Четверг , 3 июля 2025

Жаңа талаптар: Сарапшылар дабыл қақты

Медиа­са­рап­шы­лар Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гі мен Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі жур­на­ли­стер­ді сот­сыз аккре­ди­та­ци­ядан айы­ра ала­ты­нын айтып даб­ыл қақты. Олар екі мини­стр­лік жари­я­лаған ере­же­лер жоба­сы осы күй­де қабыл­да­нып кет­се, жур­на­ли­стер­дің жұмысын едәуір шек­тей­тінін ескер­те­ді, деп хабар­лай­ды Ulysmedia.kz. 

Тағы да шек­те­гісі келеді

«Құқы­қтық медиа-орта­лық» қоғам­дық қоры­ның дирек­то­ры, жур­на­лист Диа­на Акре­мо­ва­ны­ңай­туын­ша, кей­ін­гі кез­де жур­на­ли­стер­ді мем­ле­кет­тік орган­дарға аккре­дит­теу мәсе­лесі сала­да қызу талқы­ға түскен.

– Бір­ша­ма сәт­сіз баста­ма­лар­дан кей­ін, менің­ше, ойлап тапқа­ны осы бол­са керек. Жалған ақпа­рат таратқан­дарға жау­ап­кер­шілік, оған қаты­сты сот істерін, артын­ша «Масс-медиа тура­лы» заң­ды білесіз­дер. Жұмыс тобын­да жүріп, сол заң­мен көп алы­стық. Мини­стр­лік­ке заң барын­ша про­грес­сив­ті болып, жур­на­ли­стер­дің құқы­ғын қорғау керекті­гін айтып келе­міз. Тая­у­да аккре­ди­та­ция ере­же­лерінің жоба­сы жари­я­лан­ды. Өкініш­ке қарай, бұл да шек­те­уші құжат­тар­дың бірі болып шықты, – дей­ді Диа­на Акремова.

Оның  айтуын­ша, халы­қа­ра­лық нор­ма­ларға сәй­кес, аккре­ди­та­ция – жұмыс істеу үшін берілетін рұқ­сат емес, жур­на­ли­стің қақы ретін­де­гі про­це­ду­ра­дай болуы тиіс. Жур­на­ли­стің жұмысын жеңіл­детіп, сөз бостан­ды­ғы­на беріл­ген кепіл­дік болуы керек. Бұл нор­ма жур­на­ли­стер­ге жұмыс істе­у­ге рұқ­сат бере­рлік тетік­ке айнал­мауы тиіс, дей­ді ол.

Ақпа­рат мини­стр­лі­гі қан­дай ұсы­ны­стар­ды қолдамады

Меди­аза­ң­гер Гүл­ми­ра Бір­жа­но­ва Пар­ла­мент­те­гі жұмыс тобы оты­ры­ста­рын­да сарап­шы­лар тобы бір емес, бір­не­ше рет заңға тәу­ел­ді актілер­ді әзір­ле­у­ге атса­лы­суға сұранға­нын айтады.

– Ере­же­лер­ді әзір­ле­ген кез­де біздің сарап­шы­лық әле­уеті­міз пай­даға жара­сын дедік. Өкініш­ке қарай, бұл ере­же­лер­ді әзір­ле­у­ге бізді қаты­стыр­май­ды. Ашық НҚА-да сопаң етіп шыққан­да ғана көре­міз. Шын мәнін­де, ере­же­лер бүгін неме­се ертең күшіне енуі керек болған. Бәл­кім, бұл ере­же­лер күшіне еніп те кет­кен шығар. Ақпа­рат мини­стр­лі­гіне жазып, жай­ын сұраған­быз, жау­ап кел­меді. Жур­на­ли­стер тара­пы­нан кей­бір өзгерістер өткір реак­ция туғы­зды, – дей­ді ол.

Гүл­ми­ра Бір­жа­но­ва нақты не өзге­ретінін сана­ма­лап кел­тір­ді. Атап айтқан­да, «Масс-медиа тура­лы» заң­да аккре­ди­та­ци­я­ның жеңіл­детіл­ген ере­же­лері бар. Ол біры­ңғай плат­фор­ма арқы­лы жүр­гізілуі керек. Демек, аккре­ди­та­ци­я­лық кар­та беріледі. Сарап­шы бұл кар­та­ны бас­пасөз кар­та­сы­мен шата­стыр­мау керекті­гін ескертеді.

– Аккре­ди­та­ция кар­та­сы бас­пасөз кар­та­сы секіл­ді қол­да­ныл­май­тын болар деген үміт бар. Біры­ңғай медиа­плат­фор­ма 2025 жылы баста­ла­ды. Аккре­ди­та­ци­я­лық кар­та­ның бүкіл ере­же­сі біз­де бар. 

Ақпа­рат мини­стр­лі­гі тип­тік ере­же­лер­ді жасаға­ны­мен, Пар­ла­мент­тің өз режи­мі бар. Сол себеп­ті тип­тік режим­нен аса қорқу­дың қажеті жоқ деген ойда­мын. Аккре­дит­тей­тін ұйым «өз қыз­метінің спе­ци­фи­ка­сы­на қарай ере­же әзір­лей­ді» деп жазы­лған. Бұл нор­ма бізді қат­ты алаң­да­та­ды. Біз аккре­дит­тей­тін ұйым тип­ті ере­же­лер­ге назар ауда­рып, жур­на­ли­стер­ге қой­ы­ла­тын талап­ты өзгерт­пе­сін деп ұсы­ныс қал­ды­рып отыр­мыз. Пар­ла­мент, түр­лі мини­стр­лік­тер өз ере­же­сін орнат­па­уы тиіс. Бұл нор­ма­ны алып тастай­тын шығар деген үміт­те­міз. Мәсе­лен, мини­стр­лік таратқан тип­тік ере­же­лер­де ешқан­дай мерзім жай­лы айтыл­май­тын, – дей­ді сарапшы.

Келесі мәсе­ле – жур­на­ли­стер­ді аккре­ди­та­ци­ядан айы­ру мәсе­лесі. Жур­на­лист аккре­ди­та­ция тәр­тібін екі неме­се одан да көп мәр­те бұз­са, оны аккре­ди­та­ци­ядан айы­ра­ды. Бұл тәр­тіп қаза­қстан­дық және шетел­дік жур­на­ли­стер­ге қаты­сты. Медиа­са­рап­шы­лар бұл шек­те­уді мүл­де алып тастау керекті­гін айтқан. Бірақ жау­а­бын Ақпа­рат мини­стр­лі­гі қабыл­да­маған. Әйт­се де, жур­на­ли­сте уәкілет­ті тұлға­ның шеші­міне шағым беру­ге құқы­ғы қалған.

– Жур­на­ли­стер­дің тағы бір өткір реак­ци­я­сын туғы­зған нор­ма – жур­на­лист шар­ттар­ды сақтап, іс-шара­ның регла­мен­тін, стра­те­ги­я­лық нысан ішін­де­гі ере­же­лер­ді сақта­уы. Бір емес, бір­не­ше БАҚ-та істе­уіне қой­ы­ла­тын шек­те­улер. Біз бұл бағыт­та осы нор­ма­ның бәрін – аккре­дит­тел­ген жур­на­лист қол­да­ны­стағы заң талап­та­рын сақта­уы керек деп ұсын­дық. Бұл пункт­тер­дің бәрі жур­на­ли­сті аккре­ди­та­ци­ядан айы­руы мүм­кін. Алай­да Ақпа­рат мини­стр­лі­гі бұл пункт­тер­ді жою баста­ма­сын қол­да­ма­ды, – дей­ді Біржанова.

СІМ бақы­ла­уы күшейе ме?

