Пятница , 4 июля 2025

Жер жәннаты — Катон-Қарағай

Соңғы кез­дер­де қаза­қстан­ды­қтар­дың көп­шілі­гене Катон-Қарағай аумағы таны­мал­ды бол­ды. Аудан орта­лы­ғы Катон-Қарағай ауы­лы, аймақтық орта­лық Өске­мен қала­сы­нан шама­сы 430 шақы­рым жер­де орна­ласқан. Жол Сереб­рянск, Алтай шағын қала­ла­рын және Үлкен Нарын ауы­лын басып өте­ді. Осы бағыт­та тау ара­сы­мен жаңа тас жол салы­нып жатыр, жос­пар бой­ын­ша алды­ңғы бір-екі жыл­да аталған құры­лыс жоба­сы іске асырылады.

Екін­ші бағыт Өске­мен, Самар ауы­лы, Бұқтыр­ма су қой­ма­сы, Үлкен Нарын ауы­лы арқы­лы өте­ді. Бұл бағыт­тың қашы­қты­ғы шама­мен 420 шақы­рым болға­ны­мен, су қой­ма­сын асу үшін паром-қай­ы­ғын тосу керек, бұл кеме жар­ты сағат­та Бұқтыр­ма­ның сол жаға­ла­у­ы­нан он жаға­ла­у­ы­на жет­кі­зеді. Соңғы жыл­да­ры көпір салы­нуы­да, аймақтық бас­шы­лар­дың айтуын­ша, биы­лғы күз­де бұл көпір дай­ын­да­лып қол­да­нуға еңгізіледі.

Қаза­қстан­ның өңір­лерін дамы­туға арналған бір неше мем­ле­кет­тік жоба­ла­ры­на Катон аумағы да кіреді. 2019 жыл­дық 27 жел­тоқ­са­нын­да бекітіл­ген нөмірі 990 өңір­лер­ді дамы­ту Мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша, 2025 жылға дей­ін бір қатар шара­лар іске асы­ры­ла­ды. Соның ішін­де Катон-Қарағай аумағы­на тиісті, жаңа жол­дар, су қой­ма­сы­нан өтетін көпір салы­нып бола­ды. Және де жеке кәсіп­кер­лер­дің жұмыста­рын жеңіл­де­тетін іс шара­лар іске асы­рыл­ды. Мем­ле­кет­тің тара­пы­нан, аталған қол­да­ны­лған әре­кет­тер жер­гілік­ті өңір­ді дамы­туға жол ашады. 

Катон-Қарағай және Марқа­көл аудан­да­ры Алтай өңіріне кіреді. Алтай тау­ла­ры Ресей­ден баста­лып, әрі қарай Қаза­қстан­ның Зай­сан ауда­ны­на созы­ла­ды. Жер­гілік­ті аумақ сол­түстік­те Ресей­мен, шығыс жағы­нан Қытай­мен шека­ра­ла­са­ды. Сол екі елдің орта­сын­да кеңес одағы кезін­де Моңғол елі­нен мал айдай­тын үлкен емес дәліз болған. Кезін­де Моңғо­ли­я­мен де шека­ра болатын.

Таудың шың­да­ры бұлт­тарға жетіп, биік­тері жаз­да­да қар­мен жабы­лған. Көз алал­май­тын әде­мі көріністер, кере­мет деп айт­саң сөздің күші жет­кі­зе алмай­тын сұлулық. Катон табиға­ты ЮНЕСКО жүй­есіне еңгізіл­ген. Бекер емес сол жер­лер­ді екін­ші Швей­ца­рия деп ата­ды. Әуелі, осы жер­лер­дің ерекшелі­гіне бай­ла­ны­сты, Швей­ца­ри­яда жете алмай­ты­ны көрі­неді. Алтай мара­лы­ның мүй­ізі­нен жасалған емде­у­ге арналған құрал­дар еш жер­де жоқ. Марал мүй­ізінің өнім­дері басқа жер­лер­де де бар, бірақ дәл Қазақ Алтай­ы­ның өнім­дері ерекше болып табылады.

Сол мекен­ді шетел аза­мат­та­ры бекер емес таң­да­ды. Жыл сай­ын Еуро­па, Қытай, Аме­ри­ка, Кана­да аза­мат­та­ры турист ретін­де келіп, ем алып дема­лып қай­та­ды. Одан басқа, аудан ғылы­ми қызы­ғу­шы­лық таны­та­ды. Атап айтқан­да, 2017 жылы Шығыс Қаза­қстан аймағы­ның Катон-Қарағай ауда­ны­на, Қаза­қстан­дағы Фран­ция елшісі Фран­сис Етьен Катонға барған бола­тын. Өзінің іс сапа­рын­да шетел­дік дипло­мат Берел мем­ле­кет­тік тари­хи-мәде­ни­ет мұра­жай­ын ара­ла­ды. Соны­мен қатар, 1998 жылы бел­гілі қаза­қстан­дық архео­ло­гия гылы­мы М.Марғұлан мен табы­лған Сақ қорым­да­рын көріп кетті.

Берел мем­ле­кет­тік тари­хи-мәде­ни­ет мұра­жайы 2008 жылы шіл­де айы­ның 4‑ші жұл­ты­зын­да нөмірі 674 үкі­мет қауы­лы­мен құрыл­ды. Мұра­жай­дың негізін архео­ло­ги­я­лық орын, темір дәуірінің көр­нек­ті қорым­да­ры, Берел қорым­да­ры құрай­ды. Оның аумағын­да ең бай қорым­дар­ды қам­ти­тын Пазы­рық мәде­ни­етінің эли­та­лық қорған­да­ры мұра­жай­ла­на­ды. Мұн­дай қорым­дар­да олар­дың мәң­гі мұз­да сақта­луы­на бай­ла­ны­сты аға­штан, былға­ры­дан, мата­дан жасалған көп­те­ген заттар табыл­ды, бұл Пазы­рық жолын­дағы әйгілі қорған­дар­мен қатар бұл кешен­нің біре­гей­лі­гін көр­се­те­ді. Қорым алаңын­да скиф-сақ дәуірінің жер­леу рәсім­дерін көр­се­тетін көр­ме­лер ұйым­да­сты­ры­лған. Бас мұра­жай кешенінің жанын­да көр­ме залы, қой­ма және басқа да ғима­рат­тар орналасқан.

Аталған жағ­дай­ларға сүй­ене оты­рып, Катон-Қарағай ауда­ны дамуға көп пер­спек­тив­ті мүм­кін­шілік­тер бар. Оның ішін­де табиғи, тари­хи, этно-туризм, ауыл-шару­а­шы­лы­ғы, аза­мат­тар­ды емдеу сала­сы, тағы да басқа бағыт­тар. Сол жер­дің табиға­ты­ның бай­лы­ғы сон­ша­ма, әр-түр­лі сала­да дамуға бола­ды. Жыл сай­ын Катонға мөл­шері­мен 200 мың­нан астам турист келіп кетеді.

Осы тақы­ры­пқа тоқ­та­сақ,  аудан­ның дамуы сұрақта­ры жер­гілік­ті аза­мат­тарға да бай­ла­ны­сты. 2019 жыл­дың халық санағы­ның нәти­же­сіне сәй­кес, түрғын­дар­дың 80 пай­ы­зын қазақ, 18 пай­ы­зын орыс, қалған екі пай­ы­зын басқа ұлт­тар құрай­ды. Ауа-рай­ы­ның ауы­ры­на қара­май жер­гілік­ті тұрғын­дар жеке кәсіп­пен бел­сен­ді түр­де айна­лу­сы­да. Әділ­дік үшін айтып кет­кен жөн, халық пысық, мал­ды да асы­рай­ды, бал­ды да табады. 

Осы­ған қара­ма­стан, зама­на­уи қыз­мет көр­се­ту әдістер әлі де жоға­ры түр­де еңгізіл­ме­ген. Тури­ст­тер­ге қыз­мет көр­се­ту сала­сын­да бәсе­ке­ле­стік­ке жағ­дай жасал­са, тұты­ну­шы­ны қар­са­лу мәде­ни­еті артый­ды. Іскер кәсіп­кер­лер­ді қызы­қты­рып, оларға жағ­дай жасау қажет. Әуелі, Қаза­қстан­ның басқа өңір­лер­ден аза­мат­тар келіп, сәт­ті жұмыс орын­дар ашып, жағ­дай­ла­рын жақ­сар­тып жатыр.

Мыса­лы, 2016 жыл­да­ры Алма­ты қала­сы­ның тұрғы­ны Андрей Пили­пен­ко жанұя­сы­мен Өрел ауы­лы­ның маңы­на көшіп кел­ді. Содан бері шару­а­шы­лық ашып, өз қолы­мен аға­штан, тері­ден кәде­сый­лар жасап, шығарған затта­рын саудаға айнал­дыр­ды. Оның үсті­нен бір неше киіз үй алып, кел­ген тури­ст­тер­ге жалға береді. Қазы­рғы кез­де жер­гілік­ті бюд­жет­ке салық төлеп, өз үлесін сала­ды. Айта кету керек, жер­гілік­ті аза­мат­тар­дың ара­сын­да да бар осын­дай іске жақын азаматтар.

Сон­дай ақ, жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­сті­гі «Ай-Марал ауыл шару­а­шы­лы­ғы» марал­дан басқа да, есек, түйе, қашыр өсіреді. Аталған мал­дар туризммен кел­ген қонақтар үшін қол­да­ны­ла­ды: бұларға тури­ст­тер мінеді, фото-сүрет­ке түседі. Жал­пы аудан­да жиыр­маға жуық марал өсіретін шару­а­шы­лық, бір жыл­да 5 тон­на­дан астам шикі марал­дың мүй­ізін және 3 тон­на­дай оның кон­серві­лен­ген түрін шыға­ра­ды. Жылы­на 400–500 дей тон­на бал алы­нып, бұкіл Қаза­қстанға және шетел­ге сатылады. 

Катон-Қарағай ауда­ны­ның жетістік­тері әлі де алды­да деп үміт­те­не­міз, тұған өңір­лері әрі қарай дамысын деп қол­дау көр­се­ту қалды.

Республиканский еженедельник онлайн