Пятница , 4 июля 2025

Қазақстанға АЭС ауадай қажет пе?

Әдет­те әрбір үлкен іске кірі­сер алдын­да жан-жағы­ңа бір қарап, көр­ші-қолаң­ның тәжіри­бесін бір бар­лап, тіп­ті тарихқа да бір үңіліп алған­нан абза­лы жоқ. Өйт­кені ол бізді артық шығы­нға ұры­ну­дан, уақыт­тан ұты­лу­дан сақтай­ды. Ендеше…

Атом­ның айна­ла­сын­дағы бүгін­гі аху­ал қандай?

«Әлем­дік атом өнер­кәсібінің жағ­дайы» тура­лы есеп­ті (WNISR) қарап шыққан неміс мама­ны Май­кл Шнай­дер былай деп көр­се­те­ді: бей­біт атом қай­та өрле­уде деп қан­ша жер­ден шу көтер­ген­мен, жаңа реак­тор­лар жоба­сы мүл­дем аз, ал күн энер­ги­я­сын пай­да­ла­ну қат­ты қарқы­н­мен даму­да: 2024 жыл­дың 1 шіл­десіне қарай дүние жүзін­де жұмыс істеп тұрған 408 реак­тор (2002 жылы олар­дың саны 438 болған) 367 ГВт, ал күн сәу­лесінің гене­ра­тор­ла­ры (КСГ) 1,9 ТВт қуат беріп тұр екен. Бес есе­ден артық! КСГ тұрақты істе­мей­тінін ескер­ген­нің өзін­де де тым көп. Өткен жылы атом қуа­ты 0,3 ГВт-қа ғана өскен, өйт­кені атом реак­то­ры ең көп елдің бірі АҚШ-та бір де атом реак­то­ры­ның құры­лы­сы­на тап­сы­рыс бол­маған. Бела­русь, Қытай, Сло­ва­кия, Оңтүстік Корея мен АҚШ-та жал­пы қуа­ты 5 ГВт бола­тын бес жаңа реак­тор іске қосыл­са, есесіне Гер­ма­ния, Бель­гия мен Тай­ван­да жал­пы қуа­ты 6 ГВт бола­тын бес реак­тор жабы­лған.

«Жал­пы, 2004–2023 жыл­дар­да 102 реак­тор (оның 47 – Қытай­да) іске қосы­лып, 102 жабы­лған, – дей­ді есеп­те. – Азай­ған қуат өлше­мі 26,4 ГВт құрай­ды». Қытай­да 2023 жылы 1 ғана ядро­лық реак­тор қосы­лып, 1 ГВт қана энер­гия бер­се, іске қосы­лған КСГ-лары 200 ГВт бер­ген! Қысқа­сы, «…атом энер­ги­я­сы өмір­шең болу­дан қалып бара­ды» дей­ді есеп авторлары.

Біз­де­гі атом стан­са­сын салу­ды қол­да­у­шы­лар «қазір­гі стан­са­лар өте қауіп­сіз», «қал­ды­ғы­нан қатер жоқ», табиғатқа зиян­сыз, «құны төмен», ең ақы­рын­да А.Сәтқалиев секіл­ді, «оған бала­ма қуат көзі жоқ» деген­ді жақ­сы көреді. Шыны­мен де солай ма?

Гер­ма­ни­я­ның Табиғат­ты қорғау және ядро­лық қауіп­сіздік мини­стрі Штеф­фи Лем­кенің 2023 жылы 21 сәуір­де Projekt Syndikate сай­тын­да жари­я­ланған «Гер­ма­ни­я­ның атом энер­ге­ти­ка­сы­нан бас тар­ту­дағы дана­лы­ғы» деген мақа­ла­сы «Атом­дық қауіп­сіздік­ке жау­ап­ты министр ретін­де мен бұл қадам өте тама­ша, тіп­ті одан да артық – көре­ген­дік қадам бол­ды деп есеп­тей­мін. Бұл қадам­ның түсінік­те­месі көп, соның ішін­де бесе­уін мен бұл­тарт­пай­тын ерекше уәж деп санай­мын» деп басталады.

«Бірін­ші­ден, – дей­ді Лем­ке, – біз қан­ша жер­ден тыры­сқан­мен, атом энер­ге­ти­ка­сын­да абсо­лют­ті қауіп­сіздік деген бол­май­ды, сон­ды­қтан АЭС-тен бас тар­тқан соң ғана менің иығым­нан ауыр жүк түс­кен­дей болды.

Екін­ші­ден, біз енді радио­ак­тив­тілі­гі жоға­ры қал­ды­қтар шығар­май­мыз. Рас, атом қуа­ты үш ұрпаққа қыз­мет етті, есесіне 30 мың ұрпақтың иығы­на ауыр жүк­ті мұра етіп тастап кетті. Зардабы тең­дес­сіз осын­дай тех­но­ло­ги­я­ны қалай орны­қты деп ата­уға бола­ты­ны менің мый­ы­ма сыймайды.

Үшін­ші­ден, атом стан­са­сы ауа­ның сапа­сын бұз­баған­мен, судың сапа­сын бұза­ды. 2022 жылы реак­тор­ла­рын суы­та­тын су жет­пей, Фран­ция үлкен мөл­шер­де біз­ден электр энер­ги­я­сын сатып алды.

Төр­тін­ші­ден, АҚШ-та 2009–2021 жыл­да­ры тек қана табыс көзіне айна­ла алмаға­ны себеп­ті 12 атом электр стан­са­сы жабылды.

Бесін­ші­ден, біз­ге атом энер­ги­я­сы­ның қажеті жоқ. Бүгін әлем­де одан әлдеқай­да арзан күн мен жел энер­ги­я­сы секіл­ді жаңар­ты­ла­тын қуат көз­дері (ЖҚК) жет­кілік­ті. Оның үстіне олар­дан ешқан­дай қауіп жоқ, эко­ло­ги­я­лық тұрғы­дан зиян­сыз және кли­мат үшін де қолай­лы. Бұның бәрі жиы­лып, жаһан­да атом қуа­тын қол­да­ну неге 5 пай­ы­зға дей­ін құл­ды­раға­нын түсі­ну­ге көмек­те­седі. Елінің гүл­де­нуі энер­ги­я­лық сый­ым­ды­лы­ғы мол маши­на жасау секіл­ді өнер­кәсіп сала­ла­ры­на тәу­ел­ді Гер­ма­ни­я­ның бас­шы­лы­ғы осы­ны түсін­ген соң, көп жыл бойы жаңар­ты­ла­тын қуат көз­деріне инве­сти­ция құя келіп, ақы­рын­да АЭС-тен толық бас тар­ту қажет деген қалың халы­қтың тала­бын орын­да­уға мәж­бүр бол­ды. Қоғам­дық бір­лік­ке, ынты­маққа теріс бұры­лу – барып тұрған жау­ап­сыздық болар еді».

Сұрақ – көп, жау­ап – жоқ

Биы­лғы рефе­рен­ду­мға арналған таба­ны күрек­тей жиыр­ма жиын-тың­да­лым «Қаза­қстанға атом электр стан­са­сын салу ауа­дай қажет пе?» деген ең басты сұраққа жау­ап бере алма­ды. Үкі­мет не соңғы бес жыл­дағы электр энер­ги­я­сы­на деген дефи­цит­тің дина­ми­ка­сын көр­се­те алған жоқ, не ең бол­ма­са алдағы бес жыл­да осын­ша­ма алып өнер­кәсіп ошақта­ры салы­на­ды, сол себеп­ті мұн­ша­ма энер­гия қат­шы­лы­ғы пай­да бола­ды деген нақты жос­пар-жоба­лар­ды ұсы­на алған жоқ. Жалаң сөз бәрі…

Ашық бас­пасөз­де­гі энер­гия дефи­ци­ті ірі кәсі­по­рын­дар­дың бақы­лау­сыз май­нинг­пен айна­лы­сып, өндіріл­ген электр қуа­ты­ның төрт­тен бір бөлі­гіне дей­ін заң­сыз пай­да­ланға­ны­нан туын­дап отыр­де­ген ақпа­рат та жау­ап­сыз қалды.

«Біліп айтқан сөз­ге құн жет­пей­ді» деп­ті Төле би баба­мыз, дәлел­ді шын­ды­ққа ешкім де қар­сы тұра алмай­ды. Ол жоқ болға­ны себеп­ті үкі­мет енді түр­лі «маман­дар­дың» қыз­метіне жүгі­ну­ге, облы­старға «десант­тар» жібе­ру­ге мәж­бүр. Мыса­лы, «Jas qazaq» сай­тын­да 5 қыр­күй­ек күні «АЭС пен Ұлт­тық мүд­де» атты мақа­ла жари­я­лан­ды. Тақы­ры­бы тар­тым­ды-ақ… «Срай­ыл Смай­ыл, эко­но­ми­ка­лық шолу­шы» деп қол қой­ған мақа­ла авто­ры өзінің пікіріне қар­сы­ларға ә деген­нен дүр­се қоя беріп­ті: «…Қасым-Жомарт Тоқа­ев дамы­ған және даму­шы 30 мем­ле­кет­те 200-ге жуық АЭС жұмыс істеп оты­рға­нын атап өтті. Бұл «бүкіл әлем атом­нан бас тар­тып жатыр» деп, жалған ақпа­ра­тын (қарай­тқан біз – Ө.А.) тық­па­лап жатқан қай­сы­бір сарап­шы­сы­мақтарға нақты жау­ап бол­са керек».

«Қоян­ның түрін көр де, қал­жа­сы­нан түңіл» деген, кекетіп-мұқа­ту­дан құралған, сөз сап­та­сы­нан-ақ дең­гейі көрініп қалған осы­нау «опу­сты» еле­мей қоя салуға болар еді. Тек «сарап­шы­ның» әлем­нің төр­тін­ші эко­но­ми­ка­сы, Евро­одақтың локо­мо­тиві Гер­ма­ния, G‑7-ге кіретін Ита­лия, Испа­ния бастаған 22 мем­ле­кет­тің атом энер­ги­я­сы­нан бас тар­тқа­ны неме­се бас тар­ту­дың ұзақ мерзім­ді сая­са­тын іске асы­рып жатқа­ны, АҚШ, Ұлы­бри­та­ния, Жапо­ния, Фран­ци­я­ның АЭС санын айтар­лы­қтай қысқар­тқа­ны секіл­ді қара­пай­ым деректі біл­ме­уі таңқа­лар­лық жайт…

Мақа­ла авто­ры қызды-қызды­мен «Қазақстан ядро­лық отын шыға­ра­тын әлем­де­гі сана­у­лы мем­ле­кет­тер­дің қата­ры­на кір­ді» деп жазып­ты. Іс жүзін­де біз шикі­затты Ресей­ге жібе­ре­міз, сол жақтан өңдел­ген, жар­ты­лай бай­ы­ты­лған, отын түрін­де жағуға дай­ын уран­ды ала­мыз. Соны таб­лет­каға салып прес­стей­міз, МИФИ-дің түле­гі, ф.-м.ғ.д., көп­ке бел­гілі С.Бүркітбаев «уран таб­лет­ка­сын­дағы біздің үлесі­міз 2% ғана» дей­ді. «Дай­ын өнім шығар­дық» деп күпі­ну­ге келе ме бұл?..

Осы кел­тіріл­ген мысал­дар­дың өзі-ақ: «…Рефе­рен­дум алдын­дағы бұқа­ра­ның «тамы­рын басып көру» науқа­ны сау­ат­ты һәм нәти­желі өтті. Маман­да­ры­мыз АЭС-тің тиім­ділі­гін, қажет екенін, қауіп­сіз екенін бетал­ды бөс­пе сөз­бен (попу­лизм) емес, пай­ым­ды пікір, дәй­ек­ті дәлел­мен түсін­діріп бер­ді» деген С.Смайылдың өз атын өзі шақы­рып оты­рға­нын көр­се­ту­ге жетіп жат­са керек.

Түй­ін

Евро­одақ 2023 жылы қажет­ті бар­лық электр энер­ги­я­сы­ның 23 пай­ы­зын ЖҚК-нен алуға қол жет­кізді. Гер­ма­ния 2024 жыл­дың бірін­ші жар­ты­сын­да энер­ги­я­ның 60,1 пай­ы­зын ЖҚК-дан алды. Австра­ли­яда бұл көр­сет­кіш 40 пай­ы­зға жет­ті. Әлем­дік Жел­дер клас­си­фи­ка­то­рын­да тір­кел­ген Шақ­пақ, Ебі, Қор­дай, Ары­стан­ды-Қара­бас сияқты қуат­ты 33 желі бар. Жел­дің толы­қтай аста­на­сы, күн­нің жар­ты­лай аста­на­сы деу­ге келетін Қаза­қстан­да­не­ге ЖҚК-нің үлесі 6 пай­ыз ғана? Неге бүгін­гі электр қуа­тын аса мол көлем­де жинақта­у­шы крио­ген­дік тех­ни­ка­ны пай­да­ла­нып, Жел мен Күн стан­са­ла­рын шапыр­ла­тып сал­май­мыз?.. Бұл қыл­мыспен тең емес пе?..

Неге біз күні ертең пай­да бола­тын энер­гия қат­шы­лы­ғын кре­дит алып, ең аз деген­де 25 млрд дол­лар тұра­тын, ерле­ген­де 15 жыл­дан кей­ін (!) іске қосы­ла­тын атом стан­са­сы арқы­лы шешпек­піз? Қара­пай­ым қисын қайда?..

Неге біз атом қуа­тын иге­руді өзі­міз­дей өзбек­тер­ден үлгі алып, шағын атом стан­са­ла­рын салу­дан бастамаймыз?..

«Төтен­ше жары­лы­стан ато­мы жар­ты­лай ыды­раған Чер­но­быль аймағын­дағы 226 965 гек­тар­жер­діУкра­и­на мен Бела­русь адам аяғы мың жыл бас­пай­тын ради­а­ци­я­лық-эко­ло­ги­я­лық био­сфе­ра­лық қоры­ққа айнал­ды­рған. Біз­де бұры­нғы Семей ядро­лық сынақ поли­го­нын­да ресми түр­де …8 шаруа қожа­лы­ғы 3938 гек­тар жер­ге дән­ді дақыл егіп, одан жыл сай­ын 2796 тон­на бидай, 130 тон­на кар­топ, 70 тон­на көкөніс, 230 тон­на­дай күн­бағыс май­ын алып, 25 мың тон­на шөп дай­ын­дап отыр. Мұның сыр­тын­да жай­ы­лым­да қан­ша­ма мал басы жай­ы­лып жүр! Ғалым­дар­дың болжа­мын­ша, осы­лай­ша жер­ді «өңдеу» топы­раққа сің­ген атом уын жояды-мыс» (Талғат Сүй­ін­бай, «Жас Ала­штың» бұры­нғы тілшісі).

Әлде атом стан­са­сы жары­ла қалған күн­де де, «үш күн­нен кей­ін адам тоза­ққа да үйре­неді» дей­тін, 40 жылғы ядро­лық сынаққа да шыдаған, төзім­ділі­гі шексіз қазақ оны да көте­реді деп отыр­мыз ба?..

Арал­дың өлі­мі­нен сабақ алмай, енді Балқа­шты өлтір­сек, кінәлілер де, кінәсіз­дер де ол күн­ге жет­пес деп, Қожа­на­сыр­ша есеп құру­да­мыз ба?..

«АЭС сал­ма­сақ, күні­міз қараң» дей­тін­дер де, «асы­қ­пай­ық, алды­мен жемқор­лы­қты жой­ып, қалып­ты ел болып алай­ық» дей­тін­дер де, бұның «ойын» екенін, ертең «рефе­рен­дум­да халы­қтың 55 %-ы АЭС салу­ды қол­дай­ты­нын» да, арғы күні «тен­дер­ді «Роса­том» ком­па­ни­я­сы ұтып ала­ты­нын» да бәрі­міздің «іші­міз біліп» отыр. Өйт­кені рефе­рен­ду­мға барған­дар­дың 90 %-ы қар­сы дауыс бер­се де, соған арқа сүй­еп, АЭС салу­дан бас тар­та­тын Үкі­мет жоқ. Дауыс бер­ген бюл­ле­тенін сурет­ке түсіріп алып, ертең шынайы санақ нәти­же­сін көр­сет деп көше­ге шыға­тын, айтқа­ны орын­дал­май, артқа қайт­пай­тын ел де жоқ. «Апа­ма жез­дем сай». Бірін­ші кінә өзімізден.

Бұл пікір­мен келіс­пей­тін әрбір қазақ қалай дауыс бер­генін сурет­ке түсіріп, редак­ци­яға жіберсінші…

Өмір­зақ АҚЖІГІТ

P.S. Нөмір қат­та­лып жатқан­да. «Әрқа­шан жақ­сы­дан да, жаман­нан да тек алда жүр­ген­ді қалай­тын менің шым­кент­тік екі жер­лесім, Бек Исақов пен Дани­яр Тұяқ­ба­ев 2022 жыл­дың мау­сы­мы – 2024 жыл­дың ақпа­ны ара­сын­да өнер­кәсіп­тік аймақта қытай­лық әріп­тесі­нен алған 1000-аса ASIC-май­нер арқы­лы заң­сыз 239,5 млн.теңге пай­да тапқан. Исақов 2,5 жылға бас бостан­ды­ғы­нан айрыл­са, Д.Тұяқбаевтың  бас бостан­ды­ғы 2 жылға шек­тел­ді. Қытай­лық жаза­ланған жоқ…».

Республиканский еженедельник онлайн