Четверг , 3 июля 2025

ТАМАРАНЫҢ «ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ» ДА ТАҚЫРҒА ОТЫРҒЫЗДЫ

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың назарына!

Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың тап­сыр­ма­сы­мен жасалған «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы көші-қон сая­са­ты­ның 2023–2027 жыл­дарға арналған тұжы­рым­да­ма­сы» Үкі­мет­тің 2022 жылғы 30 жел­тоқ­сан­дағы № 961 қаулы­сы­мен бекітіл­гені бел­гілі. Жұрт, әсіре­се Ұлы көш­ке мүд­делі қауым өте жақ­сы біледі, осы «Тұжы­рым­да­ма­ның» жоба­сы талқы­ға түс­кен күн­нен бастап шу шыққан бола­тын. Себебі «Тұжы­рым­да­ма­ның» төр­тін­ші бағы­тын­дағы «…Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­ты­ғын алу үшін кемін­де 5 жыл тұру мерзі­мін еске­ре оты­рып, «қан­дас» мәр­те­бесін беру тәр­тібін қай­та қарау қажет» деген тұсы біздің қат­ты нара­зы­лы­ғы­мы­зды тудырды.

Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың 2022 жылғы Жол­да­уын­дағы «Бұл орай­да демо­гра­фи­я­лық және эко­но­ми­ка­лық үрдістер­ді еске­ру керек. Сон­дай-ақ жал­пы­ұлт­тық мүд­дені бас­шы­лы­ққа алу өте маңы­зды», – деген нұсқа­уы­на пысқы­рып та қара­ма­стан, Тама­ра Дүй­се­но­ва­ның аталған «Тұжы­рым­да­ма­сы» мен № 234 Бұй­ры­ғы арқы­лы Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стр­лі­гі ақы­ры өздерінің арам ойла­рын, қара ниет­терін жүзе­ге асы­рып тынды.

Атап айтар болсақ:

– «Халы­қтың көші-қоны тура­лы» заңын­дағы аты шулы 20-бап­тың 5‑тармағы арқы­лы Үкі­мет айқын­даған сегіз облы­стан өзге тоғыз облыс пен Алма­ты, Аста­на, Шым­кент – үш қалаға өз беті­мен көшіп келіп қоны­станғы­сы келетін этни­ка­лық қаза­қтарға «Қан­дас» мәр­те­бесі беріл­мей­тін етіп таста­ды, сөй­тіп олар­ды қоны­ста­на­тын өңірін таң­дау құқы­ғы­нан айыр­ды, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­ты­ғын алуын шектеді;

– Бұрын бес жұмыс күні ішін­де беріліп кел­ген «Қан­дас» мәр­те­бесін отыз бес күн­де берілетін етіп, жаңа тәр­тіп енгізді;

– «Ата Жолы» кар­та­сы жоба­сын айна­лы­мға енгіз­гені­мен, аталған кар­та­ны алған этни­ка­лық қаза­қтар­дың құқы­қта­ры мен мін­дет­тері заң­мен бекітіл­ме­ген болып шықты;

– «Халы­қтың көші-қоны тура­лы» заңы­ның 21–1‑бабының 2‑тармағында «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аумағын­да тұра­тын қан­дастар­дың жесір­лері мен олар­дың ортақ бала­ла­ры өздерінің отба­сы мүше­лерін қан­дастар­ды қабыл­да­удың өңір­лік кво­та­сы­на енгі­зу тура­лы өтіні­шпен жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дарға жүгіне ала­ды және олар­дың осы Заң­ның 19–1‑бабында айқын­далған тәр­тіп­пен оған енгізілу­ге құқы­ғы бар» – деп ашық жазы­лға­ны­на қара­ма­стан, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры – Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стрінің 2023 жылғы 22 мау­сым­дағы № 234 бұй­ры­ғы арқы­лы қан­дастар­дың жесір­лерін тұрғын үй құны­ның 50% мөл­шерін­де, бірақ 1 160 АЕК-тен асыр­май берілетін эко­но­ми­ка­лық мобиль­ділік сер­ти­фи­ка­ты­нан айы­рып тастады…

Бұл тура­лы өткен жыл­дың 22 қыр­күй­е­гін­де «Тама­ра­ның тал­тай­ып тұрып қабыл­датқан заңы­ның сиқы…» атты мақа­ла жазып бастаған­быз, міне, бір жыл бол­ды, тын­бай жазып та, айтып та келе­міз. Тың­даған, қапе­ріне алған бір пен­де болған жоқ!

Біз Тама­ра Дүй­се­но­ва­ның «Тұжы­рым­да­ма­сы» мен Бұй­ры­ғы­ның құқы­қтық жағы­на баса мән беріп, үне­мі осы қателік­тер­ді түзе­ту тура­лы мәсе­ле көтер­дік. Сөйт­сек, оның эко­но­ми­ка­лық жағын­да да зор ақау бар екен. Енді бұл екі құжат­тың Ұлы көшті тоқта­ту­ды ғана мақ­сат етпей, мем­ле­кет­тің қазы­на­сын тона­уға да бағыт­та­лып, арнайы қабыл­данға­ны бел­гілі бол­ды. 12 қыр­күй­ек күні Бас про­ку­ра­ту­ра қоныс ауда­ру бағ­дар­ла­ма­сы­на бөлін­ген бір мил­ли­ард­тан астам тең­генің ұрланға­ны тура­лы ақпа­рат тарат­ты. Бас про­ку­ра­ту­ра жари­я­лаған ақпа­ратқа қараған­да, қоныс ауда­ру­шы­лар болып жалған адам­дар есеп­ке алы­нған, ал құжат­тар төмен баға­мен сатып алы­нған, көрі­неу тұруға жарам­сыз неме­се апат­ты ғима­рат­тарға рәсім­дел­ген. Кей­бір жағ­дай­лар­да аза­мат­тар өздерінің құжат бой­ын­ша қоныс ауда­ры­лға­нын біл­ме­ген де.

«Мұн­дай фак­тілер ШҚО, Қараған­ды, Ақмо­ла, Қоста­най, Абай және Ұлы­тау облы­ста­рын­да аны­қтал­ды. Мыса­лы, Пав­ло­дар облы­сы­ның Успен ауда­нын­да «Еңбек мобиль­ділі­гі орта­лы­ғы» КММ-нің қыз­мет­кері арзан үйлер­ді тауып, қоныс ауда­ру­шы­ларға жоға­ры баға­мен сату­ды ұсы­нып, мем­ле­кет­тен алы­нған қара­жат­тың бір бөлі­гін өзіне қал­ды­рып оты­рған…» – деп жазы­лған аталған ақпаратта.

Бұл жемқор­лы­ққа даңғыл жол ашқан – Тама­ра Дүй­се­но­ва қол қой­ған «Жұмыс күшінің ұтқыр­лы­ғын арт­ты­ру үшін адам­дар­дың ерік­ті түр­де қоныс ауда­ру қағи­да­ла­рын бекіту тура­лы» № 234 бұй­ры­ғы, «Эко­но­ми­ка­лық мобиль­ділік сер­ти­фи­ка­ты отба­сы­на, сон­дай-ақ осы Қағи­да­лар­дың 66-тар­мағы­ның екін­ші бөлі­гін­де көз­дел­ген адам­дарға тұрғын үй құны­ның 50% мөл­шерін­де, бірақ 1 160 АЕК-тен асыр­май беріледі…» – деген норма!

12 қыр­күй­ек­тен бері бұл келеңсіздік­ті елі­міздің іші-сыр­тын­дағы ақпа­рат құрал­да­ры жары­са жазу­да. Ресей­лік БАҚ-тар: «Қаза­қстан­ның оры­сы көп өңір­лер­ді қаза­қы­лан­ды­ра­мыз деген бағ­дар­ла­ма­сы­ның қара­жа­тын шене­унік­тері жеп қой­ып­ты…» – деп, біздің Үкі­мет­ті келе­междеп жатқан көрінеді.

Сөй­тіп, «жал­пы­ұлт­тық мүд­дені бас­шы­лы­ққа алу өте маңы­зды» – деп тап­сыр­ма бер­ген Тоқа­ев­ты екі жылға жет­кіз­бей Тама­ра Дүй­се­но­ва­ның «Тұжы­рым­да­ма­сы» мен Бұй­ры­ғы да тақы­рға оты­рғы­зды. «Да» деген шыла­уды тек­ке қосып оты­рған жоқ­пыз. Бұдан бұры­нғы «Бағ­дар­ла­ма­лар» арқы­лы қан­дастарға арнап салған үйлер­дің де сапа­сы жетісіп тұр­маға­ны бел­гілі. Олар­дың да ақша­сы тоналға­нын жұрт­ты қой­ып, Пре­зи­дент­тің өзі өте жақ­сы біледі.

Естеріңіз­де бол­са, Қасым-Жомарт Кемелұ­лы «Казах­стан­ская прав­да» газетінің 2021 жылғы 24 мамыр күн­гі шыға­ры­лы­мын­да жари­я­ланған «Залож­ни­ки рав­но­ду­шия» атты мақа­ла­да айты­лған мәсе­ле­ге назар ауда­рып, Пре­зи­дент әкім­шілі­гіне «Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы Айыр­тау ауда­ны­на қоныс аударған аза­мат­тарға арна­лып салы­нған тұрғын үйлер­дің сапа­сын тек­се­ру тура­лы» тап­сыр­ма бер­генін, «Тек­се­ру жұмыста­ры­ның қоры­тындысы бой­ын­ша тиісті шара қол­да­ну­ды» тап­сы­рға­нын Пре­зи­дент­тің сол кез­де­гі Бас­пасөз хат­шы­сы Берік Уәли Facebook-тегі парақ­ша­сы арқы­лы хабар­лаған болатын.

Көп өтпей, Пре­зи­дент тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша жүр­гізіл­ген тек­се­ру­лер­дің қоры­тындыс­ы­на сәй­кес, мақа­ла­да кел­тіріл­ген деректер рас­та­лып, Айыр­тау және Есіл аудан­да­ры­ның әкім­дері қыз­мет­тері­нен алын­ды. Облыс әкі­мінің орын­ба­са­ры, жұмыспен қам­ту және әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­ды үйле­сті­ру жөнін­де­гі облы­стық басқар­ма­ның бас­шы­сы, сон­дай-ақ бес аудан­ның әкім­дері тәр­тіп­тік жау­а­пқа тар­ты­лға­ны хабар­ла­нып, бұл іс соны­мен тынған.

Одан арғы жыл­дар­дағы «Бағ­дар­ла­ма­лар­ды» еске алсақ, сай­да саны, құм­да ізі ғана қалған марқұм Бер­ді­бек Сапар­ба­ев­тың атақты «Нұр­лы көш» афе­ра­сы жатыр.

Одан ары­ға көз сал­саң, заң­сыз беріл­ген жер­ге салы­нған деп таны­лып, 20 жыл­дан кей­ін үйлері сүрі­ле бастаған Зауыт­бек Тұры­с­бек­тің әйгілі «Асар» бағ­дар­ла­ма­сы арқы­лы салы­нған «Асар» шағын ауда­ны мұнартады…

Айты­ңыз­шы, бүгін­ге дей­ін көші-қонға қаты­сты жасалған «Бағ­дар­ла­ма» мен шыға­ры­лған Бұй­рық ата­улы­ның оңған біре­уі бар ма өзі?!! Ұлы көштің маң­дай­ы­на бұй­ы­рған «Бағ­дар­ла­ма» мен Бұй­рық біт­кен­нің бәрі жемқор­лы­ққа, мем­ле­кет­тің ақша­сын ұрла­у­ға, тона­уға бағыт­та­лып, арнайы жаса­лып, шыға­ры­лып келеді. Әрі оны жасаған мини­стр­лер мен бекіт­кен пре­мьер­лер­дің жау­а­пқа тар­ты­лған біре­уі де жоқ! Кілең «Айран ішкен құты­лып, шелек жалаған тұты­лу­мен» Ұлы көштің өмірі зымы­рап өтіп барады…

Егер бірер «Тұжы­рым­да­ма­дан» неме­се бірер Бұй­ры­қтан осын­дай ши шығып жат­са, оны «Бай­қа­у­сызда кет­кен қателік» деп қара­уға бола­тын шығар, бірақ ешқа­шан кешіру­ге бол­май­ды! Ал «Бағ­дар­ла­ма» мен Бұй­рық біт­кен мем­ле­кет­тің ата­у­лы қар­жы­сын осы­лай тонау мен тала­у­ға ұшы­ра­тып жат­са, оны қалай түсі­ну­ге неме­се түсін­діру­ге бола­ды?!! Бәлен­бай қол­дан өтіп барып бекітіл­ген «Тұжы­рым­да­ма­дағы» неме­се Бұй­ры­қтағы жемқор­лы­ққа даңғыл жол ашып тұрған осы­нау шикілік­ті солар­дың біре­уі біл­меді, көр­мей қалып­ты деген­ге үлкен адам­ды қой­ып, баста­уыш сынып­тың бала­сын сен­ді­ре ала­сың ба?!

Артық айт­сам кешіріп қой­ы­ңы­здар, бүгін­гі атқа­ру­шы билік­тің бас­шы­ла­ры да Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың манағы «Жал­пы­ұлт­тық мүд­дені бас­шы­лы­ққа алу өте маңы­зды!» деген тап­сыр­ма­сын «бір жер­леріне» қысты­рып оты­рған жоқ! Керісін­ше, сол Қасе­кеңнің өз сөзі­мен айтсақ,қазір де «заң шыға­ру қыз­меті тақы­рып­тық жағы­нан тары­лып, заң­дар арқы­лы ведом­ство­лық, сала­лық, өңір­лік және басқа да мем­ле­кет­тік ауқым­нан тыс мүд­де­лер­ді қанағат­тан­ды­ру үрдісі туын­дап отыр…» (Қ.-Ж. Тоқа­ев­тың Сенат төраға­сы болып тұрған кезін­де өткен Үкі­мет саға­тын­да сөй­ле­ген сөзі, 24.09.2018 жыл).

Демек, бұлар – бірі­мен-бірі жең ұшы­нан жалғасқан кілең сыбай­ла­стар! Рефор­ма жаса­дық деп қан­ша айғай­лаға­ны­мы­з­бен, әлі ештеңе өзге­ре қой­ған жоқ. Бәрі баяғы күй­ін­де тұр!

Көші-қон сая­са­ты­ның 2023–2027 жыл­дарға арналған осы «Тұжы­рым­да­ма­сы­ның» жоба­сы жари­я­ланған сәт­тен бастап, мен Тама­ра Дүй­се­но­ваға хат жазып, «Құр­мет­ті Тама­ра Босым­бекқы­зы, Өзіңіз басқа­рып оты­рған мини­стр­лік­тің қасы­нан құры­лған Жұмыс тобы­на Рақым Айы­пұ­лы, Қай­рат Бода­ухан үше­уі­мізді қосы­ңыз­шы!» – деп, жалы­ну­мен болдым.

Тама­раға сөзім өтпе­ген соң, «Көші-қон сая­са­ты­ның 2023–2027 жыл­дарға арналған тұжы­рым­да­ма­сын жаса­уға, сон­дай-ақ Мәжілісте­гі Жұмыс тобын­да болып, заң­на­ма­лар­ды рет­те­у­ге көмек­те­суім үшін мүм­кін­дік жасап беруіңізді сұрай­мын. Құзыр­лы орган­дар­мен сәй­кестен­ді­ре оты­рып, мем­ле­кет пен халы­ққа тиім­ді кемел­ді бағ­дар­ла­ма жаса­уға дай­ы­н­мын!» – деп, Пре­зи­дент­тің аты­на да хат жазыппын.

