Пятница , 4 июля 2025

Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарына – 2 жыл

2022 жыл­дың 4 мамы­рын­да пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев ҚР әкім­шілік-аумақтық құры­лы­сы тура­лы жар­лы­ққа қол қой­ды. Жар­лық 2022 жыл­дың 8 мау­сы­мы­нан бастап күшіне енді. Осы­лай­ша, Қаза­қстан­да ресми түр­де үш жаңа облыс пай­да бол­са, соның бірі Абай облысы.

Абай облы­сы­ның эко­но­ми­ка­сын дамы­ту 2023–2027 жыл­дарға арналған Кешен­ді жос­пар аясын­да іске асу­да. Құжат негізі­нен гео­ло­ги­я­лық бар­лау және ізде­сті­ру жұмыста­ры­мен қатар, өнер­кәсіп, ауыл шару­а­шы­лы­ғы, кәсіп­кер­лік пен туризмді дамы­ту, көлік және тұрғын үй-ком­му­нал­дық шару­а­шы­лық, әле­умет­тік, эко­ло­гия,  аза­мат­тық қорға­уды қам­та­ма­сыз ету, қоғам­дық қауіп­сіздік және құқы­қтық тәр­тіп сала­ла­рын­дағы жоба­лар­ды қам­ти­ды. Осы рет­те был­тыр жал­пы өңір­лік өнім көле­мі 5,8%-ға өскенін атай кет­кен жөн. Бұл көр­сет­кіш бой­ын­ша аймақ рес­пуб­ли­ка көле­мін­де бесін­ші орын­да. ЖӨӨ-де негіз­гі үле­сті өнер­кәсіп, ауыл шару­а­шы­лы­ғы, көтер­ме және бөл­шек сауда құрай­ды. Тұты­ну баға­ла­ры­ның индексі аясын­да 2023 жылы халы­қтың ақша­лай табысы 1,8%-ға өскен. Орта­ша айлық жалақы 15,7%-ға артып, 299,6 мың тең­ге­ге жеткен.

«Біздің басты мақ­са­ты­мыз – Пре­зи­дент рефор­ма­ла­рын сапа­лы жүзе­ге асы­рып, Үкі­мет­тің алға қой­ған тап­сыр­ма­ла­рын орын­дап, халы­қтың тұр­мыс сапа­сын жақ­сар­ту және табысын көбей­ту», – дей­ді Абай облы­сы­ның әкі­мі Нұр­лан Ұранхаев.

Облы­стық Қар­жы басқар­ма­сы­ның мәлі­метін­ше, өңір­де өнер­кәсіп өндірісінің көле­мі 5,1%-ға артқан. Оның ішін­де өңдеу өнер­кәсібі өні­мінің көле­мі өткен жыл­дың сәй­кес кезеңі­мен салы­сты­рған­да 13,9%-ға көбей­іп, рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша облыс 4 оры­нға жай­ға­сты. Орын­далған құры­лыс жұмыста­ры 228,1 млрд тең­гені құра­ды, ал нақты көлем индексі 19,1%-ға өсті. Осы­лай­ша, облыс бюд­жеті 4,7%-ға ұлғайды.

«Әле­умет­тік сала­ны қол­да­уға деген басым­дық қала береді. Бюд­жет­тің 54%-ы әле­умет­тік сала­ны дамы­туға, ал 36%-ы нақты сек­тор­ды дамы­туға бағыт­талған. 2024 жылы білім беруді (11 жоба), ден­са­улық сақта­уды (60 жоба), әле­умет­тік қорғау (1 жоба), мәде­ни­ет пен спорт­ты (2 жоба), тұрғын үйді (91 жоба), тұрғын үй-ком­му­нал­дық шару­а­шы­лы­қты (92 жоба), көлік­ті (7 жоба) және басқа да сала­лар­ды қоса алған­да 272 бюд­жет­тік инве­сти­ци­я­лық жоба іске асы­ры­лу­да», – дей­ді облы­стық Қар­жы басқар­ма­сы­ның бас­шы­сы Әділет Қожанбаев.

Абай облы­сы негізі­нен аграр­лық өңір боп сана­ла­ды. Сон­ды­қтан да мұн­да бұл салаға ерекше мән беріл­ген. Мәсе­лен, был­тыр ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на 78,5 млрд тең­ге инве­сти­ция салы­нып­ты. Ірі қара мал 730,3 мың басқа дей­ін (2,0%-ға), жылқы 365,5 мың басқа дей­ін (12,3%-ға), ұсақ мал 1 171,3 мың басқа дей­ін (4,0%-ға) өскен. Бар­лық түр­де­гі ет өндірісі 104 мың тон­наға, ал сүт өндірісі 596,4 мың тон­наға дей­ін артқан. Биыл егіс алқа­бы 750 мың гек­тар жер­ді құрай­ды. Сон­дай-ақ Абай облы­сы­ның ауыл­дық округ­терін дамы­туға арналған Жол кар­та­сы әзір­ле­ну­де. Онда ауыл шару­а­шы­лы­ғын жақ­сар­ту стра­те­ги­я­сы шең­берін­де жылы­жай­лар орна­ту, мал шару­а­шы­лы­ғын дамы­ту, әлеу­­­­­­мет­­тік­­экономикалық даму және инфрақұры­лым­дық объ­ек­тілер салу қам­тыл­мақ. Осы жұмыстар­дың тиім­ділі­гін арт­ты­руға Цели­но­град ауда­ны Роди­на ауы­лы­ның табысты тәжіри­бесі негіз болып отыр.

Бесқа­рағай ауда­ны­ның аумағын­да жал­пы ауда­ны 2 гек­тар бола­тын жыл бой­ғы жылы­жай орна­ту жос­пар­ла­ну­да. Бұл азық-түлік қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ете оты­рып, мау­сым­дық тәу­ел­ділік­ті азай­та­ды. Көкөністер­ді жыл бойы өсіру­ге мүм­кін­дік береді. Үржар ауда­ны Тас­кес­кен ауы­лын­да асы­л­тұқым­ды «Ақбас» ірі қара малын өсі­ру қолға алын­бақ. Бұл жоба ет өндіруді арт­ты­рып, жаңа жұмыс орын­да­рын ашуға ықпал ете­ді. Сон­дай-ақ ауыл­да көмір баға­сын тұрақтан­ды­рып әрі жер­гілік­ті тұрғын­дар үшін қолай­лы жағ­дай жасай­тын қысқы отын қой­ма­сын салу көз­дел­ген. Жоба 2025 жылға жос­пар­ла­нып отыр. Ақсу­ат ауда­ны Екпін ауы­лын­да клуб­тық үйлер мен аз қам­ты­лған отба­сы­ларға арналған жалға берілетін үйлер салу үшін жоба­лар іске асы­рыл­ды. Көк­пек­ті ауда­нын­да сүт фер­ма­сын дамы­ту нәти­же­сін­де өнім көле­мі күн сай­ын 11 тон­на­дан 20 тон­наға дей­ін арта­ды. Сон­дай-ақ жұмыс­шы­лар үшін төрт пәтер­лі жаңа үй, бала­лар ойын алаңын салу жос­пар­ла­ну­да. «Ауыл – ел бесі­гі» бағ­дар­ла­ма­сы аясын­да Шақа­ман, Бөкен­ші ауыл­да­ры мен Шаған кен­тін­де­гі көше­лер­ді жары­қтан­ды­ру жұмыста­ры аяқталды.

Ауыл-аймақтар­ды дамы­ту­дан бөлек, облыс бас­шы­лы­ғы әле­умет­тік, ком­му­нал­дық, өнер­кәсіп­тік сала­лар­ды да ұдайы наза­рда ұстап отыр. Мәсе­лен, биыл облы­сты орта­лы­қтан­ды­ры­лған сумен қам­та­ма­сыз ету үлесін 96,6%-ға жет­кі­зу жос­пар­ланған, яки 22 497 адам­ды қам­ти­тын 24 сумен жаб­ды­қтау жоба­сы пай­да­ла­нуға беріледі. Жылу көз­дері мен жылу желілеріне жөн­деу жұмыста­ры жүр­гізілу­де: 11 жылу көзін және 37,9 шақы­рым жылу желілерін салу, қай­та жаңғыр­ту және ағым­дағы жөн­деу бой­ын­ша 28 жоба іске асы­ры­лу­да. Осы жұмыстар­дың нәти­же­сін­де жылу желілерінің тозуы 64,2% — дан 56,4% — ға дей­ін төмен­дей­ді деп күтілуде.

Бюд­жет қара­жа­ты есебі­нен 101 әле­умет­тік нысан­ның құры­лы­сы басталған. Оның ішін­де: білім беру сала­сын­дағы 16 нысан, ден­са­улық сақтау сала­сын­да 67, спорт­та 9, мәде­ни­ет­те 2 және әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру­да 1 нысан бар. Олар­дың бірқа­та­ры «Жай­лы мек­теп», «Ауыл­дық ден­са­улық сақта­уды жаңғыр­ту» ұлт­тық жоба­ла­ры аясын­да қарас­ты­ры­лған. Соны­мен қатар бүгін­де өңір­де жал­пы аумағы 394,3 мың шар­шы метр бола­тын тұрғын үйлер­дің құры­лы­сы жүр­гізілу­де. Бұл 3 882 отба­сын тұрғын үймен қам­та­ма­сыз ету­ге мүм­кін­дік береді.

Сон­дай-ақ Абай облы­сын­да ет ком­би­на­тын салу жос­пар­да бар. 2024–2026 жыл­да­ры Семей қала­сы­ның аумағын­да жыл­дық қуа­ты 12 600 тон­на бола­тын «Еура­зия Агро Семей» ЖШС ет ком­би­на­тын салу, қуат­ты­лы­ғы жылы­на 600 тон­на дай­ын өнім шыға­ра­тын «Ықы­лас Инвест» ЖШС ет кон­серві зауы­тын ашу қарастырылған.

Республиканский еженедельник онлайн