Пятница , 4 июля 2025

«Арсыз болмай, атақ жоқ»

Қырт бөл­ме­де жалғыз өзі. Жұм­сақ орын­ды­қта шалқай­ып отыр. Көңілі тоқ ада­мға ұқсай­ды. Алдын­дағы «ақаң­нан» жүз грамм құй­ып тар­тып жібер­ді де, темекісін құшыр­ла­на сорып, қос тана­уы­нан ауыл­дағы қор­жын там­ның мұр­жа­сы­нан шыққан түтін­дей будақ­дат­ты-ай кеп. Сосын қай­та­дан ой құшағы­на беріл­ді. Қалаған атақта­рым­ды жолын тауып алдым. Осы жасқа дей­ін жұмыс істеп оңдыр­маға­ным өзім мен өзім­ді білетін аз ғана адам­дарға аян. Мен тышпаған төбе жоқ. 6–7 ай әжік-күжік жұмыста, 5–6 ай жұмыс­сыз. Әйте­уір уақыт­ты өткіздік. Тек соңғы жыл­да­ры бала күн­гі доста­рым­ның арқа­сын­да ілда­ла­лап кел­дім. Қара басым­ның қамын күйт­те­умен жүр­сем де, олар көр­ме­ген болып, біл­ме­ген болып, жауыр­ды жаба тоқы­ды. Бірақ қазір солар­дан мен оздым. Олар­да атақ жоқ, мен­де атақ көп. Олар үкі­мет­тің жұмысы деп тәт­ті ұйқы­сын төрт бөліп, күн­діз-түні далақтап жүр­ген­де, мен тыныш ұйы­қтап, өз шару­ам­ды ыңғай­лап, ұпай­ым­ды түген­деп жүр­дім. Қолын­да билі­гі бар­лар­мен іздеп барып, таны­стым. Адам салып, біре­улер­мен жұғы­стым. Өзім­ді мақтат­тым, өтірік­ті судай сапыр­тып. Қазір жер­гілік­ті билік­тің құр­мет­тісі­мін. Ана­лар жүр есік­тен сыға­лап… «Аста­пы­рал­ла, аста­пы­рал­ла». Өз ойы­нан өзі шошып, селк ете қал­ды. Біреу сезіп қалған жоқ па деп жан-жағы­на қара­ды. Ешкім жоқ. Уф! – деп демін бір алды. Аузы көпіріп, талай «кон­церт­ті» қой­ып еді-ау көше­де. Тфа-тфа, беті әрмен. Еске алмай-ақ қояйыншы.

Тағы бір жүз грам­ды тамаққа тастап жібер­ді де:

– Та-ак, – деп ыңы­ра­нып, теле­фон тұтқа­сы­на қол созды. Арақ емес, су ішіп отырғандай.

– Әй‑й, Мырқы, қайдасың?

– Ауыл­да­мын, ағасы.

– Жұрт не деп жатыр мен тура­лы? Біраз­дан бері хабар­лас­па­дың. Айта бер.

– Мына соңғы алған атағы да арты­қтау. Ол кісінің жәй­ін біле­міз ғой, – деп жатыр.

– Дей бер­сін. Мен сияқты­лар­дың талайы «Аудан­ның құр­мет­ті аза­ма­ты» ата­нып жүр­ген жоқ па?!

– Ия десей­ші, иттің итақайы алып жатыр-ғой…

– Әй, бала не тан­тып кеттің…

– Кешіріңіз, аузым­нан шығып кет­ті ағасы.

– Аузы­ңа ие болып жүр демедім бе саған мен.

Мырқы – Қырт­тың көлең­кесін­дей ізіне еріп жүретін інілерінің бірі. Кей­де ол осы­дан кеңес сұрай­ды. Өйт­кені жоға­ры білі­мі бар мұның.

– Әй, Мырқы, мен алмаған енді қан­дай атақ бар?

Ол біраз кідір­ді. Ойла­нып жатыр-ау шама­сы. Бір кез­де ар жақтан:

– Эври­ка, эври­ка, – деген дауыс кән­ден­дей шар ете қал­ды. –Тап­тым.

– Тап­саң, айта қойшы.

– «Облы­стың құр­мет­ті арда­гері» деген атақ шығып­ты. Қызық өзі. Түсініксіздеу…

– Оны уже алып қойғанмын.

– Ойпыр­май, аға, не деген бас! Шала оқып бітір­ген он жыл­дық білім­мен, жұмыс істеп мандыт­пай-ақ… Соған қалай басы­ңыз жет­ті. Біз жүр­міз бес жыл оқы­ған диплом­мен. Дым жоқ. Еңбе­гі­міз еш, тұзы­мыз сор… Аға, маған да бір атақ алып берсеңші!

– Ама­лын табу керек. Соның арқа­сын­да алдық қой бәрін.

– Аға, атақ ала­тын кез­де өмір­ба­ян жазы­ла ма?

– Жазы­ла­ды.

– Сіз­де не диплом, не маман­дық жоқ, атте­стат­тан басқа. Не тұрақтап жұмыс істе­ген жеріңіз жоқ. Кілең жоқ. Сон­да қалай? Менің мүм­кін­ді­гім бар екен ғой…

– «Әй, бала, ебін тапқан екі асай­ды» деген сөз бар қаза­қта. Бол­ды енді. Был­шыл­дай бер­мей, айт­саң­шы, қан­дай атақ бар?

– Алып бол­ды­ңыз-ғой, аға! Депу­тат болмасаңыз.

– Ай, жарай­сың Мырқым­бай­ым. Давай дай­ын­дал. Есі­ме жақ­сы сал­дың. Үгіт-наси­хат жұмысын жүр­гі­зесің­дер. Өзің білетін ауыл­дық округ­тан түсе­мін. Мына жағын­да қай­ын жұр­тым, ана жағын­да наға­шы жұр­тым. Орта­сын­да өз жұр­тым… Жігіт­тер­ді жина астыртын.

– Аға, ұят емес пе? Әрі-бер­лі қыз­мет істе­ген жоқ­сыз. Әр жер­де май­да-шүй­дә бір­деңе­лер­ді тиіп-қашып, әйте­уір… Бәрі біледі ғой. Білім де жоқ. Жұрт күл­мей ме?

– Әй бала, ұят-пұят­ты қой. Жұрт айта­ды да қояды. Көріп жүр­міз. Ұялған аш қала­ды. Іске кірі­сей­ік. Сосын саған да бір атақ алып бере­мін. Жолын біле­мін дедім ғой. Саспа!

– Аға!

– Ау-у‑у!

– Мына жаным­да тұрған Сиқым айта­ды. Абай айтып­ты дейді…

– Не айтып­ты Абайың?

– Абай «Арсыз бол­май, атақ жоқ», – деп­ті. Мен атақ алмай-ақ қояй­ын­шы. Ұят екен.

– Өй, Абай айта береді ғой. Ағаң депу­тат бол­са, сен де жаман бол­май­сың. Қапе­лім­де ұятың ұстап қалып­ты ғой. Давай, дай­ын­дал! Сай­ла­у­ға түсеміз!

Теле­фон тұтқа­сын тарс еткізіп орны­на қоя салды.

– Мен бұл ағам­ды төбе­ме көтеріп жүр­сем, сыры енді бел­гілі бол­ды, – деп Мырқы Сиқы­мға аңта­ры­ла қарады.

– «Қолы­ң­нан кел­се, қоны­шы­нан бас» деген осы. Заман солай болып кет­ті ғой! – деп Сиқым ауыр күрсінді.

Шым­кент­бай ЖЫЛМАҒАНБЕТОВ

Тараз қала­сы

Республиканский еженедельник онлайн