Пятница , 4 июля 2025

Бақиға кетті бір Арыс…

Қазақ ғылы­мы мен мәде­ни­еті орны тол­мас ауыр қаза­ға ұшы­ра­ды. 68 жасқа қараған шағын­да тіл­ші-ғалым, ала­шта­ну­шы, пуб­ли­цист, бас­па­гер, фило­ло­гия ғылы­мы­ның док­то­ры, қоғам қай­рат­кері, «Дат» газетінің бар ойын батыл айта­тын бел­сен­ді авто­ры Ғари­фол­ла Қаб­долқай­ы­рұ­лы Әнес өмір­ден өтті.

Ғари­фол­ла Әнес 1957 жылы 26 тамы­зда Аты­рау облы­сы, Құр­манға­зы ауда­нындағы Балқұ­дық ауы­лын­да дүни­е­ге кел­ді. 1974 жылы орта мек­теп­ті тәмам­дап, 1974–1979 жыл­да­ры Қазақ мем­ле­кет­тік уни­вер­си­тетінің фило­ло­гия факуль­тетін­де жоға­ры білім алды. Оны бітір­ген­нен кей­ін ҰҒА-ның А. Бай­тұр­сы­нұ­лы атын­дағы Тіл білі­мі инсти­ту­тын­да ғылы­ми жұмыстар­мен айна­лы­сты. 1984–1987 жыл­да­ры Қазақ КСР Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның Тіл білі­мі инсти­ту­ты­ның аспи­ран­ту­ра­сын­да оқыды.

Елі­міз тәу­ел­сіз мем­ле­кет атанған соң, 1992 жыл­дан қуғын-сүр­гін­ге ұшы­раған Қаза­қстан зия­лы­ла­ры­ның мұра­сын зерт­тей­тін «Арыс» қорын және «Арыс» бас­па­сын ұйым­да­сты­рып, олар­дың құры­л­тай­шы-пре­зи­ден­ті ретін­де Алаш ары­ста­ры­ның мұра­сын табу, зерт­теу және жари­я­лау бой­ын­ша бұрын-соң­ды бол­маған ауқым­ды жұмыстар жүр­гізді. Атап айтқан­да, А. Бай­тұр­сы­нұ­лы, Қ. Жұба­нов және Х. Досмұ­ха­медұ­лы еңбек­терін құра­с­ты­рып, алғы­сөз-соңғы­сөз­дерін жазып, бір­не­ше рет жары­ққа шығар­ды. 2009 жылы «Алаш. Ала­шор­да» энцик­ло­пе­ди­я­сын, сон­дай-ақ 7 том «Қазақ» га­­зе­ті (1913–1918) мен 7 том «Айқап» журнал­дарының (1911–1915) толық кор­пу­сын жасап, «Сары­арқа» (1917–1919) газетін тауып, жина­сты­рып, ХХ ғасыр басын­да жары­ққа шыққан көп­те­ген жур­нал­дар­ды араб қар­пі­нен қазір­гі жазу үлгісіне көшіріп, ондаған том басы­лым­дар дай­ын­да­ды. Заңғар жазу­шы Әбіш Кекіл­бай­ұлы­ның өмірі мен шы­ғар­машылығына ар­налған «Алпы­сын­шы жыл­ды­қтар» атты үш том­дық энцик­ло­пе­дия дай­ын­дап, бас­па­дан шығарды. 

Ол 2013 жыл­дан «Қаза­қстан тари­хи-ағар­ту «Әділет» қоға­мы­ның» төраға­лы­ғын қоса атқа­ра­ды. Халы­қа­ра­лық «Қазақ тілі» қоға­мы­ның вице-пре­зи­ден­ті, «Ана тілі» газетінің қоғам­дық негіз­де­гі кеңес­шісі бол­ды. Алма­ты облы­сы, Талғар ауда­нын­дағы Жаңа­лық ауы­лын­да орна­ласқан Қуғын-сүр­гін құр­бан­да­ры музей­інің ашы­луы­на да үлкен еңбек сіңіріп, оның мең­ге­ру­шісі қыз­метін де атқарды.

Ел алдын­дағы аза­мат­тық пары­зы мен ғылы­ми, қоғам­дық қыз­мет­терін әрқа­шан адал атқарған асыл аза­мат­тың ерен еңбе­гі ескеріліп, ол Аты­рау облы­сы Құр­манға­зы ауда­ны­ның, Батыс Қаза­қстан облы­сы Жаңақа­ла ауда­ны­ның Құр­мет­ті аза­ма­ты, Халел Досмұ­ха­медұ­лы атын­дағы Аты­рау, Қорқыт ата атын­дағы Қызы­лор­да мем­ле­кет­тік уни­вер­си­тет­терінің Құр­мет­ті про­фес­со­ры, Халы­қа­ра­лық Айт­ма­тов ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі, Бас­па және поли­гра­фия ісінің қай­рат­кері атан­ды. «Құр­мет», «Пара­сат» орден­дері­мен және бір­не­ше мере­келік медаль­дар­мен марапатталды.

Ғари­фол­ла Қаб­долқай­ы­рұ­лы соңғы уақыт­та 100 том­нан тұра­тын «Алаш – 100» мегажо­ба­сын жүзе­ге асы­рып жүр­ген. Қаза­қтың, Ала­штың тарихын түген­деп, өске­лең ұрпаққа табыст­а­уға арналған арман-мақ­сат­та­ры, жоба-жос­пар­ла­ры көп еді. Әттең, айла тап­тыр­май­тын ажал осын­дай асыл аза­мат­ты орта­мы­здан жұлып алды. Қаза­қтың ары­ста­рын зерт­теп жүр­ген тағы бір арыс бақиға кет­ті. Ауыр қаза, үлкен өкініш!

Алла­ның бұй­ры­ғы­на не шара! Марқұм­ның отба­сы­на, туған-туы­ста­ры­на, әріп­тес аға-інілеріне, жал­пы қазақ қауы­мы­на «Дат» газеті редак­ци­я­сы­ның ұжы­мы аты­нан қай­ғы­ла­ры­на ортақ­та­сып, терең қай­ғы­ру­мен көңіл айта­мыз. Ләй­ім қаза қай­ыр­лы, жақ­сы­лы­ғы жақын болғай! Ұлт үшін ұлан-ғай­ыр қыз­мет атқарған асыл аза­матқа бей­і­ш­тен орын бұйырғай!

«D»

Республиканский еженедельник онлайн