Пятница , 4 июля 2025

АЛЖАСҚАН КІМ?

Олжас Сүлей­ме­нов – оза шауып, көп­тен қара үзіп кет­кен сәй­гүлік. Озған­да көп­тің алдын­да кетіп бара жатқан жоқ, бел аса озып кет­кен. Соңын­дағы қара нөпір «ол неге шаң­да­тады­мен» нара­зы­лы­ғын біл­діріп жүр.

О. Сүлей­ме­нов – пла­не­тар­лық ауқым­дағы линг­вист. Қазақ тілі мәсе­ле­лері­мен айна­лы­сып жүр­ген­дер оның атын ата­май­ды. Неге? Өйт­кені Қаза­қстан­да фило­ло­гия деген ғылым жоқ, фило­лог деген атақ пен дәре­же алған­дар бар. Мың­нан астам дәре­же­лен­ген қазақ «ғалым­да­ры» О. Сүлей­ме­но­втың иде­я­ла­рын түсін­бей­ді. Кезін­де оның дис­сер­та­ци­я­сын қорғат­пай, құла­тып жіберген.

«Алма­ты­ға» қаты­сты пікір­та­ла­ста бір шабуы­л­шы оның «ы» дыбысы тура­лы айтқан­да­ры­на қар­сы орыс сөз­дері­нен мысал­дар кел­тіріп, тұжы­ры­мын жоққа шығарғы­сы келіп­ті. Рас, әзір­ше орыс тілін­де «ы» дыбысы ұшы­рас­а­тын сөз­дер бар­шы­лық. Алай­да бло­гер мына­ны ескер­мей­ді: «ы» – айтуға ғана емес, үйре­ну­ге де қиын дыбыст­ар­дың бірі. Сон­ды­қтан жетіл­ген тіл­дер одан әлдеқа­шан ары­лған. Орыс линг­ви­стерінің өздері де осы дыбыстан қалай ары­лу мәсе­лесіне үне­мі ора­лып оты­ра­ды. «Соглас­но Мос­ков­ской фоно­ло­ги­че­ской шко­ле, в совре­мен­ном рус­ском язы­ке отсут­ству­ет само­сто­я­тель­ная фоне­ма /ɨ/, а звук [ɨ] явля­ет­ся лишь алло­фо­ном фоне­мы /i/ после твёр­дых соглас­ных» (қараңыз: Муса­тов В.Н., Рус­ский язык: фонетика, …).

Дүние жүзін­де­гі озық линг­ви­сти­ка­лар ұста­на­тын әмбе­бап қағи­да­лар мен ұста­ным­дар бар. Олар­дың кей­біре­улері мына­лар: тіл­ді дамы­ту күр­делі­ден – қара­пай­ы­мға, қиын­нан – оңай­ға, айтуға ауыр дыбыстан – айты­луы жеңіл дыбысқа, дыбыст­ар­дың көп­ті­гі­нен – азды­ғы­на, күң­гірт дыбыст­а­ла­тын фоне­ма­лар­дан ары­лып, ашық, анық естілетін дыбыст­ар­ды пай­да­ла­нуға … қарай бағыт­та­луы керек. Осы­лар­ды жүзе­ге асы­ру нәти­же­сін­де дамы­ған тіл­дер­де­гі дыбыст­ар саны мей­лін­ше азай­ған және құра­мы айтуға жеңіл, анық естілетін дыбыст­арға көп орын беріл­ген. Жетіл­ген тіл­дер­ді адам­ның тез мең­геріп алуы­ның көп себебінің бірі осы. Олже­кең осы алды­ңғы қатар­дағы жетіл­ген линг­ви­сти­ка­лар қабыл­даған үрдістер­ден (тен­ден­ция) сөз қозғап отыр. Ал біздің тен­ден­ци­я­ны түсін­бей­тін қан­дек­тері­міз кон­тек­с­тен теріп алған, сырт­тай дұрыс сияқты болып көрі­нетін бір деталь­дың құй­ры­ғы­нан ұстап алып, оны «нақты мысал» екен деп, піл­дің қатесін көзіне шұқып көр­сетіп жібер­мек болып­ты. Шынай­ы­лы­ғын­да, «Алма-Атаға» қаты­сты Олже­кең айтқан тұжы­рым­да­ры қисын­нан ада емес.

Санаңыз­шы, QWERT-кла­ви­а­ту­ра­да қан­ша әріп бар? Дұрыс, 26 әріп бар. Ал қазақ тілін­де – 42. Осы айғақтың өзі нені көр­се­те­ді? Тек әріп­тер­дің саны жағы­нан ғана қазақ тілін үйре­ну 61,5 %-ға қиын­да­ты­лып тұр.

Латын­ша әлі­п­би жаса­у­мен айна­лы­сып жүр­ген­дер дыбыст­ың көп­ті­гін бай­лы­ққа балап, 9 дыбысты кла­ви­а­ту­раға сый­ғы­за алмай, олар­ды жоғалт­пай­мыз деп жан­та­ла­сып, таң­ба­лар­дың асты мен үстіне қосым­ша бел­гілер (дәй­ек­ше, т.б.) жап­сы­рып қой­ды. Мұны­сы қазақ тілін үйре­нуді одан ары қиын­да­та­тын фак­тор екенін аңғар­май­ды. Латын­ша әлі­п­би жаса­у­шы­лар осы рефор­ма­ны пай­да­ла­нып, тіл­ді айты­луы қиын ВЕЛЯР ЖӘНЕ ФАРИНГАЛ дыбыст­ар­дың, ең бол­маған­да кей­біре­улері­нен ары­л­тып, QWERT-кла­ви­а­ту­раға сый­ғы­зуға тыры­суы керек еді. Тіл­дің пер­спек­ти­ва­сы дыбыст­ар­дың жал­пы саны­ның азды­ғы мен олар­дың ашық және анық естілетін­дері­нен тұра­тын­ды­ғы­нан мүл­дем бей­ха­бар қазақ фило­лог­сы­мақта­ры түгел керісін­ше әре­кет етуде.

Бұлар­дан басқа да қазақ тілін үйре­нуді қиын­да­та­тын фак­тор­лар жетіп арты­ла­ды. Қазір­гі қазақ фило­лог­та­ры ана тілін бұқа­раға үйретіл­мей­тін жағ­дай­дың бәрін жасап отыр. Қабыл­данған нұсқа­ны латын әлі­п­биіне көшу толқы­нын­да қазақ тілін мүл­дем үйре­ну­ге кел­мей­тін­дей етудің озық жос­па­ры деу­ге болады.

***

Осы жер­де ұлт тағ­ды­ры­на тура қаты­сты болуы себеп­ті бұрын айты­лып кет­кен бір ойла­ры­ма ора­луға мәж­бүр болып отыр­мын. Сөз халық және тұлға мәсе­лесі жөнін­де болады.

Мына акси­о­ма­ны еске түсірей­ік: қоғам­ның тағ­ды­рын кім шешеді? Тек халы­қтың өзі ғана шешеді. Бұған дей­ін авто­ри­тар­лық билік­ке қар­сы күре­стің жеңіс­ке жете алмауы­ның себебі не? Себебі – ол күрес­ке халы­қтың өзі қаты­сқан жоқ. Бұдан халық деген кім деген сұрақ туын­дай­ды. Міне­ки, іс теті­гі осы тарқа­ту­дан кей­ін айқындалады.

 Енде­ше былай: халы­қтың ядро­сын көр­кем мәде­ни­ет және ғылым зия­лы­сы құрай­ды. Оларға сту­дент­тер мен жұмыс істей­тін жастар ара­сы­нан шыққан, салы­стыр­ма­лы сау­ат­ты, батыл­дық көр­се­те ала­тын­да­ры іле­седі. Бұлар­дың бәрін қосқан­да, жал­пы ел тұрғын­да­ры­ның мөл­шер­мен 0,1 %-ын ғана құра­уы мүм­кін. Бұл көп емес, әрине, ал жұмысты бастау үшін аз да емес. Аз бол­май­тын себебі – аз адам­ның сау­ат­ты қимы­лы да ұлы жетістік­тер­ге жет­кі­зе алады.

Халы­қтың қоғам­ды дамы­ту­дағы рөлін білетін батыс ойшыл­да­ры­ның бірі «халы­қты тобыр емес, киелі адам­дар құрай­ды (Иоанн Зла­то­уст) деген екен. Тағы бір батыс ойшы­лы­ның тұжы­ры­мы бой­ын­ша, «халық дегені­міз бес-алты ұлы тұлға­ларға алып бара­тын табиғат­тағы бұра­лаң жол» (Фри­дрих Ниц­ше). Осы қисы­н­мен пай­ым­да­сақ, халық дегені­міз – аздаған киелі адам­дар және олар­дың маңын­да жүр­ген бел­сен­ді шоғыр болып шығады.

Ал енді аздаған киелі адам­да­ры­ң­ды ата­шы. Олар­дың алды­ңғы қата­рын­да бір ақы­рға­ны­нан билік ата­у­лы оты­рған жеріне жіберіп қоя­тын, бір шақы­рға­ны­нан бүкіл қазақ ұран­дап шыға­тын ұлы Олжас Сүлей­ме­нов тұр емес пе?

Қаза­қтың маң­дай­ы­на біт­кен өр тұлға­ның шәу­жай­ы­нан алып, шай­пау тіл­мен оған қар­сы көсеу ала жүгірудің не жөні бар еді? Сен, шай­пау тіл­ді көсе­уші (М. Шаха­но­втың сти­лі­мен қысқар­тқан­да – ШТК), Оның емес, өзіңнің алжа­сып тұрға­ны­ң­ды аңға­ра­мысың? Сен, ШТК, халы­қты ұйы­сты­ра ала­тын, ұлт­ты про­грес­ке бастай ала­тын, ат төбелін­дей аздаған киелі адам­дарға шабуыл жасап, бөг­денің өзін тітір­кен­діретін, өте лас тір­кестер­мен лағып тұр­сың. Міне­ки, алжа­су­дың тай­ға таң­ба басқан­дай көрінісі деп осы­ны айту керек. Қаза­қтың сая­си тра­ге­ди­я­сы­ның түп­кілік­ті себебі осы­дан бастау алып отыр.

Иә, саған ұлы қай­рат­кер­дің бір сөзі неме­се бір ісі ұна­ма­ды. Сол үшін аузы­ң­дағы шала шай­налған көр­ты­шқан­ның ішек-қары­нын оның бетіне бүр­кіп жібе­ру керек пе? Пікір алу­ан­ды­ғы деген бар емес пе? Біре­удің иде­я­сын түсін­бе­ген екен­сің, келіс­пей­тініңді айт, мен басқа­ша ойлай­мын де, менің­ше, дұры­сы мынау деп көр­сет. Аргу­мент­ке қар­сы аргу­мент кел­тір. Біздің ШТК-лер­де олар­дың бірі де жоқ. Бір­ден шай­пау тілі­мен, ұна­маған сөз айтқан ада­мға көсеу ала жүгіреді. Әле­умет­тік тегі­нен хабар береді. Өзінің мәде­ни­ет және тәр­бие дең­гей­інің төмен­ді­гін әшке­ре­лей­ді. Олже­кеңнің тұрағы­на бағыт­талған инсуль­та­ци­я­лар­дан оның кім екен­ді­гі тура­лы емес, ШТК-нің өзінің кім екен­ді­гі­нен көбірек ақпа­рат аласың.

Түбін­де, Олжас айт­са – алжас айт­пай­ды. Оның айтқа­ны­ның бәрінің түсін­діруі бар. Ал ШТК – зама­на­уи ақпа­рат­тық тех­но­ло­ги­я­ны пай­да­ланған­ның жөні осы екен деп, сау­ат­сызды­ғы­нан өз етін өзі жеп жүр­ген ылаң. Ұлт­ты про­грес­ке бастай ала­тын аздаған киелі адам­дар­дың шау­жай­ы­нан алып, бетін тыр­нап, елінің пер­спек­ти­ва­сын жоққа шыға­ру­мен айна­лы­сып жүр. Нағыз алжа­су деп осы­ны айту керек. Қанағат ЖҮКЕШ

Республиканский еженедельник онлайн