«Internews Kazakhstan» заң­гері Оль­га Диден­ко­ның сөзін­ше, бұрын шетел­дік жур­на­ли­стер­ді аккре­ди­та­ци­я­лау ере­же­лері тек бұй­ры­қтар­мен рет­те­летін. Ал қазір көп өзгерістер­ді заң дең­гей­іне көтеріп тастаған.

– Бұл сөз­сіз, про­бле­маға толы мәсе­ле. Себебі аккре­ди­та­ция жур­на­ли­стер­дің жұмысы­на тый­ым ретін­де қол­да­ныл­мауы керекті­гі айтыл­са да, СІМ-нің шетел­дік жур­на­ли­стер­ге арналған ере­же­лері біз сақтанған тен­ден­ци­я­ны еске түсіріп тұр. Осы әзір­лен­ген күй­де жоба­ның күшіне енгені дұрыс емес! Жоба 3 қыр­күй­ек­ке дей­ін талқы­ла­на­ды. Егер шетел­дік БАҚ-қа арналған аккре­ди­та­ци­я­ның мерзі­мі бол­ма­са, бұл ере­же­лер­де аккре­ди­та­ция үш жылға берілетіні жазы­лған. Әлбет­те, медиа­биз­нес үшін бұл қолай­лы емес. Яғни, алдағы уақыт­та ол аккре­ди­та­ция сол БАҚ-қа бері­ле ме, жоқ па – бел­гісіздік туғы­за­ды, – дей­ді ол.

Диден­ко шетел­дік жур­на­ли­стер жай­лы айтқан­да, олар да Қаза­қстан­ның аза­мат­та­ры екенін еске­ру керекті­гін атап өтеді.

– Біздің­ше, СІМ осы ере­же­лер арқы­лы жур­на­ли­стер жұмысы­ның кон­тент­тік бөлі­гіне бақы­лау жүр­гіз­гісі келеді. Мұны болып кет­кен факт емес, осы ере­же­лер туғы­за­тын жағ­дай ретін­де айтып отыр­мын. Биз­не­стің өзін бір-ақ күн­де тір­кей сала­тын цифр­лық заман­да аккре­ди­та­ция үшін беріл­ген өтінім­ді қарау – 2 ай! Біз цифр­лық мем­ле­кет­піз дей­міз де, қара­пай­ым өтінім­ді 2 ай қарай­мыз. СІМ оның үстіне ылғи ұзар­тып оты­ра­ды, – дей­ді Диденко.

«Масс-медиа тура­лы» заң

Мем­ле­кет бас­шы­сы «Масс-медиа тура­лы» заңға биыл мау­сым­да қол қой­ған еді. Жаңа заңға «Бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры тура­лы» және «Теле­ра­дио хабар­ла­рын тара­ту тура­лы» заң­дар­дың негіз­гі ере­же­лері енді. Аталған заң­дар алдағы уақыт­та күшін жояды. Жаңа заң­да бірқа­тар тың ере­же­лер қарас­ты­ры­лған. Кәсі­би орта заңға енгізіл­ген бірқа­тар нор­ма­лар­ды қолдамаған.

Ал жақын­да «Ашық НҚА» пор­та­лын­да Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гінің жур­на­ли­стер­ді аккре­дит­те­удің үлгілік қағи­да­ла­рын бекіту тура­лы бұй­рық жоба­сы жари­я­лан­ды. Құжатқа сәй­кес, жур­на­ли­стер ресми іс-шара­лар­да алған ақпа­рат­ты тек аккре­дит­тел­ген басы­лым­дар­да ғана емес, басқа жер­лер­де де жари­я­лаған жағ­дай­да аккре­ди­та­ци­ядан айы­ры­луы мүм­кін. Мысал ретін­де әле­умет­тік желілер­ді кел­тіру­ге бола­ды. Соны­мен қатар іс-шара­лар­ды ұйым­да­сты­ру­шы­лар өздерінің аккре­ди­та­ция ере­же­лерін бел­гілей алады.

 Аян ӨРІБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн