Среда , 14 мая 2025

АҚИҚАТ ЖОЛЫНАН ТАЙМАҒАН

Ұмыт­па­сам, 1977 жыл­дың ақпан айы бола­тын. Сол кез­де Жам­был облы­сы Сверд­лов (бүгін­гі Бай­зақ) ауда­нын­дағы «Село жаңа­лы­ғы» газетін­де тіл­ші болып қыз­мет атқа­рып, Қазақ мем­ле­кет­тік уни­вер­си­тетінің жур­на­ли­стер даяр­лай­тын бөлі­мін­де сырт­тай оқып жүр­ген кезім. Жылы­на бір рет бола­тын сес­си­яға шақы­ру келіп, ай жарым уақы­тқа созы­ла­тын оқу­дың аяқта­луы­на жеті-сегіз күн­дей қалған. Орта­лық поштаға барып, ауыл­дағы туған ағам Бек­тұр­сын салған ақша­ны алып, сыр­тқа шыққа­ным­да, кеш түсіп, қараңғы­лық қою­ла­нып қалған. Киров көше­сін­де­гі асха­наға бұры­ла бер­генім­де, жаным­нан өтіп бара жатқан екі жігіт ойла­маған жер­ден жан­ды жерім­нен қат­ты соққы жасап, қар үстіне дома­лап түстім. Есім­ді жисам – басым­дағы ондатр терісі­нен тігіл­ген құлақ­шы­ным мен қолым­дағы порт­фелім жоқ. Қарын аш, тоңып-қал­ты­рап, пәтері­ме әрең жет­тім. Бір қуанға­ным – төлқұ­жа­тым мен сынақ кітап­шам қал­там­да екен. Ертесіне лек­ци­ядан ерте шығып, қай­та­дан орта­лық поштаға бет алдым. Ондағы ойым: болған жай­ды айтып, аға­ма жедел­хат жол­дау. Кезек аз екен. Пошта­дан тез шығып, уни­вер­си­тет­ке бет алға­ным­да, қар­сы алдым­нан жер­лес інім Талғат Айт­бай­ұ­лы кез­де­се кет­ті. Аудан орта­лы­ғы­нан шалғай­да жатқан Кан­те­ми­ров­ка ауы­лы­ның тумасы.

1968–1970 жыл­да­ры осы ауыл­дың түлек­тері Қасым Әзім­ха­нов, Алпы­с­бай Шымыр­ба­ев, Талғат Айт­бай­ұ­лы бәрі­міз бір-бірі­міз­бен жары­сып Жуа­лы аудан­дық «Жаңа өмір» газетіне хабар-ошар, мақа­ла жазып тұра­тын­быз. Қошқа­ра­та­дан шыққан жазу­шы, сту­дент кезін­де «Ақ бидай» атты роман жазып, атағы дүр­кіре­ген талант­ты қалам­гер Әмір­тай Бөри­ев­ті бәрі­міз мақтан тұту­шы едік.

Алпы­с­бай мен Талғат «Қаза­қстан пио­нері» газетінің бел­сен­ді жас тіл­шілері бол­ды. Мек­теп өмірі­нен жазған мақа­ла­ла­ры жиі-жиі жари­я­ла­нып тұр­ды. Еке­уі де тақы­рып таң­дай біледі, талғам­мен жаза­ды. Сол жыл­да­ры Алпы­с­бай Шымыр­ба­ев бел­сен­ді жас тіл­ші, оқу үзді­гі ретін­де Бүкі­ло­дақтық «Артек» пио­нер лагеріне сапар шегіп, бүкіл Жуа­лы­ны дүр­кірет­кені әлі есімде.

Жуа­лы­ның қысы қатал, боран­ды, аяз­ды бола­ды. Қыс кезін­де алы­стағы ауыл­дарға қаты­нау өте қиын. Ақпан­ның қақаған аяз­ды күні Алпы­с­бай­ды арнайы тікұ­шақ­пен Жам­был қала­сы­на қалай алып кет­кенін Қошқа­ра­та ауы­лы­ның тұрғын­да­ры осы күн­ге дей­ін жыр етіп айта­ды. Талғат ауы­лын­дағы Абай атын­дағы орта мек­теп­ті бітір­ген соң, еңбек жолын интер­нат тәр­би­е­шісі болып бастаға­нын, Қаз­МУ-дің жур­на­ли­сти­ка факуль­тетіне сырт­тай оқуға түс­кен­ді­гін жақ­сы білетін­мін. Сырт­тай жақын тар­та­тын інім­ді 1976 жылы Қаз­МУ-дің ауди­то­ри­я­сын­да кез­де­стір­дім. Әскер­ден оралған беті екен, үзіл­ген оқуын қай­та жалға­сты­рып­ты, енді еке­уміз де бір кур­ста сырт­тай оқи бастадық.

Қазақ сати­ра­сы мен юмо­ры­нан дәріс беретін про­фес­сор Темір­бек Қожа­ке­ев өте қатал кісі еді. Бір себеп­пен сол кісінің лек­ци­я­сы­на кеші­гіп кір­ген Талғат­тың басы бәле­ге қал­ды. Жары­қтық Темір­бек аға­мы­здың тілі ащы еді. Про­фес­сор, факуль­тет дека­ны кур­с­тас інім­нің шамы­на тиетін ауыр-ауыр сөз­дер айт­ты. Басқа бол­са, «Бәле­ден машай­ық қашып­ты» деген­дей, үнсіз қалып, бәріне шыдар еді. Жай­шы­лы­қта бір­тоға, біре­удің ала жібін атта­май­тын адал жігіт мүй­ізі қарағай­дай про­фес­сорға мінез көр­сетіп, өзінің адам­дық намысын аяққа тап­та­та қой­ма­ды. Бірақ істің аяғы насы­рға шауып, Талғат бауы­рым бір­ден уни­вер­си­тет­тің рек­то­ры Өмір­бек Жол­да­с­бе­ко­втың аты­на арыз жазып, жур­на­ли­сти­ка факуль­тетінің сырт­тай оқы­та­тын бөлі­мінің дека­ны Марат Бар­манқұ­ло­втың алды­на бар­ды. Марқұм Марат аға­мыз өмір­ден көр­гені мен түй­гені көп, өте мей­ірім­ді ұстаз еді.

– Талғат-ау, екі жыл әскер қата­рын­да болып, Ота­ны­ң­ды қорға­дың. Зачет, емти­хан тап­сы­ру мерзі­мін жар­ты айға созып берей­ін. Оқуы­ң­ды таста­ма! – деп шыр-пыр болды.

Жуа­лы­да Теріс деген өзен бар. Басқа өзен­дер төмен­ге, ылди­лап ақса, бұл өзен өрге, Ала­та­уға қарай өрше­лене аға­ды. Көне көзді қари­я­лар­дың айтуын­ша, Теріс өзенінің мың жыл­дан астам тарихы бар, қан­ша уақыт өтсе де, сол бағы­тын өзгерт­кен емес, әлі де өрге қарай ағып жатыр.

Адам бала­сы­ның туған жер­дің табиға­ты­на ұқсай­ты­ны рас қой. Мен кей­де Талғат інім­нің өр мінезін Ала­та­удың биік жот­а­сы­на қарай аққан осы Теріс өзені­мен салы­сты­ра­мын. Талғат дегені­нен қайт­па­ды. Оқу­дан өз ұйға­ры­мы бой­ын­ша шығып, сол жаз­да жур­на­ли­сти­ка факуль­тетінің күн­діз­гі бөлі­міне түсті. Содан бері еке­уміздің кез­десіп тұрға­ны­мыз осы. Жағ­дай сұра­сып, біраз әңгі­ме шер­тістік. Інім сезім­тал ғой, менің халім­нің онша мәз еме­сті­гін айт­па­сам да біліп тұр екен.

– Көке, мына суы­қта жалаң­бас жүр­геніңіз қалай? Суық тиіп ауы­рып қалып жүр­меңіз, – деп кіші бол­са да, маған үлкен қамқор сөзін айтып жатыр.

Қысы­ла-қым­ты­ры­ла болған жағ­дай­ды айтып бердім.

– Әй, иттер-ай! – деді Талғат күй­ініп. – Сіздің бей­қам келе жатқа­ны­ңы­зды аңғарған ғой оңбаған­дар! Олар өстіп жүріп аран­дай­ды ғой. Кет­тік, көке!

Ол кез­де бауы­рым жатақ­ха­на­да тұра­тын, әлі үйлен­бе­ген сұр бой­дақ кезі. Так­си ұстап, жатақ­ха­наға жетіп, ішке кір­дік. Талғат чемо­да­ны­нан отыз сом алып бер­ді. База­рға бар­дым. Ізде­генім табы­лып, орыс кем­пірі­нен қоян­ның терісі­нен тігіл­ген құлақ­шын­ды сатып алдым. Екі күн­нен бері тоңып жүр­ген басым да, жүре­гім де жылып сала бер­ді. Мен сон­да Талғат інім­нің бауыр­мал­ды­ғы­на, елдің көбін­де кез­де­се бер­мей­тін адам­гер­шілі­гі мен аза­мат­ты­ғы­на тән­ті болып едім.

Осы есте қала­тын, ешқа­шан да ұмы­тыл­май­тын оқиға бізді бұры­нғы­дан да жақын­дат­ты­рып жіберді.

1984 жылы Алма­ты­ға Қазақ теле­ди­да­ры­на қыз­мет­ке ауы­сып кел­дім. Содан бері қан­ша­ма қыс, жаз өтті, ара­мы­здан қыл өткен емес. Аға­сы­ның басы тоңып жүр­ген­де құлақ­шын алуға қол ұшын бер­ген сту­дент Талғат Айт­бай­ұ­лы бүгін­де қаза­қтың қабы­рға­лы қалам­гері ата­нып, ұлт­тық жур­на­ли­сти­ка­сы мен әде­би­еті­нен ойып тұрып орнын алды.

Қалам­гер неге налиды

Талғат­тың жазу­шы-пуб­ли­цист ретін­де ерекшелі­гі неде? Ең басты­сы – әріп­тесі­міз өзінің сүй­ік­ті кәсібі жур­на­ли­сти­каға адал. Оның жан­ке­штілі­гіне, еңбексүй­гі­шті­гіне, үне­мі ізденіс үстін­де жүретініне, тұла бой­ын­дағы жігер­лі­гі мен табан­ды­лы­ғы­на, талан­ты­на әрқа­шан да таңқаламын.

Тәу­ел­сізді­гі­мізді алып, не істері­мізді біл­мей абды­рап қалға­ны­мы­зда, Талғат Айт­бай­ұ­лы бар қиын­ды­қтар­ды жеңе біліп, қазақ қалам­гер­лерінің ара­сын­да алға­шқы­лар­дың бірі болып «Тоға­най Т» бас­па­сын ашты. Бүгін­де оның өнім­дері бүкіл рес­пуб­ли­каға кеңі­нен тарап, ұлт­тық кітап бас­па­сы­ның өркен­де­уіне еле­улі үлес қосты.

Бала­лар әде­би­етін әрі­ден ойлаған қалам­гер 2001 жыл­дан «Жыл – он екі ай» жур­на­лын шыға­рып келеді. Айту­лы басы­лым Қаза­қстан жур­на­ли­стер ака­де­ми­я­сы­ның «Алтын жұл­дыз» бел­гісін алға­нын жоға­ры жақтағы­лар жақ­сы біледі. Бір өкіні­штісі – қаза­қтың рухы­на, әде­би­етіне, өнеріне еш қаты­сы жоқ шара­ларға мил­ли­он­дап қар­жы шаша­тын билік осы игілік­ті іске қол созба­ды, соқыр тиын бөл­меді. Бұл отыз жыл бойы халы­қты өтірік­ке той­ды­рып, тек­ті халқы­мы­здың тарихын, руха­ни­я­тын, әде­би­еті мен өнерін, жетім қыздың халіне түсір­ген Назар­ба­ев жүй­есінің «жемісі» еді. Біз жаман­дай­тын Кеңес дәуірін­де 1969 жылы КПСС Орта­лық Коми­теті бала­лар мен жастарға арналған әде­би­ет­тің пәр­мен­ділі­гін арт­ты­ру жөнін­де арнайы қау­лы шыға­рып, Алма­ты­да жастарға арналған «Жалын» аль­ма­нағын ашып, «Қаза­қстан пио­нері» газеті мен «Бал­ды­рған» жур­на­лы­ның маз­мұ­ны мен көр­кем­ді­гін арт­ты­руы­на айры­қ­ша мән бер­ді. Сол кез­де 300 мың тираж­бен шыға­тын «Қаза­қстан пио­нері» қазір­гі «Ұлан» газетінің тара­лы­мы енді бес мың данаға да жет­пей­ді. «Бал­ды­рған­ның» да тара­лы­мы осын­дай аяны­шты хал­де. Ұлт­тың ертеңі мен бола­шағын ойла­май­тын билік­тен не үміт, не қай­ыр? Көп­те­ген ұлт­жан­ды қалам­гер­лер сияқты Талғат Айт­бай­ұ­лы да осы өзек­ті мәсе­ле­ге қат­ты алаң­да­у­лы. Бұл жөнін­де ол қар­лы­ға­ш­ша шырыл­дап, айтып та, жазып та жүр. Бірақ жоға­ры­дағы­лар селт етер емес, баяғы жар­тас – сол жар­тас. Мұның артын­да бір жымысқы сұрқия сая­сат жатыр ма деп бел­гілі қалам­гер, қоғам қай­рат­кері кей­де қат­ты налиды.

Жазу­шы-пуб­ли­цист Талғат Айт­бай­ұлы­ның ауда­руы­мен және тіке­лей қар­жы­лан­ды­руы­мен жазу­шы В.Михайловтың «Хро­ни­ка вели­ко­го джу­та» кіта­бы «Ұлы жұт­тың жаз­ба­ла­ры» деген атпен оқыр­ман­дар қолы­на тиді. Сол секіл­ді көп ізденісінің нәти­же­сін­де «Алма­ты 1986 Жел­тоқ­сан» айғақ-кітап­та­ры жарық көріп, ұлт­тық көтерілістің ақиқа­ты жан-жақты ашылуда.

Ата-баба­ла­ры­мыз арман­даған Тәу­ел­сізді­гі­мізді алдық. Оны сақтап қалу үшін не істеу керек? Қол жет­кен жетісті­гі­міз қан­дай, шын тәу­ел­сіз ел болуы­мы­зға не кедер­гі болып отыр? Қан­дай кем­шілік­тер­ге жол бердік?

Сөз көп, нақты іс жоқ, эко­но­ми­ка жағы­нан неге кен­же­леп қал­дық? Оның басты себеп­тері неде? «Балық басы­нан шіриді» демек­ші, билік неге халы­қтың жағ­дай­ын ойла­май­ды? Парақор­лы­ққа, ұйым­дасқан қыл­мысқа, ала­яқтық пен көз­бо­я­у­шы­лы­ққа қашан тосқа­уыл қой­ы­ла­ды? Өрке­ни­ет­ті ел бола­мыз ба, жоқ бор­дай тоза­мыз ба? Мем­ле­кет­тік мәр­те­бесі бола тұра, қазақ тілі неге орыс тілінің таса­сын­да қалып қой­ды? Ұлт­тық руха­ни­я­ты­мыз, өнері­міз бен әде­би­еті­міз және қазақ тілін­де­гі бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры неге жетім бала­ның хәлін кешуде?

Жазу­шы-пуб­ли­цист Талғат Айт­бай­ұлын осы қадау-қадау өзек­ті мәсе­ле­лер қат­ты толған­ды­ра­ды. Ол кей­бір қалам­гер­лер сияқты билік­ке қалай жағы­на­мын деп жал­таң­даған жоқ, адал­ды­қтың айшы­қты жолы­нан тай­ма­ды. Тәу­ел­сізді­гі­мізді алған алға­шқы жыл­дар­дан бастап, шынайы ақиқат­ты тал­май жазып келеді. «Жас Алаш», «ДАТ» және басқа да еркін ойлы басы­лым­дар­да жарық көр­ген өткір-өткір пуб­ли­ци­сти­ка­лық мақа­ла­ла­ры қалың қаза­ққа үлкен ой тастап, билік­ті шыж-быж күй­ге салды.

Тура жол­дан тайқымай

Осы рет­те сөзі­міз нақты болу үшін, «Жас Ала­шта» жари­я­ланған «Шеру­де өмір шын­ды­ғы» (9 мамыр 2019 жыл) деген мақа­ла­сы­нан мына бір үзін­діні келтірейін.

«Бола­шағы жарқын, өрке­ни­ет­тілік­ке ұмты­лған мем­ле­кет ата­улы­ның мызғы­мас негізі әділет­тілік болуы тиіс еді. Қасірет­тісі – біз ақиқат­ты ант ішіп тұрып сен­ді­ре алмай­тын, маң­дай соры әбден қалы­ң­дап сор­лаған, кор­руп­ция күш бер­ме­стей сипат алған елге айнал­дық. Ауыр тұр­мысын, жұмыс­сызды­ғын, бас­па­на­сыз екенін, тапқа­ны талға­жау ету­ге жет­пей­тінін, көп бала­сы барын, мем­ле­кет­тен жәр­де­мақы тиесілі екенін айта-айта шыда­мы шыты­нап, шеру­ге шыққан халық бет­терін қап­та­уы­шпен тұм­ша­лап, қап-қара киін­ген СОБР жасақта­ры­ның елді бас-көз­ге қара­май сой­ыл­дың асты­на алға­ны­на «Азатты­қтың» тіке­лей таратқан хабар­ла­ры арқы­лы сол сәтін­де-ақ куә бол­ды. Соны көр­се де – көр­ме­ген, біл­се де – біл­ме­ген кес­пір­сіз түр таны­тып, бедірейе жау­ап бер­ген Нұр-Сұл­тан қала­лық Ішкі істер депар­та­мен­ті басты­ғы­ның орын­ба­са­ры пол­ков­ник Б.Малыбаев: «Жала жауып тұр­сы­ң­дар, ешкім­ді ұрған жоқ. Ұрса, ұрға­нын дәлел­дей­тін бей­не­жа­з­ба­ла­ры­ң­ды әкелің­дер, тек­се­ре­міз», – деді» деп жазады.

Сол секіл­ді шын­ды­қты ту етіп ұстаған жазу­шы-пуб­ли­цист Талғат Айт­бай­ұ­лы «ДАТ» газетінің үш санын­да басы­лған «Опа­сызда Отан жоқ» (мау­сым, 2016 жыл) мақа­ла­сы­нан тағы бір үзін­діні ұсынайын:

«Қазақ жаста­ры алаңға басқа барар жер, басар тауы қал­маған соң барған. Алаң – халық әбден тығы­ры­ққа тірел­ген­де, билік мен­сін­бей кекірейе қарап, екі ара алшақтаған­да ғана жина­ла­тын жер. 1986 жылғы әйгілі оқиға кезін­де ел тоқ бола­тын. Алай­да үлкен ұлт­тың мүд­десін аспан­датқан Мәс­ке­уде­гілер­дің қазақ халқын қор­ла­уы, намысы­на тиюі, ондаған жыл­дар бойы жинақталған ұлт­тық мәсе­ле­лер қаза­қтың ұлда­ры мен қызда­рын ашын­ды­рған. Ол уақыт­та адам­дар­дың арыз-шағым айтып бара­тын ұйым, меке­месі жетер­лік еді. Бүгін­де соның бірі жоқ. Әкім­шілік­ке бар­са да, про­ку­ра­ту­ра, сот, поли­ция бөлім­дерінің есі­гін ашса да, ең ақы­ры «НұрО­тан» пар­ти­я­сы­ның жер­гілік­ті аудан­дық, қала­лық, облы­стық бас­шы­ла­ры­на жолы­ғай­ын десе де, ғима­рат­тың кіре беріс есі­гі алдын күзет­кен поли­цей­лер «кім­ге кел­дің, неге кел­дің, әуелі біз­ге айт» деп жолын бөгей­ді, кір­гіз­бей­ді. Қабыл­да­уға кіре қалған­ның өзін­де істері біт­пей­ді. Жоға­ры­ға жағ­дай айтып жазған хат­та­ры­на жау­ап ала алмай­ды. Халық жап­пай қарыз, жап­пай жұмыс­сыз, кедей-кеп­шік… Әсіре­се жастар­дың жағ­дайы өте ауыр, аяны­шты. Олар бүгін­гі­дей көрініспен өмір бойы үй-күй­сіз жүреді, бақыт­сыз болып өтеді.

Әлбет­те, кім-кім­нің де адам­ша өмір сүр­гісі, еңбек еткісі келетіні – өмір заң­ды­лы­ғы. Осы­ны билік­тен талап ету­ге бәрі де құқы­лы. Бірақ қай­да бара­ды, кім­ге айта­ды? Мәсе­лен, билік­те­гілер тота­ли­тар­лық жүй­ені жаман еді деп қара күй­ені қалы­ң­да­тып жаға­тын соци­а­лизм кезін­де халық мұн­дай тепе­ріш көріп пе еді? Заң жұмыс істей­тін, ол халы­қтың мүд­десін қорғай­тын. Бүгін­де қор­лай­ды…» – деп ыза­ла­на ой толғайды.

Ащы шын­дық пен ақиқат, әрине, Назар­ба­ев бастаған билік­ке ұнай қой­ған жоқ. Рухы биік қалам­гер­ді алған бағы­ты­нан кері қай­ы­ру үшін үркіт­ті, қорқыт­ты, бопса­ла­ды. Басын бәй­ге­ге тігіп, қан­ша­ма қатер-қауіп төн­се де, Талғат шын­ды­қты айту­дан тай­сал­ма­ды, танбады.

Бұлай бол­май­ды, ағалар…

Рес­пуб­ли­ка­лық басы­лым­дарға бүгін­гі қоғам­ның өзек­ті-өзек­ті мәсе­ле­лері тура­лы тұжы­рым­ды өткір мақа­ла­ла­ры жари­я­ланған­да, кей­бір «қамқор» аға­ла­ры: «Шырағым, билік­пен ойна­уды азайт­саң­шы. Олар­дың тоқ­пағы күшті. Мына мақа­ла­ла­ры­ң­мен басың ноқтаға симай кететінін көр­сетіп-ақ жүр­сің. Жүй­кеңді жұқар­тып қай­тесің, өсіп келе жатқан ұл-қызда­ры­ң­ды, неме­ре­леріңді ойла­саң­шы» деп, өздерін­ше қамқор­шы болып, теле­фон соғып жатады.

– Ел үміт күтіп жүретін зия­лы аза­мат­тар бол­саңы­здар да, бізді ұшпаққа көтер­ді деп Назар­ба­ев пен оның жүй­есін мақтаған­да жер-көк­ке сиғы­з­бай­сыздар. Өз ұлты­на жасап жатқан жаман­ды­ғын, қия­на­тын көре-біле тұрып, бір ауыз сөз айтуға жара­май­сыздар. Өстіп тұрып мені «жөн­ге» салғы­ла­ры­ңыз келеді. Бұлай бол­май­ды ғой, жана­шыр аға­ла­рым-ау! Ниет­теріңіз­ге разы­мын. Мен бәрібір әділ­дік пен ақиқат жолы­нан ешқа­шан да тай­май­мын. Қолым­нан кел­ген­ше шын­ды­қты айтып, Алаш ардақты­сы Ахмет Бай­тұр­сы­нов айт­пақ­шы, қазақ ұлты­ның өрке­ни­ет­ті ел болуы­на атса­лы­са­мын! – деп Талғат өз ойын осы­лай жекізіп еді.

Талғат та ет пен сүй­ек­тен жаралған пен­де ғой. Кеше­гі қылы­шы­нан қан тамған тота­ли­тар­лық заман бол­са бір басқа, Тәу­ел­сізді­гі­мізді алған отыз жыл­дан астам уақыт­та «ұлтым, қаза­ғым» деп шырыл­даған небір бел­гілі ұлт қай­рат­кер­лері орын алған әділет­сіздік­тің құр­бан­да­ры болып кет­ті. Кей­де рухы биік қалам­гер­дің түсіне солар кіреді. Қоғам жара­сын әшке­ре­лей­тін кезек­ті бір өткір мақа­ла­сын түн­нің бір уағын­да аяқтап, орны­нан тұрған­да, көп қабат­ты үйдің аула­сы­нан темір көлік­тің мотор дауы­сы гүріл­деп естіл­се, осы маған келіп тұрған жоқ па екен деп, Талғат төмен қарай үрей­лене көз тастай­ты­нын да жасырмайды…

