Четверг , 3 июля 2025

Латыш тілін білмейтіндер күштеп шығарылады

Ұзақ жылға созы­лған қысы­мға қара­ма­стан, Лат­вия үкі­меті елде тұрақты тұра­тын ресей­лік­тер латыш тілін үйрен­бе­се, елден кетуі керек деген шешім қабыл­да­ды. Біраз орыс депор­та­ци­я­лан­ды, жүз­де­ген ресей­лік Лат­ви­ядан кет­ті. Енді мыңға жуық оры­стіл­ді аза­мат, көбі – қарт кісілер, қай­терін біл­мей отыр.

Лат­ви­яда уақыт­ша я тұрғы­лы­қты тұра­тын, бірақ латыш тілі бой­ын­ша мін­дет­ті емти­ханды тап­сыр­маған Ресей аза­мат­та­ры­на «30 күн ішін­де елден кету керек, әйт­пе­се күш­теп депор­та­ци­я­ла­на­сыз» деген ескер­ту хат келе бастаған. Бұл хат­ты Лат­ви­я­ның көші-қон қыз­меті жіберген.

Хат алған­дар­дың көбі – Совет Одағы­ның бұры­нғы аза­мат­та­ры (негізі­нен 60 жастан асқан адам­дар). Олар Лат­ви­яға совет дәуірін­де келіп, Лат­вия тәу­ел­сізді­гін жари­я­лаған­нан кей­ін Ресей аза­мат­ты­ғын алған. Бірақ Лат­ви­яда тұрақты тұру құжа­ты­мен қалып қой­ған. Олар­дың көп­шілі­гі латыш тілін­де сөй­ле­мей­ді, жер­гілік­ті мәде­ни­ет­ке қызы­қ­пай­ды, ресей­лік ақпа­рат құрал­да­рын қарай­ды, кей­бірі Ресей­ді қол­дай­ды. Лат­вия аза­мат­та­ры­на екін­ші аза­мат­тық ретін­де Ресей төлқұ­жа­тын алуға болмайды.

«Кур­сқа бар­ма­дым, өйт­кені оған төлей­тін ақшам жоқ. Үш ай сай­ын 340 еуро зей­не­тақы ала­мын. Рига­дан тіл оқу үшін 70 еуро төле­уіңіз керек деген қағаз кел­ді», – дей­ді тіл­дік емти­хан өтетін орта­лық жанын­да тұрған әйел­дер­дің бірі «Насто­я­щее вре­мя» теле­ар­на­сы­на.

 «Емти­хан­нан құлаған шығар­мын. Бір­не­ше сұраққа ғана жау­ап бер­дім, Латыш тілін­де сөй­лей­тін ортам жоқ», – дей­ді тіл­дік емти­хан өтетін орта­лық жанын­да тұрған егде ер адам­ның бірі.

2022 жылы Ресей Укра­и­наға басып кір­ген­нен кей­ін, Лат­вия пар­ла­мен­ті көші-қон заңы­на өзгеріс енгіз­ген. Енді Лат­ви­яда тұрақты тұра­тын­дар рұқ­са­ты­ның мерзі­мін ұзар­ту үшін, Ресей аза­мат­та­ры латыш тілін білетінін емти­хан тап­сы­рып дәлел­де­уі керек. Бірақ Лат­ви­яда тұра­тын оры­стар­дың көбі бұл емти­хан­нан өте алмаған. Кей аза­мат­тар қарт­тарға шет тілін үйре­ну қиын деп шағын­ды. Кей­бірі латыш тілін мүл­де үйрен­гісі келмейді.

Түр­лі деректер бой­ын­ша, мың­нан астам ресей­лік аза­мат емти­хан­нан құлап қалған. Лат­вия заңы­на сәй­кес, емти­ханды тап­сы­ра алмаған аза­мат­тар­дың Лат­ви­яда тұруға рұқ­сат беретін құжа­ты жарам­сыз болып қала­ды. Осы­дан кей­ін елде қалу заң­сыз бола­ды. Кей­ін­гі бір жыл­да Аза­мат­тық және көші-қон істері бой­ын­ша басқар­ма 63 аза­матқа Лат­ви­ядан кету тура­лы ескер­ту жібер­ген. Тоғыз адам күш­теп депор­та­ци­я­лаған. Емти­хан­нан сүрін­ген 632 адам ерік­ті түр­де елден кетіп, Ресей­ге оралған.

