Четверг , 3 июля 2025

Заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс

2 қыр­күй­ек күні Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті пала­та­ла­ры­ның бір­лес­кен оты­ры­сы­мен елі­міз­де жаңа сая­си мау­сым бастал­ды.  Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев оты­рыс қаты­су­шы­ла­рын кезек­ті сеси­я­ның ашы­луы­мен құт­ты­қтап, «Әділет­ті Қаза­қстан: заң мен тәр­тіп, эко­но­ми­ка­лық өсім, қоғам­дық опти­мизм» атты Қаза­қстан халқы­на дәстүр­лі Жол­да­уын жариялады.

Қаза­қстан халқы қазір мүл­де жаңа сая­си жағ­дай­да өмір сүріп жатқа­нын айтқан Пре­зи­дент соңғы бес жыл­да ауқым­ды рефор­ма­лар жаса­лып, елі­міздің сая­си жүй­есі түбе­гей­лі өзгер­генін, жұрт­тың сана-сезі­мін­де бет­бұрыс баста­лып, халы­қтың құқы­қтық мәде­ни­еті артып келе жатқа­нын ерекше атап өтті.

«Аза­мат­тар­дың бой­ын­да жаңа әдет­тер, дағ­ды­лар қалып­та­сып, жаңа құн­ды­лы­қтар орны­ғу­да. Сая­си және қоғам­дық бол­мысы­мыз, мен­та­ли­теті­міз және мәде­ни коды­мыз өзге­ре баста­ды. Бір сөз­бен айт­сақ, Әділет­ті Қаза­қстан құры­лып жатыр. Мұның бәрі, ең алды­мен, халы­қтың қала­у­ы­мен жаса­лу­да. Сон­ды­қтан біз алған беті­міз­ден қайт­пай­мыз, бағы­ты­мы­здан тай­май­мыз. Бүгін біз алға қой­ған жос­па­ры­мы­зды пысы­қтап, мақ­сат­та­ры­мы­зды айқын­дай­мыз», – деді ол.

Мем­ле­кет бас­шы­сы қазір жер жүзін­де гео­са­я­си текетіре­стер белең алып тұрға­нын, соған қара­ма­стан Қаза­қстан бей­біт әрі эво­лю­ци­я­лық жол­мен дамып келе жатқа­нын, елі­міз даму­дың жаңа бағ­да­рын бел­гілеп, эко­но­ми­ка­ны әрта­рап­тан­ды­ру ісіне тың сер­пін беріл­генін атап көр­сетіп, инфля­ция бая­у­лаға­нын, ол был­ты­рғы ең жоғарғы дең­гей­ден 2,5 есе төмен­де­генін жет­кізді. Пре­зи­дент сон­дай-ақ елі­міздің халы­қа­ра­лық резерві 100 мил­ли­ард дол­лар­дан асқа­нын, өңдеу өнер­кәсібі тау-кен сала­сы­мен салы­сты­рған­да жыл­дам өсіп келе жатқа­нын айтып: «Біз осы қарқын­ды жоғалт­па­уы­мыз керек. Бұған дей­ін жасалған қолай­лы жағ­дай­ды тиім­ді пай­да­ла­нып, жаңа инве­сти­ци­я­лық кезеңді баста­уы­мыз қажет», – деп түйді.

Қасым-Жомарт Кемелұ­лы қазір нақты сек­торға несие әлі де ойдағы­дай беріл­мей жатқа­нын  айтып, шағын және орта биз­не­сті жет­кілік­ті қар­жы­лан­ды­ру мәсе­лесі де шеші­мін тап­паға­нын, бұл жағ­дай елі­міз­де­гі іскер­лік орта­ның бел­сен­ділі­гіне, эко­но­ми­ка­ның тұрақты­лы­ғы­на және дәй­ек­ті дамуы­на кедер­гі кел­тіріп оты­рға­нын, осы­ған бай­ла­ны­сты Үкі­мет пен Ұлт­тық Банк бір­лесіп, бұл тұрғы­да оңтай­лы шешім­дер ойла­сты­руы, банк­тер­дің эко­но­ми­каға көбірек қар­жы құюы­на жағ­дай жасау қажет­ті­гін ескертті.

 «Біз­ге Банк­тер тура­лы жаңа заң қажет. Бұл құжат­та эко­но­ми­ка­лық бел­сен­ділік­ті қол­дау және фин­тех сала­сын қарқын­ды дамы­ту сияқты өзек­ті мәсе­ле­лер шеші­мін табуы керек. Қазір қол­да­нып жүр­ген заң шама­мен 30 жыл бұрын қабыл­данған. Ол кез­де заман да мүл­де басқа бол­ды. Ашы­ғын айтуы­мыз керек, біз­де рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің кіріс бөлі­гі орын­дал­май жатыр. Бұл – бұры­нғы және қазір­гі Үкі­мет жұмысын­дағы үлкен олқы­лық. Мұн­дай жағ­дай жиі қай­та­лан­са, түп­теп кел­ген­де, елі­міздің дамуын тежей­ді. Сон­ды­қтан оған жол бер­меу қажет. Бюд­жет қар­жы­сын тиім­ді пай­да­ла­нып, оның шығыс бөлі­гін шек­теп, қатаң бақы­ла­уда ұстаған жөн. Үкі­мет Ұлт­тық Банк­пен бір­лесіп, осы мәсе­ле­ге қаты­сты нақты шара­лар қабыл­да­уға тиіс!» – деп түй­ді Президент.

 Мем­ле­кет бас­шы­сы көлең­келі эко­но­ми­ка үлесі жоға­ры дең­гей­де қалып, қар­жы сала­сын­дағы аху­ал­ды ушы­қты­рып тұрға­нын да жасыр­ма­ды. Оны айтар­лы­қтай төмен­де­ту үшін мұқи­ят ойла­сты­ры­лған жан-жақты шара­лар қабыл­дау қажет­ті­гіне де тоқтал­ды. Атап айтқан­да, шека­ра­дағы кеден бекет­теріне қаты­сты бар­лық жұмысты тез ара­да аяқтау қажет. Сон­дай-ақ сыр­тқы сауда опе­ра­ци­я­ла­ры­нан түсетін кірістің басқа елдер­ге заң­сыз өтіп кетуіне жол бер­меу керек!

Қасым-Жомарт Тоқа­ев Үкі­мет алдағы кезең­де атқа­ра­тын басты мін­дет­тер­ді бір­ме-бір атап бер­ді. Соның ішін­де инве­сти­ци­я­лық аху­ал­ды және биз­нес жүр­гізу­ге қажет­ті жағ­дай­ды жақ­сар­ту жолын­да үздіксіз жұмыс істеу,  елі­міздің өнер­кәсіп әле­уетін толық пай­да­ла­ну үшін жан-жақты шара­лар қабыл­дау, инфрақұры­лы­мға қаты­сты өзек­ті мәсе­ле­лер­ді шешу,  ұлт саулы­ғын нығай­ту үшін кешен­ді шара­лар­ды қолға алып, халы­қты әле­умет­тік қол­дау жүй­есін жаңғыр­ту, мем­ле­кет­тік басқа­ру ісінің тиім­ділі­гін барын­ша арт­ты­ру  қажет­ті­гін ерекше ескертті.

Бұл Жол­да­удың үлкен бір жаңа­лы­ғы –  Пре­зи­дент атом электр стан­ци­я­сын салу жөнін­де рефе­рен­дум 6 қазан­да өтетінін және 2025 жыл­ды «Жұмыс­шы маман­ды­қта­ры жылы» деп жариялады. 

Жол­да­уда айты­лған өзек­ті мәсе­ле­лер­дің бірі – қоғам­да заң мен тәр­тіп идео­ло­ги­я­сын терең орны­қты­ру қажет­ті­гі бол­ды. Осы­ған бай­ла­ны­сты: «Біз заң мен тәр­тіп, білім мен пара­сат үстем­дік ететін қоғам құруы­мыз керек. Аза­мат­та­ры, әсіре­се жаста­ры мәде­ни­ет­ті, жаңа­шыл әрі жасам­паз ұлт­тың ұпайы түгел. Сон­ды­қтан біз өрке­ни­ет­ті ел болуға кедер­гі жасай­тын жағым­сыз әдет­тер­ден ары­луы­мыз керек. Халқы­мыз қашан­да кең пей­ілі­мен, толе­рант­ты­лы­ғы­мен ерекше­лен­ген. Елі­міздің басты құн­ды­лы­ғы – бір­лік пен келісім ең алды­мен, осы қаси­ет­тер­дің арқа­сын­да сақта­лып отыр, – деді пре­зи­дент. – Тағы да қай­та­лап айта­мын: біздің қоға­мы­м­ы­зда заң мен тәр­тіп үстем­дік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғам­ның және әр адам­ның қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге қаты­сты ең басты талап. Біз сон­да ғана Әділет­ті, Таза және Қауіп­сіз Қаза­қстан­ды құра аламыз!». 

Республиканский еженедельник онлайн