Четверг , 24 апреля 2025

Мажарстан – екі қырлы ел екен…

Кеше­гі кеңе­стік неме­се бүгін­гі еге­мен­дік кезең бол­сын, Мажар­стан деген­де мен үшін бір түр­лі қан­да­стық, туы­стық бел­гілер алы­стан бел­гі беріп, осы  елге деген қызы­ғу­шы­лы­ғым арта түсу­ші еді. Өйт­кені бұл өлке­ге IX ғасыр­да барған мади­яр­лар­ды этни­ка­лық жағы­нан қаза­қтар­мен қатар қой­ып жүр­ген­дік­тен, олар­ды жан-жақты біл­гім келіп жүретін. Бірақ мен өзім­нің табиғи жара­ты­лы­сым­да қай жаққа бол­ма­сын сая­хат жаса­уды жос­пар­лап, әлдеқан­дай болу­ды мүл­де ұна­та қой­май­тын адам­мын. 2014 жылы Мек­ке­ге бар­сам, мұсыл­ман ретін­де­гі негіз­гі пары­зым­ды өтеу үшін барған едім. 1990 жыл­дар­дың басын­да Стам­бул қала­сы­на сапар­ла­сам, сол кез­де болған КСРО-дағы сая­си-қоғам­дық өзгеріс­ке бай­ла­ны­сты тұр­мыс тауқы­меті итер­ме­ле­ген еді. Ал Өзбек­стан, Қырғыз­стан мен Әзер­бай­жан сияқты елдер­ге  ден­са­улы­қтың сыр беруіне бай­ла­ны­сты барған бола­ты­н­мын. Сон­дай-ақ еге­мен­дік алған жыл­дар­дың басын­да Еуро­па­ның бір­не­ше еліне халы­қа­ра­лық ғылы­ми кон­фе­рен­ци­я­лар­дың деле­га­ты ретін­де бар­сам, бұл жолы ем-дом алу үшін Вен­гри­я­ның Хефист деп ата­ла­тын қала­сы­нан бір-ақ шықтым. Сол қала­дағы көл­дің бірін­де буын-буы­нға ем бола­тын тер­маль­ды шипа­лық су бар екен. Ол жаққа аттанған­да, осы­ны қапер­ге алған едік.

Бір жасқа енді тола­тын Айда­на атты неме­рем бар, бір үйден 4 адам алды­мен ұшақ­пен ара­б­тар тұра­тын Қатар елінің Доха қала­сы­на 5 сағат­тай ұшып бар­дық. Баяғы кеңе­стік мек­теп­те жүр­ген­де, бей­ша­ра деп оқы­та­тын негр­лер кере­мет бай тұра­ды екен. Басқа­сын айт­паған­да, кіш­кене қала­сын­дағы әуе­жай­дың өзін ат шап­ты­рым жер­ге салып­ты. Тіп­ті ұшы-қиы­ры жоқ.

Ұшақтан түс­кен­де ыстық жел соғып тұр­ды. Ұшақ тоқтаған жер­ден әуе­жай­дың дәл өзіне дей­ін авто­бу­ста жар­ты сағат жүріп бар­дық. Жерін­де топы­рақтан гөрі ақшыл­дау құм басым көрін­ді. Соған қара­ма­стан аға­штар да жоқ емес. Төңірек­те­гі осын­дай таңға­жай­ып құбы­лы­сты тама­ша­лай  оты­рып, әуе­жай­дың ішіне кір­ген­де, жұмақтың төрін көр­ген­дей бола­сың. Міне кере­мет: сырт­тағы ауа­ның ысты­ғы мұн­да мүл­де білін­бей­ді, барын­ша ойла­сты­ры­лып жасалған кон­ди­ци­о­нер­лер ауа­ны бір қалып­ты ұстап тұрға­ны сон­ша­лық, кәдім­гі самал желі­мен сер­гітіп жібе­ретін кіші­гірім орман­да жүр­ген­дей әсер ала­сың; бір­не­ше шақы­рым етіп салы­нған тер­ми­нал­дар сені бара­тын жеріңе өзі жете­лей­ді. Ойпыр­май, қиыр шет­те­гі біз­ге тиісті сек­ци­яға бару үшін, әуе­жай ішін­де тер­ми­нал­дан шығып, жаяу жүріс­ке көш­кен­де, ерте­гі­де айта­тын саябаққа тап бол­дық; онда күр­кіре­ме іспет­тес су бұрғақта­ры сенің наза­ры­ң­ды өзіне тар­тып алса, бірі­нен-бірі әде­мі болып өскен паль­ма аға­шта­ры­нан бастап, өсім­дік­тің неше түрі жай­нап, тоты­құс сияқты құстар­дан бастап, оның әлде­не­ше дауыс шыға­ра­тын түр­лері сенің көз алды­ң­да сай­рап тұра­ды екен…

Неме­рем өте көңіл­шек, ешкім­ге жаты­рқа­май­тын жай­да­ры сәби еді. Адам бала­сы жақын­да­са бол­ды, екі қолын шапа­лақтап, әлгі ада­мға қарай ұмты­ла­тын жақ­сы әдеті бар бола­тын. Соны­сы­на бола тіл-көз бол­ма­сын деп, жолға шығар­да Алма­ты­ның бас мешітіне барып, құл­шы­лық етуді де есі­міз­ден шығар­маған едік. Ал енді сол неме­ре қызым ойла­маған жер­ден Қатар­дағы негр­лер­дің өте сыпайы мей­ірі­міне қара­ма­стан, әлгілер қара­са бол­ды, өмірін­де көмір­дей қара адам­ды көр­ме­ген­дік­тен бе біл­мей­мін, еңіреп жылап, бәрі­мізді кәдім­гі­дей әлек­ке сал­ды. Тіп­ті көз жасы көл боп кет­ті. Қара­саң жаның аши­ды. Әп-сәт­те адам­дар­дың бәрін қара­мен бояп қой­ған­дай әсер алған Айда­на­ны жұба­ту мүм­кін бол­май кет­ті. Әйте­уір амал­дап жүріп, бір бұры­шқа барып әрең күн көру­мен бол­дық… Осы­лай­ша әупірім­деп, 3 сағат көле­мін­де­гі ауыс-түй­і­стен кей­ін басқа сама­лет­пен Буда­пешт­ке тағы да 5 сағат ұшып барып, одан әрі жеңіл маши­на­мен 2 сағат мөл­шерін­де Хефист қала­сын­дағы «Еуро­па фист» шипа­жай­ы­на барған­да, жол қашы­қты­ғын жал­пы­лай есеп­те­ген­де, Алма­ты­дан осы араға дей­ін­гі барып-жету уақы­ты 15 сағатқа созыл­ды. Бір жасқа тол­маған Айда­на осы­ның бәрін көтеріп, ауыр­май-сырқа­май, жетер жер­ге кел­дік-ау әйтеуір…

