Воскресенье , 11 мая 2025

ТАЛҒАРДАҒЫ ТРАГЕДИЯ: Қоғам қайда бара жатыр?

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­мьер -мини­стрі

О.А. Бек­те­нов­ке!

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Бас проку­ро­ры

Б.Н. Асы­ло­вқа!

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Оқу-ағар­ту министрі

Ғ.Б. Бей­сем­ба­евқа!

Бүгін­гі депу­тат­тық сау­а­лым аты адам болған­мен, әре­кеті адам­ды­қтан ада қыл­мыс­кер­лер хақын­да. Алы­стан орағыт­пай, тура тарт­сам – жұрт­тың жаға­сын ұстатқан жағ­дай Алма­ты облы­сы Талғар ауда­нын­да болды.

Қоғам­ды қамы­қты­ра­ты­ны сол – соңғы уақыт­та жасөс­пірім­дер­дің бір-бірін аяу­сыз соққы­ға жығуы, қор­ла­уы. Ең сорақы­сы – арты өлім­ге апа­ра­тын қай­ғы­лы жайт­тар жиілеп кет­ті. Теле­ар­на­ны қосып қалған­да, газет бетін ашып қалған­да, ради­о­ны басып қалған­да, аза­мат­тар бірін-бірі ұрды, соқты деген ақпа­рат­тан көз ашпай­тын бол­дық. Осын­дай­да «Біздің қоғам қай­да бара жатыр?» деген сұрақтың көп­шілік­тің көкей­ін­де көл­кіп тұруы – заңдылық.

Кеше ғана Талғар­дағы дүкен­де болған жағ­дай есі­мізді екеу, түсі­мізді төр­теу қыл­ды. Талғар­дағы тексіз­дер­дің тен­тек­ті­гі­нен 16 жасар бала, бір әулет­тің аймаң­дай аза­ма­ты Шер­зат көз жұм­ды. Әкесі мен бауы­ры соққы­ға жығыл­ды. Бала­ның ажа­лы­на не себеп деген сұрақ туа­ды. Сон­дағы­сы бір бөтел­ке алко­голь. Қазақ: «Арақ­пен доста­стым деген­ше, адам­гер­шілік­пен қошта­стым де» дей­ді. Ішкі­штің өзі адам­гер­шілі­гі­мен қошта­сып қана қой­май, кінәсіз кісілер­дің өмірі­мен қошта­суы­на себеп болға­ны қат­ты қапаландырады.

Осы­дан біздің қоғам қауіп­сіз бе өзі, заң кім­нің жағын­да деген сұрақ туа­ды. Себебі Шер­заттың әкесі тер­ге­удің тұра­лап тұрға­нын, аудан­дағы құзыр­лы орын өкіл­дерінің істі созбаққа салып жатқа­нын, қыл­мыс­кер­ді қой­ып, бала­сы­нан айы­ры­лған отба­сын түн­де тер­ге­у­ге шақы­рып алып, өктем сөй­ле­генін айтып бей­неүн­деу жаса­ды. Ел өре түре­гел­ді, артын­ша «істі ІІМ‑і өз бақы­ла­у­ы­на алды» деген ақпа­рат тара­ды. Қоғам­ды қорқы­та­ты­ны осы – қыл­мыс­кер­ді жаза­лау үшін, әділ­дік­ке жету үшін бей­неүн­деу жасап, әр істі бір мини­стр­дің бақы­ла­у­ға алға­нын күтіп оты­ру керек пе? Неге жер­гілік­ті жер­де­гі құқық қорғау орын­да­ры істің ақ-қара­сын дереу аны­қтап, әділ тер­геу жүр­гіз­бей­ді? Мұн­дай жағ­дай­да біз тек қана заң үстем­ді­гіне иек артуы­мыз тиіс. Пре­зи­дент­тің: «Біздің елі­міз­ге заң үстем­ді­гі және аза­мат­тық тәр­тіп аса қажет» дегенін де ескертейін.

Сон­ды­қтан қыл­мыс орын алған­да, құқық қорғау орган­да­ры бір­ден әре­кет етуі керек. Әйт­пе­се жапа шек­кен отба­сы­ның мүше­лері ашуға бой алды­рып, қыл­мыс­кер­ді жаза­ла­у­ға өздері бекі­нуі мүм­кін. Оған қоса мем­ле­кет­тік дең­гей­де поли­ция мен құқық қорғау орган­да­ры­на деген сенім­ділік­ті арт­ты­ра­тын жұмыстар­ды іске асы­ру маңы­зды деп білемін.

Қапер­леріңіз­ге тағы бір жайт­ты салай­ын, осы жыл­дың қыр­күй­ек айын­да Ақтө­бе облы­сын­да 14 жасар Сыдық Нұр­жан­ды жоғарғы сынып­та оқи­тын он шақты оқу­шы жабы­лып сабаған, сал­да­ры­нан бала көз жұм­ды. Ол кез­де де марқұм­ның әпкесі әле­умет­тік желі­ге шығып, әділ­дік іздеп құзыр­лы орган­дарға жүгін­ді. Қыл­мыс­кер­лер жаза­сыз қал­май­ты­ны­на сен­се, жұрт бұлай шарқ ұрмас еді.

Алма­ты облы­сы­ның Талғар ауда­нын­да қыр­күй­ек айы­ның соңын­да бір тәр­би­есіз бұза­қы­ның кіш­кен­тай бала­ны аяу­сыз сабаға­ны түсіріл­ген бей­не­жа­з­ба тараған еді. Ол кез­де Алма­ты облы­сы­ның поли­цей­лері істі бақы­ла­у­ға алдық деді. Алай­да ара­да апта өткен­де, сол Талғар­да 16 жасар ұлды бір топ қыл­мыс­кер өлтіріп кет­кенін естіп-біліп отырмыз.

Жасөс­пірім­дер жапа шек­кен жағ­дай­лар­ды тіз­сем, таң­ды таңға ұруға тура келеді: қыр­күй­ек­те Пав­ло­дар облы­сы­ның Кен­жекөл ауы­лын­да бір топ бұза­қы бір жасөс­пірім­ді аяу­сыз сабап таста­ды. Ақта­уда жасө­пірім­дер­дің жап­пай төбе­лесі түсіріл­ген видео осы апта­да тара­ды, ол жер­де топ-топқа бөлін­ген бала­лар бір-бірін аяу­сыз сабап жатыр. Артын­ша сол Ақта­уда бір­не­ше қыздың бір қызды ұрып қор­лап жатқа­ны түсіріл­ген бей­не­жа­з­ба желіні кезіп кет­ті. Бұл тек соңғы айдағы жайттар.

Қоры­тын­ды­лай келе менің ұсынарым:

1. Алма­ты облы­сы Талғар ауда­нын­да 16 жасар аза­мат­ты өлтір­ген, жақын­да­рын аяу­сыз сабаған қыл­мыс­кер­лер қамауға алы­нып, оларға заңға сәй­кес әділ жаза берілуі тиіс.

2. Аталған іс бой­ын­ша бар­лық құқық қорғау орган­да­ры тізе қосып, оқиға­ның заң­ды құқы­қтық баға­сын тез ара­да беруі қажет.

3. Білім беру ұйым­да­рын­да «Құқық негіз­дері» атты пән бар. Бірақ оның сапа­сы­на қаты­сты сын көп. Аталған пән­нің бағ­дар­ла­ма­сын қай­та жасап, бала­лар­ды өмір­де бет­пе-бет келетін жайт­тар мен өмір­ден алы­нған нақты кей­стер­ге сүй­еніп оқы­ту керек.

4. Мем­ле­кет бас­шы­сы ұсы­нған Заң мен Тәр­тіп қағи­да­ты­на сүй­ене оты­рып, елде­гі құқық қорғау жүй­есіне, поли­ци­яға деген халық сені­мін күшей­ту, қоғам көзқа­ра­сын өзгер­ту бой­ын­ша жал­пы­мем­ле­кет­тік дең­гей­де кешен­ді шара­лар қабыл­дау қажет. Ол үшін халы­ққа адал қыз­мет ету керек, адал қыз­мет бол­ма­са, сенім бол­май­ды, ал сенім­сіз атқа­ры­лған істің бәрі еш кететіні әмбе­ге аян. Осы­ны ұмытпайық!

Нар­тай СӘРСЕНҒАЛИЕВ,

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн