Четверг , 3 июля 2025

САРБАЗДЫҢ ҚАЗАСЫ халықтың әскерге деген ілтипатына СЫЗАТ САЛМАУЫ ТИІС

  • Жас сар­ба­з­дың Маңғы­ста­удағы қай­ғы­лы қаза­сы­на қаты­сты ҚР Қорға­ныс мини­стр­лі­гі бас­шы­лы­ғы­ның пікірін жұрт­шы­лы­ққа жет­кі­зу үшін Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Қорға­ныс мини­стрінің орын­ба­са­ры Шайх-Хасан Жазы­қ­ба­ев мыр­за­мен газет тіл­шісі сұх­бат­тасқан еді.

- Шайх-Хасан Сатарқұлұ­лы, сұх­ба­ты­мы­зды Маңғы­ста­удағы әске­ри поли­гон­да қаза тапқан сар­ба­зға қаты­сты қай­ғы­лы оқиға­дан баста­уға мәж­бүр­міз. «Жас жауын­гер офи­цер­дің тапан­ша­сы­нан аты­лған оқтан қаза болған» деген ақпа­рат шықты. Бұл жөнін­де қан­дай мәлі­метіңіз бар?

 – Бірін­ші­ден, қаза тапқан қатар­дағы жауын­гер Марат Барқұ­ло­втың ата-ана­сы мен туған-туы­сқан­да­ры­на қай­ғы­ра көңіл айта­мын! Сар­ба­зы­мы­здың қаза­сы әрқай­сысы­мы­здың қабы­рға­мы­зды қайыстырды.

Қай­ғы­лы оқиға­ның қалай болға­нын тер­геу нәти­же­сі көр­се­те­ді. Қазір­гі таң­да бұл іс Қорға­ныс мини­стрінің ерекше бақы­ла­у­ы­на алын­ды. Мини­стр­дің тап­сыр­ма­сы­мен арнайы комис­сия құры­лып, қай­ғы­лы жағ­дай­дың мән-жай­ы­на жан-жақты тек­се­ру жүр­гізілу­де. Тер­геу орган­да­ры­на объ­ек­тив­ті тер­геу жұмыста­рын жүр­гі­зу үшін барын­ша көмек көр­сетілу­де. Кінәлі адам­дар Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қыл­мыстық кодексіне сәй­кес қатаң жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­ла­тын болады.

Бүгін­гі күні бұл мәсе­ле бой­ын­ша ҚР Қорға­ныс мини­стрінің аты­нан «Батыс» Өңір­лік қол­бас­шы­лы­ғы­ның қол­бас­шы­сы гене­рал-май­ор Б.Артықовқа сөгіс жари­я­лан­ды, Дала­лық оқу-жат­ты­ғу лагерінің бас­шы­сын өз лау­а­зы­мы­нан боса­ту мәсе­лесі Атте­ста­ци­я­лық комис­си­я­ның оты­ры­сын­да қарас­ты­ры­ла­ды. Бұны­мен қоса, бри­га­да, диви­зи­он, бата­льон, рота коман­дир­лері Құр­лық әскер­лерінің Бас қол­бас­шы­сы­ның бұй­ры­ғы­мен жазаланады.

-Қаза­қстан әскерін­де сар­ба­з­дар­дың қаза­сы жиілеп кет­ті деп, қоғам тара­пы­нан нара­зы пікір­лер туып жатыр. Сіз бұл келеңсіз жағ­дай­лар жөнін­де қан­дай тұжы­рым айтар едіңіз?

 – Иә, ондай қай­ғы­лы жағ­дай­лар­дың орын алуы бізді алаң­да­та­ды. Оның алдын алу мақ­са­тын­да арнайы жұмыстар кешен­ді түр­де жүр­гізілу­де. Бұл жөнін­де ақпа­рат­тық кеңістік­те Қару­лы күш­тер­дің беделін түсіретін мате­ри­ал­дар да жиі кез­де­седі. Алай­да, оның басым бөлі­гін­де шын­ды­ққа жана­спай­тын асы­ра сіл­теу байқалады.

