Пятница , 4 июля 2025

«МИНИСТР БІЗДІ МАЗАҚ ЕТІП ОТЫР»

Мәжіліс депу­та­ты Бақыт­жан Базар­бек Өнер­кәсіп және құры­лыс мини­стрі Қанат Шар­ла­па­евқа жау­ап бер­ді. Депу­тат пен мини­стр­дің Құры­лыс кодексінің жоба­сы­на шыққан шығы­нға бай­ла­ны­сты дауы біт­пей жатыр, деп хабар­лай­ды Ulysmedia.kz.

ШАРЛАПАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Қанат Шар­ла­па­ев жуыр­да мәжілісмен Бақыт­жан Базар­бек­тің Құры­лыс кодексін әзір­леу кезін­де «300 млн тең­ге­ге жуық сома жел­ге ұшты» деген ақпа­ра­ты­на түсінік­те­ме бер­ген еді. Ол депу­тат таратқан ақпа­рат­пен келіс­пей, аудит қоры­тындысы барын айтады.

– Әрине, депу­тат­тар­дың өз пікірін біл­діру­ге құқы­ғы бар, зерт­теу жүр­гізіл­ген. Жоға­ры ауди­тор­лық пала­та­сы­ның ауди­ті бар. Бұл ауди­тор­лық есеп 2024 жыл­дың 26 шіл­десін­де айқай­лай айты­ла­тын заңбұ­зу­шы­лы­қтар­ды көр­сет­пе­ді. Менің пікірім келесі­дей: мен­де екі есеп бар, тер­геу қоры­тындысы ресми түр­де аяқталған жоқ, өйт­кені мем­ле­кет­тік орган бұл шешім­ге нара­зы­лық біл­діру­ге құқы­лы. Біз оған нара­зы­лық біл­дір­дік. Сон­ды­қтан Бақыт­жан Базар­бек әлі аяқтал­маған тер­геу нәти­же­лерін жари­я­ла­ды, мен оған түсінік­те­ме бере алмай­мын, – деді Қанат Шарлапаев.

БАЗАРБЕКТІҢ ЖАУАБЫ

Мини­стр­дің бұл сөзін Бақыт­жан Базар­бек жау­ап­сыз қал­ды­рған жоқ. Әле­умет­тік желі­ге жаз­ба қал­дыр­ды. Мәтін­нен ашу табы білінеді.

– Өнер­кәсіп және құры­лыс мини­стрі бізді мазақ етіп, көп­те­ген заңбұ­зу­шы­лы­қты аны­қтаған Қар­жы мини­стр­лі­гінің қоры­тындыс­ын мой­ын­да­май­тын сияқты! 

Министр Шар­ла­па­ев үшін Қар­жы мини­стр­лі­гінің Ішкі мем­ле­кет­тік аудит коми­тетінің аудит қоры­тындысы жет­кіліксіз екен де, ал Жоға­ры ауди­тор­лық пала­та­ның қоры­тындысы қажет екен! Бұл жер­де министр өзінің қара­мағын­дағы­лар Құры­лыс кодексінің жоба­сын әзір­леу сыл­та­уы­мен 362 мил­ли­он тең­ге­ден астам қара­жат жұм­саға­нын мой­ын­дағы­сы кел­мей­тіні анық. Оның 291 млн тең­гесі аудит қоры­тындысы бой­ын­ша негіз­сіз шығын­дар, сон­ды­қтан олар­ды ақта­уға тыры­са­ды, – дей­ді депутат.

«ОҚУШЫНЫҢ РЕФЕРАТЫ»

Базар­бек жоба­ны тағы да «11-сынып оқу­шы­сы­ның рефе­ра­ты­на» теңеді. 

– Құжат Мәжіліс­ке 2023 жыл­дың жел­тоқ­сан айы­ның соңын­да келіп түсті. Қазір қыр­күй­ек айы­ның соңы, біз тоқтап қал­дық. Кей­де жұмыс тобын­дағы депу­тат­тар салы­стыр­ма­лы кесте мәтін­дерін­де­гі стиль мен емлені түзе­ту­ге мәжбүр. 

Ал заң бөлі­мі редак­тор ретін­де әр тар­маққа сүрініп, қай­шы­лы­қтар­ды жояды. Құры­лыс кодексін тұжы­рым­да­ма­лық қара­уға әлі жет­кен жоқ­пыз. Тағы қан­ша уақыт кететіні бел­гісіз. Бұл тиім­сіз ақша жұм­сау емес пе?! Нелік­тен біз депу­тат­тар құқық қорғау, бақы­лау және қадаға­лау орган­да­ры болған кез­де біздің жағ­дай­да бюд­жет қара­жа­ты­ның жасы­рын ұрланға­нын дәлел­де­у­ге тиіс­піз? – деп Базар­бек ашуға мінді.

БАЗАРБЕККЕ ӘЛИЕВ ҮН ҚОСТЫ

Депу­тат Бақыт­жан Базар­бек­тің бұл дауы­на әріп­тесі Болат­бек Әли­ев қосылды.

– Мен әріп­тесім­ді қол­да­май тұра алмай­мын! Қар­жы­лық бақы­ла­удың бұры­нғы қыз­мет­кері ретін­де бюд­жет қара­жа­тын бөлудің дұры­сты­ғын және шығын­дар­дың тиім­ділі­гін тек­се­руді Қар­жы мини­стр­лі­гінің Ішкі мем­ле­кет­тік ауди­ті жүр­гіз­генін атап өткім келеді. Қар­жы мини­стр­лі­гінің ауди­тіне кез кел­ген адам дау айта ала­ды және бұл әркім­нің құқы­ғы! – деді ол.

Әли­ев мини­стр­дің «пала­та мұн­дай заңбұ­зу­шы­лы­қтар­ды аны­қтаған жоқ» деген сөзі­мен келіспейді. 

– Мен ешкім­ді кінәла­май-ақ қояй­ын, бірақ бюд­жет қара­жа­тын ысы­рап ету және тиім­ді пай­да­лан­бау бел­гілері бар деп санай­мын. 60-тан астам маман­ның Құры­лыс кодексін әзір­ле­у­ге қосқан үлесі тура­лы ақпа­рат беруді сұрап, уәкілет­ті орган – Өнер­кәсіп және құры­лыс мини­стр­лі­гіне жүгін­дім, өйт­кені Қар­жы мини­стр­лі­гіне тиісті бюд­жет­тік өтіні­мін көр­дім. Олар қан­дай түп­нұсқа иде­я­лар­ды ұсын­ды? Бар­лы­ғы­ның атын атаңыз! Мен мұны министр Шар­ла­па­ев­тан есті­гім келеді, өйт­кені депар­та­мент дирек­то­ры Лепе­сов бұл ақпа­рат­ты көк­тем­нен бері Мәжіліс­ке жет­кі­зе алма­ды, ол жағ­дай­ға иелік етпей­тінін айта­ды, – деді ол.

ӘҢГІМЕ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ

Еске сала кетей­ік, бұған дей­ін Құры­лыс кодексінің жоба­сы­на бюд­жет қара­жа­ты негіз­сіз жұм­салға­нын үкі­мет бас­шы­сы­на депу­тат­тық сау­ал жол­даған Бақыт­жан Базар­бе­кай­тқан еді. Депу­тат­тың сөзін­ше, құжат сапа­сыз. «Құры­лыс кодексінің 98–99 %-ы қол­да­ны­стағы заң­дар­дан тұра­ды және ешқан­дай жаңа­шыл­ды­ғы жоқ», дей­ді мәжілісмен.

Осы­ған бай­ла­ны­сты бір топ депу­тат мұн­дай сапа­сыз кодекс жоба­сы­на бюд­жет қара­жа­тын жұм­са­удың орын­ды­лы­ғы тура­лы Қар­жы мини­стр­лі­гінің Ішкі мем­ле­кет­тік аудит коми­тетіне жүгін­ген. Ведом­ство бюд­жет қара­жа­тын жос­пар­лау мен пай­да­ла­нуға мем­ле­кет­тік аудит жүр­гізіп, нәти­же­сін жари­я­лаған. Бірін­ші­ден, 2023 жылға арналған Бюд­жет кодексінің 41-бабы­ның 4.2‑тармағын бұза оты­рып, жал­пы сома­сы 382 млн тең­ге­ге Құры­лыс кодексін әзір­леу Өнер­кәсіп және құры­лыс мини­стр­лі­гінің мем­ле­кет­тік мін­дет­тер тізі­міне негіз­сіз енгізіл­ген. Осы­лай­ша тек­серіс нәти­же­сін­де мини­стр­лік пен «ҚазҚСҒ­ЗИ» құры­лыс сала­сын­дағы мем­ле­кет­тік ғылы­ми-зерт­теу және жоба­лау инсти­ту­ты» ЖШС ара­сын­дағы келісім­шарт негіз­сіз жасалға­ны бел­гілі болған.

Екін­ші­ден, мини­стр­лік бюд­жет­тік өтінім­де қам­ты­лған мәлі­мет­тер мен есеп­тер­дің толы­қты­ғы мен дұры­сты­ғын қам­та­ма­сыз етпе­ген. Осы­лай­ша Бюд­жет кодексінің 67-бабы­ның 12.12.1‑тармағын бұзған. Бұл жал­пы сома­сы 291 млн тең­гені құрай­тын бюд­жет қара­жа­тын негіз­сіз жос­пар­ла­у­ға әкеп соққан. Мұның алдын­да Базар­бек Құры­лыс кодексінің жоба­сын «10-сынып­тың оқу­шы­сы жаза ала­ды» деп тағы бір сынаған еді.

Аян ӨРІБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн