Вторник , 6 мая 2025

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: Елде өнеркәсіп саясаты БАР МА, ЖОҚ ПА?

2021 жылы «ҚР Өнер­кәсіп­тік сая­са­ты тура­лы» заң қабыл­дан­ды. Заң­ның негіз­гі мақ­са­ты – Қаза­қстан­ның өнер­кәсіп­тік әле­уетін нығай­тып, оның бәсе­ке­ге қабілет­тілі­гін арт­ты­ру және импор­тқа тәу­ел­ділік­ті төмен­де­ту бола­тын. Бұл отан­дық өнер­кәсіп­тің дамуы­на жаңа сер­пін беруі тиіс еді. Алай­да өндірісте­гі жоға­ры тех­но­ло­ги­я­лық сала­лар­ды дамы­ту мәсе­лесі тек іші­на­ра жұмыс істеп тұрған көрі­неді. Қар­жы­лан­ды­ру бағы­тын­да да шешіл­ме­ген мәсе­ле шаш етек­тен. ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісін­де осы тақы­рып тура­лы «Үкі­мет­тік сағат» тың­да­уы өтті. Жиын­да Пар­ла­мент­тің Эко­но­ми­ка­лық рефор­ма және өңір­лік даму коми­тетінің төраға­сы Нұр­тай Саби­лья­нов баян­да­ма жасаған еді. Қоғам­дық маңы­зы жоға­ры сол баян­да­ма­ны қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

Қарас­ты­ры­лып оты­рған күн тәр­тібі бой­ын­ша келесі өзек­ті мәсе­ле­лер­ге тоқта­ла­мын. Бірін­шісі – «ҚР Өнер­кәсіп­тік сая­сат тура­лы» заңын тиім­ді іске асы­ру мәселесі. 

2021 жылы «Өнер­кәсіп­тік сая­сат тура­лы» заң қабыл­дан­ды. Тау­ар­лар­ды өңдеп жасау дең­гей­ін баға­лау әдісте­месі және басым тау­ар­лар­дың тіз­бесі (тіз­бе­де 3808 тау­ар) бекітіл­ді. Бұл отан­дық өнер­кәсіп­тің дамуы­на жаңа сер­пін беруі тиіс еді.

Алай­да істеп тұрған 13-ке жуық (метал­лур­гия өндірісі, жеңіл өнер­кәсіп, резең­ке және пласт­мас­са бұй­ым­да­рын, өзге де металл емес мине­рал­дық өнім­дер­ді, металл бұй­ым­да­рын, ағаш және тығын бұй­ым­да­рын, сабан­нан жасалған бұй­ым­дар мен тоқуға арналған мате­ри­ал­дар­ды, қағаз және қағаз өнім­дерін, тамақ өнім­дерін, сусын­дар, жиһаз өнді­ру, поли­гра­фи­я­лық қыз­мет және жазы­лған ақпа­рат тасы­ғы­штар­ды жаңғыр­ту, тағы басқа­лар) сала­лық бағыт­тар­дың бары­на қара­ма­стан, жоға­ры тех­но­ло­ги­я­лық сала­лар­ды дамы­ту, маши­на жасау, химия және фар­ма­цев­ти­ка төңіре­гін­де жүргізілуде.

Заң­мен мем­ле­кет­тік қол­дау шара­ла­рын алу рәсім­дерін оңай­ла­ту үшін, «бір тере­зе» қағи­да­ты енгізіл­ді. Бірақ бұл қағи­дат толы­ққан­ды жүзе­ге асы­рыл­ма­ды. Мәсе­лен, «бір тере­зе» қағи­да­ты бой­ын­ша жұмыс жасау функ­ци­я­ла­рын негізі­нен шетел­дік инве­стор­лар­мен жұмыс істей­тін, «Қаза­қин­вест» АҚ іші­на­ра орын­дап жатыр. Бірақ оның бар­лық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді ұсы­нуға мүм­кін­дік­тері жоқ. 

Ал енді мем­ле­кет­тің қол­да­уы­на ие болғы­сы келетін отан­дық кәсіп­кер­лік субъ­ек­тілері, бұры­нғы­ша түр­лі орган­дар­дың табал­ды­ры­қта­рын аттап, жеке-жеке жүгініп отыр.

