Пятница , 4 июля 2025

Қылмысты сыни ойлау ашады

Кри­ми­на­лист – қыл­мыстық құра­мы бар оқиға оры­ны­на басқа­дан бұрын жететін зерт­те­уші. Осы маман­дар­дың кәсі­би әре­кеті, қырағы­лы­ғы – күр­ме­улі қыл­мыстың түй­інін тарқа­ту­дың алғы­шар­ты. Кри­ми­на­ли­сти­ка­ның қыр-сырын біл­мек­ке құмар­ту­шы­лар көп. 2008 жыл­дан бері құқық қорғау қыз­метін­де, 2013 жыл­дан кри­ми­на­ли­сти­ка­да еңбек етіп жүр­ген Аста­на қала­сы Есіл аудан­дық поли­ция бөлім­нің май­о­ры Ринат Мұқы­шев сала­ның сан қырын саралады.

Жұмыс күні баста­лы­сы­мен Аста­на қала­сы Есіл аудан­дық по­­ли­­ция депар­та­мен­тінің кри­ми­на­листика бөлім­ше­сіне түр­лі дәре­же­де­гі қыл­мысқа күдік­ті ­33 аза­мат жет­кізіл­ді. Түн­гі ке­зек­шіліктен шыққан кримина­лист Р.Мұқышев әуелі кеше­гі күн­ді қоры­тын­ды­ла­ды. Енді­гі мақ­сат – қыл­мысты кім, қашан, тәулік­тің қай мезетін­де, қалай жасаға­нын аны­қтау. Қат-қабат шиеленіс­кен қыл­мысты ашу­дың ерте-кеші жоқ.

– Жай­сыз жағ­дай­ға тап болған аза­мат­тар оқиға тура­лы құзыр­лы органға қан­ша­лы­қты тез хабар­ла­са, оның сырын ашуға сон­ша­лы­қты жыл­дам көмек­те­седі. Мұн­дай­да іле-шала оқиға орны­на барып, қажет­ті аумақты қызы­ла­ла лен­та­мен бел­гілей­міз. Бұл қыл­мыс­кер­дің аяқ-қол іздері бөг­де­мен ара­ла­сып кет­пе­уі үшін қажет. Қор­шалған оры­нға өзі­міз де арнайы аяққап, қолғап­пен кіре­міз. Әр айғақты дәл сол сәт­те сурет­ке түсіріп, тір­кей­міз. Қазір тех­но­ло­гия дамы­ған заман­да көп жер бей­не­бақы­лау каме­ра­ла­ры­мен жаб­ды­қталған. Аула­лар­дағы, ғима­ратқа кіре берісте­гі, үй-жай­лар­дағы каме­ра­лар­ды жіті тек­се­ру нәти­же­сін­де, күдік­ті тез қолға түсіп жата­ды. Сон­ды­қтан күр­делі қыл­мыстың өзі тәулік ішін­де айқын­да­ла­ды. Ал бей­не­бақы­лау құры­лғы­сы жоқ жер­лер­ден айғақтар­ды табуға тыры­са­мыз. Сон­дай-ақ аяқ, қол ізі, алақан иісі алы­на­ды, – дей­ді Ринат Серікұлы.

Кримина­листер үшін қыл­мыскердің жымысқы әре­кетін қолғап, бет­пер­де киіп жүзе­ге асы­рға­ны да кедер­гі емес.

– Әккі қыл­мыскерлер жеке басын жасы­ратын атри­бут­тарға жүгініп жата­ды. Оқи­ға осы­лай өр­біген жағ­дай­да маман­дар­дың да зерт­теу тәсіл­дері өзге­реді. Аяқ киім ізі ар­қылы адам­ның сал­мағы, бойы қан­ша екенін таба­ны тиген жер­дің ерекшелі­гіне қа­рай болжа­на­ды. Қыл­мыс орны­нан табы­лған бар­лық аяқ киім іздері сарап­та­маға алы­нып, оның иелері куә ретін­де тар­ты­ла­ды. Мәсе­лен, үй тонал­са, ол бір апта­дан кей­ін хабар­ланса, сол уақыт ара­лы­ғын­да үйге келген­дердің аяқ киім ізі алы­нып, салы­сты­ры­ла­ды. Бел­гілі адам­дар­дың аяқ киі­мі­нен басқа­ла­ры күдік­тінің ізі ретін­де қара­ла­ды. Аяқ киім­нің іздері көп болуы қорқы­ныш тудыр­май­ды, оның иелері аны­қталған сай­ын күдік­ті­ге жетер жол қысқа­ра түседі. Сау­сақ іздері де солай зерт­те­леді. Оқиға орнын­дағы із бен күдік­тінің сау­сақ іздерінің сәй­кест­і­гін папи­лон аппа­ра­ты аны­қтап береді, – деді криминалист.

Маман­ның айтуын­ша, оқиға болған үйдің көр­шілері кел­тір­ген дәй­ек­тер де көп рет­те қыл­мыс­кер­ді ұста­уға сеп­те­седі. Олар­дың сипатта­уы­мен күдік­тінің фото-робо­ты жаса­ла­ды. Ал күдік­тінің сұл­ба­сы бей­не­бақы­лау каме­ра­сы­на ілік­кен жағ­дай­да «Визирь» бағ­дар­ла­ма­сы күдік­тінің бей­несін айқы­ны­рақ ету­ге қауқарлы.

Күдік­ті ұстаған әр затта ала­қан иісі қала­ды. Қолға түс­кен адам­ның исі оқиға орны­нан алы­нған испен салы­сты­ры­ла­ды. Оның 100 пай­ы­здық сәй­кес келуін одо­ро­ло­ги­я­лық, яғни иісті аны­қтай­тын зерт­ха­на тек­се­реді. Одо­ро­ло­ги­я­лық тәсіл, жоғалған адам­ды табу үшін де көп қол­да­ны­ла­ды. Бұл іске иіс­шіл иттер де тар­ты­ла­ды. Мәсе­лен, қыл­мыс жасалған орын­да күдік­ті­ге тиесілі киім табыл­са, ол кино­ло­ги­я­лық итке иіс­ке­те­ді. Күдік­ті алы­сқа ұзап кет­пе­се, үйретіл­ген иттер­ге қыл­мыс­кер­ді табу қиы­нға соқпайды.

«Қыл­мыс жасалған орын­дар­да қол іздері аз бол­са кри­ми­на­лист фан­та­зи­я­сын іске қо­су керек. Күдік­тінің орнын­да бол­ғанда не істер едім деп, сыни ойға беріле­мін. Оның әре­кет­терін қай­та­лап көріп, сау­сақ іздері қай­да қалуы мүм­кін екенін болжап, сол жер­ден сау­сақ ізін ала­мын. Осын­дай іс нәти­же­сін­де бір­не­ше қыл­мысты аштық. Мәсе­лен, асүй­де­гі тарт­па­ны бәрі тұтқа­сы­нан ұстап жауып жат­пай­ды. Тұтқа­ның жаны­нан ите­ре сала­тын­дар бар. Ал дәл сол жер­ден сау­сақ ізі табы­лып қала­ды», деді криминалист.

Кри­ми­на­ли­сти­ка – күр­делі сала. Қызы­ғушылықпен бір­ге тәжіри­бені шың­дап оты­ру ма­ңызды. Бұл қыз­мет­те 10 жыл­дық тәжіри­­бесі бар Ринат Мұқы­шев  әріп­те­стеріне «кеңе­сіп піш­кен тон кел­те бол­май­ты­нын» тіл­ге ­тиек етті.

«Кри­ми­на­лист болу үшін жоға­ры қы­зығушылық керек. Қызы­қ­саң, қыл­мысты ашу, сол бағыт­та жұмыс істеу қиын емес. Біздің жұмыста бір оқиға күн сай­ын қай­таланбайды. Күн­де алды­мы­зға жаңа жұм­бақ түседі. Құпи­я­ны ашуға ынты­ғып, қы­зығып тұр­саң бәрі оңай. Әрдай­ым әріп­те­стің пікі­рін білу, оқиға­ны талқы­лау, тара­зы­лау жұ­мысты жеңіл­де­те­ді. Ал кісі өлі­мі сын­ды ауыр қыл­мысты зерт­те­у­ге пси­хо­ло­ги­я­лық тұрғы­да дай­ын­да­лып бара­мыз. Айна­ла­ның бәрі қан-жоса бол­са да салқын­қандылық сақтай­мыз. Осы тұста, мына жай­тқа назар аударғым келеді. Қыл­мыс­кер­лер сіле­кей, қан, т.б. тамған орын­ды арнайы сұй­ы­қтық не сумен жуып тастап, із қал­дыр­маған­си­ды. Алай­да еден­дегі қан ДНҚ-сы мүл­де өшпей­ді. Біз арнайы ұнтақтар арқы­лы қан­ды еден бетіне шыға­ра­мыз. Тәжіри­бем­де киім-кешек­ті, айғақты жуып, бел­гісіз оры­нға лақты­рып жібер­се де су өткі­зетін құбыр­дан ізді алып, сол арқы­лы қыл­мысты ашқан сәт бол­ды», деді Ринат Серікұлы.

Асы­лын­да, Қыл­мыстық ко­дек­­сінде кри­ми­на­лис­ке істен бас тар­туға мүм­кін­дік беріл­ген. Алай­да Ринат Серікұ­лы мен оның айна­ла­сын­дағы маман­дар бұл ­же­ңіл­­дік­­­ке жүгін­бей­ді. Олар үшін ­әр іс – адам тағдыры. 

egemen.kz

Республиканский еженедельник онлайн