Четверг , 3 июля 2025

Әсіре  «білгіштік» қайда апарады?

Менің жасым 77-де. Өзім­ше мен де әде­би­ет десе ішкен асын жер­ге қоя сала­тын­дар қата­ры­нан­мын. Ерте­рек аудан­дық газет­те тіл­ші де бол­дым. Көп­те­ген мақа­ла­ла­рым аудан­дық, облы­стық, рес­пуб­ли­ка­лық бас­пасөз­дер­де жарық көрді.

         Олар­дың біра­зы 2024 жылы қаси­ет­ті Семей­де тұса­уы кесіл­ген «Шаң түс­пе­ген махаб­бат» атты кіта­бы­ма енген. Қазір екін­ші кіта­бым­ды бас­паға әзір­леу үстін­де­мін («Бей­несі өлген­дер­дің алдым­да тұр»).

         «ДАТ» газетінің 15.08.2024 жылғы № 26 санын­да жари­я­ланған «Бай­лық жай­ын­дағы «бай­ба­лам­нан соң…» атты мақа­ла мені ақсақал ретін­де толған­дыр­май қой­ма­ды. Авто­ры – фольк­лор­та­ну­шы Берік Жүсі­пов деген аза­мат, Қазақ жерін­де алды бір ғасыр­дан астам, соңы 2–3 ғасыр көле­мін­де­гі қазақ бай­ла­ры­ның қай­сысы­на қан­ша мың қылқұй­рық біт­кенін, өзі бір сол жылқы­лар­ды санап, түген­деп, көл­ден суа­рып жүр­ген­дей-ақ сіл­теп­ті. Оның көпір­ме сөзіне дүдә­мал кел­тір­ген көзі қарақты­лар­ды түк­ке алғы­сыз миғұ­ла санап, өзе­уреп, тек қана өз көпір­месіне сен­діру­ге өрше­ле­неді. Оған қар­сы пікір айтқан­дар­дың бәрі нан бер­сең нан­бай­тын надан­дар екен. Оның сөзі еш тари­хи дәлел­сіз, өзі ойдан шығарған «болып­ты», «жазып­ты», «айтып­ты», т.т. тұра­ты­ны мақа­ла­да көз­ге ұрып тұр. Дұрыс сын­ды дұрыс қабыл­да­удың орны­на, «қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» қағи­да­сы­на қатып қалған­нан пай­да тапқан жан­ды кім көріп­ті? Ол тіп­ті «Енде­ше біз­ге халық ауыз әде­би­еті оның маман­да­ры­ның сөзі мен дәлел, дәй­е­гінің не кере­гі бар?» – деп, қалың зерт­те­уші, ғалым, маман­дар­дың еңбе­гіне түкіріп топы­рақ шашу­да беті бүлк етпей­ді-ақ. Кез кел­ген оқиға­ның, болған істің, тіп­ті миф­тік жыр­лар­дың артын­да тарих бар екеніне пысқы­рып та қара­май­ды. Тек өз айтқа­ны ғана дұрыс деп өзе­уреп, «шат­ты-бұт­ты бір­деңе­лер­ді күй­сей беруді қою керек», – деп данышпансиды.

Мақа­ла­дағы екі жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты пікір айтпақшымын.

  1. Қазақ халқы­на етене таны­мал, біздің Мақан­шы ауда­ны­мен шека­ра­лас Қытай­дың Шәу­е­шек қала­сын­да соңғы өмірін өткіз­ген Бас­бай бай тура­лы А.Тоқтабай айт­ты деген сіл­те­ме жай­ын­да. Онда «А.Тоқтабай Шығыс Түр­кістан­да, Қытай елін­де болған Бас­пай­дың түсі басқа түлі­гін айт­паған­да, тек үш жүз мың жылқы­сы болға­нын жазып­ты. Мына мәлі­мет менен шық­са, әлгі «тілек­те­стерім» талып қала­тын шығар?» – деп бір шалықтайды.

             Мен, әрине, Бас­бай­ды көр­гем жоқ. Бірақ сол Бас­бай тұрып, Уәли болған атақты Шәу­е­шек қала­сын­да 1948 жылы туып­пын. 2005 жылы Қытай­ға барған сапа­рым­да Еміл өзенінің үстіне Бас­бай сал­ды­рған көпір­мен Үрім­жі­ге қарай бара жатып, өткенім бар. Бас­бай 1953 жылы ұшақ­пен Пекин­ге (Бей­жің) бара жатқан жол­да қай­тыс болып­ты?.. Анам­нан, көр­ші қарт­тар­дан, аға­ла­рым­нан Бас­бай тура­лы көп есті­генім бар. Оған қоса, дәл қазір менің алдым­да «Семей таңы» газетінің 10.11.1990 ж. № 216 саны­ның қиындысы жатыр. Онда «Ала­та­удай атағы бар неме­се Бас­бай Шолақұы хақын­да» атты Б.Жүнісбеков деген Семей өңіріне таны­мал жур­на­лист жазған көлем­ді мақа­ла басылған.

             Б.Жүнісбеков Бас­бай­дың бес бала­сы­ның үлкені Құр­манға­жы 1962 жылы елмен бір­ге Қаза­қстанға өтіп, Мақан­шы ауда­нын­дағы «Қара­тал» деген кол­хоз­да қой­шы екенін естіп, сұх­бат­та­суға Мақан­шы­дан 70 шақы­рым­дық қой­шы ауы­лы­на жол тар­та­ды. Тауып, сәлем береді. Құр­манға­жы әңгі­месін былай бастай­ды: «Әкей­дің 20 мың қойы, мың жарым жылқы­сы, алты жүз сиы­ры, жүз елу­дей түй­есі бол­ды. Әйте­уір иесі бар дегені бол­ма­са, сол мал­дың игілі­гін ел көр­ді», – деп түрсінеді.

             Міне, нақты дәлел осы­лай болуы керек қой. Әншей­ін, А.Тоқтабай айтқан екен деп, түл­кінің құй­ры­ғын сон­ша ұзар­ту сана­лы адам­ның миы­на сый­май­ды ғой. Бас­бай­дың жылқы­сы­ның саны­на жет­пек түгілі, оның атын қате Бас­пай дей­ді. Ал ол кісіні тірісін­де қытай, қазақ, ұйғыр, дұнған Баш­бай (Баше­ке) дегенін, нақты­лы Бас­бай Шолақұ­лы Бапин екенін қай­дан білсін?

  • Автор Ұлта­рақ бай­дың мол, санын ешкім біл­мей­тін жылқы­сы тура­лы көсіледі-ай кеп. Тағы да сол А.Тоқтабай айтқан­дай, «аққо­шқар Сай­да­лы бір көл­ден қырық мың жылқы суарған­да», сай­дың бетін сипа­ма мөл­шер жасаған керей­дің Ұлта­рағы­на біт­кен қылқұй­ры­қты он мыңға бай­лап сүмірейт­кені­міз қалай болар екен? – деп Ұлта­рақтың жылқы­сын одан да көп етіп көр­сет­кісі келеді. Қырық мың жылқы бір мез­гіл­де, бір көл­ден қалай су ішті екен?! Оған неше жүз мың жылқы­шы керек бол­ды екен?! Сол шөл­деп кел­ген қырық мың жылқы бірін-бірі басты­рып өлтір­меді ме екен?! Сол қырық мың жылқы сыю үшін, неше тек­ше кило­метр жер керек екен?! Адам­ды сен­ді­ру үшін осы­лар­ды ойлау керек емес пе?

         Әрине, тарих­та бел­гілі қазақ бай­ла­ры көп­теп сана­ла­ды. Олар­дың ең ірілері өз еліне даңқын, атағын, бай­лы­ғын, абы­рой­ын үне­мі көтеріп, дәріп­теу үшін, ақын-жыра­у­лар ұстаға­ны бел­гілі. Олар бай­ға жағым­сып күн көру үшін, бай малы­ның жүзді мың, мың­ды ондаған мың етіп көр­сетіп, жария салған. Оған қоса бай­лар балу­ан, барым­та­шы ұры­лар мен тың­шы­лар­ды да ұстаған. Мақа­ла­ның мына бір жерін­де: «Ұлта­рақ жер­лен­ген жер­ден алыс емес өзен аңғар­ла­ры­на май­да-шүй­де сой­ы­сты­қты есеп­те­ме­ген­де, ешкім­нің сөзіне құлақ аспай, асы­на жыққан екі мың жылқы­ның қаны ағып, ішек-қары­ны ақта­ры­лып­ты деген сөзім­нен секем алып, секіріп оты­рған­дар да бол­ды», – деп еседі. Сон­да орта есеп­пен бір жылқы 250 келі ет бер­се, 2000 жылқы 500 тон­на ет береді екен. Тіп­ті бір адам бір келі ет жеген күн­нің өзін­де бұл асқа бес жүз мың адам қаты­сқан бола­ды. Осын­ша­ма адам­ды қалай күтіп, қай­да орна­ла­сты­рған екен деген ой бұл автор­дың басы­на кел­ме­гені ғой!

             Қиял-ғажай­ып әңгі­ме­лер мен ерте­гілер­ден оқып алып, солай болған, болып­ты деп қызыл кеңір­дек болу­дың несі шын­ды­ққа жанасады?

             М.Әуезовтың «Абай жолы» рома­нын­да Абай­дың туған аға­сы қарау­бай Тәке­жан­ның, тобы­қты жуа­ны Ораз­бай­дың өздерін­де жылқы мақа­ла­дағы­дай он, жиыр­ма мың­мен есеп­тел­ме­ген. Қаза­қтың ірі бай­ла­ры автор жазған­дай қырық мың­ды бір көл­ден суа­рып, он мың­нан әлдеқай­да көп жылқы­ны бір сай­ға тық­паған. Жылқы қостарға бөлініп бағы­лған. Әр қоста шама­мен бес жүз­дей жылқы болған. Бұл жай­ы­лым­ды, суат­ты тиім­ді пай­да­ла­ну, мал­дың қоңын жоға­ры ұстау, бағуға, қай­ы­руға ыңғай­лы болу үшін қажет болған.

             Мақа­ла­да автор А.Тоқтабай деген біреу айт­ты екен деп, Ұлта­рақ, Сай­да­лы бай­лар тура­лы әңгі­менің көпір­ші­гін аспан­да­та көпір­тіп жібер­генін өзі де сезбей қал­са керек. Тіп­ті ол жет­піс мың жылқы­сы болған, ешкім есті­ме­ген адай бай­ын да сау­сақ санаған­дай білетінін міз бақ­пай жари­я­лай­ды. Оны­мен қой­май, жылқы­ның тезе­гі­нен садаға кет­кір қоян­ды киелі мал жылқы­ға теңе­уін қай­тер­сің (басқа теңеу таппағандай)?

             Міне, осы­лар­ды зер­де­лей келе айт­пағым: әсі­ре «біл­гі­штік», әсі­ре дәріп­теу (ешбір дәлел­сіз) – тарихқа жасалған қия­нат. Оқы­мысты ғалым­дар, зерт­те­ушілер, білім­ді әде­би­ет­шілер алдын­да масқа­ра болу. Ары қарай өзіңе деген ел сені­мін жоғал­ту. Қазір­гі тех­ни­ка зама­ны­ның ұрпағы­на бас айнал­ды­ра­тын теріс, көпір­ме мәлі­мет беру. Сай­ып кел­ген­де, «өтірік­тің құй­ры­ғы бір-ақ тұтам» демек­ші, ел алдын­да әшке­ре болуға апа­ра­ры сөзсіз.

             Баяғы­да батыс халы­қта­ры­ның ара­сын­да барон Мюнх­гау­зен деген суайт өмір сүріп­ті. Сол барон Мюнх­гау­зен тірі бол­са, әй, мына Берік Жүсі­пов бауы­рым­ның қолы­на су құй­ып беру­ге жарар ма еді?

Оқан РАҚЫМБАЙҰЛЫ,

Аста­на қаласы

Республиканский еженедельник онлайн