта­лық кеңес оты­ры­сы­на хат жазып: «Қалып­тасқан түсін­бес­тік­ті талқы­лай­мыз деген үміт­пен қай­та жиын шақы­ру, керісін­ше, дауды ушы­қты­руға әке­луі мүм­кін екенін, кеңес оты­ры­сы­на қаты­су арқы­лы қан­дай бол­са да бір шешім қабыл­да­уға себеп­ші болғы­ла­ры кел­мей­тінін, кеңе­стің оты­ры­сы­на бар­май­ты­нын, дауыс беру­ден қалыс қала­тын­да­рын айтып, Орта­лық кеңе­стің мүше­лері ретін­де пар­тия тұта­сты­ғын сақтап қалу­ды жақтай­тын­дар жағын­да екенін, екі­ге бөлі­нуді қол­да­май­тын­ды­қта­рын» жет­кізді. Олар­дың ойлаға­ны – бұл кеңес­ке бар­ма­сақ, сай­ын кво­рум бол­май, кеңес оты­ры­сы өтпей­ді деп үміт­тен­ген еді.

Кей­ін­нен бел­гілі болған­дай, бұл оты­ры­сқа басқа да облы­стар­дан Орта­лық кеңес мүше­лерінің бар­маға­ны, ал кел­ме­ген Орта­лық кеңе­стің мүше­лерінің қол­да­рын (О.Левикова – Шым­кент, М.Барсуковский – Пав­ло­дар, т.б.) өзге­лер қой­ға­ны, олар­дың орны­на басқа біре­улер дауыс бер­гені аны­қтал­ды. Орта­лық кеңе­стің тағы жеті мүше­сі: Жылқай­да­ров А.Р., Рахым­ба­е­ва Б.М., Сапар­бай И., Тәжин Н.Е., Зотин А. және Ақтө­бе облы­сы­нан Сисен­бай Н.Қ. мен Жумин Е.Ж. пле­ну­мға бару­дан бас тарт­ты. Кей­ін­нен бел­гілі болған­дай, атал­мыш жиы­нға Орта­лық кеңе­стің 62 мүше­сінің тең жар­ты­сы­на жуы­ғы қаты­спа­ды. Пар­ти­я­ның Орта­лық бақы­лау-тек­се­ру комис­си­я­сы­ның төрай­ы­мы Татья­на Чер­няк Пав­ло­дар, Қараған­ды облы­стық бөлім­ше­лерінің өткіз­ген кон­фе­рен­ци­я­ла­ры­ның да шешім­дері заң­сыз екенін дәлел­деді. Өйт­кені облы­стық кеңе­стер­дің оты­ры­ста­ры кон­фе­рен­ци­я­ны шақы­ру тура­лы шешім­ді қабыл­дар­да, жарғы­ға сай қажет­ті «кво­рум­ды» жинай алмаған. Сон­дай-ақ пле­нум оты­ры­сы­на үш теңтөраға мен кей­бір облы­стық ұйым­дар­дың пар­тия жетек­шілерінің қаты­спаға­нын ескер­сек, кво­рум жоқ, пле­нум өтпе­у­ге тиіс еді.

Солай бола тұра, кво­рум бол­ма­са да, олар пар­ти­я­ның «Орта­лық кеңес оты­ры­сын» өткізіп, «демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар мен пар­ти­я­ның ішкі тұта­сты­ғын қол­дай­мыз, алдағы келе жатқан 2005 жылғы ҚР-сы Пре­зи­ден­тінің сай­ла­у­ы­на оппо­зи­ци­я­лық-демо­кра­ти­я­лық ағым­дар аты­нан әре­кет ету­ші билік­ке біры­ңғай бала­ма кан­ди­дат ұсы­ну­мен келі­се­міз», – деп, кезін­де өздері біра­уы­здан қол­дап, қол­да­рын қой­ған (бұл құжат­та Бай­ме­но­втың да қолы бар) «Ақ жол» ҚДП-сы 29.01.2005 жылғы «ІV съезінің Қара­рын» мой­ын­да­май, жарғы бап­та­рын бұр­ма­лап, онда «Пар­тия жетек­шілі­гін­де­гі кей­бір бас­шы­лар тобы­ның әркет­тері және олар құрған «Әділет­ті Қаза­қстан» бло­гы­ның ісі ради­кал­да­нып бара жатыр» деген желе­умен Аста­на қала­сын­да кезек­тен тыс V съезд шақы­ру керек деген «заң­сыз шешім­ге» бар­ды. Осы­лай Ә.Байменов пле­нум­да жалған кво­рум жасап, пар­ти­я­ны екі­ге бөлу­шінің «басты кей­іп­керіне» айналды.

Екін­ші жақ енді бар­лық жер­де Бай­ме­но­вты қалай да жеке-дара төраға етіп сай­лау үшін, кезек­тен тыс V съезд өткізіп, деле­гат­тар даяр­лау қамы­на кірісті. Ә.Бәйменовты қол­да­у­шы­лар Ақтө­бе­де де ешқан­дай бюро және облы­стық кеңес шешім­дерін­сіз аппа­рат қыз­мет­кер­лерінің сыр­ты­нан кон­фе­рен­ция өткі­зуді ұйым­да­стыр­ды. Облы­стық кон­фе­рен­ция өрес­кел заң бұзу­шы­лы­қ­пен өтті, ешқан­дай кво­рум бол­ма­ды. Деле­гат болып пар­ти­яға мүше емес адам­дар көше­ден тар­ты­лған жай­лар орын алды. Мұның бар­лы­ғы нақты құжат­тар, айғақтар­мен әшкереленді.

ОК-тің пле­ну­мы­нан кей­ін 18.02.2005 жылы Ақтө­бе­де Ә.Бәйменовты жақта­у­шы­лар жағы БАҚ өкіл­дері­мен бас­пасөз мәс­ли­ха­тын өткізді. Кез­де­су­де олар жиналған­дарға: «Үш төраға (Болат, Ораз, Алтын­бек) жағы қауіп­ті бағыт алып, істері тым ради­кал­да­нып бара­ды. Алма­ты­дағы соңғы шақы­рған пле­ну­мға кел­ме­ген­дер пар­ти­я­ны ыды­ра­туға жұмыс жасап жүр­ген­дер», – деген­ді айтып, Орта­лық кеңе­стің 13 ақпан күн­гі Алма­ты­дағы төтен­ше пле­ну­мы­на қаты­спаған өз мүше­лері жөнін­де бір жақты ақпа­рат тара­туға тыры­сты («Ақтө­бе» газеті, 27.02.05). Ал Орта­лық кеңе­стің пле­ну­мы­на кей­бір аза­мат­тар­дың нелік­тен бар­маға­нын жоға­ры­да айтып кеттік.

Сөй­тіп облы­стық бөлім­ше ішін­де­гі бұл топ­тың да бір жақты бағыт ұстанған­да­рын, үш төраға­ның (Ораз, Алтын­бек, Болат) ұста­ны­мы өзгер­ген деген­ді желеу қылып, олар­ды пар­тия құра­мы­нан ала­ста­ту­ды, қалай да бөлі­нуді көз­де­ген­дері бай­қал­ды. Тіп­тен Ә.Бәйменовтың өзі де бұған дей­ін: «Пар­ти­я­ның ішін­де­гі әлдекім­дер­дің сая­си, иде­я­лық көзқа­рас­та­ры­ның әртүр­лілі­гі, ара­мы­зда алған бағыт­ты басқа бағы­тқа бұра тар­ту­шы­лы­қтың бары теңтөраға­лар ара­сын­дағы ала­у­ы­зды­ққа әкел­ді», – деп, пар­ти­я­ны бөлу ниетін әлде­не­ше рет естірт­кен еді. Оның бұл айтуы үш төраға­ны ала­ста­ту­ды көз­де­ген, ешқан­дай «негіз­ге» сүй­ен­бе­ген айып­тау еді. Сөй­тіп пар­тия бір­лі­гін сақтап қала­мыз деген үміті­міз орындалмады.

2005 жыл науры­здың 12-сі күні Алма­ты­да Болат, Алтын­бек, Ораз­ды қол­да­у­шы­лар жағы «Ақ жол» дем­пар­ти­я­сы­ның жал­пы­рес­пуб­ли­ка­лық төтен­ше кон­фе­рен­ци­я­сы­на жинал­ды. Жал­пы­рес­пуб­ли­ка­лық кон­фе­рен­ция жарғы­ға сәй­кес бар­лық шар­ттар­дың орын­да­лу аясын­да өтті. Оған бар­лық облы­стар­дан және Алма­ты мен Аста­на қала­ла­ры­нан 166 пар­тия мүше­сі қаты­сты. Кон­фе­рен­ци­яға басқа да тәу­ел­сіз қоғам­дық ұйым­дар мен зия­лы қауым өкіл­дері шақы­рыл­ды. Жиналған­дар пар­ти­я­ның соңғы кез­де­гі ішкі дағ­да­ры­сы­на, Ә.Байменов жағы­ның пар­ти­я­ның ыды­ра­уы­на себеп­кер болып оты­рға­ны­на алаң­да­у­шы­лы­ғын біл­дір­ді. Кон­фе­рен­ция бары­сын­да Әли­хан басқарған топ­тың астыр­тын жұмыстар жүр­гізіп, Аста­на қала­сын­да пар­ти­я­ның V съзін жедел өткізіп жібе­рудің шара­ла­ры­на кірісіп жатқа­ны, олар­дың көз­де­гені екін­ші қай­та­ра ГКЧП төң­керісін жасау жолы­мен бұған дей­ін­гі 5 теңтөраға­ның орны­на бір төраға сай­лау және пре­зи­дент­тік­ке тек Ә.Байменовты ұсы­ну ғана емес, түп­кі ойла­ры қалған 3 теңтөраға­ны (Б.Әбілов, О.Жандосов, А.Сәрсенбаев) пар­ти­я­ның жетек­шілі­гі­нен қалай да кеті­ру екені және жария болды.

