Понедельник , 5 мая 2025

ДАРИҒАНЫҢ «КҮНДЕЛІГІ» елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатерлі

ҚР Пре­мьер-мини­стрінің Орын­ба­са­ры Тама­ра Дүйсеноваға

ҚР Бас про­кру­ро­ры Берік Асы­ло­вқа

ҚР Оқу-ағар­ту мини­стрі Ғани Бей­сен­бевқа

ҚР Цифр­лық даму және аэроға­рыш өнер­кәсібі мини­стрі Жасұлан Мәдиевке

Соны­мен, 2024-тің оқу жылы аяқтал­ды. Оқу жылы аяқталға­ны­мен, мек­теп­ке қаты­сты сұрақтар­дың мұр­ты бұзыл­маған біра­зы қаз-қал­пын­да қал­ды. Сол мәсе­ле­лер­дің бірі – Ресей­ден Қаза­қстанға ауып кел­ген «Күн­делік» жүйесі.

Ресей­де «Дневник.ру» деп ата­ла­тын бұл элек­трон­ды плат­фор­ма­ның Қаза­қстанға қалай тап болға­нын қалың жұрт­шы­лық біл­ме­уі мүм­кін. Сөз­бұй­даға сал­май, тікесі­нен айтар бол­сақ, «Днев­ник­тің» қаза­қ­ша­ланған үлгісін ел мек­теп­теріне енгі­зудің лоб­би-өкіла­на­сы ҚР Пар­ла­мен­ті сена­ты­ның экс-депу­та­ты Дариға Назар­ба­е­ва еді. Кезін­де бұл жәйт қаза­қстан­дық ақпа­рат­тар сег­мен­тін­де ашық айты­лған болатын.

Ал нақты­лап айт­сақ, 2017 жылы құдіреті күшті Дариға Нұр­сұл­танқы­зы­ның баста­ма­сы­мен жеке мен­шік­тік тұлға­да «Kundelik» ЖШС‑і құры­лып, бұл серік­те­стік ресей­лік «Днев­ник­пен» уағ­да­дасқан. Өз кезе­гін­де, Дариға ханым­ның «тізе­ге салуы» нәти­же­сін­де, «Kundelik» серік­те­сті­гі 2018 жылғы 26 қаңтар­да Қаза­қстан­ның Білім және ғылым мини­стр­лі­гі­мен шарт жасасты.

Ескер­те кетей­ін, бұл Мем­ле­кет­тік-жеке­шелік әріп­тeстік келісім-шарт (ГЧП) тек қана орыс тілін­де жасал­ды, оның қазақ тілін­де­гі нұсқа­сын итпен іздеп тап­пай­мыз. Цифр­лан­ды­ру дәуірін­де бұл плат­фор­ма­лық жүйе қаза­қстан­дық мек­теп­тер­ге қажет қой деп, бұл шар­ттың бүге-шігесіне үңіл­ме­у­ге болар еді.

       Бірақ, бірін­ші­ден, көп­шілік­тің есіне салай­ын, «Күн­делік» жүй­есінің түп-тамы­ры ресей­лік «Днев­ник ру» плат­фор­ма­сы­ның кін­ді­гіне бай­ланған. Яғни, Қаза­қстан­дағы 3 мил­ли­онға жуық оқу­шы­ның, олар­дың ата-ана­сы­ның бар­лық ақпа­рат­тық-цифр­лық дере­гі Ресей­де­гі тиісті орган­дар­дың қолын­да отыр деген сөз.

         Біздің қоғам жуы­қта қаза­қстан­дық аза­мат­тар­дың цифр­лық деректері Қытай­ға кетіп жатыр деп шула­ды. Бұған кінәлі тұлға­лар аны­қта­лып, осы кінәратқа шара қолданылды.

         Енде­ше, осы цифр­лық ақпа­рат­тар 6 жыл­дан бері Ресей­ге кетіп жатқа­ны­на неге жай­ба­рақат қарап отыр­мыз? Ресей жоға­ры оқу орын­да­рын­да 70 мыңға жуық қаза­қстан­дық дарын­ды жастар оқиы­ты­ны, олар­дың тең жар­ты­сы­на жуы­ғы сол жақта қала­ты­ны қан­ша­лы­қты бізді ойлан­ды­ра­ды?  «Күн­делік­ке» тір­кел­ген ата-ана­лар мен жет­кін­шек ұрпақтың бар­лық деректері мен дәй­ек­терін Ресей­дің «ФСБ» орга­ны алақан­дағы­дай көріп оты­рға­ны біздің ұлт­тық қауіп­сізді­гі­мі­ге төн­ген қатер емес пе? 

         Екін­ші­ден, осы «ГЧП» шар­ты­на бай­ла­ны­сты (3‑тараудың 2‑бабы), Қаза­қстан жағы «Күн­делік­ті» мем­ле­кет тара­пы­нан қар­жы­лан­дыр­мауы керек еді. Соны­мен қатар, шарт бой­ын­ша (11-тара­удың 3‑бабы) «Күн­делік» жүй­есінің опе­ра­ци­я­лық шығын­да­ры мем­ле­кет тара­пы­нан өтел­мей­ді деп бел­гі­лен­ген. Яғни «ГЧП» шар­ты­на сәй­кес, бұл жоба біздің мем­ле­кет үшін тегін болуы керек еді.

        Бірақ екі­жақты келісім­ге қол қой­ы­лған­нан кей­ін, сена­тор Назар­ба­е­ва­ның (оның кім екені, қан­дай құдірет болға­ны бәрі­міз­ге бесе­не­ден бел­гілі) күш­те­уі­мен Білім және ғылым мини­стр­лі­гі «Күн­делік» плат­фор­ма­сы­ның тех­ни­ка­лық шығын­да­ры үшін мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен 1 мил­ли­ард тең­ге­ден астам қара­жат жұм­саған. Оған тек 2023 жылы ғана 309 млн 893 мың тең­ге төленді.

       Егер шарт бой­ын­ша мем­ле­кет тара­пы­нан қар­жы­лан­ды­ру қарас­ты­рыл­май­тын бол­са, жеке мен­шік болып табы­ла­тын «Күн­делік» ком­па­ни­я­сы­ның шығын­да­ры қан­дай негіз­де мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен төле­ну­де?

      Қаза­қстан­дық мем­ле­кет­тік орган шар­тта көр­сетіл­ме­ген төлем талап­та­рын қан­дай құжат­тың көме­гі­мен жүзе­ге асы­рып отыр? Бұл қалай болға­ны: бұры­нғы Дариға Назар­ба­е­ва елдің «бірін­ші қызы» деген жазыл­маған құзіретін әлі күн­ге дей­ін сақтап отыр деп түсі­не­міз бе? 

Үшін­ші­ден, биыл біздің Пар­ла­мент­те қабыл­данған «Онлайн-плат­фор­ма­лар және онлайн-жар­на­ма тура­лы» ҚР Заңы­ның тала­бы­на сәй­кес, онлайн-жар­на­ма кәме­лет­ке тол­маған бала­ларға қаты­сты қол­да­ныл­мауға тиіс еді. Алай­да, шар­ттың №3 қосым­ша­сы­на сәй­кес, «Күн­делік» жүй­есін пай­да­ла­ну­шы­ларға арналған ақы­лы сер­ви­стер­дің тіз­бесі көр­сетіл­ген, онда мек­теп оқу­шы­ла­ры­на онлайн жар­на­ма­лық-ақпа­рат­тық қыз­мет­тер­ді ұсы­ну құқы­ғы бекітілген.