Қалай десек те, Рақым, Қай­рат үше­уміз екі мем­ле­кет­те өмір сүріп көр­ген, осы көші-қон сая­са­ты­ның айна­ла­сын­да ұзақ жыл­дар­дан бері келе жатқан тәжіри­белі маман­дар­мыз ғой. Мем­ле­кеті­міз­ге пай­да­мыз тиме­се, кесірі­міздің тимесі анық. Жемқор­лы­ққа жол бер­мей­тін жоба жасап беру­ге біз дай­ын­ды­ғы бар жігіттерміз…

Оны қой­ып, Тама­ра ханым менің 2013 жыл­дан бері Қазақ көшін Тимур Құлы­ба­ев пен Кәрім Мәсі­мо­втың темір теге­уірі­нен аман алып қалуға, Көші-қон үрдісін рет­те­у­ге арналған заң­дар мен нор­ма­тив­тік құжат­тарға еле­улі өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгізу­ге қалай ықпал еткенім­ді өте жақ­сы біледі. Неге екенін біл­мей­мін, бірақ ол бұл жолы бізді маңы­на жолатқан жоқ!

Пре­зи­дент­ке жазған хаты­мы­зды да бір опа­сыз қол­дар иесіне жет­пе­ген күйі, Тама­ра басқа­ра­тын мини­стр­лік­ке қарай сырғы­та сал­ды… Сон­дағы Тама­ра Дүй­се­но­ва­ның жасаған «Тұжы­рым­да­ма­сы» мен шығарған Бұй­ры­ғы­ның түрі – мынау!

Міне, «Тұжы­рым­да­ма­сы» діт­те­ген бес жыл тұр­мақ, екі жылға жет­пей­тін уақыт­тың ішін­де халы­қтың қан-тері­мен кел­ген бір мил­ли­ард­тан астам тең­гені жел­ге ұшырды.

Бекер оба­лы кәне, Қасым-Жомарт Кемелұ­лы пре­зи­дент болға­лы, Көші-қон, шет­те­гі қан­дастар мәсе­лесіне он бір мәр­те қай­ы­ры­лып, Үкі­мет­ке тама­ша тап­сыр­ма­лар мен кере­мет нұқа­у­лар беруін бер­ді-ақ. Асқар Мамин мен Әли­хан Смай­ы­лов басқарған Үкі­мет соның біре­уін атқарған жоқ. Керісін­ше, Ұлы көшті тоқта­туға барын сал­ды және ол про­цесс әлі жалғасуда!

Қай­рат Бода­ухан деген­нен еске түседі, кезін­де Моңғо­ли­ядан кел­ген қан­да­сы­мыз, бел­гілі қоғам қай­рат­кері Қай­рат Бода­ухан анау жылы Үкі­мет­тен бір тиын қара­жат алмай, Алма­ты­ның шеті­нен 230 отба­сы­на арналған «Бай­бесік» деген жаңа ауыл құрып шықты. Қазір сол «Бай­бесік» Алма­ты­дағы ең ауқат­ты ауыл­дар­дың біріне айна­лып, тұрғын­да­ры бай-бақыт­ты өмір сүріп жатыр.

Сосын Қай­рат Бода­ухан мыр­за Аста­на­ның шеті­нен кілең екі қабат­тық кот­те­дж­ден тұра­тын «Нұр­бесік» атты 220 отба­сы­лық тағы бір шағын аудан құр­ды. Оған да Үкі­мет­тің соқыр жар­мағын шығын­даған жоқ, өз беті­мен жүзе­ге асыр­ды. Құры­лы­сы 2007 баста­лып, алға­шқы үйлері 2015 жыл­да­ры қол­да­ны­сқа бері­ле бастаған сол «Нұр­бесік­тің» құжат­та­рын Аста­на қала­сы­ның әкім­ді­гі рәсім­деп бер­мей, он жыл­дан астам сар­саңға салға­нын бүкіл дүние жүзі біледі.

Қай­рат Бода­ухан мен «Нұр­бесік» тұрғын­да­ры­ның он екі жыл бойы Аста­на­да қақ­паған есі­гі, бар­маған бас­шы­сы қалған жоқ. Тіп­ті екі Пре­зи­дент­тің аты­на қан­ша­ма хат­тар жазға­ны­мен, ондағы­лар ол хат­та­рын діт­те­ген жеріне жет­кіз­бей қасарысты…

Құдай тіле­уіңді бер­гір Жеңіс Қасым­бек Аста­на қала­сы­на қалай әкім болып кел­ді, «Нұр­бесік­тің» бағы солай жанып сала бер­ді. Мың болғыр Жеңіс Мах­мұтұ­лы 2023 жыл­дап бастап аталған ықшам аудан тұрғын­да­ры­на бас­па­на­ла­ры­ның құжат­та­рын заң­да­сты­ру­ды баста­ды. Сөй­тіп, біздің атқа­ру­шы билік Қай­рат Бода­ухан­ның сол бай тәжіри­бесін, шығын­сыз дай­ын жоба­сын мем­ле­кет­тің мүд­десіне пай­да­ла­ну­дың орны­на, қара­лау ком­па­ни­я­сын ұйым­да­сты­рып, бәлеқор-жалақор­лар­ды айдап салып, оның соңы­нан ит қосып қуу­мен бол­ды ғой.

Қай­ре­кең жігіт екен, былқ еткен жоқ. Атқа­ру­шы билік­тің сол иттік­терінің бәріне шыда­ды. Аста­наға әкім болып иман­ды, әділет­ті тұлға келіп еді, міне, жеңіп шықты…

***

Мем­ле­кет бас­шы­сы «Адал аза­мат» кон­цеп­ци­я­сын алға қой­ып, оған «Жақ­сы қаси­ет­тер­ге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жол­мен жететін, адал­дық пен әділ­дік­ті бәрі­нен биік қоя­тын адам!» деген аны­қта­ма бер­ді. Сөй­тіп, «Адал аза­мат­тарға» сүй­еніп, «Жаңа, Әділет­ті, Таза Қаза­қстан» құру­ды қолға алды.

Пре­зи­дент­тің бұл кон­цеп­ци­я­сын елі­міздің бас идео­ло­гы: «Бұл – қан­дай да бір қатып қалған қағи­да­лар­ды үгіт-наси­хат арқы­лы жасан­ды түр­де жап­пай санаға сіңі­ру емес, керісін­ше, біздің қоғам­ның руха­ни бір­лі­гін нығай­та түсетін шынайы құн­ды­лы­қтар­ды дәріп­теу деген сөз», – деп түсін­дір­ді бізге.

Енде­ше біздің қоғам­ның руха­ни бір­лі­гін нығай­та түсетін шынайы құн­ды­лы­қтар­ды дәріп­тей­тін сол «Адал аза­мат­тар» ең алды­мен Пре­зи­дент­тің айна­ла­сы­на топ­талған деп біледі жұрт!

Соның бірі әрі біре­гейі – Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­тіне ішкі сая­сат сала­сы бой­ын­ша стра­те­ги­я­лық ұсы­ны­стар­ды тұжы­рым­дай­тын жігіт, тағы бірі – Тама­ра Дүй­се­но­ва және біре­уі – сол кез­де­гі Пре­зи­дент әкім­шілі­гі төраға­сы­ның көші-қон сала­сы­на жетек­шілік еткен орын­ба­са­ры, қазір бір мини­стр­лік­ті басқа­рып оты­рған әнеу сұлу келін­шек бол­са керек! Оған апа­рып, осы «Тұжы­рым­да­ма­ны» бекіт­кен кез­де­гі Пре­мьер-мини­стр­ді, қазір­гі Жоға­ры ауди­тор­лық пала­та­ның төраға­сын да қосып қойыңыз.

Осы­нау бір мил­ли­ард­тан астам тең­гені қол­ды қылуға даңғыл жол ашып бер­ген «Көші-қон сая­са­ты­ның 2023–2027 жыл­дарға арналған тұжы­рым­да­ма­сы» мен № 234 Бұй­рық жалғыз мини­стр­дің – Тама­ра Дүй­се­но­ва­ның ғана қолы­нан шықты десек, бұл барып тұрған әділет­сіздік болар еді. Ол «Тұжы­рым­да­ма» мен № 234 Бұй­рық жоға­ры­да біз лау­а­зым­да­ры мен атын атаған тұлға­лар­дың бәрінің алды­нан өтті.

Біз күн­діз-түні дуыл­да­тып сынап келе­міз. Олар­дың біре­уі мыңқ еткен емес! Қазір де бет­тері бүлк етпе­стен билік­те ома­лып-ома­лып отыр. Бірақ біздің сол жанай­қай­ы­мы­зды ең кемін­де ол кісілер­дің құлақта­ры шал­ды ғой… Сол үшін олар­дың да жау­ап­кер­шілі­гі бар!

Егер олар­дың бой­ын­да «Ұят», «Ар», «Намыс» деген қаси­ет­тер бол­са, қоныс ауда­ру бағ­дар­ла­ма­сы­на бөлін­ген бір мил­ли­ард­тан астам тең­генің ұрланға­ны тура­лы ақпа­рат тараған күн­нің ертесі Тама­ра Дүй­се­но­ва бастап, бір­ден ары­зда­рын жазып, Пре­зи­дент пен Ұлы көш­ке мүд­делі қауым­нан кешірім сұрап, өз ерік­тері­мен қыз­мет­тері­нен түгел кету­лері керек қой! Жоқ, бұлар әйте­уір билік­ке бір ілініп алса бол­ды, сүй­ретіліп, ілініп-салы­нып жүре береді екен. Бүгін мына қыз­мет­тен кет­се, ертең сығы­рай­ып ана крес­лоға барып қон­жия кете­ді екен. «Құр­мет­ті Пре­зи­дент, мына қыз­мет­ті атқа­ру менің қолым­нан кел­мей­ді! Кешіріңіз, істей алмай­мын!..» деген сөз олар­дың аузы­нан шыққан емес, шыға­тын да түрі көрінбейді…

Олар­да ондай мәде­ни­ет пен эти­ка деген аты­мен жоқ екен. Қыз­мет­тен кететін түр­лері бай­қал­май­ды. Пре­зи­дент көші-қонға арнап тағы бір «Тұжы­рым­да­ма» жасаң­дар десе, бәт­шағар­лар оны да жасап, одан да ақша жымқы­руға жол аша­тын тетік қарас­ты­руға дай­ын оты­рған секілді…

«Ұлт», «Мем­ле­кет», «Пре­зи­дент­тің бүгін­гі беделі мен ертең­гі тари­хи орны» деген­ді ойла­май­тын өңкей қарғыс атқыр­ларға қор болған есіл сөз­дерім мен алтын уақы­тым-ай десеңізші!

Бар сүй­е­нері­міз – бірін­ші Құдай, сосын Қасым-Жомарт Тоқа­ев қана!

Басқа­сы­нан қай­ыр жоқ!!!

Сөз соңын­да Қасекеңнен:

Бірін­ші, «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы көші-қон сая­са­ты­ның 2023–2027 жыл­дарға арналған тұжы­рым­да­ма­сы­ның» күшін жоюды;

Екін­ші, Пре­мьер-мини­стр­дің орын­ба­са­ры Тама­ра Дүй­се­но­ва мен оның аталған «Тұжы­рым­да­ма­ны» жаса­уға қаты­сқан бұры­нғы коман­да­сын және оған қол қой­ған бұры­нғы Пре­мьер-мини­стр­ді, сон­дай-ақ Пре­зи­дент әкім­шілі­гі бас­шы­сы­ның Көші-қон сала­сы­на жетік­шілік еткен орын­ба­са­рын түгел қыз­мет­тен алып, жау­а­пқа тартуды;

Үшін­ші, Көші-қон үрдісін басы­нан өткер­ген және сол сала­ның сая­са­ты­мен айна­лы­сып келе жатқан тәжіри­белі маман­дар­дан құралған Жұмыс тобын мини­стр­лік­тің дең­гей­ін­де бекітіп, солар­дың қаты­суы­мен көші-қон сая­са­ты­ның жаңа­дан бес жыл­дық «Тұжы­рым­да­ма­сын» дай­ын­да­ту­ды, сол «Тұжы­рым­да­ма­ның» негізін­де Көші-қон үрдісін рет­те­у­ге арналған бар­лық заң­дар мен нор­ма­тив­тік құжат­тар­ды түгел қай­та қара­уды сұраймын!

Ауыт МҰҚИБЕК,

«Құр­мет» орденінің иегері,

16.09.2024

Республиканский еженедельник онлайн