Маңғы­стау облы­сын­да науры­здың 6‑сында өткен облы­стық кон­фе­рен­ци­яда деле­гат­тар көп­шілік дауы­спен Ә.Байменов Аста­на­да ұйым­да­сты­рып жатқан съез­ге деле­гат­тар сай­ла­мау тура­лы шешім қабыл­да­ды. Жам­был облы­сы ешқан­дай съезд өткіз­беу тура­лы шешім шығар­ды. Ақтө­бе­де болған заң­сызды­қтар мен жарғы бап­та­ры­ның бұр­ма­ланға­нын, жер­гілік­ті кеңес жиын­да­ры­ның «кво­рум­ды толы­қтай қам­та­ма­сыз ете алмаға­нын» дәлел­дей­тін құжат­тар­ды Орта­лы­қтың тек­се­ру комис­си­я­сы аты­на жіберді.

Пар­ти­я­ның Бас тек­се­ру-бақы­лау комис­си­я­сы­ның төрай­ы­мы Т.Черняк болып жатқан заң­сызды­қтар­ды қан­ша­ма дәлел­деп бақ­са да, бай­ме­нов­шілер­ді сен­ді­ре алма­ды. Сөй­тіп Ә.Байменов бастаған топ 29.01.2005 күні «Ақ жол» ҚДП-сының ІV съезін­де өздері біра­уы­здан қол­дап қол­да­рын қой­ған: «Съезд сая­си және қоғам қай­рат­кер­лерінің Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық күш­терінің Үйле­сті­ру кеңесін құру жөнін­де­гі баста­ма­сын қол­дай­ды. Өза­ра бәту­а­ла­су негізін­де шешім­дер қабыл­дау арқы­лы «Үйле­сті­ру кеңесі» шең­берін­де­гі бір­лес­кен жұмыс демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар­ды орны­қты­руға негіз бола­ды. Съезд «Үйле­сті­ру кеңесі» пре­зи­дент сай­ла­уы алдын­дағы бұқа­ра­лық қоғам­дық-демо­кра­ти­я­лық қозға­лы­стар­дың бірі­ге қимыл­да­уы­ның баста­пқы кезеңі бола­ды деп есеп­тей­ді» деген «Қарар­ды» мой­ын­да­май, айтқан­да­ры­нан тай­қып шығып, жедел түр­де (араға 1 ай 15 күн салып) 13 наурыз күні Аста­на­да кезек­тен тыс V съезд шақы­рып, «Ақ жол» пар­ти­я­сын екі­ге жарған қада­мға барды.

Кезек­тен тыс өткен V съез­де қар­сы жақ Ә.Байменовты төраға сай­лап, керісін­ше, Б.Әбілов, О.Жандосов, А.Сәрсенбайұлы теңтөраға­лық құра­мы­нан сырт­тай шыға­ры­лып, оларға: «Пар­тия мүшелі­гін­де қала­ды және төраға­лы­қтан басқа қалаған бас­шы­лық қыз­мет­терін таң­да­у­ла­ры­на мүм­кін­дік­тері бар» деген жалған шақы­ру таста­лын­ды. Міне, осы­ның өзі пар­ти­я­ны кім­нің алып қашып, бөлу­ге жұмыс жасаға­нын көрсетті.

Бір нәр­се ақиқат – қан­дай мақ­сат­ты көз­де­се де, Ә.Байменов шақы­рған Аста­на­дағы V съезд теңтөраға­лы­қты жой­ып, пар­ти­я­ның түп­кілік­ті бөлі­нуіне себеп­ші бол­ды. Қар­сы топ­тың бірін пай­да­ла­на оты­рып, іштен іріту – билік­тің бұрын­нан бар әдеті. Өкі­мет­тің оппо­зи­ци­я­лық-демо­кра­ти­я­лық құры­лым­дар­ды жою тех­но­ло­ги­я­сы осы­лай іске асты.

Көп ұза­май-ақ, әншей­ін­де мүлт кет­кен заң­сызды­қты желеу етіп, оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­лар­ды тір­ке­ме­у­ге тыры­са­тын Әділет мини­стр­лі­гі бұл жолы небір бұр­ма­ла­у­шы­лы­қ­пен өткен олар­дың съезін заң­ды деп тауып, жедел түр­де «Ақ жол» ҚДП-сын Ә.Байменовтың аты­на еш кедер­гісіз тір­кеп бер­ді. Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның өзі пар­тия жетек­шілерінің ара­сын­дағы ала­у­ы­зды­ққа теңтөраға Әли­хан Бай­ме­но­вты кінәлай­ты­нын ашық айт­ты. Ол өзінің «Азаттық» радио­сы тіл­шісіне бер­ген сұх­ба­тын­да: «Басқа кім ұйым­да­сты­ра­ды?! Себебі билік­пен күре­сте алды­ңғы қатар­да тұрған аза­мат­тар­дың аты­нан пышақ ұру – ешқан­дай ана­лиз­ге кел­мей­ді, егер ол өзін демо­крат­пын деп есеп­те­се. Сон­ды­қтан одан сұрау керек: осы­ның бәрін кім­мен ұйым­да­сты­рып жаса­ды? Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық күш­терінің басы­на қауіп төніп, «Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы» пар­ти­я­сы жабы­лып, тәу­ел­сіз басы­лым­дар қуда­ла­нып жатқан­да, неге пар­ти­я­ның ішіне осын­дай іріт­кі сал­ды?!» – деп, пар­ти­я­ны ыды­ратқан Ә.Байменов екенін ашық көр­сет­ті (14 ақпан 2005 жыл).

Бір сөз­бен айтқан­да, халық үміт артқан «Ақ жол­дың» түбіне жет­кен, оңшыл­дар мен сол­шыл­дар болып екі­ге жары­луы­ның себеп­шісі, БАС КЕЙІПКЕРІ – Ә.Байменов. Кей­ін 1 ман­дат­ты иеленіп, ол Мәжіліс­ке депу­тат болып сай­лан­ды. Жасы­ра­ты­ны жоқ, осы­лай халық үміт артқан пар­тия бай­ме­нов­шілер­дің кесірі­нен бұзы­лып, бұл іру елі­міз­де оппо­зи­ци­я­лық ағым­дар­дың ұза­ққа созы­лған әлсіре­уіне әкелді.

Сөйт­кен Ә. Бай­ме­нов араға бірер жыл салып, билік­ке қай­та орал­ды. 2011 жылы Мем­ле­кет­тік қыз­мет агент­ті­гінің төраға­сы болып шыға кел­ді. Назар­ба­ев алдын­да ант бер­ді. Оның түбін­де билік­ке ора­ла­ты­нын сая­сат­кер­лер болжаған еді. Айтқан­да­ры айдай кел­ді. Осы­лай Бай­ме­нов басқарған «Ақ жол­дың» екі жүзді бет пер­десі сыпы­ры­лып, олар «билік бар­ри­ка­да­сы» жағы­на өтті.

Жаңа тари­хи кезең талап еткен, ерекше күрес тәсілі мен стра­те­ги­я­сы болған, елі­міз­де жаңа эво­лю­ци­я­лық рефор­ма­ларға қозғау салған, бұқа­ра­ны селт еткізіп соңы­нан ерте біл­ген, сая­си ағым­дар ара­сын­да жетек­ші күш­ке көтеріл­ген «Ақ жол» дем­пар­ти­я­сы осы­лай Бай­ме­но­втың кесірі­нен ыды­ра­ды. Билік «Ақ жол» дем­пар­ти­я­сы­ның бүкіл­ха­лы­қтық қол­да­уға ие болған алып күші­нен қоры­қты. Осы­лай Бай­ме­нов шынайы «Ақ жол­ды» жер­леп тын­ды. Мұны Бай­ме­нов пен билік­тің бір­лес­кен сая­си арам­за сыбай­ла­сты­ғы деу­ге әбден болады.

Нұрлы­бай Қоша­манұ­лы,

бұры­нғы «Ақ жол» дем­пар­ти­я­сы­ның Ақтө­бе облы­стық бөлім­ше­сінің бас маманы 

Республиканский еженедельник онлайн