 «ГЧП» шар­ты­ның бұл тала­бы «Онлайн-плат­фор­ма­лар және онлайн-жар­на­ма тура­лы»  Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заңы­на қай­шы келетінін ҚР Бас про­ку­ра­ту­ра­сы мен тиісті мемл­пе­кет­тік орган­дар неге бақы­ла­у­ға алмай­ды?

Ең ақы­рын­да, кін­дік жібі «Днев­ник­ке» бай­ланған дәл осын­дай плат­фор­ма­ны ешкім­ге тәу­ел­ді етпей және қауіп­сіздік шара­ла­рын қам­та­ма­сыз ететін қаза­қстан­дық ком­па­ни­я­ларға неге тапсырылмайды?

Төр­тін­ші. МЖӘ (ГЧП) шар­ты­ның 2‑тарауының 1‑бабына сәй­кес ҚР Білім және ғылым мини­стр­лі­гі бар­лық облы­стар­ды “Күн­делік” жүй­есін пай­да­ла­нуға мін­дет­те­у­ге жау­ап­ты. Атап айт­сақ, облы­стық білім беру басқар­ма­ла­ры «Күн­делік» жүй­есін Шар­тта көр­сетіл­ген функ­ци­о­нал­дық мақ­са­ты­на сәй­кес қол­да­нуға және білім беру сала­сын­да ақпа­рат­ты (ста­ти­сти­ка­лық деректер­ді қоса алған­да) құру, сақтау, өңдеу және алма­су жөнін­де­гі біры­ңғай инфрақұры­лым ретін­де пай­да­ла­нуға мін­дет­ті бол­ды делін­ген. Қол­да­нуға мін­дет­ті облы­стар­дың тізі­мі Шар­ттың №5  Қосым­ша­сын­да көрсетілген.

Шар­тта облы­стар­дың бар­лық мек­теп­тері тек “Күн­делік” жүй­есін 2030 жылға дей­ін пай­да­ла­ну­ла­ры қажет деп жазы­лған. Соны­мен қатар, Шар­ттың 10 Тара­уы­ның 1 бабын­да келесі­дей мини­стр­лік­тің жау­ап­кер­шілі­гі бекітілген:

Алай­да, «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы жер­гілік­ті мем­ле­кет­тік басқа­ру және өзін-өзі басқа­ру тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2001 жылғы 23 қаңтар­дағы №148 Заңы­ның 27-бабы 1‑тармағының 1) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес облы­стың, рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала­ның, аста­на­ның әкім­ді­гі тиісті әкім­шілік-аумақтық бір­лік шегін­де жер­гілік­ті маңы­зы бар мін­дет­тер­ді шешуді қам­та­ма­сыз ететін рет­теу, іске асы­ру және (неме­се) бақы­лау функ­ци­я­ла­рын жүзе­ге асы­ра­ды. Яғни Шар­тта көр­сетіл­ген мәсе­ле­лер бой­ын­ша тек жер­гілік­ті әкім­дік­тер ғана шешім қабыл­да­уы тиіс. Мини­стр­лік­тің заң бой­ын­ша жер­гілік­ті орган­дар­ды аталған МЖӘ шар­ты бой­ын­ша мін­дет­те­у­ге құзы­реті болмаған.

Соны­мен қатар, «Білім тура­лы» Заңы­на сәй­кес ҚР Оқу-ағар­ту мини­стр­лі­гіне жер­гілік­ті мем­ле­кет­тік басқа­ру функ­ци­я­ла­ры, оның ішін­де мем­ле­кет­тік-жеке­шелік әріп­тeстік шар­тта­ры шең­берін­де әкім­дік­тер аты­нан мін­дет­те­ме­лер­ді қабыл­дау құзы­реті жүктелмеген.

Демек, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес Мини­стр­лік­тің атқа­ру­шы орган­дарға тап­сыр­ма беру­ге құзы­реті бол­ма­са Шар­ттың талап­та­ры заң­сыз бола ма?

Ермұрат БАПИ, фото

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн