Пятница , 4 июля 2025

АҒАМ БАР ЕДІ

/Алаш, «Арыс» және Ғарифолла/

Тағы бір қай­рат­ты қазақ өмір­ден өтті. Ұлт­тық коло­ри­ті мол, зият­ты зия­лы. Күл­лі еңбе­гін құн­ды­лы­қтар­ды қастер­ле­у­ге, жәді­гер­лік­тер­ді жаңғыр­туға арнаған зер­делі зерт­те­уші. Ғари­фол­ла Әнес… Кеше­ден бері әле­умет­тік желі оны егі­ле жоқтап жатыр. Жоқтай­тын­дай бар…

Ұлт руха­ни­я­тын­да айры­қ­ша із қал­ды­рған, өрісі мен өне­гесі көп Ғари­фол­ла­лар бар­шы­лық. Қай-қай­сысы да елдік мәсе­ле­лер­ге барын­ша атса­лы­сты. Бірі өнері­мізді өрлет­ті. Тағы бірі ғылы­мы­м­ы­зды төр­лет­ті. Сон­дай-ақ ұлт мұра­сын жина­уға, зерт­те­у­ге, жари­я­ла­у­ға жанын салып, тын­бай тер төк­кен тағы бір Ғари­фол­ла­мыз бар еді. Ол – Ғари­фол­ла Әнес. Бір өзі бір инсти­тут­тың жұмысын жасаған ғиб­рат­ты ғалым. Бір өзі бір архив­тің ісін жүр­гіз­ген мәр­те­белі мұрағат­шы. Бір өзі бір бас­па­лар үйінің шаруа­сын атқарған білік­ті бас­па­гер. Бір өзі бүкіл ары­стың жиған-тер­генін жалы­қ­пай сара­лаған абы­рой­лы алаштанушы.

Жал­пы, өзі­міз­ге үлгі болған Ғари­фол­ла Әнес, Аманқос Мек­теп, Мақ­сат Тәжі­мұра­тов, Марат Әбсе­ме­тов сын­ды аға­ла­ры­мыз Алаш ары­ста­ры­ның мұра­сын зерт­те­уді тым ерте бастап жібер­ген-ді. Ардақты­ла­ры­мы­здың тұлға­сы мен туындыс­ы­на әлі де толық баға беріл­мей жатқан тұста олар бұл іске тас-түй­ін дай­ын тұр­ды. Жылы­мық жыл­дар­дың жай­лы лебі сезі­ле түс­кен шақта Тіл білі­мі инсти­ту­ты­ның ғылы­ми қыз­мет­кері Ғари­фол­ла Әнес Қазан, Таш­кент, Мәс­кеу, Орын­бор және басқа тари­хи мұраға бай қала­лар­дың архив­тері­нен баға жет­пес құн­ды дүни­е­лер тапты.

«Елін сүй­ген ерлер­дің ардақты есім­дерін ресми орын­дар­дан бұрын әру­аққа сый­ы­нып, алды­мен өзі­міз-ақ ақтап жібер­ген­дей едік», – деп еске ала­тын ол. Бұл рас еді. Заман­ның түзе­лер сыңай­ын күн ілгері бар­лаған ғылым­дағы аға буын­ның өкіл­дері жас перілер­ді томаға­сын алып, топқа салуға әзір­леп жат­ты. Бұл көшті сол кез­де­гі сары­уыз зерт­те­ушілер, бүгін­гі азу­лы ала­шта­ну­шы­лар Дихан Қам­за­бекұ­лы мен Сұл­тан­хан Аққұлы­ұ­лы бастады.

Елі­міз­де­гі біл­дей бір ғылы­ми-зерт­теу инсти­ту­тын­да жұмысын жап-жақ­сы атқа­рып, алдағы жыл­дарға арналған жос­пар­ла­рын түзіп, өз ауа­ны­мен тір­лік кешіп жүр­ген Ғаре­кең бір күні шұғыл шешім­ге бел буды. Ол Қаза­қстан­ның репрес­си­яға ұшы­раған зия­лы­ла­ры­ның мұра­сын зерт­тей­тін «Арыс» қорын құр­ды. Тәу­ел­сіздік алға­ны­мы­зға бір-ақ жыл өткен-ді. Бұл қор содан бері үздіксіз жұмыс істе­ді. Бұл қор­дың бас­шы­сы содан бері бір күн де дамыл көр­ген жоқ. Қан­ша­ма тұлға­ны шыңы­ра­удан шығар­ды. Қан­ша­ма кітап басты. Қан­ша­ма энцик­ло­пе­дия түзді. Қан­ша­ма тари­хи мұра­ны қатарға қосты. Қан­ша­ма архив­тің есі­гін қазақ жұр­ты­на айқа­ра ашып бер­ді. Қан­ша­ма қазақ басы­лы­мы­ның кіта­би нұсқа­сын әзір­леп, оқыр­манға ұсын­ды. Енді кім жалға­сты­ра­ды оны? Жалға­сты­рған күн­де де, дәл өзін­дей бола ала ма?!

Ғари­фол­ла әйгілі қорын құрған соң, көп уақыт өтпей-ақ мен одан сұх­бат алдым. Бұл кез­де ол қалың қара шашы жел­кесін жапқан, тіп­ті оны­сын Орал­хан аға­ның үлгісі­мен иығы­на қарай жібе­ре салған, отыз бес жастағы ойлы жігіт еді. Көзі өткір, қай­ра­ты мол. Қай­ы­спас Қара­дөң батыр­дың қара күші мол қажыр­лы ұрпақта­ры секіл­ді қай іске де құл­шы­нып, сақа­дай сай тұр­ды. Еке­уміздің осы сұх­ба­ты­мыз «Жас Алаш» газетінің 1992 жылғы 3 қыр­күй­ек­те­гі санын­да жарияланды.

Сол сұх­бат­та ол өзінің «Арыс» қорын құру жөнін­де­гі мақ­сат-мін­детін былай­ша тәп­сір­ле­ген-ді: «Халқы­мыз саңлақтар­дың мұра­сы­мен қай­та табысып жатыр ғой. Жөн-ақ. Ал енді есім­дері де, еңбек­тері де жал­пақ жұр­тқа кеңі­нен таны­мал емес, шын мәнін­де ұлан-ғай­ыр мұра қал­ды­рған, бірақ жыл­дар­дың қал­та­ры­сы­на мықтап жасы­ры­лған боздақта­ры­мыз қан­ша­ма?! Олар­дың мұра­сын кім ізде­мек? Оқыр­ма­ны он мың­дап сана­ла­тын, мүй­ізі қарағай­дай көзі тірі қалам­гер­лер­дің өзі қағаз жоқты­ғы­нан кітап­та­рын шыға­ра алмай жүр­ген­де, жар­ты ғасыр­дың жамы­лғы­сын жамы­лып, жер қой­нын­да жатқан ары­стар­дың асыл дүни­е­лерін басты­руға кім ұсы­на­ды? Осын­дай әрқай­сысы атан түй­е­ге жүк болар­лық мін­дет арқа­лаған сан­сыз сау­ал­дар Қаза­қстан­ның репрес­си­яға ұшы­раған зия­лы­ла­ры­ның мұра­сын зерт­тей­тін «Арыс» қорын құруға деген ниеті­мізді оятты».

Ол осы бағ­дар­ла­ма­лық тұжы­рым­да­ма­сы­на әрдай­ым адал бол­ды. Күн-түн демей, тын­бай еңбек етті. Әрине, «Ары­сты» Ғаре­кең жалғыз өзі ғана жеке-дара жетек­теп, бүкіл бей­нет­тің басы-қасын­да тау көтер­ген Тау­соғар­дай жалғыз өзі ғана жүр­ді десек, арты­ғы­рақ болар еді. Оның жанын­да әркез қаза­қтың мықты зерт­те­уші жігіт­тері бол­ды. Қай-қай­сысы да жан аямай, ынта-ықы­ла­сы­мен үлес қосты. Деген­мен бар сал­мақтың бәрібір бас­шы­ға түсетіні бар­шаға аян. Мұны қор жетек­шісі де үне­мі атап көр­сетіп оты­рға­нын айтуға тиіспіз.

Мәсе­лен, жаңағы сұх­ба­ты­мы­зда Ғаре­кең қашан­нан бой­ы­на біт­кен қара­пай­ым­ды­лы­ғы­на басып, әдеп­кі тұжы­ры­мын одан әрі сабақтап, «Бұл – осы­нау маңы­зды іспен тек біздің ұжым ғана айна­лы­са­ды деген сөз емес. Мұны жұр­ты­мыз болып жұмы­ла­тын қаси­ет­ті пары­зы­мы­зды атқа­руға үлес қосқы­мыз кел­гені деп баға­лау керек», – деп тия­нақтай түс­кен еді. Үлес болған­да қан­дай! Таудай үлес. Алтын қор. Асыл қазы­на. Қазақ жұр­тын­дағы бар­лық кіта­п­ха­на­лар­дың ажа­рын ашып тұрған дүни­е­лер­дің бір­сы­пы­расы – Ғари­фол­ла Әнес шығарған кітап­тар. Оның бас­па­сы­нан жарық көр­ген жәді­гер­лік­тер ұлт зия­лы­ла­ры­ның жеке кіта­п­ха­на­ла­ры­ның да құн­ды­лы­ғын арт­ты­ра түседі. Образ­ды түр­де айт­сақ, Ғари­фол­ла аға­мыз дай­ын­дап, басты­рған кітап­тар­дан кіші­гірім бір кіта­п­ха­на жасақта­уға бола­тын шығар…

Ғаре­кең­мен үзең­гілес жүр­гелі қашан. Ол бәрі­міз­ге үлгі-өне­ге көр­сет­ті. Оның қабілет-қары­мы шығар­ма­шы­лы­қтың қай сала­сын да айшы­қтап тұрар еді. Осы­дан отыз екі жыл бұрын алған әлгі сұх­ба­ты­мы­зда оған «Кезін­де көр­кем дүни­е­лер жазып жүр­геніңізді де білетін едік…» – деп ой тастап, тағы бір сау­алға жете­леп­піз. Ал оның жау­а­бы былай бол­ды: «Асқар таудай ары­ста­ры­мы­здың мар­жан­дай асыл әрі сүй­ек­ті дүни­е­лерін оқы­ған­нан кей­ін өзім­нің шимай-шат­пақта­рым­ды жазуға қала­мым жорға­ла­май-ақ қой­ды. Әуелі солар­дың баға жет­пес мұра­ла­рын шыға­рып алай­ық, өзі­міздікі қай­да қашар дейсің…».

Солай! Ол мақ­сат-мұра­тын орын­дау үшін өзінің жеке шығар­ма­шы­лы­ғын екін­ші кезек­ке ығы­стыр­ды. Бұдан әде­би­ет те, ғылым да ұты­ла қой­ды деп ойламаймыз.

Соны­мен, өмір­де өте қара­пай­ым бол­са да, үнде­мей жүріп-ақ адам айтқы­сыз ұшан-теңіз іс тын­ды­рған Ғари­фол­ла Әне­стің бол­мыс-біті­мінің ерекшелі­гі неде?

Бірін­ші­ден, ол Алаш мұра­сын шашау шығар­май зерт­те­у­ге өлше­усіз еңбек сіңір­ді. Бұған оның ішкі руха­ни дай­ын­ды­ғы мол бол­ды. Қаза­қтың аса таны­мал, өте әле­ует­ті аза­мат­та­ры­мен бір­ге Тіл білі­мі инсти­ту­тын­да қыз­мет істеп, ғылы­ми мек­теп­тен өтті. Одан соң тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы қар­лы­ға­шы іспет­ті, қаза­қы құна­ры бай «Ана тілі» газетінің Тіл­та­ну бөлі­мін басқар­ды. Бұл басы­лым­ның білік­ті бас­шы­сы, ұлағат ұста­ха­на­сы­ның бас көрік­шісі Жары­лқап Бей­сен­бай­ұ­лы ірік­те­ген сай­дың тасын­дай аса талант­ты сар­ба­з­дар­дың сапын­да жүр­ді. Киелі шаңы­рақтың ғылы­ми дең­гей­ін көте­ру үшін аян­бай іс қыл­ды. Мұның бәрі Алаш мұра­сын асқан ұқып­ты­лы­қ­пен зерт­теп-зер­де­ле­уіне зор пай­да­сын тигізді.

Екін­ші­ден, Ғаре­кең ары­стар­дың шығар­ма­ла­рын ғылы­ми тұрғы­дан жүй­е­леп, күрі­шті күр­мек­тен айы­рып, жік­теп-жілік­теп барып ұсын­ды. Ол құра­с­ты­рған жинақтарға өте сау­ат­ты, жоға­ры дең­гей­де­гі ғылы­ми түсінік­те­ме­лер жазыл­ды. Қолға алған дүни­есін жүр­дім-бар­дым және шала­ма-шек­кі дай­ын­да­уға жол бер­ген жоқ. Бұл шару­аға мей­лін­ше фальш енгіз­бе­у­ге тыры­сты. Қол­жа­з­ба қабыл­данған­нан бастап, бас­па­ха­на­дан шыққан­ша жұмыс үдерісінің бәрін тіке­лей өзі қадаға­лап отыр­ды. Асы­ғы­стық деген­ді аса ұна­та қоймады.

Үшін­ші­ден, Ғари­фол­ла­ның сен­са­ция деген­ге жаны құмар емес-ті. Жұрт­тан бір­ден сүй­ін­ші сұрап, жар­ты әлем­ге жар сала­тын әдет­тен аулақ бол­ды. Тапқан дүни­есінің өзін сегіз сарап­та­удан, тоғыз тек­се­ру­ден өткіз­ген соң ғана ғылы­ми орта­ның талқы­сы­на ұсын­ды. Кітап шыға­ру бары­сын­да осын­дай ұста­ным­ды серік етті. Бүгін­гі заман­да сабыр сақтай­тын сауы­ты бар мұн­дай кісілер­дің өте сирек екені рас.

Төр­тін­ші­ден, тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­рын­да табы­лған қанатқақты жәді­гер­лік­тің біра­зын Ғаре­кең әріп­те­стері­мен бір­лесіп, бас­паға әзір­леді. Әсіре­се Халел Досмұ­ха­медұлы­ның «Ала­ман» атты кіта­бын жары­ққа шыға­рып, жұрт­шы­лы­қты руха­ни олжаға кенел­туі – өз зама­нын­дағы еле­улі жаңа­лық еді. Бұдан соң жыл сай­ын бір­не­ше жинақ әзір­леп, оқыр­ман­ның қазы­на­сын молай­тып отырды.

Бесін­ші­ден, ол – нары­ққа көш­кен жыл­да­ры­мы­зда сәл тежеліңкіреп қалған энцик­ло­пе­ди­я­лық әде­би­ет­тің клас­си­ка­лық дәстүрін қай­та жаңғыр­тқан­дар­дың бірі. Тұлға­лық және мекен­дік энцик­ло­пе­ди­я­лар­ды бірі­нен соң бірін шыға­рып, оқыр­ман­ның кітап сөресін қастер­лі дүни­е­ге тол­тыр­ды. Сол арқы­лы мұн­дай жинақ дай­ын­да­удың өзін­дік үлгісін де қалыптастырды.

Алтын­шы­дан, ұлт мүд­десін ұлы­қтаған алға­шқы қазақ газет­терінің біра­зын архив­тен іздеп тауып, мәтінін қай­та сүзіп, жалы­қ­пай жүй­е­леп, сарап­та­ма­дан өткізіп, тұтас жинақ ретін­де топ­та­сты­рып, жұрт­шы­лы­қтың кәдесіне жарат­ты. Қазір бұл кітап­тар іргелі оқу орын­да­ры­ның жур­на­ли­сти­ка факуль­тет­тері сту­дент­терінің қол­дан-қолға түсір­мей оқи­тын құн­ды жәді­гер­лік­теріне айналды.

Жетін­ші­ден, қазақ жыры­ның табиға­тын жақ­сы түсі­нетін тия­нақты тек­сто­лог ғалым бол­ды. Ол бұл тұрғы­да қазақ әде­би­етін зерт­те­у­ге бүкіл ғұмы­рын арнаған әле­ует­ті әріп­тесі, тең­дес­сіз ғалым Қабибол­ла Сыдиы­қо­втың үлгісін ұстан­ды. Ғаре­кең ұсы­нған жинақтар­дың мәтін­дік маз­мұ­ны­на осы уақы­тқа дей­ін ешқан­дай сын пікір айты­лған емес.

Сегізін­ші­ден, ол әзір­ле­ген кітап­та­ры­ның кор­рек­ту­ра­сы­на баса мән бер­ді. Мүм­кін­ді­гін­ше қате жібер­ме­у­ге тыры­сты. Қате кетіп бара жатқан дүни­е­лер­ді бас­па­ха­на­дан тоқта­тып қой­ып, қай­та басқан кезі де бол­ды. Өзінің маң­дай терін төгіп, қажыр-қай­ра­тын салған еңбе­гінің оқыр­манға сапа­лы күй­ін­де жетуі үшін жан алы­сып, жан берді.

***

Міне, біз осын­дай адам­ды жоғалт­тық. Енді тоғы­спас жол­дар тора­бын қосып, бір өзі бір­не­ше мін­дет атқарған оның орны қалай толмақ?!

Рухы­ңыз шат бол­сын, Ғаре­ке! Бекем болы­ңыз, Бағ­дан жеңеше!

***

Ғаре­кең ғары­шқа жол тартты…

Бауы­р­жан ОМАРОВ

Асты­на – без заго­ло­вок, через звездочку:

Бір­де – осы­дан 7–8 жыл бұрын маған Алаш ары­ста­ры­ның құр­метіне арналған бір қоғам­дық медаль тап­сыр­ды. «Менің Ала­шқа қан­дай қаты­сым бар?» деген сау­а­лы­ма: «Дәл саған ешкім­нің дауы бол­май­ды!» деген еді қай­ран Әнес ағам.

Қош, Бәй­те­рек! Мәң­гілік мекенің пей­і­штің пұшпағы­нан бұй­ыр­сын, асыл азамат!

Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн