Пятница , 4 июля 2025

Атырау енді шегірткелермен күреседі

Маман­дар­дың айтуын­ша, биы­лғы жылы шегірт­ке­лер бұры­нғы­дан үш есе көп бола­ды деп күтіліп отыр. Аты­рау облы­сын­да  үйір­лі шегірт­кенің екі түрінің табиғи ошақта­ры бар – ази­я­лық және ита­льян­дық. Сол себеп­ті Аты­ра­уда 86 мың гек­тар­дан астам жер­ді хими­я­лық заттар­мен өңделмек. 

Бел­гілі болға­нын­дай, шегірт­кенің көп бөлі­гі Құр­манға­зы, Иса­тай, Қызы­лқоға, Индер аудан­да­ры­на келеді. «Был­тыр шегірт­ке­лер 28 мың гек­тар жер­ді жарам­сыз еткен бола­тын. Биыл бұл көр­сет­кіш 90 мың гек­тарға дей­ін жетуі мүм­кін. Шегірт­ке­мен күрес­ке көмек­ке Орал мен Алма­ты­дан маман­дар келеді деп күтілу­де. Олар хими­я­лық заттар­мен жер­ді өңдеп қана қой­май, ауа­дан да тара­та­тын болады.

«Хими­я­лық өңдеу жүр­гі­зудің өзін­дік тәр­тібі бар. Біз шегірт­кенің дамуы­ның екін­ші неме­се үшін­ші кезеңіне жетуін күте­міз. Біздің болжа­мы­м­ыз бой­ын­ша, шегірт­ке­лер­дің негіз­гі толқы­ны  мамыр­дың аяғын­да келуі мүм­кін. Биыл шегірт­ке­лер бұры­нғы­дан үш есе көп бола­ды деп күтілу­де», – деді Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гі Аты­рау облы­стық аумақтық инспек­ци­я­сы­ның бас­шы­сы Әбіл Қазиева.

Жыл сай­ы­нғы прак­ти­ка көр­сетіп оты­рға­нын­дай, шегірт­ке­лер «шабуы­лы­нан» жыл сай­ын елі­міз­де ауыл шару­а­шы­лы­ғы дақыл­да­ры­ның 30–35 пай­ы­зы зардап шегіп отыр. Бір өкіні­штісі, егін­нің жарам­сыз болып қалуы­мен бір­ге, зиян­кестер «қоны­станған» алқап өсім­дік­терінің сапа­сы да төмен­дей­ді екен. 

«Яғни, шегірт­ке­лер жүріп өткен алқап­тың шөп­теріне дей­ін мал азы­ғы­на  пай­да­сыз болып қала­ды. Аты­рау өңірін­де әу бастан үйір­лі шегірт­ке­лер­дің екі түрі бар. Олар негізі­нен  құм­ды, шағыл­ды аймақтар­дағы ита­льян пру­сы және Еділ, Қиғаш өзен­дері мен Кас­пий теңізі жаға­ла­у­ла­рын­дағы қамысты алқап­тар­да мекен­дей­тін ази­ат шегірт­кесі. Әрине, егін алқап­та­рын­да зиян­кестер­ге қар­сы хими­я­лық өңдеу жұмыста­ры жыл сай­ын тұрақты түр­де жүр­гізіліп оты­рға­ны­мен, шегірт­ке попу­ля­ци­я­сын  бір­жо­ла жой­ып жібе­ру мүм­кін емес. Хими­я­лық өңдеу – шегірт­ке­лер­дің санын бел­гілі бір дең­гей­де азай­туға мүм­кін­дік беріп отыр», – дей­ді Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гі Аты­рау облы­стық аумақтық инспек­ци­я­сы­ның бас­шы­сы Әбіл Қазиева.

Маман­дар­дың айтуын­ша, тез жұмыр­тқа тастап, тез көбей­етін «көшпен­ді» шегірт­ке­лер  шека­ра талға­май­ды. Сон­ды­қтан ол бір жер­де ғана қоны­стан­бай­ды және жап­пай мигра­ция жасаған кез­де бір­не­ше мың­даған шақы­рым­ды артқа тастап ұша ала­тын қаси­ет­ке ие жәндік. 

«Жал­пы, шегірт­ке­мен күрес бел­гілі бір аудан, облыс дең­гей­ін­де шек­тел­ме­уі керек. Зиян­кестер­мен күре­сте шека­ра­лас елдер­мен бір­ле­се жұмыс істеу маңы­зды. Оның үстіне, дүние жүзін­де қазір­гі болып жатқан ғалам­дық жылы­ну, күн сәу­лесі бел­сен­ділі­гінің артуы зиян­кес аре­а­лын кеңей­те түсу­де», – дей­ді маман Әбіл Қазиева. 

Ғалым­дар жүр­гіз­ген зерт­теу жұмыста­ры­ның нәти­же­леріне қараған­да,  шегірт­ке­лер­дің  әрбір 11–12 жыл сай­ын  жап­пай көбей­іп барып, «шабуы­лы» сәл тола­стай­ты­ны бел­гілі болып отыр. Мәсе­лен, 2012–2014 жыл­да­ры осын­дай үрдіс бай­қа­лып, бір ғана Аты­рау облы­сын­да хими­я­лық өңде­уден өткен жер көле­мі 133 мың гек­тарға жеткен.

Шыны керек, биы­лғы көк­тем Аты­рау үшін оңай соқ­пай тұр. Тасқын­нан кей­ін күн­нің жыл­дам ысуы да шегірт­ке­лер­дің тара­луы­на ықпал етіп жатыр. Оның үстіне, тасқын сал­да­ры­нан биыл жос­пар­лы егін­нің біраз гек­та­ры өнім де бер­мей­ді. Аты­рау облы­сы­ның төтен­ше жағ­дай­лар жөнін­де­гі жедел шта­бы­ның мәлі­метіне сәй­кес, биыл өңір­де тасқын аумақта­рын­да орна­ласқан алқап­тар­дың  85 гек­тар егіл­ген егін су астын­да қалып отыр. Соны­мен бір­ге көк­тем­гі дала жұмысын жүр­гізу­ге арнайы дай­ын­далған жер­дің 4 000 гек­тар су басты.

Мәсе­лен, Аты­рау қала­сы аумағын­да егін шару­а­шы­лы­ғы­мен айна­лы­са­тын 14 шаруа қожа­лы­ғы­ның 735,17 гек­тар жер учас­ке­лерін сон­дай-ақ 9 мал шару­а­шы­лы­ғы­мен айна­лы­са­тын қожа­лы­қтың тер­ри­то­ри­я­сын су басты. Аты­рау қала­сы әкім­ді­гінің мәлі­метін­ше, егін алқап­та­ры зардап шек­кен қожа­лы­қтар ара­сын­да Қай­ыр­шақты окру­гі­нен 10 ШҚ, Алма­лы ауыл­дық окру­гі­нен  4 ШҚ бар.  Сон­дай-ақ Сары­ө­зек кана­лы аумағын­дағы 4 қожа­лық және Соко­лок кана­лы бой­ын­да орна­ласқан 5 қожа­лы­қтың жер­лерін су басты. 

Аты­рау қала­сы әкім­ді­гінің ресми өкілі Ғасыр­бек Төле­ген­нің айтуын­ша, қазір­дің өзін­де Аты­рау қала­сы маңын­дағы Қай­ыр­шақты, Алма­лы, Аты­рау село­лық окру­гін­де хими­я­лық өңдеу жұмыста­ры жүру­де. «Әзір­ге Аты­рау қала­сы­ның тер­ри­то­ри­я­сы­на шегірт­ке келе қой­ма­ды. Бірақ қол­да бар шару­а­шы­лы­қтар­да алдын ала залал­сыздан­ды­ру жұмыста­ры жүріп жатыр»,– деп нақтыл­ды спикер. 

Егін шару­а­шы­лы­ғы­ның ота­ны сана­ла­тын Махам­бет ауда­нын­да биыл тасқын сал­да­ры­нан 93 шаруа қожа­лы­ғы зардап шек­ті. Оның 66-сы егін алқа­бы. Аты­рау облы­сы аумағын­да тасқын­нан зардап шек­кен шару­а­шы­лық нысан­да­ры­ның қата­рын­да алма бақтар да бар. 

Аты­рау облы­сы Ауыл шару­а­шы­лы­ғы басқар­ма­сы бөлім бас­шы­сы­ның мін­детін атқа­ру­шы Азат Қапа­но­втың айтуын­ша, облыс бой­ын­ша биыл 10 825 гек­тар егін егу жос­пар­лан­ды. Алай­да бұл жос­пар толық орын­дал­май­ды. Тасқын судан бөлек, күтіліп оты­рған «шегірт­ке­лер шабуы­лы» егін­шілер үшін үлкен сынақ болға­лы тұр.

Баян ЖАНҰЗАҚ,

Аты­рау облысы

aikyn.kz

Республиканский еженедельник онлайн