Хефист қала­сы­ның шетіне ілін­ген­нен бай­қаға­ным ауа­сы­ның ерекшелі­гі бол­ды. Бұны жай сөз­бен айтып жет­кі­зудің өзі өте қиын: жол қысқар­сын деген оймен көлік жүр­гі­зу­шісі­нен Вен­гри­яда туып-өсіп, осы ара­дан аты әлем­ге бел­гілі болған ғажай­ып түр­ко­лог – Эвту­ан Қоңыр Ман­до­ки тура­лы сұрап едім, ол жау­ап бере алма­ды. Өзінің түбі мади­яр бола тұра, оның есесіне келіп-кетіп жүр­ген тури­стер­ге гид болып жүр­се де, әлем халқы білетін Эвту­ан­нан хаба­ры­ның жоқты­ғы­на таңқа­лып, ұйқым ашы­лып кет­ті. Менің кенет­тен сер­гіп шыға кел­генім­ді бай­қаған ол да дереу интер­нет­тен Эвту­ан Қоңыр тура­лы мәлі­мет тауып-біл­ген­нен кей­ін, менен кешірім сұра­ды. Бірақ мен бәрібір әлгінің Эвту­ан­ды біл­ме­ген бей­қам­ды­ғы­на бір түр­лі құла­зып қал­дым. Ол менің көңілім­ді аулаған болып, оң жағы­мы­зда жарқы­рап жатқан Бала­тон көлі мен Дунай өзені тура­лы әңгі­ме­ге ауы­сты. Бай­қаға­ным – Дунай өзені өзі кесіп өтетін Еуро­па елдерінің ішін­де Вен­гри­я­ны 400 шақы­рым­нан аса ара­лап шыға­тын көрі­неді. Біздің гид-жүр­гі­зу­ші бір жер­ге кел­ген­де жол­дан ауы­тқып, осы ара­дағы 100 шақы­ры­мға жуық биік­тік­ке салы­нған көпір­дің ең жақ­сы көрі­нетін жеріне апа­рып біз­дер­ге тама­ша­лат­ты. Бір қызы­ғы – көпір өзен неме­се көл үстіне емес, бір-бірі­нен алыс орна­ласқан үлкен екі төбенің үстіне салы­нып­ты. Таны­сты­ру­шы­ның сөзіне қараған­да, көпір­ді бұлай етіп салу – жол­ды қысқар­ту үшін және тури­стер­ді қызы­қты­ру үшін екен. Жола­у­шы­ла­рын әке­ле жатқан Ана­то­лий есім­ді әлгі біздің гид біз­дер­ді осы елде­гі ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның жай­ы­мен де таны­сты­рған­да, бұл ара­да кар­топ­тың алты түрі өсетінін және халқы кар­топ­тан дәм­ді тамақ жаса­уды ұна­та­ты­нын ұғын­дым. Ол бұл елдің ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на қаты­сты кар­топ, балық, жүгері, жүзім, құс және сиыр мәсе­лесін тілі жет­кен­ше баян­дап бер­ді. Өндірістік жетісті­гі жағы­нан металл өңде­умен аты шығып, тури­стік «КамАЗ» авто­бу­сын сырт елдер­ге импорт­та­у­мен мақта­на­тын­да­рын да айтып жатқан­мен, оның әңгі­месінің дәм­сізді­гі мені бәрібір қызықтырмады.

Әлгі шешен­нің айты­сын­да, Вен­гри­яда 12 мил­ли­он халық тұр­са, оның 97 пай­ы­зы бір ұлт­тан тұра­тын вен­гр­лер екен. Сон­да сонау VI ғасыр­дағы Атти­ла (Еділ) бастап кел­ген хун­дар (гун), IX ғасыр­дағы мади­яр­лар мен пече­нек­тер (полын-полов­цы-жусан иістілер), XIII ғасыр­да мұңғыл-татар­ларға бағын­бай, Көтен хан бастап кел­ген 40 мың қып­шақтар мен одан кей­ін 150 жыл бойы үстем­дік еткен сель­жүк түрік­терінің бел­гісі қай­да? Мыса­лы, біз­дер – көп ұлт­ты елміз деп айқай­лап-мақта­нып, бөр­кі­мізді аспанға ата­мыз. Онда олай емес екен: «Біз­де тек вен­гр­лер тұра­ды» деп шат­та­нып, «біз – бір ұлт­ты­мыз» деп, соны­сы­мен мақта­на­ды екен. Сон­да мұн­да сан ғасыр жор­туыл­даған түр­кілер­дің заты тұр­мақ, ізі де жоқ. Тіп­ті олар­дың тарихы­на қаты­сты  не мешіт, не тіл­дік бел­гілер­ді бей­не­лей­тін дәнеңе де жоқ. Айна­лып кел­ген­де, мұн­да құмға сің­ген су сияқты вен­гр­лер­ден басқа ұлт дегеніңіздің қара­сы да білін­бей­ді. Деген­мен, бұл жер­де «Біз – мади­яр­мыз» деген­дер жоқ емес. Алай­да олар Вен­грия мем­ле­кетін­де­гі жеке ұлтқа кір­мей­ді екен. Ал біз жоға­ры­да айтқан 40 мың қып­шақтар  осы күні жоқ деген­де 1 мил­ли­он­нан асуы керек бол­са да, менің мади­яр­лық сері­гім­нің айты­сы бой­ын­ша, олар өздерін «вен­гр­лер­міз» деп өмір сүріп жатқан­да­ры­ның куәсі болдым…

