Среда , 30 апреля 2025

Елу жыл күткенЕРЕКШЕ КӨПІР

Пре­зи­дент тап­сыр­ма­сы­мен Шығыс Қаза­қстан облы­сын­дағы Бұқтыр­ма су қой­ма­сы­ның үсті­нен салы­нып жатқан көпір­дің құры­лы­сы аяқта­лып келеді. Аймақ қана емес, бүкіл елі­міздің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық дамуы тұрғы­сы­нан аса маңы­зды бұл стра­те­ги­я­лық нысан жыл соңы­на дей­ін пай­да­ла­нуға беріледі деп күтілуде.

2019 жыл­дың 19 қыр­күй­е­гін­де, осы­дан тура 5 жыл бұрын Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев Үкі­мет пен Шығыс Қаза­қстан облы­сы әкім­ді­гіне «Твит­тер» арқы­лы Бұқтыр­ма су қой­ма­сы­на көпір салу үшін қар­жы бөлуді тап­сы­рған бола­тын. Қазір­гі уақыт­та көпір құры­лы­сы аяқта­луға жақын. Екі бір­дей облы­стың, 6 аудан­ның ара­сын жалғай­тын стра­те­ги­я­лық нысан жыл соңы­на дей­ін пай­да­ла­нуға беріледі деп жос­пар­ла­нып отыр деп мәлім­деді Пре­зи­дент­тің кеңесшісі–баспасөз хат­шы­сы Берік Уәли .

«Бұл көпір жер­гілік­ті тұрғын­дар үшін көп­тен күт­кен қуа­ныш, сүй­ін­шілей­тін үлкен жаңа­лық болай­ын деп тұр. Өйт­кені Шығыс Қаза­қстан мен Абай облы­ста­ры­ның Марқа­көл, Күр­шім, Катонқа­рағай және Көк­пек­ті аудан­да­ры­ның тұрғын­да­ры 50 жыл бойы жол аза­бын тарт­ты. Жазғы уақыт­та паром арқы­лы, қыс мез­гілін­де мұз үсті­мен жүр­ді. Талай адам­ның суға кет­кені де жасы­рын емес. Сон­ды­қтан бұл көпір­ді салу­дың маңы­зы жоға­ры еді», – деп жаз­ды Берік Уәли.

Оның жазуын­ша, бұл елі­міз­де­гі ең ұзын көпір болмақ.

«Екі жолақты авто­мо­биль көпірінің жал­пы ұзын­ды­ғы 1316 метр­ді құрай­ды. Тәулі­гіне 80 мың көлік­ке дей­ін өткі­зе ала­ды. Соны­мен қатар жоба аясын­да ұзын­ды­ғы 18,6 шақы­рым бола­тын көпір­ге қосы­ла­тын жаңа авто­жол құры­лы­сы қарас­ты­ры­лған», – дей­ді Пре­зи­дент­тің бас­пасөз хатшысы.

Естеріңіз­ге сала кетей­ік, 2019 жылы 18 қыр­күй­ек­те «Egemen Qazaqstan» газетін­де «Елу жыл бұры­нғы ескі паром елді қашанғы әуре­ге түсіреді?» деген тақы­рып­пен жур­на­лист Аза­мат Қасым­ның мақа­ла­сы жари­я­ланған бола­тын. Осы мақа­ла көпір­дің салы­нуы­на арқау болған еді.

Енді, міне, әріп­тесі­міздің көтер­ген орын­ды мәсе­лесін Пре­зи­дент­тің кеңесшісі–баспасөз хат­шы­сы мем­ле­кет бас­шы­сы­на дер кезін­де және дұрыс жет­кізіп, осы­ған орай нақты тап­сыр­ма берілуінің арқа­сын­да алты аудан­ның халқы елу жыл күт­кен ерекше көпір ел игілі­гіне тап­сы­рыл­мақ. Бұған аймақ тұрғын­да­ры аса қуа­ны­шты. Оған осы өңір­дің тұрғы­ны Наби­ол­да Кеме­шев­тің әле­умет­тік желі­де жари­я­лаған мына жаз­ба­сы нақты мысал:

«Қиыр­да жатып, қырқа­дан шалып, нега­тив­тен басқа ел-жұр­тқа не жақ­сы­лық жаса­дың? Марқа­көл­де туға­ның рас бол­са, сол Марқа үшін бір шеге қақты­ңыз ба??? Бұл – ел арма­ны, халы­қтың тіле­гі, көп­тің көз жасы! Қан­ша отба­сы­ның бала­сы жетім, ана­сы жесір қал­ды. Талай адам жанын шүбе­рекке түй­іп, өмірін бәй­ге­ге тігіп, көк­шіл мұз­дан өтіп жүр­дік. Күздің суы­ғын­да паром тосып, түне­ген күн­дер мен шеті жоқ кезек­те алтын уақыт­та­рын сарп еткен кез­дер арт­та қал­мақ. Аза­мат Қасым­ның Марқа ауда­ны­ның ашы­луы­на, Күршім–Марқа жолы­ның салы­нуы­на да жур­на­лист ретін­де газет арқы­лы қосқан өзін­дік үлесі бар. Ең басты­сы – Берік Уәли сияқты осы мәсе­лені жет­кіз­ген, дұрыс шешім қабыл­даған Пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Кемелұлы­на Марқа­көл елінің, Күр­шім, Зай­сан, Самар, Боль­ше­на­рым жұр­ты­ның аты­нан мың алғыс! Халық деген Алла­ның 99 жана­ма аты­ның бірі. Халқы­мыз аман, жұр­ты­мыз тыныш бол­сын! Көпір­дің игілі­гін ел көреді. Қуан, халқым!» – деп жаз­ды ол.

Міне, ел игілі­гі үшін жаса­лып жатқан орас­ан еңбек­ке шын жүрек­тен шыққан шынайы тілек! Бұл – екін­ші жағы­нан, газеті­міздің өткен санын­да әйгілі жур­на­лист Қай­нар Олжай­дың «Бас-басы­на сайт болған өңкей қиқым» дегенін­дей, қалың жұр­тқа тит­тей де пай­да­сы жоқ, не бол­са соны жари­я­лай беретін сайт­тар мен қап­таған бло­гер­лер­ге де «қызым, саған айтам, келінім, сен тың­да» деген­дей астар­лы ақыл-кеңес. Аза­мат Қасым­дай қара­пай­ым жур­на­лист пен Берік Уәлидей Пре­зи­дент­тің бас­пасөз хат­шы­сы­ның қыз­метін лай­ы­қты баға­лау деп қабыл­да­сақ, біздің­ше ешқан­дай сөкет­ті­гі жоқ. Осын­дай елшіл аза­мат­тар­дың қата­ры көбейе бергей!

Сар­баз ҚҰТ-МҰХАММЕД

Республиканский еженедельник онлайн