Әле­умет­тік желілер мен ақпа­рат бет­терін­де Қару­лы күш­тер­ге еш қаты­сы жоқ кей­бір аза­мат­тар өзгенің қай­ғы­сы­нан хайп іздеп, өз құзы­реті­нен тыс тақы­ры­пқа сын айтып жата­ды. Бірақ, ресми ста­ти­сти­ка­лық мәлі­мет­тер­ге жүгін­сек, бүгін­гі күн­де әскер­де­гі нақты жағ­дай келесідей:

Қару­лы Күш­тер­де жарғы­дан тыс қаты­на­стар­дан орын ала­тын қыл­мыстар­дың саны соңғы бес жыл­да 32%-ға азай­ған, яғни 2019 жылы 34 факт тір­кел­се, 2023 жылы 23-ке дей­ін азай­ған. Биы­лғы жылы бұл көр­сет­кіш бой­ын­ша тек 13 фак­ты тіркелді;

Суи­цид­ке келетін бол­сақ, соңғы 20 жыл­да Қару­лы Күш­тер­де оның көр­сет­кі­ші де азай­ға­нын бай­қа­уға бола­ды. Дүни­е­жүзілік ден­са­улық сақтау ұйы­мы­ның өз-өзіне қол жұм­сау есебі әдісте­месіне сәй­кес, 5 жыл көле­мін­де­гі фак­ты­лер саны есеп­ке алы­на­ты­нын ескер­сек, ҚР Қару­лы Күш­тері бой­ын­ша ста­ти­сти­ка мынадай:

2003–2008 жыл­да­ры – 84 суицид;

2009–2013 жыл­да­ры – 84 суицид;

2014–2018 жыл­да­ры – 59 суицид;

2019–2023 жыл­да­ры – 45 суицид.

Бұл жер­де айта кететін жәйт, жоға­ры­да айтып өткен көр­сет­кі­штің 10%-ға дей­іні ғана мерзім­ді әске­ри қыз­мет­ші, қалға­ны офи­цер­лер мен сер­жант келісім­шарт бой­ын­ша әске­ри қыз­мет­шілер болып табы­ла­ды. Тек­се­ру жұмыста­ры­ның қоры­тындыс­ы­на сүй­ен­сек, суи­цид­тің негіз­гі себеп­тері бұл неси­елік қары­зға бату, құмар ойы­нға құштар болу (лудо­ма­ния) және отба­сы­лық ұрыс-керістің сал­да­ры екен­ді­гі анықталған.

Сон­дай-ақ, әске­ри қыз­мет­шілер­дің жал­пы қаза болу фак­ты­лері әртүр­лі себеп­тер­ге бай­ла­ны­сты орын ала­ты­нын еске­руі­міз керек. Мәсе­лен, әскер қата­рын­да жүріп, сырқат­тан қай­тыс бола­тын­дар бар. Енді бірі қыз­мет­тен тыс уақыт­та жол-көлік оқиға­сы сал­да­ры­нан қаза болып жата­ды. Жал­пы қаза болған­дар­дың 90 пай­ы­здан аста­мы әске­ри қыз­мет өтке­ру­мен бай­ла­ны­сты емес екенін айтып өткен жөн.

Әрине, бей­біт заман­дағы әрбір адам шығы­ны орны тол­мас өкініш, қай­ғы. Біз де сар­ба­з­дар­дың туы­ста­ры мен жақын­да­ры секіл­ді олар­дың өміріне алаң­дай­мыз. Сол себеп­ті кез кел­ген оқиғаға мұқи­ят тек­се­ру жүр­гізіліп, кінәлі болған әске­ри басқа­ру орган­да­ры­ның бірін­ші бас­шы­ла­ры­на қатаң тәр­тіп­тік және кадр­лық шешім­дер қабылданады.

-Жал­пы, әскер­де­гі осын­дай келеңсіз жәйт­тер қоғам мен арми­я­ның ара­сы­на сына қағып, елдің қауіп­сізді­гін қорғау, жастар­ды әскер­ге шақы­ру мәсе­лесіне зала­лын тигі­зу­де деп айта ала­сыз ба?

 – Қан­дай жағ­дай бол­са да, Отан­ды қорғау елі­міздің әрбір ер аза­ма­ты­ның мін­дет­ті боры­шы деп түсі­нуі­міз қажет. Әлем­де­гі гео­са­я­си жағ­дай­дың тұрақ­сызды­ғын еске­ре оты­рып, елі­міздің әр сүй­ем жерін қорға­уға кез кел­ген уақыт­та дай­ын болуы­мыз керек. Менің де үміт артқан екі ұлым бар. Үлкен ұлым ел қатар­лы бір жыл мерзім­ді қыз­мет­те болып, Отан алдын­дағы аза­мат­тық боры­шын атқарды.

Армия – адам­ның пси­хо­ло­ги­я­лық әл-ауқа­ты­на айтар­лы­қтай әсер ететін өте күр­делі өмір­лік жағ­дай­лар­дан тұра­тын ерекше әле­умет­тік орга­низм екенін ұмыт­па­уы­мыз керек.

Сон­дай-ақ бүгін­гі жастар­дың дүни­е­та­ны­мы­ның ерекшелі­гін айтып өткен жөн. Жаңа тех­но­ло­ги­я­лар зама­нын­да теле­фон-гад­жет­тер­ге тәу­ел­ді болу­дың әсері­нен жастар­дың пси­хо­ло­ги­я­лық әлсізді­гін бай­қа­уға бола­ды. Әскер­дің қатал регла­мен­тіне көшу жастар­ды тәр­тіп­ке, төзім­ділік­ке, ата-ана­ны қадір­ле­у­ге, Отан алдын­дағы жау­ап­кер­шілі­гін сезі­ну­ге үйре­те­ді. Сол себеп­ті бұл жер­де олар уақыт­ты босқа өткіз­бей, әске­ри боры­шты өтеу құр­мет­ті мін­дет деп қабыл­да­уы тиіс.

Халқы­мы­зда «Ер – елінің қорға­ны» деген сөз бар. Батыр баба­ла­ры­мы­здың даңқты дәстүрі­нен үлгі ала­тын қай­сар да өжет, қиын­ды­қтан тай­сал­май­тын өршіл ұрпақ тәр­би­е­леу – әрбірі­міздің ортақ міндетіміз!

-Ата-ана­лар бала­сын әске­ри боры­шын өте­у­ге жібер­ме­удің неше түр­лі ама­лын жасай­ты­нын біле­міз. Жал­пы Қару­лы күш­тер­дің қоғам­дағы бедел-бере­кетін арт­ты­ру үшін қан­дай мем­ле­кет­тік шара­лар қажет деп ойлайсыз?

– Жоға­ры­да айтып өткенім­дей, әле­умет­тік желілер­де­гі кей­бір аза­мат­тар­дың шын­ды­ққа жана­спай­тын ақпа­рат тара­туы қоғам­да дүр­бе­лең туғы­зып, ата-ана­лар­ды алаң­да­та­ды. Қоғам­да әскер­ге деген көзқа­рас­ты өзгер­тіп, Отан алдын­дағы жау­ап­кер­шілік­ті сезі­нетін ұрпақ тәр­би­е­ле­уі­міз керек.

Бүгін­де әскер­дің беделін көтеріп, тар­тым­ды­лы­ғын арт­ты­ру мақ­са­тын­да мем­ле­кет тара­пы­нан бірқа­тар кешен­ді шара­лар жаса­лып жатыр.

Мәсе­лен, мерзім­ді әске­ри қыз­мет өтке­ру кезеңін­де жауын­гер­лік және мем­ле­кет­тік-құқы­қтық даяр­лы­қта жоға­ры нәти­же­ге қол жет­кіз­ген аза­мат­тарға тегін оқуға арналған мем­ле­кет­тік грант­тар беріліп жатыр.

Қорға­ныс мини­стр­лі­гінің екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­дің мерзім­ді әске­ри қыз­мет өтке­ру кезеңіне «кре­дит­тік кани­кул­дар» беру жөнін­де­гі баста­ма­сын іске асы­ру сәт­ті жалға­су­да. Соның арқа­сын­да алты мыңға жуық әскер­ге шақы­ры­лу­шы неси­елік дема­лы­сты пай­да­ла­на алды. Бұл жұмыстар алдағы уақыт­та да жалға­са береді.

Бұдан бөлек, Еңбек Кодексі мен «Әске­ри қыз­мет және әске­ри қыз­мет­шілер­дің мәр­те­бесі тура­лы» Заңға бірқа­тар түзе­ту­лер енгі­зу көз­дел­ген. Атап айтқан­да, әске­ри қыз­мет­ке шақы­руға неме­се келісім­шарт бой­ын­ша әске­ри қыз­мет­ке кіру­ге бай­ла­ны­сты оқу­ды аяқтаған­нан кей­ін жұмысқа мін­дет­те­уді тоқта­туға, алты ай қыз­мет еткен мерзім­ді әске­ри қыз­мет­шілер­дің келісім­шарт бой­ын­ша әске­ри қыз­мет­ке кіруіне, әске­ри қыз­мет­тен өткен жеке тұлға­ларға баста­пқы әске­ри дай­ын­дық пәні­нен сабақ беру­ге мүм­кін­дік берілетін болады.

Соны­мен бір­ге, Қару­лы Күш­тер­де Пре­зи­дент­тің мерзім­ді қыз­мет сар­ба­з­да­ры­ның эко­но­ми­ка­ның нақты сек­то­рын­да талап етілетін жұмыс­шы маман­ды­қта­рын алуы жөнін­де­гі тап­сыр­ма­сы іске асы­ры­лып жатқа­нын да атап өткен жөн.

Мем­ле­кет бас­шы­сы биы­лғы Жол­да­уын­да «Жұмыстың көзін тапқан бай­лы­қтың өзін таба­ды» деген халық дана­лы­ғын тіл­ге тиек етті. Осы­ған орай елі­міздің бәсе­ке­ге қабілет­ті эко­но­ми­ка­сы мен үде­мелі ілгеріле­уін қалып­та­сты­ру мақ­са­тын­да Пре­зи­дент жұмыс­шы кәсіп­тері мен түр­лі сала маман­да­ры­ның беделін дәй­ек­ті түр­де арт­ты­ру қажет екенін қадап айтты.

Бүгін­де елі­міздің жаста­рын кәсіп­тік бағ­дар­лау мен оқы­ту жүй­есін­де Қару­лы Күш­тер айтар­лы­қтай рөл атқа­рып жатқа­нын сенім­мен айтуға бола­ды. Әскер­де мерзім­ді қыз­мет сар­ба­з­да­ры маман­дық алуға, эко­но­ми­ка­ның нақты сек­то­рын­да қажет­ті ауыр жүк көлік­терінің жүр­гі­зу­шісі, экс­ка­ва­тор­шы, трак­тор­шы, дизель­ші-элек­трик, бай­ла­ныс­шы және т.б жұмыс­шы маман­ды­қта­рын иге­ру­ге толық мүм­кін­дік алды.

Соны­мен бір­ге, әр сар­ба­з­дың аман­ды­ғы үшін бар­лық буын­дағы коман­дир­лер­дің жау­ап­кер­шілі­гін күшей­ту жұмыста­ры жалға­са береді.

Офи­цер­лер мен сер­жант­тар әске­ри ұжым­дар­да жарғы­лық емес қарым-қаты­на­старға жол бер­меу бой­ын­ша тұрақты түр­де жұмыс жүр­гі­зеді, ано­ним­ді сау­ал­дар, сау­ал­на­ма­лар жүр­гі­зеді, қоғам­дық пікір­ді зерделейді.

Құқық бұзу­ды азай­ту үшін сар­ба­з­дар­ды туы­ста­ры­мен және жақын­да­ры­мен бей­не­бай­ла­ны­спен қам­та­ма­сыз ететін «Отба­сы­мен бей­неқоңы­рау» жоба­лық сер­висі іске қосыл­ды. Бар­лық бөлім­ше­лер­де коман­дир­лер­дің сар­ба­з­дар­дың ата-ана­ла­ры­мен қарым-қаты­на­сы үшін әле­умет­тік чат­тар жұмыс істейді. 

Бар­лық казар­ма­лар­да бей­не­бақы­лау жүй­е­лері, әске­ри поли­ци­я­ның тірек пунк­тері және пси­хо­ло­ги­я­лық жеңіл­де­ту бөл­ме­лері жұмыс істей­ді, күн сай­ын әске­ри поли­ция қыз­мет­кер­лері мен меди­ци­на­лық пер­со­нал­дың қаты­суы­мен тек­се­ру­лер жүргізіледі. 

Осы шара­лар­дың бар­лы­ғы әске­ри ұжым­дар­дағы мораль­дық-пси­хо­ло­ги­я­лық аху­ал­ды жақ­сар­туға, жеке құрам­ның көңіл-күйі мен әске­ри қыз­мет жағ­дай­ын рет­те­у­ге ықпал етеді.

Біздің басты мақ­са­ты­мыз Қару­лы күш­тер сапын толы­қты­рған әрбір жасты батыр баба­мыз Бауы­р­жан Момы­шұ­лы айтқан­дай, «Ел деген­де езіліп, жұмы­лып қыз­мет ететін» нағыз ел қорға­ны етіп тәр­би­е­леп шыға­ру болмақ.

Дина ӘДІЛ,

«D»

Республиканский еженедельник онлайн