Кенет­тен жол жиегі­нен кез­дескен темір жол­дың ескі рель­сін бай­қап, оның мәнісін сері­гім­нен сұраға­ным­да, соғы­стан кей­ін КСРО тара­пы­нан салы­нған осы жол­дың құпи­я­сын бәрібір дұрыс ашып бере алма­ды. Ішім қылп ете қал­ды. Өйт­кені тарих­тан білетінім­дей, екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стан кей­ін кезін­де­гі КСРО-ның Укра­и­на, Мол­да­вия сияқты батыс рес­пуб­ли­ка­ла­ры­ның бірқа­та­ры­ның қуаң­шы­лы­ққа ұшы­ра­уы­на бай­ла­ны­сты Қаза­қстан мен Орта­лық Азия елдері­нен оларға деп бағыт­талған азық-түлік­тің мол қоры шын мәнін­де оларға емес, Кеңес билі­гінің ұйға­ры­мы­м­ен соци­а­лизм­ге жаңа­дан бұры­лған осы Вен­грия сияқты мем­ле­кет­тер­ге жөнел­тіл­ген­де, жаңағы пой­ыз жол­дың осын­да салы­нған жасы­рын стан­ци­я­ла­ры сон­дағы біз­ден жет­кен азы­қтың мол қорын қабыл­даған екен-ау-ау деген ой сап ете қал­ды. Жасы­рын демек­ші, бұның өзі сол кез­дері АҚШ пен КСРО-ның тай­та­ла­сы­нан барып, капи­та­ли­стік және соци­а­ли­стік мем­ле­кет­тер ара­сын­да өрі­стей бастаған «қырғи қабақ соғыс» сая­са­ты­на орай ашты­ққа ұры­нған біздің батыс рес­пуб­ли­ка халқы­на біл­дір­меу үшін қал­та­ры­стағы осы жер­ді таң­даған болып шықты. Айна­лып кел­ген­де, біздің аузы­мы­здан жырып, ашы­ққан кеңе­стік рес­пуб­ли­ка халқы­на емес, әкелін­ген сон­дағы азық-түлік­тің мол қорын соци­а­ли­стік жолға түсе бастаған бір­не­ше Еуро­па мем­ле­кет­терінің халқы­на КСРО билі­гі тара­пы­нан көр­сетіл­ген «адал­ды­қтың» жымысқы түріне жатқы­зуға бола­ды. Дәл осы көріні­стен кезін­де­гі соци­а­ли­стік жүйе тарихын­дағы «ақтаң­дақтар­дың» үлкен бір түрін де сезу­ге бола­ды. Бұдан бөлек, сон­дағы соци­а­ли­стік жолға түс­кен осы Вен­грия сияқты елдер­дің  қираған қала­ла­ры мен бүлін­ген шару­а­шы­лы­ғын қал­пы­на кел­тіру­де Орта­лық Азия сияқты Қаза­қстан халқы­ның да орас­ан зор көме­гінің болға­ны халы­қа­ра­лық тарих­та айтыл­май кел­се, бұл жер­де де батыс елдерін­де­гі күні бүгін­ге дей­ін жасы­ры­нып кел­ген «ақтаң­дақтар­дың» табы сезіледі. Оны былай қой­ған­да, екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стан 10 жыл­дан кей­ін­гі, нақты­рақ айтқан­да, 1956 жылы вен­гр­лер жап­пай көтеріліп, соци­а­ли­стік тір­лік­ті ұнат­пай­тын­дай пей­іл біл­дір­се, бұл шын мәнін­де соци­а­ли­стік жүй­е­ге қар­сы тұру емес, кеңе­стік билік­тің өктем­шіл сая­са­ты­на алға­шқы­лар­дың бірі болған нара­зы­лық еді. Хош делік…

Хефист қала­сы­на бас сұққан­дағы әлгі таза ауаға тұн­шы­ққа­ным болар, әрі сері­гім­нің тар­тым­сыз әңгі­месі­нен жалы­ққан болуым керек, көлік ішін­де қай­та-қай­та көзім іліне бер­ді. Төңірек­тің бәрі орман-тоғай, бір­не­ше шағын көл­дер­ге қара­саң, көз той­май­ды. Осын­дай­да Көк­ше­та­удағы 80 көл еске түсіп, біз де құр алақан емес екен­біз ғой деген ойға шом­дым. Мұн­да сапы­ры­лы­сып, біз­де­гі­дей ойқастап жүйт­кі­ген көлік­тер шама­лы. Хефист қала­сы­на кір­ген­де, көлік иесі­нен сұрап-біл­генім, осы қала­ның бар жетісті­гі бүкіл Вен­грия еліне тән шипа­жай­лық қаси­еті­мен ерекше­ле­нетінін ұғын­дым. Иә, бұл қала шыны­мен біз­де­гі Сары­ағаш рөлін атқа­ра­ты­ны­на осы жер­де 12 күн бойы емдел­ген­де әбден көзім жет­ті. Бірақ Сары­аға­шты еске түсір­ген­де, бұл жер­де­гі шипа­жай­лар мен қала кел­беті бір-бірінің шырай­ын ашып, бар­лық сал­та­нат­ты құры­лы­стар өза­ра жара­сым­ды­лық тапқа­ны сон­ша­лық, қала­ның инфрақұры­лы­мы, бірін­ші­ден, мұн­дағы шипа­жай­лар­дың әрқай­сысы­ның көр­кін арт­ты­рып, сән беріп тұр­са, екін­ші­ден, жүр­гін­ші тури­стер­дің көңілін кәдім­гі­дей сер­гітіп тастай­ды екен. Бір сөз­бен айтқан­да, қала мен дема­лыс орын­да­ры­ның үйлесім­ділі­гін­де шек жоқ. Осы ара­да еріксіз, әтте­ге­най­дан басқа ой бол­ма­ды. Неге дей­мін-ау, Көк­ше­та­удағы 80 көл­дің ең бол­ма­са біре­уінің шипа­жай­лық қаси­еті жоқ. Болған күн­нің өзін­де оның инфрақұры­лы­мы адам және оның игілі­гі­нен құра­лақан болып тұрған жоқ па? Шын­ды­ғы, Көк­ше өлкесіне басқа­лар оның өзін­дік табиғи кел­бетіне бола қызы­қтап келетіні жасы­рын емес. Ондағы шипа­жай­лар адам игілі­гі үшін деп салы­нған­мен, кор­руп­ци­яға малы­нған жеке адам­дар­дың мүд­десі басым. Бұны заман тала­бы деген­мен, көп­шілік­тіңкөңіл­сіз тір­шілік етіп жатқа­ны қабы­рға­ны қай­ы­сты­ра­ды. КСРО тараған­нан кей­ін­гі жеке­ше­лен­дірудің үлесі бәріне тең бөлін­бе­ген­дік­тен болу керек, мұн­дағы қара­пай­ым адам­дар­дың жүз­дері­нен шат­та­нып-шабыт­та­ну лебін сезі­ну мүм­кін емес. Саны бар да, сапа­сы жоқ деген­дей, айна­лып кел­ген­де, «80 көлі­міз» біз­де­гі жер жән­на­ты­ның бірі сана­ла­тын Көк­ше өлкесінің көсе­гесін көгер­те алмай, қол­дағы бар алтын­ның қадірін кетіріп оты­рға­ны­мы­зды көріп келеміз.

Көк­ше­ге ұқсас Сары­аға­штағы шипа­жай­лар­дың сән-сал­та­на­ты бірі­нен-бірі өте­ді. Біре­уі екін­шісі­нен кем емес. Заңғар, биік, еңселілік жағы­нан да, сәу­леті мен ішкі тар­тым­ды­лы­ғы жағы­нан да, аула­сы­ның кеңді­гі жағы­нан да бірі екін­шісіне орын беріп тұрған жоқ. Бірақ қала мен жаңағы шипа­жай­лар­дың өза­ра үйлесім­ділі­гінің сиқы мен сәні кетіп, өзін­дік бай­ла­ны­сы­ның рет­сізді­гі алы­стан мен мұн­да­лап тұра­ты­ны тағы да рас. Сары­ағаш қала­сын ара­лап, ондағы жап­пай бере­кесіздік­тер­ді көр­ген­де, түс­кен жеріңе қала­дан еріксіз еңсең түсіп ора­ла­сың. Иә, шын мәнін­де Сары­ағаш  қала­сы қаңы­рап, мүл­де құла­зып тұрған жоқ. Саябақ та, мон­ша да, дәрі­ха­на, дүң­гір­шік­тер мен асха­на­лар­дан бастап, базар мен дүкен де – бәрі-бәрі бар. Алай­да неге екені бел­гісіз, бұлар­дың бәрінің тар­тым­ды­лы­ғы шама­лы, кел­ген адам­ның қызы­ғу­шы­лы­ғын арт­ты­рып, тама­ша көңіл-күй­ге бөле­мей­ді. Бұл бір жағы­нан сол баяғы ескі жүй­ені еле­с­те­те­ді: көше­лері көріксіз, жол­да­ры рет­сіз; ойдым-ойдым шұңқыр­лар аттаған сай­ын кез­де­седі; мәде­ни ескерт­кі­ш­тер жоқтың қасы; саябақтар­да рет­тілік жоқ; оның іштерін­де таңға­жай­ып су бұрқақта­ры тұр­мақ, қара­пай­ым дема­лыс орын­да­рын көр­мей­сің. Айна­лып кел­ген­де, мұн­дағы құры­лы­стың негіз­гі дені қала­ны көр­кей­ту үшін емес, шипа­жай­лар­ды көбей­ту­ге негіз­дел­ген. Мон­ша­сы­на бар­саңыз, жуын­бақ түгілі тезірек қашып шыққы­ңыз келеді. Саябақтан сая, қала іші­нен пана тап­паған соң, жатқан жеріңе қарай салың суға кет­кен­дей қай­та­сың. Мұн­да қарқыл­даған қарға­лар мен саңқыл­даған иттер­ден басқа рахат­та­нып дема­лып жүр­ген адам­дар­дың қара­сын көр­мей­сің. Керісін­ше, әйте­уір күн­көрістің күй­і­мен бұй­ы­ғып, тір­шілік­тің күй­беңі­мен шұбы­рып, жүз­дерін­де қуа­ны­штың ізі жоқ адам­дар тобы­рын ғана көру­ге бола­ды. Бір сөз­бен айтқан­да, осы ара­дағы шипа­жай­лар ансам­блі тәу­ел­сіздік алған­нан кей­ін іске кіріс­кен кей­бір қолы ұзын адам­дар шоғы­ры­ның астам­шыл­ды­ғы­ның басым­ды­лы­ғы­мен өзін­ше, ал қала­ның сән­сіз ажа­ры­на бой үйрет­кен адам­дар тобы­ры мен жер­гілік­ті халық мүл­де бөлек, екі жақ екі ұдай  тір­шілік етіп жатқан­дай әсер ала­сың. Осы­ған орай қала халқы Кеңес кезін­де КСРО-ға шипа­лы­лы­ғы­мен даңқы шыққан Сары­ағаш сияқты қала­сы­мен мақтан­бай, тек сол шипа­жай­лар­ды місе тұтып, оның иелеріне қыз­мет етуді қанағат етіп кел­гені кім­ге бол­са да жасы­рын емес. Ал оның иелерінің негіз­гі дені мини­стр­лер мен облы­стың бас­шы­ла­ры­нан бастап, Кеңес кезі­нен бүгін­гі өмір­ге дей­ін әжәп­тәуір лау­а­зым­ды қыз­мет еткен кілең бір «дөкей­лер».

Өкініш­ке орай, қала­ның сәні мен шипа­жай­лар­дың даңқы үйле­с­пе­ген Сары­ағаш сияқты дема­лыс орын­да­ры­на келетін­дер­дің қата­ры жыл­дан-жылға кеміп, олар­дың көбі адам­дар мен шипа­жай­лар­дың өза­ра жара­сы­мын тапқан басқа елдер­ге ағы­лып кетіп жатқа­нын біз­де­гі құзыр­лы меке­ме­лер­дің бас­шы­ла­ры бай­қай бер­мей­ді. Өйт­кені әлгі зәулім шипа­жай иелері олар­дың мысын басып, қимы­лын тұсап оты­рған жер­де қан­дай да бір әре­кет­тен қай­ыр бол­май­ты­нын да  мой­ын­даған абзал. Түбі дәл осын­дай тір­лік­тер жалға­са бер­се, шипа­жай­ларға ие болып оты­рған біз­де­гі бүкіл ауқат­ты адам­дар банк­ро­тқа ұшы­рап, олар­дың қыз­мет­кер­лері жаға­лай жұмыс­сыз қалуы әбден мүм­кін. Ал қала­ның көр­кіне көңіл бөлін­бе­ген жер­де олар­дың бәрінің кей­ін­гі жыл­да­ры бом­ба түс­кен­дей болып қаңы­рап қалған сан мың­даған қала тип­тес ауыл­дар санын көбей­ту­ден басқа бәлен­дей бола­шағын көріп тұрған жоқпын…

«Жер жән­на­ты Жеті­су­дағы» Жар­кент шипа­жай­ын алай­ық. Мен бұл шипа­жай­ға 20 жыл­дан бері жиі барып жүр­мін. Бұры­нғы Кеңес кезін­де салы­нған шипа­жай­дың екі қабат­ты екі, төрт қабат­ты бір ғима­ра­ты болған екен. Қазір кот­тедж іспет­тес тағы бір сән­ді де сәу­лет­ті дема­лыс үйі пай­да бол­ды. КСРО ыды­раған­да, бұл меке­ме­лер­дің алды­ңғы­ла­ры қара­у­сыз қалған көрі­неді. Карл деген бас дәрі­гер бұған жол бер­мей, өзінің тіке­лей бақы­ла­у­ы­на алма­са, мүл­де жой­ы­лған­дай екен. Бүгін­де Карл ақсақал әупірім­деп жүріп қазір­гі күй­іне жет­кіз­ген тарихы да жоқ емес.

Шипа­жай – табиғат­тың өзі сый­лаған ерекше бір тау сілем­дері қор­шаған қазан шұңқыр­да орна­ласқан. Жиегі­нен сарқы­рап Қулық деп ата­ла­тын өзен аға­ды. Өзен­нің Қулық деп ата­лу себебі – жер­гілік­ті адам­дар­дың айтуын­ша, оның ағы­сы таудың әр жері­нен тесіп шығып, өз арна­сын жиі өзгер­тетін көрі­неді. Бұл шипа­жай­ға Кеңес кезін­де бел­гілі қоғам қай­рат­кері, қаза­қтың бір­ту­ар ұлда­ры­ның бірі Д.А. Қона­ев келіп, дема­лып қай­та­ды екен. Мұн­да қазір­ге дей­ін «Д.А. Қона­ев емдел­ген» деп ата­ла­тын бір қабат­ты шағын үй бар. Кезін­де бір­не­ше бөл­мелі осы үйде мем­ле­кет қай­рат­керіне арнайы қыз­мет көр­сетіліп­ті. Көп­шілік­ке көр­сетіл­ген бар­лық ем-дом түр­лері дәл осы үйде оған оңа­ша жүр­гізіл­ген. Өкініш­ке орай, қазір­гі күні осы киелі орын­ның сиқы кетіп, сәні бұзы­лып, мүл­де қара­у­сыз тұр. Тіп­ті мұн­да Д.А. Қона­ев сияқты алып тұлға тұрып­ты деудің өзі тым ұят. Талай жыл жөн­деу көр­ме­ген бұл үйдің іші қоқы­сқа толы. Бөл­ме­лерінің сау там­ты­ғы қал­маған. Әбден көнер­ген қабы­рға­ла­ры құла­у­ға айналған. Мұн­да бұры­нғы меди­ци­на­лық бұй­ым­дар­дың жұр­нағы да қал­маған. Қоқыс үйін­ділерінің ара­сын­да құрт-құмыр­сқа мен еге­уқұй­ры­қтар, тышқан­дар мен жылан­дар жосып жүр. Қай­рат­кер­ге көр­сетіл­ген осын­ша­лы­қты маза­ққа кім кінәлі десең, мұн­дай сұраққа ешкім­нен жау­ап ала алмай қина­ла­сың. «Өзі жоқтың, көзі жоқ» дегені­міздің өзі  де  осы болар, «іс біт­ті, қу кет­ті» деген­дей, осы уақы­тқа дей­ін Алма­ты облы­сы мен Пан­фи­лов ауда­нын басқарған әкім-қара­лар­дың біре­уінің де бұған көңіл бөл­ме­уіне қараған­да, бұры­нғы рес­пуб­ли­ка бас­шы­сы­ның қабағы­нан  қай­мы­ққан болу керек десек те, бүгін­де әлгі «қазан­ның қақ­пағы­ның» сол күйі жабық жатқа­нын түсі­ну тағы да қиын.

Біздің ойы­мыз­ша, қазір­гі мем­ле­кет бас­шы­сы­на осы месе­лені жет­кіз­бей оты­рған өңір­дің басқа бас­шы­ла­ры­ның әре­кет­сізді­гін түсі­ну тіп­ті қиын. Биы­лғы су тасқы­ны­нан опат болған бір­не­ше облы­стағы үйлер­ді дереу қал­пы­на кел­тіріп жатқан­да, Д.А. Қона­ев сияқты тұлға­лы аза­мат­тың аты мен затын жоға­ры­да айтқан­дай көп уақыт бойы көпе-көр­неу қор­лау – бүкіл рес­пуб­ли­ка жұрт­шы­лы­ғы­ның бетіне басы­лған таң­ба емес пе? Қазір ол үйді дереу қал­пы­на кел­тіріп, оны Д.А. Қона­ев атын­дағы мұра­жай­ға айнал­дыр­са да артық емес. Расын­да, қазір үш дүр­кін Еңбек Ері болған Дін­мұ­ха­мед Ахметұ­лы сияқты елі­міз­ге аса қадір­лі, бір­ту­ар аза­мат­тың ұстаған затта­ры мен пай­да­ланған мүлік­тері әр жер­ге шашы­лып кет­кені де жасы­рын емес. Неме­се ол бұй­ым­дар­дың біра­зын кей­біре­улер жеке бас пай­да­сы­на айнал­ды­рып оты­рға­нын да дүй­ім жұрт­шы­лық біледі. Сон­ды­қтан бұл бей­ба­сты­ққа нүк­те қоя­тын уақыт жет­ті. Мәсе­лені дереу қолға алып, батыл іске кіріс­пе­сек, Д.А. Қона­ев емес, Алла­ның алдын­да қадірі­міз бол­май қала­ды. Д.А.Қонаевқа көр­сетілетін осы­нау пары­зы­мы­зды, оған деген қары­зы­мы­зды көп­шілік болып өтеу қажет. Егер таяу ара­да Жар­кент ара­са­нын­да қай­рат­кер­дің аты­на мұра­жай ашы­лып, тала­у­ға түс­кен оның ұстаған затта­ры­ның күл­лісі осы меке­ме­ге тап­сы­рыл­са, нұр үстіне нұр болар еді…

«Сырт елге барған сын­шы» деген­дей, енді Вен­гри­яға барған­да көріп-біліп, көңіл­ге түй­генім­ді одан әрі жалға­стыр­сам, бұл менің Мажар­станға барған екін­ші сапа­рым еді. Бірін­ші рет­те 2014 жылы Түрік елі білім мини­стр­лі­гінің деме­ушілі­гі­мен халы­қа­ра­лық ғылы­ми кон­фе­рен­ци­яға барған­да, тури­стік авто­бу­спен бұл елді үстірт ара­лаған едім. Елдің айты­сы­мен аумағы бір квар­тал­дай жер­ге салы­нған мон­шаға барға­ным есім­де. Әлгі мон­шаға осын­да кел­ген тури­стер­дің бәрі бас сұға­тын тәрізді. Өйт­кені мон­ша­ның түр­лі-түр­лі фасон­да­ры­ның бәрін­де қап­таған адам. Жабық та ашық қап­таған бас­сей­ін­дер­ден халық шық­пай­ды. Сусын­ның неше түрін қолы­на ұстаған адам­дар­дың бәрі өзін­ше еркін дема­лып жүр. Ашық аспан астын­дағы үлкен бас­сейн­нен шығып, жабық бөл­ме­лер­ге кір­сең, сау­на­ның неше түрін көру­ге бола­ды: екі адам­ды­қтан бастап, бір­не­ше адам түсетін сон­дай сау­на­ларға қосым­ша қабы­рғаң­нан мас­саж жасай­тын су бұрқақта­ры денеңді сер­гітіп, көңіліңді көтеріп тастай­ды; осы­лай­ша жүре бер­сең, нешетүр­лі мине­рал­ды бас­сейн­дер­ге түсіп жүріп, қай­та­дан сыр­тқа шыққа­ны­ң­ды бай­қа­май қала­сың; үлкен бір саябақ көле­мін­де­гі осы бір мон­ша­ның төңіре­гіне жаға­лай, төрт бұры­шы­ның бәріне мон­шаға бай­ла­ны­сты үйлер салы­нған. Бай­қа­уым­ша, осы үйлер­де адам­ның тыр­нағы­нан шашы­на дей­ін қыз­мет көр­се­ту мен тамақта­ну, уақыт­ша дем алу мен кино, видео көру­ге қосым­ша дене шыны­қты­ру­мен айна­лы­су орын­да­ры халық игілі­гі үшін жұмыс істей­ді екен. Қой­шы, сол жолы мен осы­нау бір алып мон­шаға үш сағат бойы түс­сем де, түбіне жете алмаға­ным есімде.

Қай­тар жол­да тоқтаған қонақ үйге қолым­дағы кар­та бой­ын­ша мет­ро­мен қайт­тым. Мет­ро демек­ші, Вен­гри­яда оның салы­ну құры­лы­сы, тарихы жағы­нан Англи­ядан кей­ін екін­ші орын ала­тын ерекшелі­гі бар екен. Бірақ жер астын­да талай ғасыр істеп келе жат­са да, бұл мет­ро­ны мүл­де ескі дей алмай­сың. Әдет­те жер үстін­де­гі саз­дың иісі сезіл­се де, бұл мет­ро­да күлім­сі иіс тұр­мақ, кемер судың бор­сы­ған бел­гісі де білін­бей­ді; тоты­ққан темір мен шірі­ген ағаш деген­ді көр­мей­сің; мет­ро стан­ци­я­ла­рын­да там­шы­лаған су мен ескіріп бүлін­ген ештеңе жоқ. Мет­ро ішін­де­гі әрлі-бер­лі өткел­дер­дің үйлесім­ділі­гі­нен бөлек, кей стан­ци­я­лар­да жоға­ры-төмен жыл­жи­тын лиф­ті­ге дей­ін тама­ша ойла­сты­рға­ны сон­ша­лық, бұн­дай меха­низм сенің барар жеріңе лез­де жету­ге жай­лы да жағым­ды мүм­кін­дік береді. Қысқа­сы, мұн­дағы тір­лік­тің бәрі күні кеше салы­нған­дай жай­нап тұр­ды. Менің мет­ро­дан бұдан бөлек алған әсерім – Буда­пешт қала­сын­дағы халы­қтың көбі осын­да жүр­ген­дей сезін­дім. Өйт­кені далаға шыққан­да бай­қаға­ным, қала үстін­де біз­де­гі­дей сапы­ры­лы­сқан халы­қтың легі жоқ. Бұны өрке­ни­ет­тің үлкен бел­гісіне жатқы­зуға әбден болады…

Мұн­да кел­ген­де менің бой­ым­дағы ең үлкен кем­шілі­гім тіл­ге қаты­сты болып шықты. Не жер­гілік­ті тіл­ді, не Еуро­па­ның басқа тілін біл­мей, мүл­де мылқа­удың кей­пі­мен жүр­дім. Оның есесіне, бұл елде орыс­ша сөй­ле­уді аса ешкім жақты­ра қой­май­ды екен. Жер­гілік­ті халық өза­ра түсіні­су­ге кел­ген­де ағы­л­шын тілін­де сай­рап тұр­ды. Сон­да дей­мін-ау, сонау мек­теп­те­гі жыл­да­ры төрт жыл бойы фран­цуз тілін не үшін оқы­ға­ным­ды біл­мей қина­лып, әрлі-бер­лі ақы­лға салып көр­сем, бәрі кеңе­стік сая­сат­тың кесіріне бай­ла­ны­сты екеніне көзім жете түсті.

Тура­сын айтқан­да, бұл әре­кет­ті кезін­де­гі кеңе­стік билік­тің, әсіре­се отар­шыл этно­стың барын­ша бей­піл және көре­ал­ма­стық пен озбыр­лы­қтан туын­дай­тын қатыг­ез кеса­па­ты­на жатқы­зуға бола­ды. Бүгін­гі күні оның төр­кінін білу логи­ка­лық тұрғы­дан алған­да сон­ша­лы­қты қиын да емес. Бәрі сонау пат­ша­лық жүй­е­де­гі ресей­лік импе­ри­я­ның отар­лық пиғы­лы­нан туын­да­са керек. Сол кез­дері тіп­ті КСРО халы­қта­ры­ның қара­пай­ым бөлі­гі басқа елдер­ге бара алма­ды. Бара қал­са, тіл­дік қаты­на­стан без­діріп, мек­теп­тер­де көз алдау үшін іші­на­ра, төрт жыл мөл­шерін­де ғана кей жер­де фран­цуз, кей жер­де неміс, енді бір мек­теп­тер­де тек қана сол қатып қалған төрт жыл мөл­шерін­де ағы­л­шын тілін оқыт­ты. Ал бұның бәрі таза қаті­гез сая­сат­тың, айна­лып кел­ген­де, тіке­лей оры­стық мүд­де­ге, былай­ша айтқан­да, табиға­ты­нан соғы­сқұ­мар елдің үстем­шіл­ді­гі мен пиғы­лы­ның тар­лы­ғы­на бай­ла­ны­сты бола­тын. Қараңыз, еге­мен­дік алғанға дей­ін капи­та­ли­стік елдер­дің халқы қаналған, бей­ша­ра, сор­лы күй­ін­де бей­не­лен­се, бүгін­де олай емес екені бел­гілі бол­ды: мыса­лы, дүние жүзінің халқы әліне, күш-қуа­ты­на, қарым-қаре­кетіне қара­ма­стан ағы­л­шын тілін мең­геріп үлгер­ген­де, КСРО халқы одан мұқы­рым қал­ды. Неге? Себебі қара­пай­ым халық ағы­л­шын­ша сөй­леп-білетін басқа елдер­де­гі жай­лы да жақ­сы тұр­мысты біл­ме­уі керек. Ол елдер­де­гі, әсіре­се басқа­сын былай қой­ған­да,  ОАР-дағы (ЮАР) тек құл болуға жара­ты­лған деп есеп­тел­ген негр Нель­сон Ман­дел­ло іспет­тес мем­ле­кет бас­шы­ла­ры­ның ел басқа­ру­дағы тәжіри­бесі­нен мүл­де бей­ха­бар болу керек. Ал егер алда-жал­да кей адам­дар оны сезіп-біл­се, арты­на бар­лау мен бақы­лау сал­ды, пси­хи­ка­лық жағы­нан ауы­тқы­ған, ден­са­улы­ғын­да ақа­уы бар, мүл­де басқа­ша ойлай­тын сенім­сіз тұрғы­дан қуда­лан­ды. Осы­лай­ша, Кеңес халқы қайт­се де соци­а­лиз­мнің арты­қ­шы­лы­ғын, ком­му­ни­стік пар­ти­я­ның «мей­ірі­мін» қабыл­дап-біл­се, бәрі жақ­сы бола­ды деген түсінік­те өмір сүру­ге мәж­бүр бол­ды. Бірақ бүгін­де әлгі соци­а­лизм мен ком­му­низм неме­се ком­му­ни­стік пар­тия деген­дер қай­да? Көріп отыр­мыз, бүгін­де ондай мүсір­ке­ушілік­тің күл­лісі кел­ме­стің кемесіне мініп, ерте­гі сияқты арт­та қалып қой­ған жоқ па?

Қысқа­сы, сол жолы Еуро­па жеріне алғаш аяқ тіреп, кеше ғана соци­а­лизм үлгісі­мен өмір сүр­ген сон­дағы Вен­гри­я­ны көріп, іші­на­ра оның біраз қала­ла­рын ара­лаған­да, кеңе­стік ерте­гі­ге көзім жетіп қай­тқан едім. Бірақ сол жолғы сапар­дан оралған­да, мажар­лар тұра­ды деп есеп­теп жүр­ген Вен­гри­яға деген жылы­лы­ғым басы­лған жоқ бола­тын. Себебі арнайы бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша атүсті жүр­ген­дік­тен, ондағы тір­шілік­ті толық біле алмай, тек Буда­пешт қала­сы­ның көрік­ті жер­лерін, онда да король­да­ры­ның жет­кен жетісті­гіне бай­ла­ны­сты салы­нған ескерт­кіш орын­да­ры мен қап­таған шір­ке­улер сал­та­на­ты­на көп­шілік­пен бір­ге көз тігіп қай­тқа­ным есім­де. Тіп­ті сол жолғы сая­хат­тың қысқа­лы­лы­ғы­нан «қып­шақтар тұра­ды екен» деп жүр­ген өлке­ге жете алмай, үлкен өкіні­шпен оралған едім…

Қып­шақтар демек­ші, ХIII ғасыр басын­дағы моңғол-татар шапқын­шы­лы­ғы­нан ығы­сқан біздің елде­гі қып­шақ тай­па­ла­ры­ның бір бөлі­гі, нақты­рақ айтқан­да, Көтен хан бастаған 40 мың қып­шақ осы Вен­грия жеріне кіріп, осын­да бұрын орны­ққан хұн­дар мен мажар­лар­дың түр­кілік кел­бетін толы­қты­рға­ны біз­ге тарих­тан бел­гілі. Тіп­ті X ғасыр­дағы пече­нек­тер мен полов­цы­лар, XIVXV ғасыр­лар­дағы сель­жүк түрік­терінің бір жарым ғасыр бой­ын­дағы ықпа­лын еске түсір­сек, бүгін­гі Вен­гри­я­ның түр­кілік бей­несін көру­ге болар еді. Алай­да сол елге жасалған 15 күн­дік осы сапа­рым­да бұл елден мажар­лар­дан бөлек, тұта­стай түр­кілік кел­бет тұр­мақ, олар­дың жұр­нағын да көре алма­дым. Жасы­ра­ты­ны жоқ, біздің елде бәлен ғасыр бойы атой салып, жор­туыл­даған оры­стың таң­ба­сы әлі бат­пан­дай болып тұр­са, Мажар­стан ата­нып жүр­ген бүгін­гі Вен­грия деген елде түр­кілер­дің біз­де­гі­ден әлде­не­ше есе асып кететін, бақан­дай 15 ғасыр­лық тарихы­ның ізін көр­мек тұр­мақ, сезе де алған  жоқ­пын. Бұл елде түр­кілік бел­гі тұр­мақ, мұсыл­ман­дық сезім­ді бей­не­лей­тін мешіт те, тарих­тан ептеп хабар беретін бекет те жоқ. Бәрі өшіріліп, тарих­тан сырғытылған.

Біз айтып оты­рған Вен­гри­я­ның екі қыры деп оты­рға­ны­мыз әсіре­се халқы­ның пей­ілі­нен білі­неді екен. Былай­ша айтқан­да, Аме­ри­ка­ны құра­ма ел десек, Еуро­па­ның төрін­де­гі осы Мажар­стан дегеніңіз де тура сол бүгін­гі АҚШ-тан кем емес, «сни­керс» іспет­тес кок­тейль­дің өзі ме деп қал­дым. Өйт­кені олар­дың әсіре­се 97 пай­ыз вен­гер ұлты­на жата­тын халқы­ның өздеріне деген сені­мі жоға­ры. Әркім мем­ле­кет, ел деген түсінік­тен гөрі ұлт­ты құрай­тын венгр деген­дер алды­мен өзі үшін тір­лік ететін сияқты. Буда­пешт қала­сын­да жүріп бай­қаға­ным – өз намысын басқа­лар­дан жоға­ры қой­ған вен­гр­лер­дің мен­мен­ді­гі өте басым болып шықты…

Бір­де үлкен бір мега­дү­кенін ара­лап жүріп, дәрет­ха­на­да қолым­ды шай­ып болып, әлі қолын шай­ып біт­пе­ген, жасы жағы­нан кәдім­гі­дей тоқталған венгр жігітінің жанын­да тұрған кеп­тір­гіш систе­маға келіп, оны іске қосқа­ным сол еді, әлгі жігіт маған бір­деңе деп безіл­деп қоя бер­ді. Менің тілім­ді ол, оның тілін мен түсін­бей, айқай­ласқан күй­і­міз­де сыр­тқа шықтық. Сырт­та тұрған қызым бір­деңе деп кешірім сұра­ды-ау дей­мін, айқай басыл­ды. Бірақ ана жігіт­тің мені атарға оғы жоқ, оды­рай­ған күй­ін­де қала бер­ді. Дәл осы оқиға бітер-біт­пе­стен қалың халы­қтың ара­сы­нан өз реті­міз­бен тамақта­нуға отыр­дық. Біздің сол жағы­мы­зда оты­рған бір венгр әйелі «мені тық­сыр­дың» деп тыр­жың ете қал­ды. Құдай-ау, сон­ша­ма құжы­наған адам­дар ара­сын­да оты­рып, кім бірін­ші тамағын ішіп біт­се, адам­быз ғой, оның аман-есен тұрып кетуіне мүм­кін­дік жаса­мау­шы ма едік. Ал мына халы­қтың болар-бол­мас нәр­се­ге бола тәкап­пар­лық көр­се­туі мені осы мақа­ла­ны жазуға итер­ме­леді. Әйте­уір тек көзді ашып-жұмған­ша өте шыққан әлгін­де­гі оғаш оқиға­лар­дан кей­ін, қала­дағы тоқтаған жері­ме көңіл-күй­ім құла­зып, ішкен-жегенім жел­кем­нен шыққан­дай орал­дым. Оның үстіне осы сапа­рым­да қазақ пен мади­яр­дың пей­іл ұқса­сты­ғы мен сан ғасыр­лық ортақ түр­кілік бел­гілерін көре алмай қайттым.

Бақдәу­лет  БЕРЛІБАЕВ,

тарих ғылым­да­ры­ның докторы,

Спорт және туризм ака­де­ми­я­сы­ның профессоры

Республиканский еженедельник онлайн