Пятница , 4 июля 2025

Салықты БЫЛЫҚ басып тұр

ҚР Пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры – Ұлт­тық эко­но­ми­ка министрі

Нұр­лан Байбазаровқа

  • Пре­зи­дент­тің салы­қтық бақы­ла­уды толық цифр­лан­ды­ру, салық есеп­тілі­гі нысан­да­рын 30%-ға қысқар­ту, салық, бюд­жет және басқа да мін­дет­ті төлем­дер­ді 20%-ға азай­ту тап­сыр­ма­сы бар. Осы орай­да Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гі ұсы­нған жоба­ның кәсіп­кер­лік­ті қол­дау сая­са­ты­на қай­шы­лы­ғы жай­лы қоғам­да кері пікір қалыптасуда.

Жалпы ұсы­ны­лған шешім­дер­дің эко­но­ми­ка­лық негіз­де­месі бар ма? Салық сая­са­ты­ның тұрақ­сызды­ғы­нан кәсіп­кер­лер мем­ле­кет­ке сені­мін жоғал­ту­да. Біз ҚҚС және оның шек­ті мөл­шерін төмен­де­ту­ге қар­сы болға­ны­мы­зды да білесіз­дер. Көр­ші мем­ле­кет­тер кәсіп­кер­лерін қол­дап, шек­ті мөл­шерін көтеріп жатқан­да біз керісін­ше түсіріп жатыр­мыз? Бұл шешім­дер елдің эко­но­ми­ка­лық қауіп­сізді­гіне қан­ша­лы­қты сай?

Соңғы 5 жыл­да Салық кодексі 60 рет жаңа редак­ци­яда шыға­ры­лған. Бір жыл бұрын бөл­шек салы­ғын енгіз­ген­де, кәсіп­кер­лер қуа­нып, таза бух­гал­тер­лік есеп жүр­гі­зе бастап еді, енді жаңа кодекс биз­не­сті кезек­ті нок­даунға жібер­гелі отыр. Іс жүзін­де тек фис­кал­дық тап­сыр­ма­ны орын­да­уға бағыт­талған өзгерістер салық сая­са­ты­ның жүй­есізді­гі мен тұрақ­сызды­ғын көр­сетіп, пан­де­ми­ядан енді есін жинаған биз­не­стің қар­жы­лық тепе-теңді­гін түбе­гей­лі бұза­ры сөз­сіз. Осы үрдіс­ке бай­ла­ны­сты ұсы­ны­лып оты­рған өзгерістер­дің бір­не­ше­уін ерекше атап өткім келеді.

Бірін­ші: Арнайы салық режи­мінің шек­ті мөл­шерін 600 мың АЕК-тен (2 млрд.теңге) 134,5 мың АЕК-ке (500 млн. тең­ге) дей­ін төмен­де­туі бөл­шек салы­ғын пай­да­ла­нып оты­рған 22 мың­нан астам ком­па­ни­я­ның, айна­лым шегі 4 есе азай­са, еріксіз биз­не­сті бөл­шек­те­у­ге мәж­бүр бола­ды. 2021 жыл­дан осы режим­ді қол­да­на­тын субьек­тілер саны 1000- нан 30 000-ға жет­кен. Біз салық жүй­есін жеңіл­де­те­міз деп кер­сін­ше шағын және орта биз­не­стің дамуын шек­те­гелі отырмыз.

Биз­не­сті “B to B” және “B to C”-ге бөлу салық режи­мінің тиім­ділі­гін төмен­детіп, биз­не­стің бөл­шек­те­нуіне әкеліп соға­ды. Төле­нетін салы­қтың 80%-ы – 260, 15% ‑ы – 10 000 ком­па­ни­яға, қалған 5%-ы шағын және орта биз­неске тиесілі екенін ескер­сек, осы санат­тағы биз­неске қол­дау қажет­ті­гін көру­ге бола­ды. Біз кәсіп­кер­ді көлең­келі биз­неске итер­ме­леп оты­рған жоқ­пыз ба?

Екін­ші: Кодек­сте бук­ме­кер­лер­ге мини­стр­лік­тің жоға­ры қамқор­лы­ғын бай­қа­уға бола­ды. Бар­лық салы­қта­рын алып тастап, орны­на ойын­шы­лар­дан түс­кен түсім­нен тек 8% ғана арнайы салық ұсы­ныл­са, кер­сін­ше халы­қты азық-түлік­пен қам­та­ма­сыз етіп оты­рған сауда орын­да­ры­на 20% КТС мен 12% ҚҚС ұсы­ны­лған. Ал ойын биз­несі­нен ҚҚС-ті алып тастап, тек 25% КТС қарас­ты­ры­лған. Бұл қамқор­лы­қты қалай түсі­ну­ге болады?

Үшін­ші: Елі­міз­де 9 млн-нан астам жұмыс­шы­ның еңбе­кақы­сы­нан 7 түр­лі төлем­дер ұста­ла­ды. Жалақы­ның 40%-ы мін­дет­ті ауда­рым және бюд­жет­тен тыс төлем­дер­ге жұм­са­лу сал­да­ры­нан биз­нес еріксіз төмен жалақы көр­сетіп (85 мың тг.) аза­мат­тық-құқы­қтық шар­ттар­ды қол­да­нуға мәж­бүр. 2023 жылы 4 млн. биз­нес өкіл­дері әле­умет­тік сақтан­ды­ру, зей­не­тақы және меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру сияқты қор­ларға 4 трлн. тең­ге­ден астам төлем­дер жасаған, бұл ел бюд­жетінің 20%-ына жуық.

Алаң­да­та­ты­ны – қор­ларға ауда­ры­лған қара­жат бақыланбайды.Үкімет Пар­ла­мент­ке мем­ле­кет­тік қар­жы тура­лы ана­ли­ти­ка­лық жаз­ба­лар береді, бірақ олар келі­су про­цесі­нен өтпей­ді, бұл қара­жат­ты толық бақы­лау­сыз пай­да­ла­нуға мүм­кін­дік береді. Біз бюд­жет шығы­ста­рын бақы­ла­удың ашық жүй­есін енгізу­ге шақы­ра­мыз. Осы орай­да аза­мат­тық қоғам­ның пікіріне көңіл ауда­рып төлем­дер­ді бірік­тіріп, жал­пы салық

жүк­те­месін 20% төңіре­гін­де бекіту мәсе­лесін қарас­ты­ру­ды ұсынамын.

Шешім қабыл­да­мас бұрын, заң жоба­сын қоғам­дық ұйым­дар, биз­нес және мем­ле­кет­тік орган­дар­мен бір­лесіп қай­та қарап ел эко­но­ми­ка­сы­на тиім­ді жоба ретін­де ұсы­нуға шақырамын.

Рус­лан БЕРДЕНОВ,

ҚР Пар­ла­мен­ті

Мәжілісінің депу­та­ты

Respublica”

пар­ти­я­сы фракциясынан

Республиканский еженедельник онлайн