Жүре­гі үлкен азамат

Қаза­қтың көр­нек­ті жазу­шы­сы Шер­хан Мұр­та­за: «Талғат­тың өзі кіш­кен­тай болға­ны­мен, жүре­гі үлкен аза­мат. Бір өзі жүз адам­ның ісін атқа­рып жүр. Мен кей­де оны өрше­лен­ген өрт­ке қана­ты­мен су себе­леп жүр­ген қар­лы­ға­шқа ұқса­та­мын. Өз мүд­десі­нен гөрі елдің, халы­қтың мүд­десін ойлай­тын Талғат сияқты арлы аза­мат­тар ара­мы­зда көп бол­са ғой, шір­кін!» – дегенін талай рет естідім. Бұл Шераға­ның Талғат Айт­бай­ұлы­на бер­ген биік бағасы.

«Жақ­сы­ның жақ­сы­лы­ғын айт, нұры тасысын» демек­ші, Талғат бауы­рым туған жері­мен бай­ланған тамы­рын үзбей, көп­те­ген игілік­ті шара­лар­дың ұйтқы­сы болып жүреді. Осы­дан үш-төрт жыл бұрын оның ұйым­да­сты­руы­мен қаза­қтың көр­нек­ті жазу­шы­сы Әмір­тай Бөри­ев­тің 70 жыл­ды­ғы туған ауы­лы – Қошқа­ра­та­да және аудан орта­лы­ғы Бауы­р­жан Момы­шұ­лы кен­тін­де ата­лып өтті. Қазақ әде­би­еті мен жур­на­ли­сти­ка­сын­да өзін­дік орны бар талант­ты қалам­гер Алпы­с­бай Шымыр­ба­ев­тың 70 жыл­ды­ғы­на арналған шығар­ма­шы­лық кешті Қошқа­ра­та­да, одан кей­ін аудан орта­лы­ғын­дағы Мәде­ни­ет үйін­де әсер­лі өткізді. Сол күні Алпы­с­бай­дың жаңа­дан жарық көр­ген кіта­бы­ның тұса­у­ке­серін жаса­ды. Көп көңілі­нен шыққан шығар­ма­шы­лық кештің басы-қасын­да әдет­те­гі­дей өзі жүр­ді. Өстіп әрдай­ым жақ­сы істің жар­шы­сы болып жүретін інім жақын­да өз қара­жа­ты­на Қошқа­ра­та ауы­лын­дағы Абай атын­дағы орта мек­теп­те мұра­жай ашпақ­шы болып отыр.

Бүгін­де жет­пістің биік белесіне шыққан әріп­тесі­міз шын мәнін­де рухы биік аза­мат. Қала­мы қарым­ды жазу­шы-пуб­ли­цист – бір­не­ше деректі роман­ның авто­ры. Осын­дай шығар­ма­шы­лық ізденісі үшін ол Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты атан­ды, өңіріне «Ұлт қай­рат­кері» төс­бел­гісін тақты. Жақын­да қазақ әде­би­етінің өркен­де­уіне қосқан зор үлесі үшін Талғат Айт­бай­ұлы­на Қаза­қстан­ның Құр­мет­ті жазу­шы­сы атағы берілді.

Осы­ның бәріне қуа­на оты­рып, қала­мың мұқал­ма­сын, әрдай­ым Бауы­р­жан Момы­шұ­лы ағаң сияқты шын­ды­қтың шырақ­шы­сы, алмас қылы­шы болып, ақиқат­тың биі­гі­нен түс­пе, бауы­рым, демекпін!

Доқтыр­хан ТҰРЛЫБЕК,

Қаза­қстан­ның Құр­мет­ті жазушысы,

Халы­қа­ра­лық «Алаш» әде­би сый­лы­ғы­ның лауреаты

Республиканский еженедельник онлайн