Ал мыңға жуық аза­мат не істерін біл­мей отыр. Олар бұрын-соң­ды латыш тілі­нен емти­хан тап­сы­рып көр­ме­ген, Лат­ви­яда тұрақты тұру рұқ­са­ты­ның уақы­тын ұзар­туға да құжат тап­сыр­маған. Аза­мат­тық және көші-қон істері бой­ын­ша басқар­ма олар­дан заң талап­та­рын неге бұзға­нын түсін­діруді сұрап отыр.

«Адам­дар әртүр­лі себеп айта­ды. Мыса­лы, «көші-қон қыз­меті­нен хат алма­дық» дей­ді. Әрине, қолы­мы­зда ескер­ту хат кел­генін рас­тай­тын құжат­тар бар. «Кон­сти­ту­ци­я­лық сот оң шешім шыға­ра­ды, жаңа ере­женің сіз­дер­ге еш әсері бол­май­ды деген сая­сат­кер­лер сөзіне сеніп қал­дық» дей­ді. Көбі бұл заң­ның өзіне кесірі тимей­ді деген­ге соңы­на дей­ін сен­ген, сон­ды­қтан ақта­лып әлек болып жатыр», – дей­ді Аза­мат­тық және көші-қон істері бой­ын­ша басқар­ма­ның бас­пасөз хат­шы­сы Мада­ра Пуке.

2024 жылғы ресми деректер­ге сәй­кес, Лат­вия аза­мат­та­ры­ның 63 пай­ы­зы – этни­ка­лық латы­штар, 23 пай­ы­зы – оры­стар, 3 пай­ы­зы – укра­ин­дар, 3 пай­ы­зы – бела­русь­тар, 2 пай­ы­зы – поляк­тар. 2022 жылғы ста­ти­сти­ка халы­қтың 62 пай­ы­зы үйде латыш тілін­де, 35 пай­ы­зы орыс­ша сөй­лей­тінін көрсеткен.

Мәс­ке­удің Укра­и­наға басып кіруі жай­лы талқы туа қал­са, көзқа­рас аза­мат­тар­дың ұлты­на бай­ла­ны­сты әртүр­лі бола­ды. Лат­ви­яда кей­ін­гі үш жыл­да жүр­гізіл­ген бір­не­ше сау­ал­на­ма қоры­тындыс­ы­на сай, латыш тілін­де сөй­лей­тін халы­қтың 80 пай­ы­зы соғы­сқа Ресей­ді кінәлаған. Оры­стіл­ділер ара­сын­да бұл көр­сет­кіш 32–38 пай­ы­зды құрайды.

Кремль көр­ші елдер­де оры­стіл­ді халық қысым көріп жатыр деп жиі мәлім­де­ме жасаға­ны­мен, Лат­ви­ядағы оры­стар­дың көбі Кремль агрес­си­я­сы­нан аулақ болғы­сы келеді. Лат­ви­ядағы оры­стіл­ді халы­қтың мүд­десін қорғай­тын «Келісім» пар­ти­я­сы бір кез­дері Мәс­ке­уде­гі «Еди­ная Рос­сия» пар­ти­я­сы­мен бай­ла­ны­сы бар, Кремль­ді жақтай­тын ұйым еді. Бірақ пар­тия Ресей­дің Укра­и­наға басып кіруін сынға алды. Пар­ти­я­ның пар­ла­мент­те­гі өкілі Борис Циле­вичс: «[Зама­на­уи Ресей] наци­стік Гер­ма­ни­яға ұқсай­ды. Жағ­дай­ды тұрақтан­ды­ру­дың бір-ақ жолы бар: ол үшін Ресей әске­ри жеңілуі керек», – деді.

Аза­мат­тық және көші-қон істері бой­ын­ша басқар­ма дере­гін­ше, жаңа заңға ілік­кен ресей­лік­тер­дің 85 пай­ы­зы қажет құжат­тар­ды рәсім­деп, емти­хан тап­сы­рып, латыш тілі кур­сы­на жазы­лып, уақыт­ша мекен­жай аны­қта­ма­сын (емти­хан тап­сы­рған­ша жарам­ды) алған.

Ресей­лік мем­ле­кет­тік ақпа­рат құрал­да­ры мен про­па­ган­да емти­хан тап­сы­ра алмаған­дар­дың депор­та­ци­я­ла­нуын оры­стіл­ді халы­қты кем­сіту деп түсін­діріп жатыр. Бір жыл­дан бері ресей­лік ақпа­рат құрал­да­ры «Лат­вия оры­стіл­ді зей­нет­кер­лер­ді күш­теп депор­та­ци­я­лап жатыр» деген жаңа­лық тара­тып келеді.