Ашы­қты­қты қам­та­ма­сыз ету үшін, заң­да «Өнер­кәсіп­тің Ұлт­тық ақпа­рат­тық жүй­есін» іске қосу көз­дел­ген бола­тын. Сол жүй­е­де өнер­кәсіп­тік сая­сат­тың ағым­дағы жай-күйі, жұмыс нәти­же­лері және жоба­ла­ры (өнер­кәсіп­тік сая­сат­ты іске асы­ру, сала­лар­ды дамы­ту тура­лы ста­ти­сти­ка­лық деректер, өндірістік қыз­мет­ке бай­ла­ны­сты бағыт­тар­ды дамы­ту нәти­же­лері, іске асы­ры­лып жатқан мем­ле­кет­тік ынта­лан­ды­ру шара­ла­ры, өнер­кәсіп­тік-инно­ва­ци­я­лық жоба­лар­ды іске асы­ру тура­лы және басқа да ақпа­рат) тура­лы мәлі­мет­тер көр­сетілуі тиіс еді.

Бұл уәкілет­ті орган­ның (МПС) заң­на­ма­лық нор­ма­лар­ды жүзе­ге асы­ру­дағы үлкен кем­шілі­гі болып отыр. Сон­ды­қтан Өнер­кәсіп және құры­лыс мини­стр­лі­гі Ұлт­тық ақпа­рат­тық жүй­ені әзір­ле­уді жедел­детіп, беріліп жатқан қыз­мет­тер­дің, қар­жы­лан­ды­ру­дың, өнер­кәсіп­тік сек­тор­дағы жоба­лар­ды іске асы­ру­дың ашы­қты­ғын қам­та­ма­сыз етуі қажет.

Екін­ші мәсе­ле – бюд­жет қара­жа­тын пай­да­ла­ну тиім­ділі­гі. Мини­стр­лік­тің деректеріне сәй­кес, елі­міз­де 2023 жылы өңдеу өнер­кәсібі сала­сын­да 587 млрд тең­ге сома­сы­на 163 жаңа жоба іске асы­ры­лған. Бірақ олар әлі толық шама­да жұмыс істе­ме­ген. Соны­мен қатар Эко­но­ми­ка­лық рефор­ма және өңір­лік даму коми­теті өнер­кәсіп сала­сын­дағы 7 Ұлт­тық даму инсти­ту­ты­на («Қазин­даст­ри», Өнер­кәсіп­ті дамы­ту қоры, Қаза­қстан­ның даму бан­кі, «Қазтрейд», «Қаза­қ­экс­порт», «Даму», «Қаза­қстан Инвест­мент») жоба­лар­дың тиім­ділі­гі, саны және бөлін­ген қара­жат, бюд­жет­ке төлен­ген салы­қтар, жоба­лар­ды іске асы­ру­дың шар­тта­ры мен мерзім­дері, шыға­ры­лған өнім­нің көле­мі мен тау­ар­лар­дың түр­лері, жаңа­дан ашы­лған жұмыс орын­да­ры­ның саны тура­лы ақпа­рат беру тура­лы сау­ал жол­даған еді. Беріл­ген жау­ап­тар тал­дау мен тиім­ділік­тің төмен екенін көр­сетіп отыр.

Тоқта­ла­тын бол­сам, мыса­лы, «Даму» қоры шағын және орта кәсіп­кер­лік субъ­ек­тілерінің банк­тер­ден ала­тын неси­е­лерінің пай­ы­зда­рын төмен­де­ту­ге суб­си­дия беру­мен айна­лы­са­ды. Осы мақ­сат­тарға соңғы 3 жыл­да 1 трлн 461 млрд тең­ге, оның ішін­де жеңіл­детіл­ген неси­е­ле­у­ге – 328,4 млрд, кепіл­ден­діру­ге – 559,5 млрд, суб­си­ди­я­ла­у­ға – 573,6 млрд тең­ге қарастырылған. 

Ал «QazIndustry» қар­жы­лан­ды­ры­лған жоба­лар­дың тиім­ділі­гі бой­ын­ша ақпа­рат­ты бер­ме­ген. Тек 305 жоба­ны қар­жы­лан­ды­руға 1 трлн 713 млрд тең­ге жұм­салға­нын көр­сет­кен. Салы­қтар, жоба­лар­ды пай­да­ла­нуға беру мерзі­мі, шыға­ры­лған өнім көле­мі, құры­лған жұмыс орын­да­ры­ның саны бой­ын­ша ақпа­рат көрсетілмеген. 

Сон­дай-ақ алы­нған деректер­ге сәй­кес, 2021, 2022, 2023 жыл­да­ры 5 даму инсти­ту­ты құны 7 трлн тең­гені құрай­тын (2021 ж. – 2,9 трлн, 2022 ж. – 1,4 трлн, 2023 ж. – 2,6 трлн), оның ішін­де рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен 1,5 трлн тең­ге­ден аса­тын (2021 ж. – 520 млрд, 2022 ж. – 720 млрд, 2023 ж. – 506 млрд) 1573 жоба жүзе­ге асқа­нын көрсеткен.

Жасалған тал­дау бюд­жет қара­жа­ты­ның қомақты бөлі­гіне көбіне ірі ком­па­ни­я­лар («Мас­ло-Дел» ЖШС, «Каз­цинк» ЖШС, «Қаз­фос­фат» ЖШС, «Агро­ма­ш­Хол­динг» АҚ, «KamaTyresKZ» ЖШС, «KamlitKZ» ЖШС, «HyundaiTrans Kazakhstan» ЖШС, «Баян Сұлу» АҚ, «Asia Trafo» ЖШС) ие бола­тын үрдісті айқын көр­сет­ті. Олар бұл мил­ли­ард­таған қара­жатқа өз өндірістерін кеңейт­кен, орта есеп­пен санаған­да 10–180 ғана жаңа жұмыс орын­да­рын ашқан.

Оған қоса, бұл ком­па­ни­я­лар­дың басым бөлі­гі бір­не­ше жыл ішін­де мем­ле­кет­тік қол­да­уды бір­ден бір­не­ше даму инсти­тут­та­ры­нан алып жатыр. Мыса­лы, «KamLitKZ» ЖШС (Кам­лит – ком­мер­ци­я­лық тех­ни­каға арналған авто­ком­по­нент­тер өндірісі) соңғы үш жыл­да тек «Өнер­кәсіп­ті дамы­ту қоры­нан» 141,5 млрд тең­ге алған. Алай­да шығарған өнім көле­мі тура­лы ақпа­рат жоқ. 

Сол сияқты бұрын­нан бері жасап келе жатқан «KamaTyresKZ» ЖШС (Кама Тайрс – шина­лар шыға­ру) «Өнер­кәсіп­ті дамы­ту қоры­нан» 65,7 млрд алса да, шыға­ры­лған өнім­нің нақты көле­мі тура­лы ақпа­ра­ты жоқ.

«Мас­ло­дел» ЖШС 2021–2023 жыл­да­ры әртүр­лі қар­жы көз­дері­нен («Өнер­кәсіп­ті дамы­ту қоры» (2021 ж. – 2,5 млрд, 2022 ж. – 547,7 млн), «Даму бан­кі» (2021 ж. – 13,3 млрд, 2022 ж. – 3,7 млрд, 2023 ж. – 6,7 млрд), «Қаза­қ­экс­порт» (2021 ж. – 4,2 млрд, 2023 ж. – 5,0 млрд) 36 млрд тең­ге алды. Оның ішін­де «Қаза­қ­экс­порт­тан» 2021 жылы алы­нған 4,2 млрд тең­ге қазан­дық жаб­ды­ғын сатып алуға бағыт­тал­ды, ол осы уақы­тқа дей­ін Қаза­қстанға да кел­ген жоқ.

Тағы бір мысал, «VALTHERM» ЖШС (Вал­терм – инже­нер­лік сан­тех­ни­ка және жылы­ту жаб­ды­қта­рын өнді­ру) Алма­ты инду­стри­я­лық аймағын­да 2024 жылға дей­ін­гі мерзім­де өндірісті іске қосу үшін Өнер­кәсіп­ті дамы­ту қоры­нан 1,5 млрд тең­ге (оның ішін­де 850 млн рес­пуб­ли­ка­лық қара­жат) алған. Соны­мен қатар ресми дереккөз­дер­де (Алма­ты инду­стри­я­лық аймағы­ның сай­ты) аталған ұйым пас­порт бой­ын­ша 2019–2021 жыл­дар ара­лы­ғын­да іске қосы­луға тиіс екені көрсетілген.

Маши­на жасау сала­сы­на да үлкен қара­жат бөлініп жатыр. Соңғы үш жыл­да бұл бағы­тқа әртүр­лі қара­жат көз­дері­нен («Даму бан­кі», Өнер­кәсіп­тік даму қоры, «Қаза­қ­экс­порт») рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің 285 млрд тең­гесі бөлін­ді. 2023 жыл­дың қоры­тындысы бой­ын­ша, ұсақ торап­тық тәсіл­мен (мел­ко­уз­ло­вая сбор­ка) тек 13 мың авто­мо­биль шыға­рыл­ды, бұл 2023 жылғы шыға­ры­лым­ның жал­пы көле­мінің 9,7%-ы ғана. 2027 жылға қарай бұл көр­сет­кі­шті 64%-ға дей­ін жет­кі­зу жос­пар­ла­ну­да. Мұн­дай мем­ле­кет­тік қол­дау кезін­де тиім­ділік әлдеқай­да жоға­ры болуы керек деп санаймыз.

Өнер­кәсіп­ті дамы­ту қоры­нан қара­жат алған көп­те­ген ком­па­ни­я­лар тек көлік пен тех­ни­ка­ны (780 жоба неме­се 49,5%) сатып алған. Бұл өнер­кәсіп сала­сы­ның дамуы­мен тіке­лей бай­ла­ны­сты емес.

Оның үстіне, Ұлт­тық банк­тің сала­лық шолу деректеріне сәй­кес, 2023 жыл­дың 4‑тоқсанында өңдеу өнер­кәсібін­де­гі өндірістік қуат­тар­дың орта­ша өлшем­ді жүк­те­месі небәрі 51,1% бол­ды. Осы­ған бай­ла­ны­сты жаңа жоба­лар мен баста­ма­ларға жыл сай­ын қара­жат бөлудің орын­ды­лы­ғы тура­лы мәсе­ле туын­дап отыр. 

Алды­мен бар жоба­лар­ды іске қосып, нақты нәти­же­лерін, тиім­ділі­гін көрей­ік. Содан кей­ін ғана жаңа жоба­лар­ды қар­жы­лан­ды­ру­ды жалға­сты­ру керек деп санаймын.

Сон­дай-ақ өнер­кәсіп­тік сая­сат мәсе­ле­лері жөнін­де­гі ведом­ство­ара­лық комис­сия жұмысы­ның аса тиім­ді бол­май оты­рға­ны­на назар аударғым келеді. Оның заңға сәй­кес өнер­кәсіп­ті мем­ле­кет­тік ынта­лан­ды­ру шара­ла­рын рет­те­у­ге және жоба­лар­ды іске асы­ру жөнін­де­гі есеп­тер­ді тың­да­уға құқы­ғы бар. Алай­да комис­сия бұл өкілет­тік­тер­ді толық пай­да­лан­бай­ды. Сон­ды­қтан Үкі­мет даму инсти­тут­та­ры­ның әрқай­сысы бой­ын­ша аудит жүр­гізіп, олар­дың қыз­метінің тиім­ділі­гін қарас­ты­ру қажет. Сон­дай-ақ әрбір қар­жы­лан­ды­ры­лған жоба бой­ын­ша тал­дау жүр­гізіп, тиім­ділі­гін аны­қтау керек. Мем­ле­кет­тік бюд­жет­ті пай­да­ла­ну­дың тиім­сізді­гі үшін уәкілет­ті орган­дар мен даму инсти­тут­та­ры­ның лау­а­зым­ды тұлға­ла­рын жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту қажет. Соны­мен қатар жыл сай­ын бюд­жет­ті қай­та қарау кезін­де әрбір даму инсти­ту­ты іске асы­ры­лған жоба­ның нәти­же­сі тура­лы толық есеп беруі маңызды.

Үшін­ші­ден, Ұлт­тық банк­тің кре­дит­те­удің эко­но­ми­ка­лық шар­тта­рын баға­ла­у­ы­на сәй­кес, 2023 жылғы 4‑тоқсанда банк­тік кре­дит­теу шар­тта­ры қолай­сыз болған кәсі­по­рын­дар­дың үлесі ұлғай­ды. Олар­дың ең көп саны – 17,5%-ы өңдеу өнер­кәсібіне тиесілі (құры­лы­ста – 17,3%, тау-кен өнер­кәсібін­де – 16,7%, ауыл шару­а­шы­лы­ғын­да – 14,9%, сауда­да – 14,7%, көлік­те және қой­маға қою­да – 14,5%).

Банк­тер 17–18% несие беретін­дік­тен, бұл өнер­кәсіп­тің дамуын тежей­ді. Сон­ды­қтан біз жыл­дық 6–9% дең­гей­ін­де­гі жеңіл­детіл­ген кре­дит­теу жүй­есін құр­май­ын­ша, біз­де өнер­кәсіп пен отан­дық өндірістің дамуы болмайды.

Осы­ған бай­ла­ны­сты Үкімет:

LIBOR (Лон­дон бан­ка­ра­лық ұсы­ныс став­ка­сы) прин­ци­пі бой­ын­ша жұмыс істей­тін өнер­кәсіп­ке жеңіл­детіл­ген несие беру жүй­есін құруы керек;

– ірі кәсі­по­рын­дарға ғана емес, шағын және орта биз­неске де қол­дау көр­се­ту арқы­лы Қаза­қстан­ның даму бан­кін рефор­ма­ла­уы керек есептейміз.

Өнер­кәсіп пен өз өндірісі­мізді дамы­ту арқы­лы ғана біз эко­но­ми­каға үлес қосып қана қой­май, халы­қтың табыс дең­гей­ін нақты арт­ты­ра аламыз.

  •  

Республиканский еженедельник онлайн