Четверг , 3 июля 2025

СЕН ҮШІН

Былай қара­саң, ол не әнші, не ком­по­зи­тор емес… Көп орта­да неме­се ресми кон­церт­тер­де оның аты атал­май­ды. Мәде­ни­ет мини­стр­лі­гін­де­гі мықты­лар­дан сұра­саңыз, иығын қиқаң еткі­зуі мүмкін…

         Алай­да саз­гер­мен жол­дас болған, жүз­дескен, оның твор­че­ст­во­сы­мен таныс әншілер­ден ол жай­лы жаман айтқан­да­рын есті­гем жоқ. Иә, ол – өмір­ден ерте кет­кен, ізде­ушісі жоқ, сұра­у­шы­сы шама­лы Ержан Серік­ба­ев. Бірақ уақыт өткен сай­ын, Серік­ба­ев­ты ұмыт­пай, оның әндерін радио, теле­ди­дар­дан, ютуб­тан тың­дай­тын­дар көбей­ме­се, аза­ятын емес. Өзім Ержан­ды бір-ақ рет көрдім. 

         Біздің үйге оны дипло­ма­тия сала­сын­да қыз­мет еткен, Оңтүстік Коре­я­да екі рет елші болған, бүгін­де орта­мы­зда жоқ Дар­хан Бер­да­ли­ев алып кел­ді. Дар­хан толық жігіт. Бірақ сол дома­ланған денесіне қара­май, ұршы­қтай иірілетін пла­сти­ка­сы мықты батыр. Жастау кезін­де бидің түбін түсір­ген дей­ді. Сосын қоңыр дауы­сты кере­мет әнші. Ән салған­да, беріліп жаны­мен, жүре­гі­мен айта­ды. Мүм­кін, содан болар, қашан да өнер адам­да­ры­на үйір. Және оларға қамқор болып жүреді… «Тәке, брат, мына жігіт талант­ты ком­по­зи­тор Ержан Серік­ба­ев» деп таны­сты­рған. «Бұрын біраз ішкен, бірақ қазір татып алмай­ды… «Шым­кент­тің салқын сырасы» деген әннің авторы…

– А‑а, есті­гем, – дедім. Өйт­кені алдын­да ғана Асанәлі Әші­мо­втің 70 жыл­дық той­ы­на капуст­ник жасаған­быз. Мүсіре­пов теат­ры­ның мықты­ла­ры сахна­да ән салып, Асе­кеңе арнағанбыз…

      «Ей, Асе­кем… Өнер­де­гі басе­кем… Жет­піс деген немене… Асе­кем әлі жас екен…» – деп осы әнге биле­гені­міз бар…

Бұл әнде қаза­қи әуез, ойнақы­лық, жеңіл­дік, еркелік, еркін­дік, тіп­ті тен­тек­тік бар. Орыс­ша айтқан­да, «хули­ган­ская пес­ня». Ел ішін­де мұн­дай­ды «көше әні» дейді.

         Ержан ұзын бой­лы, аққұ­ба, жіп­тік­тей тіп-тік екен. Көзін жыпы­лы­қта­тып қыса беретін­дей көрін­ді. Үстін­де көне­леу қара костюм-шал­бар, сұр көй­лек. Бірақ өте бия­зы, көп сөй­ле­мей­тін бір тоға. Тек бас изеп үнсіз отыр­ды. Дар­хан да, мен де сөз­ге дес бер­мей оты­рған­нан ба, әлде екі «алып­тың» орта­сын­да ыңғай­сыздан­ды ма, шешіл­меді. Дәм­нен алған жоқ. Алды­на кұй­ы­лған вис­ки­ге «қой­ған­мын, аға» деп, қол тигіз­беді. Маң­дайы тер­леп, маза­сы бол­ма­ды. Қай­та-қай­та сыр­тқа шығып келеді. Темекі тарт­ты-ау деп шама­ла­дым. Біз Дар­хан еке­уміз әңгі­менің , өткен-кет­кен тарих­тың басын біраз қай­ыр­дық. Аздан соң Дар­хан: «Ере­ке, ән сал­шы… мына Такең сені естісін», – деп қолқа салған. Ержан­ның дауы­сын ерекше деу­ге кел­мей­ді. Клас­си­ка­лық емес қаза­қи дауыс. Оның үстіне тамағын­да сәл-пәл қырыл бар. Аты әлем­ге әйгілі Хулио Игле­си­а­стың үнін­де осы қырыл бола­тын. Вла­ди­мир Высоц­кий­де осы «про­ку­рен­ный голос» бар. Тенор, лири­ка­лық тенор­дан гөрі дра­ма­лық тенорға жақын…

      Ержан әнді жалға­стыр­ды… Әннің аты… «Сен үшін» екен. Есті­ме­ген ән… Сөзі мән­ді, мағы­на­лы. Әсіре­се әншінің үнін­де, әуезін­де адам­ды иірип ала­тын бір сиқыр бар.

     Жақ­сы әнді мен кей­де көзім­ді жұмып тың­дай­мын. Шама­сы, ұста­зы­мыз Асқар Тоқ­па­но­втан үйрен­ген болар­мыз. Қазір де сол… Жан-жүре­гің жапан­да қалып, жау­таң­дап, жылам­сы­рап оты­рған­да, қараңғы­да от алып шыққан досы­ң­дай… бел­гісіз сезім селт ете қалған… Той әні емес… Екі иықты жұлып жеп билей­тін ырғаққа кел­мей­ді. Керісін­ше – әрі мұң, әрі наз.

         Ақ бұлт­тан мой­ны­на ора­мал тар­тқан Ала­та­уға қарап… үнсіз тұрған ару­дың ту сыр­ты­нан құшақтап, шашы­нан, мой­ны­нан иіс­ке­ген үнсіз сәт. Сұлу қыздың өн бой­ы­нан, сау­сағы­нан, шашы­нан шашы­лған фран­цуз жұпа­ры­ның иісі тәрізді… Әлде балау­са қыздың тер­ле­ген тере­зе­де­гі бұл­дыр бей­несі. Бол­ма­са Эйфель мұна­ра­сы­на енті­гіп кел­ген Сена­ның желін­дей. Санам­ды соқыр музы­кант-сезім бел­гісіз бір дүни­е­ге алып кет­кен… Біз осы­лай еш күт­пе­ген, аңда­маған, тоспаған, ойла­маған, аяқ асты­нан тап болған таңға­жай­ып күй­ге  бөлен­дік. Әннің қай­ыр­ма­сы тағы қайталанған: 

«Бүкіл әлем құл­пы­ра­ды сен үшін,

         Ән сала­ды бұлбұл­да­ры сен үшін. 

Жүре­гі­ме жыр тұна­ды сен үшін,

 Сен үшін бәрі, сен үшін!.. 

Тағы да ойың ойы­ң­ды қуып, есі­ме қай­дағы-жай­дағы түсті… Жасын кез­дер – қою қара түн­ді тіл­гіле­ген най­за­ғай­дың отын­дай, бол­ма­са дауыл тұрар шақтағы тыл­сым кезең іспет­ті неме­се жалаң аяқ, жалаң бас, ұйқы­лы-ояу таңғы шыққа тап болған­дай ма қалай?!

Ержан әні әуелеп, кең бөл­ме­ге сый­маған­дай, біз­дер­ді басқа дүни­е­ге сан апа­рып, сан әкеліп саңқыл­дай бер­ген. «Сен үшін бәрі, Сен үшін…». Шын ақын­ның, тума талант ком­по­зи­тор­дың жаны­нан жарып шыққан, жо-жоқ, бұл тір­кесте образ жоқ. Сурет… апам­ның ақ самауы­ры­нан аспанға асы­ққан ұшқын­дар, мың сан кіш­кен­тай оттың ұшқын­да­ры бір­те-бір­те түтін­ге айна­лып, мына мамыр дүни­е­ге маңып бара­ды. Сен үшін…  Мың сан оттың, жанып ұшқан жалын­ның мына таза дүниені ласта­мас үшін, көз жет­кісіз көк тоғай­ға ішін­де­гі аң-құс барын ұғы­нып, олар­ды үркіт­пес үшін өздері шала жанып, түтін­ге, буға айналға­ны да «Сен үшін!» деген­дей. Апыр­ма-ай, Ержан-ай! 

         Апыр­ма-ай, Ержан-ай дей­мін іштей. Осы уақы­тқа дей­ін сені қалай біл­ме­гем?! Қалай­ша есті­ме­гем?! «Шым­кент­тің салқын сырас­ын» тың­даған­мен, артын­да осын­дай «Халық» авто­ры барын неге түсін­бе­ген­мін?! Ержан, Ержан. Бау­кеңнің неме­ресі­мен аттас Бақыт­жан көкем­нің ұлын­дай. Біз сол кеш­те жаңа таныс «көше ком­по­зи­то­ры­мен» сыр шер­тісіп оты­рға­ны­мыз жоқ. Бірақ іштей ұғы­ны­сқан сияқтымыз.

         Иә, кей­де солай бола­ды. Ешқа­шан кез­дес­пе­сең де, жолы­қ­па­саң да, ол адам­ды бұрын­нан білетін секіл­дісің. Сенің сонау бала кезің­де бір­ге ойнаған, мек­теп­ке барған­да қасы­ң­да оты­рған­дай. Басқа көшенің бұзы­қта­ры­мен төбе­ле­с­кен­де, арқаң­ды оның жот­а­сы­на тіреп, қорқақты­қтан ада боп, досы­ң­ның бары­на күшей­іп, күдірей­іп шыққа­ның – осын­дай сері­гіңе сен­генің… Қазір де солай. Сол үшін де ондай жан­дар­мен даб­ыр­лап, даңға­за­ла­нып сөй­ле­судің қажеті шама­лы. Өйт­кені ол да сені дәл қазір танып жатыр, тауып жатыр. Мұн­дай­да үнде­ме­ген жарасымды.

Музы­ка­да кей кез­де үнсіздік бола­ды. Өйт­кені пау­за­да да әуен бар, әуез бар, жой­қын күш бар. Бірақ оны түсі­ну үшін, тың­дау үшін, жүрек­тің құлағы мен бұлағы болуы шарт. Иә, біз осын­дай күй­де бол­дық… Бізді осын­дай сиқы­рға бөле­ген Серік­ба­ев болатын…

Түн орта­сы ауған­да Дар­хан «қай­тай­ық» деді. Мен Ержанға түсір­гелі жатқан «Менің күнәлі пері­ш­тем» филь­міне ком­по­зи­тор бол дедім. Ержан мұн­дай­ды күт­пе­ген екен, аузы ашы­лып, бір қысы­лып, бір тер­леп, менен күт­пе­ген сый есті­геніне риза болып, ыржы­ң­дай бер­ді. «Сен үшін­нің» авто­рын мен осы­лай бірін­ші және соңғы рет көрдім.

         Өнер ада­мы неғұр­лым талант­ты бол­са – соғұр­лым қорған­сыз бола­ды. Олар өмір­ге ебе­дей­сіз, олақ келеді. Сон­ды­қтан болар, мына қатыг­ез уақыт­та Талант­тар төр­де емес, босаға­да жүреді. Қазір дарын­дар­дың кезі емес – «горн­дар­дың» кезеңі…

Кей­ін Ержанға бір­не­ше рет теле­фон соқтым, көтер­меді. Соңғы звон­даға­ным­да: «Аға, кешіріңіз­ші, қолым­нан кел­мей­тін сияқты…» – деді. Шама­сы бұл уақ Ержан­ның тағы да «дем алып жүр­ген» кезең­дері ме, біл­медім. Бір түсініксіз жайт – осы аза­мат қай­тыс бол­ды деп есті­ген­де, таң қал­ма­дым. «Уақы­ты кел­ген екен-ау!» – дегем. Өйт­кені талант­тар­дың тағ­ды­ры қашан­да осы­лай… А. Пуш­кин де, С. Есе­нин де, біздің Жұма­тай мен Жарасқан да – ылғи жар жаға­лап жүр­ген­дер бола­тын… Ержан да сол жар жаға­лап, жалқы өмір кеш­кен дарын­дар­дың бірі де бірегейі…

         Неге екенін біл­мей­мін, есі­ме бала кез­де­гі бір көрініс түсті.

         Біздің үйдің аула­сын­да жүзім өсетін. Жүзім әрі көлең­ке, әрі қалқа. Көбіне астын­дағы киіз сыр­мақ төсел­ген көр­пе­де кітап оқи­мын. Шай ішетін жазғы жер… Июль­дің соңын­да қара жүзім, қызғы­лт жүзім бада­на­дай боп піседі. Аузы­ңа сал­саң, шай­на­удың кере­гі жоқ. Осы кез­де ауыл­дағы ара біт­кен біздің аулаға жина­ла­ды. Сон­дай күн­нің бірін­де менің төбем­де­гі жүзім­ге бір ара кеп ызы­ң­даған, не отыр­май­ды, не ұшып кет­пей­ді. Тыны­шты­қты бұзған «әні­мен» шырын толған жүзім­ді айна­ла береді, айна­ла береді. Күн­ге шағы­лы­сқан қоңыр сары қанат­та­ры нәзік те әде­мі. Табиғат сурет­шінің ғажай­ып туындысы… Бір сәт әлгі ара жүзім­ге қонақтай бер­ген. Көше жақтан біре­удің ысқы­ры­ғы естіл­ді. Есті­сем де, үнде­ген жоқ­пын. Дәл қазір ерін­шек­ті­гім ұстап, есі­неп жатқам… Енді ысқы­рық жақын­нан шықты. Біре­улер­дің күл­кісі, сосын бір­деңе тарс ете қал­ды. Мүм­кін, тарс етпе­ген де болар. Бірақ маған солай көрін­ген. Әлгі төбем­де сал­бы­рап тұрған жүзім­нің үш-төр­те­уі жер­ге шашы­лып түсті. Тып-тыныш… Тек бір тал жүзім қозғалған­дай. Жаңағы ара екен. Рога­тка­ның тасы тиіп­ті. «Ей, таба­риш, адаш, қай­да­сың?». Бұл ауыл­дағы бере­кесіз Бөрік­бай­дың дауы­сы. Оқы­май қалған, қызған­шақ. Тырқ-тырқ күледі. Ал мен аңы­рып, тоқ ұрған­дай тұрып қалғам. Әзір­де ғана ызы­ң­дап, мына шыры­нға қона алмай зыр айналған таныс ара қанат-қолы қимыл­дап жер­де жатыр… Әлгін­де­гі ызы­ңы естіл­мей­ді. Бай­ғұс жән­дік неге сон­ша бұл шыры­нға өшік­ті екен? Ұшып кет­пей, соңғы демі біт­кен­ше неге сон­ша ызы­ң­да­ды екен?! Бұл менің моно­ло­гым болар, шамасы…

    Ала­штың арда ақы­ны Қадыр көке­міздің бір өлеңі бар: «Не керек кішісің бе, ірісің бе, Қал­дыр­май еске­русіз бір ісін де. Өлгенін, жер­лен­генін күтіп жүр­мей… Талант­ты баға­лаң­дар тірісін­де». Қадыр қалай айтқан! Құд­ды Ержанға айтылғандай…

         Айт­пақ­шы, Ержан Серік­ба­ев­тың артын­да көп те емес, аз да емес – біраз мұра­сы қал­ды… Тек тере біл­ген ада­мға біраз жақұт жатыр… Бүкіл әлем құл­пы­ра­ды сен үшін… Иә, бұл Ержан­ның әле­мі. Бүкіл әлем­ді құл­пыр­та­тын осын­дай Талант­тар болар…

Сен үшін болар…

Талғат ТЕМЕНОВ,ҚР Халық артисі, режиссер

Республиканский еженедельник онлайн