Ал Лат­вия үкі­меті елде оры­стіл­ді аза­мат­тарға қаты­сты дис­кри­ми­на­ция жоғын атап өтті. Лат­вия тұрғы­лы­қты тұрғы­сы келетін кез кел­ген шетел аза­ма­ты­на осын­дай талап қояды. Емти­хан­нан құлаған басқа ел аза­мат­та­ры да депортацияланған.

«Лат­ви­яда жыл сай­ын көші-қон жай­лы көп бұй­рық шыға­ды. Жал­пы про­це­ду­ра бар. Бұл жер­де ерекше жағ­дай бола­ды деп күтудің қажеті жоқ. Аза­мат­тар­дың бір бөлі­гі аза­мат­тық және көші-қон істері бой­ын­ша басқар­маға хабар­лас­пай, елден кетіп қалған. Бірақ Ресей про­па­ган­да­сы Лат­вия жаңа­лы­қта­рын үне­мі өзіне ұнай­тын маз­мұн­да береді», – дей­ді Лат­ви­я­ның пре­мьер-мини­стрі Эви­ка Силиня.

Көші-қон заң­на­ма­сын­дағы өзгерістер 25 000 адам­ның өміріне әсер еткен. Ел ішін­де­гі қоғам­дық пікір­та­лас нәти­же­сін­де 2023 жылы қыр­күй­ек­те Лат­вия пар­ла­мен­ті заңға толы­қты­ру енгізді: тіл­ге қаты­сты талап қал­ды, бірақ аза­мат­тарға тіл үйреніп, емти­хан тап­сы­руға көбірек уақыт беріл­ді. Бұл 2003 жыл­дың мамы­ры­нан кей­ін аза­мат­тық алған, емти­хан тап­сы­рып, құлап қалған неме­се маңы­зды себеп­тер­мен емти­ханға келе алмаған адам­дарға қаты­сты болады.

«Көші-қон заң­на­ма­сы­на толы­қты­ру енгі­зу керек. Заңға 65 жасқа дей­ін деген түзе­ту қажет. Көбі – ден­са­улы­ғы, ақыл-ой қабілеті нашар­лаған қарт­тар. Мем­ле­кет болып, бұл адам­дарға қан­дай шара қол­да­на­ты­ны­мы­зды біл­мей­міз. Қазір мүл­де емти­ханға жазыл­маған 10 000 адам бар. Көбі емти­ханды қай­та тап­сы­руы керек. Тұрақты тұру құжа­ты­ның мерзі­мі бітіп қал­са, олар­ды ешкім депор­та­ци­я­ла­май­ды. Елден сон­ша адам­ды шыға­рып жібе­ре алмай­мыз», – деген еді лат­ви­я­лық жур­на­лист Инга Сприн­ге 2023 жылы қыр­күй­ек айында.

 Бір топ аза­мат тіл­дік емти­ханға қар­сы Лат­ви­я­ның Кон­сти­ту­ци­я­лық соты­на ұжым­дық арыз бер­ген. Сот Ресей аза­мат­та­ры­на қой­ы­лған тіл­ді мең­ге­ру тала­бы заң­ды деген қау­лы шығарды.

«Аза­мат­тық – сал­мақты ұғым. Ол адам­ның таң­да­уын, қай елге адал екенін, қай мем­ле­кет­ті қол­дай­ты­нын көр­се­те­ді. Бұл жағ­дай Лат­ви­я­ның бұры­нғы аза­мат­та­ры мен басқа ел аза­мат­ты­ғын алған адам­дарға қаты­сты. Олар Ресей­ге адал бола­мыз деп шешті. Ресей Укра­и­наға қар­сы соғыс ашқан, Лат­ви­яға қырын қарап оты­рған қазір­гі гео­са­я­си жағ­дай­да мем­ле­кет осын­дай талап енгі­зу арқы­лы елде тұра­тын Ресей аза­мат­та­ры латыш қоға­мы­на қауіп төн­дір­мей­тініне көз жет­кіз­гісі келеді», – деді Кон­сти­ту­ци­я­лық сот бас­шы­сы Алдис Лавиньс.

Ресей өңір­лерін­де­гі жер­гілік­ті билік Лат­ви­ядан депор­та­ци­я­ланған оры­стіл­ді аза­мат­тар­ды құшақ жая қар­сы ала­ты­нын айт­ты. Псков облы­сы­ның губер­на­то­ры Миха­ил Ведер­ни­ков «облыс депор­та­ци­я­ланған адам­дарға қол­дан кел­ген көме­гін аямай­ды, уақыт­ша орна­ла­сты­руға кететін шығын­дар­ды есеп­теп қой­дық», – деді.

azattyq.org

Республиканский еженедельник онлайн