Пятница , 4 июля 2025

Құс шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Сарқан қала­сы­ның тұрғы­ны, жеке кәсіп­кер Бауы­р­жан Сер­ба­ев 3000 бас шетел­дік «Ломан уайт» тұқым­ды тауы­қта­рын асы­рап, жер­гілік­ті тұрғын­дарға қол­жетім­ді баға­да жұмыр­тқа сауда­лап отыр. Кәсіп­кер бұл істі биыл өзінің жеке қара­жа­ты­на бастаған.

Бұған дей­ін де «Сер­ба­ев» ЖК иесі ауыл шару­а­шы­лы­ғы­мен айна­лы­сып, кәсіп­тен қол үзген жоқ. Бір кез­де тауық өсіріп те көр­ген. Бірақ биыл жұмыр­тқа баға­сы­ның тиім­ділі­гін ескеріп, шетел­дік тауық өсіру­мен айна­лы­суға бел буған. Қазір 250 шар­шы метр орын­да тауық фер­ма­сы жұмыс істеп тұр.

– Алма­ты­ға арнайы барып, 3 мың бас шетел­дік тауық сатып әкел­дім. Оған қоса тауық фер­ма­сы­на қажет­ті құрал-жаб­ды­қтар әкеліп орнат­тым. Тауы­қтың бұл тұқы­мы – негізі­нен жұмыр­тқа беретін түрі. Қазір күніне орта есеп­пен 2 мың жұмыр­тқа алып отыр­мын. Оны Сарқан ауда­ны көле­мін­де­гі 20 шақты дүкен­ге өткі­зе­мін. Өзім­нің жеке дүкенім бар, онда да саудаға шыға­ра­мын. Ірік­тел­ген ірі жұмыр­тқа­ның 1 дана­сы 50 тең­ге­ден саты­ла­ды, одан кішілерінің баға­сы тиісін­ше төмен, – дей­ді Бауы­р­жан Сербаев.

Кәсіп­кер­дің айтуын­ша, тауы­ққа қажет­ті бидай, арпа, сол секіл­ді шеміш­ке мен соя­ның жомы сияқты жем-шөп­ті негізі­нен жер­гілік­ті шару­а­лар­дан ала­ды. Тек кей­бір вита­мин­дер ғана басқа қала­лар­дан әкелі­неді. Қазір фер­ма­да тауық күті­мі­мен өзі­нен басқа тағы 3 адам айна­лы­са­ды. Олар­дың бәрі – өз ауылдастары.

Осы­лай­ша нары­қта бәсе­ке­ле­стік туды­ру арқы­лы әле­умет­тік маңы­зы бар азық-түлік сана­ты­на жата­тын тау­ар баға­сы­ның төмен­де­уіне, ауыл­даста­рын жұмыспен қам­туға және халы­ққа эко­ло­ги­я­лық таза өнім ұсы­нуға Бауы­р­жан сияқты жер­гілік­ті кәсіп­кер­лер өз үлесін қосып келеді.

 Сон­дай-ақ ескел­ділік кәсіп­кер Сым­бат Серқо­жа­ев­тың да ауыл­даста­рын тұрақты жұмыспен қам­ту баста­ма­сы бір­тін­деп үлкен фер­ма құру ісіне ұла­сты. Қазір оның 120 мың бөдене өсіріп оты­рған ірі фер­ма­сы – елі­міз­де­гі ең іргелі шару­а­шы­лы­қтар­дың бірі. Өзі тұра­тын 1100 тұрғы­ны бар Ешкіөл­мес ауы­лы­ның тұр­мыс-тір­шілі­гін жақ­сар­туға фер­ма еле­улі ықпал етіп отыр. Шару­а­шы­лық ауыл­дың осын­да жұмыс істей­тін елу шақты аза­ма­ты­ның отба­сын тұрақты табыспен қам­ту­да. Фер­ма­ны іске қосу­дың арқа­сын­да өңір эко­но­ми­ка­сы­на 500 млн тең­ге шама­сын­да инве­сти­ция тар­тыл­ды. Жұмыс­шы­лар­дың орта­ша жалақы­сы 150 мың тең­ге шама­сын­да. Бөдене фер­ма­сы­ның пай­да­лы өні­мі тек жер­гілік­ті нары­ққа ғана емес, соны­мен қатар елі­міздің басқа да ірі қала­ла­рын­да сауда­ла­нып, Қырғыз­станға экс­порт­та­ла­ды, – деп хабар­лай­ды Жеті­су облы­сы әкі­мінің бас­пасөз қызметі.

– Осы­дан бір­не­ше жыл бұрын туған ауы­лым­да тұрғын­дарға тұрақты табыс әке­летін кәсі­по­рын неге жоқ деп ойлан­дым. Туы­ста­ры­ма, доста­ры­ма жұмыс тауып бер­сем деген ой кел­ді, жер­ле­стерім­ді бір ортақ іске бірік­тір­сем деген ниет туын­да­ды. Бір­не­ше нұсқа­ны қарас­ты­рып, соның ішін­де бөдене фер­ма­сын ашу тура­лы ой көңіл­ге қоным­ды деген шешім­ге кел­дік. Оның басты себеп­терінің бірі – шағын аумақта құс басын өсіру­ге бар­лық мүм­кін­дік­ті жаса­уға бола­ды. Оның еті­нен де, жұмыр­тқа­сы­нан да пай­да таба ала­мыз. Соны­мен өз қара­жа­тым­ды салып, осы иде­я­ны жүзе­ге асы­ра баста­дым. Бауыр­ла­рым­мен, доста­рым­мен бір­ге биз­нес-жос­пар әзір­ледік. Алға­шқы­да бөде­ненің 200 бала­па­ны­нан баста­дық, кей­ін 2 мыңға жет­кіздік, одан әрі 15 мыңға, сөй­тіп құс басы бір­тін­деп 100–150 мыңға жет­ті. Табысқа жету үшін, алды­мен құсқа сапа­лы жем керек, мұнан соң, әрине, қолға алған іске деген сүй­іспен­шілік қажет. Туған жерім мен ауыл­даста­ры­ма пай­да әке­лу­ге деген ұмты­лы­стың да ықпа­лы бол­ды. Біздің бүгін­гі жетістік­тері­міздің бәрі де – жұмы­ла жұмыс істей біл­гені­міздің айқын көрінісі, – дей­ді «Сәлем Құс» ЖШС бас дирек­то­ры әрі инве­сто­ры Сым­бат Серқожаев.

Оның айтуын­ша, жер­гілік­ті фер­ма­да қол­да­ны­ла­тын бөдене жемінің нәрі мол, оның ішін­де жүгері, соя, бидай, балық сүй­е­гінің ұны, күн­бағыс жомы және т.б. жиыр­ма шақты құнар­лы заттар бар. Бұлар­дың бар­лы­ғы да – елі­міз­де өсіріліп, өндірілетін азы­қтар. Фер­ма­да құсты азы­қтан­ды­ру ісіне аса талғам­мен, мұқи­ят қара­удың арқа­сын­да жоға­ры сапа­лы өнім­ге қол жет­кізіліп отыр. Бөдене фер­ма­сын­да «ясли» деп ата­ла­тын топ бар, онда жаңа шыққан бала­пан­дар орна­ла­сты­ры­ла­ды, олар әдет­те­гі бала­пан­дар­дан екі есе кіші, бірақ екі есе жыл­дам әрі тыным­сыз. «Кіш­кен­тай бола тұра, мұн­дай шап­шаң жеті­лу ең алды­мен сапа­лы жем беру мен бар­лық талап­тар­ды сақтай оты­рып күтіп-бап­та­удың арқа­сы», – дей­ді бас директор.

Көр­сетіл­ген мем­ле­кет­тік қол­дау мәсе­лесіне келетін бол­сақ, мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар аясын­да фер­маға электр желілері тар­ты­лып, жеке транс­фор­ма­тор орна­ты­лған. Фер­мер­лер табиғи газ­ды асы­ға күту­де. Көгіл­дір оты­нға қосы­лу арқы­лы шығын­да­рын азай­та­мыз деп жос­пар­лап отыр. Бөдене өсі­ру үшін, тұрақты тем­пе­ра­ту­ра режи­мін сақта­удың маңы­зы зор. Осы орай­да электр энер­ги­я­сы­мен, көмір­мен емес, газ­бен жылы­ту әлдеқай­да жеңіл әрі үнем­ді болмақ.

Республиканский еженедельник онлайн