Четверг , 3 июля 2025

Қазақ кімнен КӨП қорлық көрді?

Қазақ соның бәріне көніп, «елі­міз­де тыны­штық» деген­ді қай­та­ла­у­мен келеді.

Айт­са жетер жеріне жет­кі­зе айта­тын жур­на­лист, ақын Мыр­зан Кен­же­бай­дың тарих қой­на­уын шолып, қаза­қтың кім­нен көп қор­лық көр­генін тара­зы­лаған жаз­ба­сы бар. XVI ғасыр­дан бер­гі жыл­на­ма­ны тізіп оты­рып, бүгін­гі күн­нің хал-аху­а­лы­мен бай­ла­ны­сты­рған. Сол жаз­ба­ны қай­та жаңғыр­ту мақ­са­тын­да оқыр­ман наза­ры­на ұсынамыз.

Айт­са жетер жеріне жет­кі­зе айта­тын жур­на­лист, ақын Мыр­зан Кен­же­бай­дың тарих қой­на­уын шолып, қаза­қтың кім­нен көп қор­лық көр­генін тара­зы­лаған жаз­ба­сы бар. XVI ғасыр­дан бер­гі жыл­на­ма­ны тізіп оты­рып, бүгін­гі күн­нің хал-аху­а­лы­мен бай­ла­ны­сты­рған. Сол жаз­ба­ны қай­та жаңғыр­ту мақ­са­тын­да оқыр­ман наза­ры­на ұсынамыз.

«Кей­де мына бір тари­хи деректер­ге қарап оты­рып, осы қаза­қты ең көп қырған, ең көп жерін тар­тып алған, ең көп қор­лық-зор­лық көр­сет­кен кім деген ойға кете­мін. Сосын осы күн­гі қаза­қтар­дың оты­рып алып, жоңғар шапқын­шы­лы­ғы, батыр баба­ла­ры­мыз, ақ білек­тің күші­мен, ақ най­за­ның ұшы­мен деген сияқты жел­дір­ме сөз­дер­ді қай­та­ла­удан үлкен-кішісінің аузы боса­май­ты­ны есі­ме түседі. Олар­ды одан әрі тың­дап отыр­саң, өзбек пен ара­б­ты, қала бер­ді тілі, діні, жер-суы үшін Ресей­мен арпа­лы­сып жатқан укра­ин­дар­ды жамандайды.

Ау, орыс жүр­ген жер­де соғыс­сыз тыныш өмір бол­май­ты­нын көр­дік қой. Шешен­стан­ды, Гру­зи­я­ны, Дағы­стан­ды ана­дай қыл­ды, Ауған­стан­ды мына­дай қыл­ды, бүкіл Бал­тық елдері Ресей­ден оқшау кетіп, аман қал­ды. Енді күні­ге Қаза­қстан біздікі, ол «искон­но рус­ская зем­ля» деп сес көр­сетіп оты­рға­ны анау десең, екі қаза­қтың бірі өзіңе тап береді. Тіп­ті «ұлт араз­ды­ғын қоз­дыр­ды» деп, ұста­тып жібе­ру­ге де даяр тұра­ты­нын көзі­міз көріп жүр. Соны­сы­на қарап-ақ қаза­қтың рухын әуелі пат­ша­лық Ресей, сосын Кеңе­стік Ресей әлдеқа­шан өшіріп тастаған, қаза­қтың рухы енді жаңғы­руы қиын-ау деген күпір­лік ойға кетем. Сосын «мына бір тари­хи деректер­ді оқы­ған кей­бір қаза­қтың сана­сы­на саңы­лау кіріп қалуы да мүм­кін-ау» дей­мін іштей.

1556 жылы оры­стар Аст­ра­ха­нь­ды басып алды.

1755 жылы Орта жүз қаза­қта­ры­ның бір­не­ше жүз мың гек­тар жерін тар­тып алды.

1810 жылы Елек өзенінің маңай­ы­нан 600 000 деся­ти­на жер­ді тар­тып алды.

1835 жылы Ор өзені (Орск қала­сы) мен Тро­ицк бекіністері ара­сы­нан 3.400 000 деся­ти­на жер­ді тар­тып алды. Бекіністер деп оты­рға­ны­мы­здың бәрі – каза­че­ство вой­ско­сы­ның тұрағы.

1839 жылы Сары­тау (Сара­тов), Омбы, Тобыл, Нарым, Үлбі, Бұқтыр­ма­ны алды.

1920 жылы Алтай өлкесін (Алтай­ский край) алды.

1916 жылы қаза­қтар­ды соғы­стың алды­ңғы шебіне қолы­на күрек қана беріп, әскер жұмысы­на апа­рып қырылдырды.

1917–1920 жыл­да­ры Ресей­дің ақ гвар­ди­я­шы, қызыл гвар­ди­я­шы әскер­лері қазақ ауыл­да­рын кезек­пен қырды.

Орын­бор өлкесін 1924 жылы тар­тып алды.

Кеңес кезін­де бай-құлақ деп жер ауда­ры­лған 1 млн 800 мың қазақ өліп, 700 мың қазақ басқа жаққа ауып кетті.

Қоста­най жай­ы­лы­мы­нан 1833 га жер­ді 1965 жылы алды.

«Бай­қоңыр» ғарыш айлағы 1994 жылы 2050 жылға дей­ін Ресей­ге жалға берілді.

1946–1988 жыл­дар ара­лы­ғын­да Семей, Азғыр, Нарын поли­гон­да­рын салды.

Ембі‑5 поли­го­ны 2010 жыл­дың орта­сы­на дей­ін жұмыс істе­ді. Қазір бұл жер пай­да­ла­нуға жарам­сыз. Уланған.

1922, 1932–33 жыл­да­ры әдейі ұйым­да­сты­ры­лған ашар­шы­лы­қтан 4 мил­ли­он­нан астам қаза­қты қырды.

2017 жылы Қоста­най­дың Жан­кел­дин ауда­ны­нан 75 000 га жер Ресей зымы­ран­да­рын құла­туға берілді.

Ала­шор­да ары­ста­ры­ның бірі Халел Досмұ­ха­ме­дов «Кіші жүз қаза­қта­ры­ның 250 жыл­дық тарихы қан­мен жазыл­ды. Ол қан­ды төк­кен оры­стар» деп жазды.

Бұның бәрі – Ресей­дің Қаза­қстанға жасаған көп зоба­лаңы­ның жүз­ден, мың­нан бірі ғана. Қазақ соның бәріне көніп, «елі­міз­де тыны­штық» деген­ді қай­та­ла­у­мен келеді. «Осын­дай да тыны­штық бола ма?» деп күл­сең, сені бір бәле қуған адам­дай көреді. Қаза­қстан тарихы оқулы­қта­рын­да бұлар айтыл­май­ды. Оның орны­на қытай­лар баяғы­да қырып тастаған жоңғар­лар­ды, әлдебір ру батыр­ла­рын айта береді. 28 жыл бойы қаза­қтың сана­сын оят­пау үшін, бұл әдіс оры­сқұл билік­тің басты қаруы­ның бірі болып отыр».

Республиканский еженедельник онлайн