Пятница , 4 июля 2025

САЙЛАУШЫ САУАЛЫ:Үкіметтің жауабы қандай?

Кеше ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің пле­нар­лық оты­ры­сын­да үшін­ші сес­си­я­ның жабы­луы­на бай­ла­ны­сты сай­ла­у­шы­лар сау­ал­да­ры­ның орын­да­луы жөнін­де Үкі­мет­тің есебі тың­дал­ды. Үкі­мет үшін жау­ап бер­ген вице-пре­мьер Тама­ра Дүй­се­но­ваға сай­ла­у­шы­лар аты­нан сұрақ­пен шүй­лік­кен депу­тат­тар да көп бол­ды. Төмен­де біз Үкі­мет­тің есебіне орай өз қоры­тындыс­ын жасаған Пар­ла­мент­те­гі «Ама­нат» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы­ның жетек­шісі Елнұр Бей­сен­ба­ев­тың баян­да­ма­сын қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

Елнұр Бейсенбаев: Үкіметтің жалтарма жауабымен ХАЛЫҚТЫ АЛДАЙ АЛМАЙМЫЗ!

«Aма­нат» пар­ти­я­сы­ның депу­тат­та­ры қысқы сапар бары­сын­да  644 елді мекен­де 1,5 мыңға жуық кез­де­су өткізді. Жеке мәсе­ле­лер бой­ын­ша қоғам­дық қабыл­да­у­лар ұйым­да­стыр­ды. Яғни, депу­тат­тар наза­ры­нан ешбір елді мекен, мәсе­ле көтер­ген тұрғын тыс қалмады.

​Сай­ла­у­шы­лар­дан мың­нан астам ұсы­ны­стар мен талап-тілек­тер жинақта­лып, Үкі­мет­ке беріл­ді. Бұлар­дың артын­да халы­қты толған­ды­рып жүр­ген жүй­елі мәсе­ле­лер, түй­іні тарқа­тыл­май келе жатқан мың­даған түйт­кіл мен он мил­ли­он адам­ның тағ­ды­ры жатыр.

Үкі­мет үшін дай­ын Жол кар­та­сы деу­ге болады.

​Деген­мен, Үкі­мет­тен мың­нан астам сұрақтың басым бөлі­гіне сырғыт­па жау­ап­тар мен фор­маль­ды ұсы­ны­стар кел­ді. Оның ішін­де МӘМС бой­ын­ша қара­жат аударға­ны­мен, тиісті меди­ци­на­лық қыз­мет ала алмаған аза­мат­тар­дың, «Ауыл – ел бесі­гі» жоба­сы­на кір­ме­ген про­бле­ма­лық ауыл­дар­дың, уақы­ты­лы инду­стри­ал­ды сер­ти­фи­кат ала алмай, сар­саңға түс­кен кәсіп­кер­дің, әле­умет­тік пакет­сіз ішкі істер орган­да­ры­нан зей­нет­кер­лік­ке шыққан арда­гер­дің жанай­қайы мен талап-тілек­тері бар.

Тағы бір жәйт – жер­гілік­ті жер­де шешілуі тиіс мәсе­ле­лер­дің рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­ге көтерілуі тағы бар.

​ Соны­мен қатар аза­мат­тар жыл­дан-жылға созы­лып, жүй­елі шеші­мін тап­пай келе жатқан бірқа­тар мәсе­ле­лер­ді көте­ру­де. Әсіре­се бірін­ші кезек­те халы­қты баға­ның өсуі, табыст­ың төмен­ді­гі про­бле­ма­сы қат­ты алаң­да­та­ды. Ел тұрғын­да­ры­ның тапқан табысы­ның тең жар­ты­сы азық-түлік­ке жұм­са­лып, кедей­шілік­ке тап болған­дар­дың саны бір мил­ли­он адам­нан асып кет­ті. Бұл – бір.

Екін­ші. Жұмыс­сыздық мәсе­лесі халы­қты ерекше алаң­да­тып отыр. Сай­ла­у­шы­лар­мен кез­дескен­де, бұл да жиі көтеріл­ген мәсе­ленің бірі бол­ды. Мини­стр­лік жылы­на 950 мың­нан астам аза­мат­ты жұмыспен қам­ты­дық дей­ді. Бұл циф­рға сенетін тек мини­стр­лік­тің өзі ғана болар. Расын­да, ашы­лған жұмыс орын­да­ры­ның басым бөлі­гі уақыт­ша, табысы аз сала­лар­да. Тұрақты жұмыс орын­да­рын ашу ісі мар­дым­сыз ұйымдастырылуда.

Үшін­ші. Халы­қтың әле­умет­тік жағы­нан осал топ­та­рын тұрғын үймен қам­та­ма­сыз ету про­бле­ма­сы­ның жалға­сып келе жатқа­ны­на ширек ғасыр бол­ды. Осы санат­та кезек­те тұрған­дар саны – 640 мың адам. Жақын ара­да бұл көр­сет­кіш 1 мил­ли­он­нан асуы мүм­кін. Бұл мәсе­лені ескер­тіп келе жатқа­ны­мы­зға үш жыл­дың жүзі бол­ды. Сең қозға­лар емес.

Төр­тін­ші. Ірі қала­лар­дың тұрғын­да­ры сая­жай алқап­та­ры мен агло­ме­ра­ция про­бле­ма­ла­рын көте­ру­де. Мыса­лы, Алма­ты­ның іргесін­де­гі сая­жай­лар­да 100 мың, Аста­на­да 50 мың, Алма­ты облы­сын­дағы сая­жай­лар­да 250 мың адам тұра­ды. Елі­міз бой­ын­ша дача­лық мас­сив­тер­де шама­мен 700 мың­нан астам адам сая­жай­ды бас­па­на етіп отыр. Бұл ертелі-кеш шеші­мін табуы тиіс маңы­зды мәсе­ле. Өйт­кені сая­жай­дың көбі тұрақты тұра­тын бас­па­на мен ірі-ірі ықша­маудан­дарға айналған. Ал Үкі­мет осы мәсе­ле бой­ын­ша нақты шешім­дер қабыл­дар емес.

Бесін­ші. Пре­зи­дент баста­ма­сы­мен қолға алы­нған біре­гей білім жоба­сы – «Жай­лы мек­теп­тің» де жыры тау­сы­лар емес. Өңір­де әлі күн­ге дей­ін мем­ле­кет­тік сарап­та­ма­дан өтпе­ген жоба­лық-сме­та­лық құжат­та­маға, мер­ді­гер­лер­ге және инфрақұры­лым тар­туға бай­ла­ны­сты маңы­зды мәсе­ле­лер шешілмеген.

Пре­зи­ден­ті­міздің – елі­міздің ауыл жаста­ры Фин­лян­ди­ядағы­дай үздік мек­теп­тер­де білім алса деген ойы тағы да бел­гісіз уақы­тқа шегеріліп отыр. Биыл 1 қыр­күй­ек­те салы­нып бітуі тиіс 217 мек­теп­тің небәрі 90-ға жуы­ғы ғана берілетіні аны­қта­лып отыр.

​Алтын­шы.​ Оңтай­лан­ды­рыл­маған МӘМС мәсе­лесі ден­са­улық сақтау жүй­есін де, жұрт­ты да сар­саңға салу­да. Халық үшін осы­нау ең маңы­зды сала­да қар­жы­ның тиім­сіз бөлі­нуі меди­ци­на меке­ме­лерінің жет­кілік­ті қар­жы­лан­ды­рыл­мауы­на әкеліп отыр. Оның соңы тегін меди­ци­на­лық қыз­мет халы­ққа қол­жетім­сіз болып отыр. Адам­дар ақы­лы емха­на­ларға жүгі­ну­ге мәж­бүр. Мін­дет­ті тегін меди­ци­на­лық қыз­мет­ті алуға тиісті «бала көтер­ген» жас ана­ла­ры­мы­здың өзін көп­те­ген емха­на­лар­да 1 жыл­дық МӘМС-ке жар­на­сын мін­дет­теп төлетіп жатқан фак­тілер­ді естіп, төбе шашы­мыз тік тұр­ды. Демо­гра­фи­яға еле­улі үлес қосу­ды арман­даған жас ана­лар­ды, «МӘМС-те төле­міңіз жоқ» деп сар­саңға салу – барып тұрған бассыздық.

​Келесі мәсе­ле – ауыл әкім­дерінің құзы­реті жай­лы. Шыны керек, бүгін­де ауыл әкі­мі­нен ауыл­дағы шаруа қожа­лы­ғы­ның беделі жоға­ры. Өйт­кені ауыл әкі­мін­де жет­кілік­ті құзірет әлі жоқ. Өзді­гі­нен мәсе­ле шешу­ге қауһар­сыз. Сон­ды­қтан сай­ланға­ны­мен, сай­ла­у­шы­ла­ры­ның тала­бын орын­да­уға кел­ген­де күміл­жу­ге мәжбүр.

Бюд­жет тек облы­ста болған­ды­қтан, ауыл тұр­мақ, аудан әкім­дерінің өзі әле­умет­тік нысан­да­рын салуға, тіп­ті жоба­лау-сме­та­лық құжат­та­ма­ны да дай­ын­дай алмай­ды. Осы мәсе­лені де оңтай­лы шешу керек.

​Біз ауыл әкім­дерінің құзіретін арт­ты­ру­ды көтеріп келе жатқа­ны­мы­зға 2 жыл бол­ды. Алай­да Пре­зи­дент рефор­ма­сы­мен іске асқан маңы­зды сая­си баста­ма Үкі­мет­тің салғырт­ты­ғы­нан тиісті нәти­же бер­мей отыр.

​Әріп­те­стер! Айта бер­се, мәсе­ле көп. Мен негіз­гілеріне ғана тоқтал­дым. Әрине, Үкі­мет те қол қусы­рып қарап оты­рған жоқ. Десе де, бірқа­тар Үкі­мет мүше­лері, кей­бір мини­стр­лер тіке­лей өз мін­дет­терін біл­мей­тін неме­се оған немқұрай­лы қарай­тын секілді.

​Напри­мер, мы видим, что со сто­ро­ны чле­нов Пра­ви­тель­ства пери­о­ди­че­ски выскаль­зы­ва­ют неод­но­знач­ные ком­мен­ти­ро­ва­ния кон­крет­ных вопро­сов и ука­за­ния важ­ней­ших про­блем со сто­ро­ны депутатов.

Напри­мер, чле­ны Пра­ви­тель­ства гово­рят, что яко­бы депу­та­ты не чита­ют зако­ны. А вто­рой на при­ве­ден­ные фак­ты о пла­чев­ном состо­я­нии дорог апел­ли­ру­ет в СМИ об обрат­ном. Тре­тий учит насе­ле­ние боль­ше зара­ба­ты­вать. Чет­вер­тый вовсе хотел пове­се­лить­ся, когда гово­рил о «халяль­ной саран­че». Кол­ле­ги, куда мы идем?

Кро­ме того, каж­дый депу­тат­ский запрос – это чая­ние или же жиз­нен­но важ­ная про­бле­ма реги­о­на или же наше­го наро­да. Вме­сте с тем мы каж­дый раз видим фор­маль­ный под­ход в отве­тах госор­га­нов на депу­тат­ские запросы.

С нача­ла сес­сии наша фрак­ция напра­ви­ла в Пра­ви­тель­ство 268 кон­крет­ных депу­тат­ских запро­сов по всем важ­ней­шим соци­аль­но-эко­но­ми­че­ским направ­ле­ни­ям. При это кол­ле­ги могут точ­но под­твер­дить, что око­ло 70% отве­тов были фор­маль­ны­ми отпис­ка­ми. Одним сло­вом, вме­сто того, что­бы решать про­бле­му, госор­га­ны ее уме­ло забалтывают.

​Полу­ча­ет­ся, выве­рен­ная Пре­зи­ден­том кон­цеп­ция «Силь­ный Пре­зи­дент – вли­я­тель­ный Пар­ла­мент – под­от­чет­ное Пра­ви­тель­ство» испол­ни­тель­ной вла­стью сла­бо придерживается.

​Хоте­лось бы под­черк­нуть, что в соот­вет­ствии с поли­ти­че­ски­ми рефор­ма­ми гла­вы госу­дар­ства вли­я­тель­ным явля­ет­ся Пар­ла­мент, а Пра­ви­тель­ство под­от­чет­ным Пре­зи­ден­ту и наро­ду в том чис­ле, в лице депу­та­тов, избран­ных народом.

​Кро­ме того, глав­ным клю­чом в реше­нии про­блем насе­ле­ния явля­ет­ся сов­мест­ная, а то слит­ная рабо­та Пра­ви­тель­ства и Пар­ла­мен­та, с сохра­не­ни­ем всех прин­ци­пов издерж­ки и про­ти­во­ве­сов. К чему мы вас и при­зы­ва­ем, коллеги!

Құр­мет­ті әріптестер!

Көріп оты­рған­да­ры­ңы­здай, депу­тат­тар бар­лық мәсе­ле­ден хабар­дар. Елмен етене ара­ла­сып, әрбір мәсе­лені шешу үшін жұмыс жасап отыр.

Бүгін­гі талқы­ла­удан тиісті қоры­тын­ды шыға­рып, әрбір мини­стр­лік өзіне тиесілі мәсе­ле­лер бой­ын­ша арнайы іс-қимыл жос­па­рын қабыл­да­уы қажет деп ойлай­мыз. Айты­лған сөз, беріл­ген уәде – орын­да­луы­мен құн­ды екенін қапе­рі­міз­ден шығармайық!

Республиканский еженедельник онлайн