Пятница , 4 июля 2025

«Ескі Қазақстанның»РЕЙДЕРЛЕРІНЕқарсы әрекет бола ма?

Қаза­қстан Республикасының

Пре­мьер-Мини­стрі

Олжас Бек­те­нов­ке

* Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев атқа­ру­шы және құқық қорғау орган­да­ры­нан негіз­сіз қысым жасалған және рей­дер­лік­ке ұшы­раған кәсіп­кер­лер құқы­қта­ры­ның сақта­луын қам­та­ма­сыз етуді үне­мі талап етеді.

Зардап шек­кен кәсіп­кер­лер­дің ақпа­ра­ты бой­ын­ша 2000 жыл­дар­дан бері Қаза­қстан бас­шы­лы­ғы­на жақын адам­дар елі­міз­де пай­да болып жатқан бур­жу­а­зи­я­ның табысты биз­несін рей­дер­лік­пен тар­тып алу­мен айналысқан.

Қаза­қстан­ның қазір­гі тарихын­да мына­дай масқа­ра жағ­дай орын алды, билік басын­дағы адам­дар өздеріне қаты­сты жаза қол­да­ныл­май­ты­нын пай­да­ла­нып, бар­лық құқы­қтық және мораль­дық нор­ма­лар­ды тап­тап, өз ақы­лы­мен, пози­тив­ті энер­ги­я­сы­мен ісін жолға қой­ған адам­дар­дан биз­не­сті озбыр­лы­қ­пен және азғын­ды­қ­пен тар­тып алып отырған.

Біре­улер жұмысын мүл­де тоқта­тып, шетел­ге бас сауға­лап кет­ті. Өздерінің құқы­қта­ры­ның қорға­луын талап еткен аза­мат­тар­дың түр­ме­ге жабы­лған кез­дері де бол­ды. Қазір­гі уақыт­та осын­дай кәсіп­кер­лер мен олар­дың туы­ста­ры бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры мен ақпа­рат­тық ресур­стар арқы­лы өздері­нен тар­тып алы­нған биз­нес пен мүлік­ті өздеріне қай­тру­ды талап етуде.

Осын­дай жағ­дай­лар­дың көп­шілі­гі қоға­мға белгілі:

Аста­на­да өткен бас­пасөз кон­фе­рен­ци­я­сын­да Әлия Назар­ба­е­ва­дан зардап шек­кен­дер адам­дар 2003 жылғы баға­лау бой­ын­ша құны 170 млн. дол­лар тұра­тын 7 мұнай база­сы мен 96 жанар-жағар­май стан­ци­я­сы­нан тұра­тын мұнай биз­несін қалай тар­тып алға­нын айт­ты. Соны­мен, Нұр­лан Бимур­зин пен Медғат Қали­ев жоға­ры­да аталған адам­ның ашкөзді­гінің құр­ба­ны болған.

Соны­мен бір­ге, Болат Назар­ба­евқа жақын адам­дар Қона­ев қала­сын­дағы «СТС» ЖШС-қа және «Мари­на Клаб» ЖШС-қа тиесілі Түр­кістан облы­сын­дағы «Алтын-Бұлақ» сана­то­рий­ін тар­тып алған, осы тізім­ді жалға­сты­руға беру­ге болады.

Рей­дер­лік басып алу арқы­лы Алма­ты қала­сын­дағы «АБДИ Құры­лыс» ЖШС-тен «Хил­тон» отелі тар­тып алы­нған. Мен­шік иесі Қай­рат Саты­бал­ды­ға жақын адам­дар­дың тобы­на кіреді. Осы­ған қара­ма­стан аталған отель­ді Қ.Сатыбалды мем­ле­кет­ке актив­тер­ді қай­та­ру ретін­де беріп отыр. Отель­дің мен­шік иесі Шол­пан Каре­не­е­ва осы­лай­ша өз мүл­кін қай­та­рып алуға деген үмітін жоғалтты.

Рей­дер­лер шетел­дік инве­стор­ларға да «қысым жаса­уға» қорықпады:

Гер­ма­ния аза­ма­ты, біздің отан­да­сы­мыз Роберт Шума­хер­ден ірі құры­лыс ком­па­ни­я­сы «Қаз­Гер­Строй» ЖШС-ты «қара» рей­дер­лік эле­мент­тері­мен, қауіп­сіздік күш­тері­мен басып алды. Оның артын­да Гүл­ми­ра Саты­бал­ды тұр, ком­па­ни­я­ны оның ұлы Бауы­р­жан Нұр­сұл­тан­ның аты­на жаз­ды. Ол қазір сот­тал­ды, ком­па­ния банк­рот, бұры­нғы мен­шік иесі ең құрған­да қалған мүлік­ті қай­та­руға әре­кет жасауда.

Шума­хер­дің басы­на түс­кен қиын­дық мұны­мен аяқтал­май­ды. Ақмо­ла облы­сы­ның Қорғал­жын ауда­нын­дағы ауыл шару­а­шы­лы­ғы кәсі­пор­ны «Ақ құлын» ЖШС-қа шама­мен 7 млн еуро инве­сти­ци­я­лан­ды, 3000 ірі қара мал база­сы салын­ды, тех­ни­ка сатып алын­ды. Қазір­гі уақыт­та жер инспек­ци­я­сы­ның талап-ары­зы бой­ын­ша кәсі­по­рын­нан ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лерін алып қою әре­кеті жүрі­гізіліп жатыр.

Аталған бар­лық фак­тілер бой­ын­ша Мәжіліс депу­тат­та­ры, бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры әртүр­лі инстан­ци­я­ларға жүгін­ді, бірақ про­бле­ма шеші­мін таппады.

Біз мем­ле­кет­тен заң­сыз ием­деніл­ген капи­тал­ды қай­та­ру мәсе­ле­лері­мен айна­лы­са­мыз. Бұл дұрыс. Бірақ нары­қтық қаты­на­стар­ды құру­дың басты шар­ты жеке мен­шік­ке қол­сұғыл­мау­шы­лық. Сон­ды­қтан біз актив­тер­ді «Ескі Қаза­қстан» өкіл­дері тара­пы­нан рей­дер­лік­тің құр­ба­ны болған адам­дарға қай­та­руы­мыз керек.

Ерлан САЙЫРОВ,

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн