Суббота , 5 июля 2025

Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту

Елі­міз ауыл­дық аумақтар­ды тұрақты дамы­ту­ды рет­те­у­ге жай қара­май­ды, керісін­ше осы сала­да кіші­гірім бол­са да жақ­сы жаққа өзгер­ту­ге атса­лы­сып келеді, соның ішін­де ауыл шару­а­шы­лы­ғы сала­сы­на. Себебі, бәрі­міз­ге бел­гілі қазақ халқы­ның шыққан жері ауыл. Ауыл­ды туған дері­мізді дамы­тып, оны көр­кейт­сек  ол мем­ле­кет­ке де, халы­ққа да өз жемісін береді деген ойда­мыз. Бұл көр­кей­туді эко­но­ми­ка­лық, әле­умет­тік, мәде­ни және табы басқа көр­сет­кі­ш­тер­мен ерекшеленеді.

Ұлт­тық жос­пар­дың мақ­сат­та­ры­на, тиім­ділік көр­сет­кі­ш­тері мен инди­ка­тор­ла­ры­на қол жет­кі­зу мін­дет­терін шешу «Өңір­лер­ді дамы­ту­дың 2025 жылға дей­ін­гі» Ұлт­тық жос­па­рын іске асы­ру жөнін­де­гі іс-шара­лар жос­па­ры­на сәй­кесін­ше басым­ды­лық келеді.

Қаза­қстан Эко­но­ми­ка­лық зерт­теу Инсти­тут­тың өңір­лер­ді дамы­ту бағы­ты бой­ын­ша зерт­те­улер нәти­же­сінің көр­сет­кі­шіне тоқта­ла кетей­ік. Инсти­тут сарап­шы­ла­ры әр бағыт­тағы жұмыста­ры­на өзін­дік баға­ла­рын және оның бола­шақта нәти­желі­гі бар ма жоқ па, ары қарай күшін сақтай ала­ды ма деген сияқты мәсе­ле­лер­ге назар ауда­ра­ды және өз ойла­рын білдіреді.

Бүгін­гі күні ауыл­дық аумақтар­ды дамы­ту мәсе­лесі аумақтар­дың сая­са­ты­мен бірі­гіп өзек­ті болып қала бер­мек. Бұл дегені­міз, әртүр­лі дең­гей­лер мен кезең­дер­ді ұстай­тын стра­те­ги­я­лық және бағ­дар­ла­ма­лық құжат­тар ауыл тұрғын­да­ры­ның өмір сүру жағ­дай­ын жақ­сар­ту үшін әртүр­лі іс-шара­лар мен құрал­дар арқы­лы құра­ла­ды. Елі­міздің ауыл­дық аумақтарға бай­ла­ны­сты ұлт­тық жоба­ла­ры көбі­не­се агроө­нер­кәсіп­тік кешен­нің инже­нер­лік, әле­умет­тік инфақұры­лым, көлік, ком­му­ни­ка­ци­я­лық дамы­туға бағытталған.

Тұрақты дамуға бай­ла­ны­сты жүй­елі көзқа­рас өндіріс пен тұты­ну үшін жет­кілік­ті ресур­стар­ды зерт­те­уді қам­ти­ды. Бірақ, бұған қара­ма­стан жал­пы тепе-теңдік­ті сақта­уға мүм­кін­дік беретін жаңар­ты­лған басқа­ру мен көбей­ту жүй­е­лерін жүр­гі­зуді талап етеді.

Тал­да­на­тын аграр­лық туризм түріне қазір қызы­ғу­шы­лық арту­да. Айта кететін бол­сақ: Ита­лия, Шве­ция, Гер­ма­ния, Фран­ция, Австра­лия, Ұлы­бри­та­ния, Фин­лян­дия, Чехия, АҚШ, Дания сияқты елдер. Соңғы кез­де Лит­ва,  Поль­ша, Бол­га­рия және Лат­вия Шығыс Еуро­па елдерін­де қарқын­ды дамып келеді.

Еуро­па­да агро­ту­ризмді ұйым­да­сты­ру­дың әртүр­лі модель­дері бар, олар­дың әрқай­сысы­ның өзін­дік ұлт­тық ерекшелік­тері бар. Бри­тан­дық модель өзінің үш таны­мал түрі­нен тұра­тын біре­гей тури­стер­ді орна­ла­сты­ру жүй­есі­мен ерекше­ле­неді: төсек және таңғы ас, жеке ас үйі бар пәтер­лер және жатын бөлмелері.

Фран­цуз моделі әр түр­лі және ауыл­дық туриз­мнің әр түр­лі түр­лерін ұсы­на­ды, ал кіші­гірім кот­те­дж­дер-пәтер­лер қолай­лы нұсқа болып табы­ла­ды. Фран­цуз тури­стері көбі­не­се жер­гілік­ті, тұрақты тағам­дар­дан өз тағам­да­рын дай­ын­да­уды таңдайды.

Ита­лия мың­даған фер­ма­лар­ды тар­ту арқы­лы айтар­лы­қтай пай­да әке­летін еуро­па­лық ауы­л­ша­ру­а­шы­лық туриз­мінің көр­нек­ті көш­бас­шы­сы болып табы­ла­ды. Баста­пқы­да Ита­лия үкі­меті туризмді фер­мер­лер үшін қосым­ша табыс көзі ретін­де қарас­тыр­ды, бірақ қазір сұра­ны­стың өзге­руіне бай­ла­ны­сты негіз­гі қыз­мет­ке айналды.

Ауыл­дық туризм дәм­ді тағам­дар­дан дәм татып қана қой­май­ды, соны­мен қатар келу­шілер­ге сирек кез­де­сетін шарап­тар, арнайы ірім­шік­тер және зәй­түн майы сияқты экс­клю­зив­ті өнім­дер­ді сатып алуға мүм­кін­дік береді. Ита­лия, атап айтқан­да, ауыл­дық туризммен тығыз бай­ла­ны­сты 70-тен астам шарап пен гастро­но­ми­я­лық марш­рут­тар жасады.

Неміс моделіне сәй­кес, ауыл­дық жер­лер­де тури­стер­ді орна­ла­сты­ру, әдет­те, жаңа кот­те­дж­дер салы­нып жатқан кез­де иелерінің үйлерін­де тіке­лей тұру­ды қам­ти­ды. Немістер үй шару­а­шы­лы­ғы­на көмек­те­су, жану­ар­лар­ды күту, пик­ник және балық аулау сияқты бос уақыт­ты өткі­зеді. Іс-шара туриз­мі Гер­ма­ни­ядағы ауыл­дық туризммен тығыз бай­ла­ны­сты, онда көп­те­ген халы­қтық фести­валь­дар мен ауыл жәр­мең­ке­лері үне­мі өткізіліп тұра­ды. Гер­ма­ния мем­ле­кеті ауыл­дық тури­стер үшін азық-түлік сапа­сы мен тұрғын үй жағ­дай­ын баға­лау үшін таң­ба­лау жүй­есін қол­да­на оты­рып, тури­стік қыз­мет­тер­дің сапа­сы­на көп көңіл бөледі.

Ал, Қаза­қстан пен ТМД-ның бірқа­тар елдері үшін бұл ауыл туриз­мі жаңа бағыт болып табы­ла­ды, әсіре­се жер­гілік­ті тұрғын­дар ара­сын­да кең тарал­маған. Бірақ, соған қара­ма­стан ол ауыл­дық тұрғын­дарға үлкен әле­ует болып келеді, себебі, үлкен шығын­дар­мен бай­ла­ны­сты емес және басқа дема­лыс туризм түрі­мен салы­сты­рған­да табиғатқа жақын болуы­мен сипатталады.

Негізі, қазір­гі кез­де әлем­де агро­ту­ризм ұлт­тық эко­но­ми­ка­ның бір эле­мен­ті сон­дай-ақ, кез-кел­ген елдің өмір сал­ты­ның маңы­зды аспек­тісі болып отыр және жаһан­дық эко­но­ми­ка­да орны бөлек. 

                                                                                                                                 SHIKA

Республиканский еженедельник онлайн