Пятница , 4 июля 2025

Қазақстандағы медиамагнаттар

Осы күн­ге дей­ін Қаза­қстан­ның бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­рын ашса алақа­нын­да, жұм­са жұды­ры­ғын­да ұстап кел­ген бай-бағлан­дар медиа­биз­не­стен кете баста­ды. Елдің ақпа­рат нары­ғын­дағы ірі ойын­шы­лар­дың бірі – Болат Өте­мұра­тов та өзіне тиесілі «31» медиа­хол­дин­гін сатып жібер­гені бел­гілі бол­ды. Осы оқиға Қаза­қстан­да БАҚ-қа қаты­сы бар ірі биз­нес өкіл­дерін тағы да бір түген­деп шығуға түрт­кі болды.

«31»-ДІҢ ТІЗГІНІ КІМГЕ ТИДІ?

Құра­мы­на «31 арна» мен informburo.kz сай­ты кіретін «31» медиа­хол­дин­гі бұдан былай кәсіп­кер Болат Өте­мұра­то­втың емес, «Әділ­дік және өркен­деу» қоры­ның меншігі.

Ашық дереккөз мәлі­мет­теріне сүй­ен­сек, ком­па­ния 25 қыр­күй­ек­те қай­та тір­ке­уден өткен. 2022 жылы құры­лған қор­дың құры­л­тай­шы­сы – әр жыл­да­ры «31 арна», «Алма­ты» мен «Қаза­қстан» рес­пуб­ли­ка­лық теле­ра­дио­кор­по­ра­ци­я­сын басқарған Нұр­жан Мұха­меджа­но­ва мен Гүл­жан Марқа­ба­е­ва деп көр­сетіл­ген. Қор соңғы үш жыл­да 64 млн тең­ге салық төлеген.

Қор­дың бас дирек­то­ры – жур­на­лист Дана Рысмұ­ха­ме­до­ва. Ол 2013 жыл­да­ры бұры­нғы «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның (қазір­гі Amanat) ақпа­рат коми­тетінің бас­шы­сы қыз­метін атқарған.

 «Қоғам­дық қор елдің бар­лық өңірі­нен жиналған бел­сен­ді аза­мат­тар­дың баста­ма­сы­мен құрыл­ды. Біздің ара­мы­зда – өнер­кәсіп кәсі­по­рын­да­ры­ның жұмыс­кер­лері, фер­мер­лер, кен­шілер, құтқа­ру­шы­лар, дәрі­гер­лер, мұғалім­дер мен жур­на­ли­стер, түр­лі ҮЕҰ өкіл­дері бар. Біз өз күші­мізді, жинаған тәжіри­бе­міз бен мүм­кін­дік­тері­мізді әрбір отан­да­сы­мы­здың Әділет­ті Қаза­қстан­ды шынайы сезі­нуіне жұм­сағы­мыз келеді», – делін­ген ұйым сайтында.

Өте­мұра­то­втың меди­а­на­ры­қтан кетуін оқыр­ман сан-саққа жүгірт­ті. Оли­гарх­ты медиа сала­сы­нан шет­тетіп жатыр деген пікір басым. Биз­нес тұрғы­сы­нан Өте­мұр­то­вқа теле­ар­на­ны ұстап тұру тиім­ді ме? Ол лай­ы­қты табыс көзі ме? Егер де сая­си амби­ци­я­сы бол­ма­са, осы фак­тор­лар да ескерілуі керек шығар. Ашық дереккөз­дер­де «31 арна» соңғы 9 жыл­да қазы­наға 2 млрд 300 млн тең­ге салық төле­гені көрініп тұр. Орта есеп­пен жыл сай­ын 200 млн тең­ге. Ең көп салық был­тыр – 411 млн тең­ге аударған.

Мем­ле­кет­тік сатып алуға кел­сек, 2020–2022 жыл­дар ара­лы­ғын­да 1 млрд тең­ге­ге келісім­шарт жасалған. Ең төмен сома 2022 жылы – 51 млн тең­ге. 2023–2024 жж. мем­ле­кет­тік сатып алуға қаты­сы көр­сетіл­ме­ген. Егер соңғы екі жыл­да тен­дер­ден бір тиын да алма­са, жар­на­ма қара­жа­ты­на «күн көру» қан­ша­лы­қты қисын­ды. Шығын­ды «Вер­ный капи­тал» өз қал­та­сы­нан шығар­ды ма – ол жағы беймәлім.

Теле­ар­на тарихы­на тоқтал­сақ. 1992 жылы негізін бел­гілі меди­а­ме­не­джер Арман­жан Бай­та­сов қалаған «31 арна» 1993 жыл­дан бері хабар тара­тып келеді. Жұмысы дөң­ге­леп тұрған ақпа­рат құра­лы 2000 жыл­дар­дың басын­да қар­жы­лық қиын­ды­қтарға тап болып, Бай­та­сов арна акци­я­ла­рын Болат Өте­мұра­то­вқа сатқан. Күні кеше­ге дей­ін «31» медиа­хол­дин­гі Болат Өте­мұра­то­втың актив­терін басқа­ра­тын «Вер­ный Капи­тал» ком­па­ни­я­лар тобы­ның мен­ші­гін­де бол­ды. Forbes баға­ла­уы бой­ын­ша, 2,7 млрд дол­лар капи­талға иелік ететін Өте­мұра­тов Қаза­қстан­дағы ең бай кәсіп­кер­лер тізі­мін­де 6‑орында тұр. Оған ForteBank акци­я­ла­ры­ның 83,41%-ы тиесілі. Ал 7,5%-ы ұлы Али­дар Өте­мұра­то­втың қолында.

МАШКЕВИЧ МЕДИАНАРЫҚТАН НЕГЕ КЕТТІ

Өткен жылы Қаза­қстан­дағы ең ықпал­ды биз­не­смен­дер тізі­мін­де 6‑орынға жай­ғасқан Алек­сандр Маш­ке­вич те ел меди­а­на­ры­ғын­да бел­гілі есім­дер­дің бірі. 2022 жылы жабы­лған аты­шу­лы «Экспресс‑К» басы­лы­мы, отан­дық көре­рмен­ге «өтім­ді» веб-сери­ал­дар ұсы­нған Salem Social Media ком­па­ни­я­сы (қазір Sәlem Entertainment) Маш­ке­вич пен оның екі серік­тесі (Шоди­ев пен Ибра­ги­мов) иелік ететін ERG ком­па­ни­я­лар тобы­на тиесілі болға­ны бел­гілі. Екі жыл бұрын «Экспресс‑К»-ның жабы­луы­на бай­ла­ны­сты пікір біл­дір­ген оли­гарх ERG медиа­ре­су­стар­дан бас тар­ту­ды жөн көр­генін мәлімдеді.

«Әркім өз ісі­мен айна­лы­суы керек. Біз – тау-кен өндірісі­мен айна­лы­са­тын ком­па­ни­я­мыз. Медиа, хол­динг – өз алды­на бөлек биз­нес», – деді Машкевич.

Оли­гарх­тың осы сөзі­нен кей­ін Salem Social Media «Қаза­қ­те­ле­ком­ның» иелі­гіне өте­ді деген ақпа­рат тара­ды. Алай­да тарап­тар­дың мәмілесі жай­лы ресми мәлі­мет жари­я­ланған жоқ. Тек веб-сери­ал­дар фаб­ри­ка­сы бұры­нғы ата­у­мен және ескі модель­мен жұмыс істе­уін тоқта­тып, биы­лғы науры­здан бастап Sәlem Entertainment деп ата­ла­ты­ны хабарланды.

ERG Salem-ге қан­ша қар­жы құй­ы­лға­нын ешқа­шан ашық жари­я­лаған емес. Бірақ бей­ре­сми деректер­ге сүй­ен­сек, алпа­уыт ком­па­ния меди­а­кон­тент өндіру­ші­ге кемі 100 мил­ли­он дол­лар инве­сти­ция салған. Salem-нің бір ғана 2022 жылы төле­ген зей­не­тақы жар­на­сы­ның көле­мі – 75,7 мил­ли­он тең­ге, яғни бір жыл­дық еңбе­кақы төлеу қоры 757 мил­ли­он тең­ге бол­ды деген сөз.

ERG кім­дер­ге тиесілі және ком­па­ния немен айна­лы­са­ты­нын бұдан бұрын да жазған бола­тын­быз.

НАЗАРБАЕВАНЫҢ ИЕЛІГІНДЕ НЕ ҚАЛДЫ?

Бір кез­дері Қаза­қстан­дағы мем­ле­кет­тік және жеке­мен­шік теле­ар­на­лар­дың бар­лы­ғын дер­лік уысын­да ұстаған Дариға Назар­ба­е­ва­ның медиа-импе­ри­я­сы әлдеқа­шан құлаға­ны­мен, экс-пре­зи­дент­тің үлкен қызы меди­а­на­ры­қтан түбе­гей­лі кет­кен жоқ. 32 жасын­да «Хабар» арна­сын құрып, Қаза­қстан­ның ақпа­рат нары­ғын жау­ла­у­ға кіріс­кен Назар­ба­е­ва 20 жылға жуық уақыт бойы талай теле­ар­на­ны тырп еткіз­бей ұстаға­ны мәлім.

Елі­міз­де­гі ең бай биз­не­смен­дер тізі­мін­де 15-орын­да тұрған Дариға Назар­ба­е­ва қазір «Евро­па плюс Қаза­қстан» ЖШС және «Неза­ви­си­мый Теле­ви­зи­он­ный Канал» (НТК теле­ар­на­сы) ЖШС-не иелік ете­ді. Сон­дай-ақ «DLS Group хол­динг­тік ком­па­ни­я­сы» ЖШС арқы­лы «Реги­он-Медиа» ЖШС-де үлесі бар.

Елі­міз­де 1997 жыл­дан бері жұмыс істей бастаған «Евро­па плюс Қаза­қстан» радио­сы осы­дан бірер жыл бұрын жаңа­лы­қтар жүр­гі­зу­шісі Любовь Пано­ва­ның дау­лы сөзі­нен кей­ін сын­ның астын­да қалған. Пано­ва әле­умет­тік желілер­де Ресей­дің Укра­и­наға басып кіруін айып­таған­дарға қар­сы пікір­лер жазып, «Вова ағай­ды» көмек­ке шақы­ра­ты­нын айтқан. Радио бас­шы­лы­ғы қыз­мет­керінің желі­де­гі жаз­ба­сы ақпа­рат құра­лы­ның сая­са­тын біл­дір­мей­тінін алға тарт­ты. Ал жүр­гі­зу­шінің өзі «Ұлта­ра­лық араз­ды­қты қоз­ды­ру» бабы бой­ын­ша жау­а­пқа тартылды.

Ойын-сауық бағы­тын­дағы кон­тент ұсы­на­тын НТК теле­ар­на­сы да 1997 жылы құры­лған. 2001–2002 жыл­да­ры «А1» деп атал­ды. Арна­ның бас дирек­то­ры – Саи­да Игенбек.

 Zakon.kz ақпа­рат агент­ті­гінің иелері – Анна мен Сер­гей Кисе­лев­тар Дариға Назар­ба­е­ва­ның серік­те­стері. Сер­гей Кисе­лев 2007 жыл­дан бастап «Евразия+ОРТ» арна­сы­ның бас­шы­сы болған. Дариға Нұр­сұл­танқы­зы 2007–2009 жыл­да­ры «Теле­ви­зи­я­лық жаңа­лы­қтар агент­ті­гі» ЖШС арқы­лы аталған теле­ар­на­ның тең иесі болған. Қазір Кисе­лев пен Назар­ба­е­ва – «Асар-Бере­ке» қоғам­дық қоры­ның тең құрылтайшылары.

«Ком­мер­че­ский теле­ви­зи­он­ный канал» акци­о­нер­лік қоға­мы, яғни КТК теле­ар­на­сы­на да Дариға Назар­ба­е­ва­ның қаты­сы бары айты­ла­ды. Теле­ар­на­ның акци­о­нер­лері: «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тұңғыш Пре­зи­ден­ті – Елба­сы қоры» – 83,34% және «Медиа-инвест» ЖШС 11,20%. Арна 1991 жыл­дан бері хабар тара­та­ды. Қазір бас дирек­то­ры Эль­ми­ра Джа­ми­ло­ва деп көрсетілген.

Дариға Назар­ба­е­ва 2011 жылға дей­ін Caravan.kz сай­ты­ның иесі бол­ды. Қазір ақпа­рат ресур­сы – «Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев қоры­на» қарайды.

БИЗНЕС-АРНА КІМДІКІ

Media HOLDING «Atameken BUSINESS» ЖШС 2015 жылы құры­лған. Дирек­то­ры Қанат Саха­рия. Медиа хол­динг­тің құра­мы­на: «ATAMEKEN BUSINESS» іскер­лік ком­мер­ци­я­лық теле­ар­на­сы және «Inbusiness.kz» ақпа­рат агент­ті­гі кіреді. Хол­динг Тимур Құлы­ба­ев «Ата­ме­кен» Кәсіп­кер­лер пала­та­сы­ның төралқа төраға­сы болған тұста құры­лған. Сон­ды­қтан бұл меди­а­ны Құлы­ба­ев­тың есі­мі­мен бай­ла­ны­сты­ра­ды. Ресми дереккөз­де құры­л­тай­шы­ла­ры ретін­де екі заң­ды тұлға көр­сетіл­ген. Ол жыл­жы­май­тын мүлік­ті жалға алу­мен айна­лы­са­тын Almaty Zhas Product ЖШС. Жетек­шісі – Ками­ла Құр­ма­но­ва. Екін­ші құры­л­тай­шы – «Нары­қты мони­то­рин­гілеу және сарап­тау орта­лы­ғы» ЖШС. Ком­па­ния 2013 жылы тір­кел­ген. Жетек­шісі – Айбек Ерғожаев.

«ATAMEKEN BUSINESS» елде­гі кәсіп­кер­лік­ті қол­дау мен дамы­туға және аза­мат­тар­ды қар­жы­лық еркін­дік­ке ынта­лан­ды­руға бағыт­талған қаза­қстан­дық іскер­лік БАҚ екені көр­сетіл­ген. Сарап­шы­лар­дың, медиа­а­на­ли­тиктер­дің біре­гей меди­а­кеңісті­гі екені аталған.

МЕДИА-БИЗНЕСКЕ ДЕ АУЫЗ САЛҒАН «ПЕРЕСЕЛЕНДЕР»

2022 жылы Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алған биз­нес­мен Тимур Тур­лов қысқа мерзім ішін­де меди­а­на­ры­қта бір­не­ше БАҚ-ты иеленіп үлгер­ді. «Ақпа­рат­ты биле­ген әлем­ді билей­ді» деген сөз бекер айтыл­ма­са керек. Бір жыл­да бай­лы­ғын 200 млн дол­ларға ұлғай­тып, бүгін­де 3,3 млрд дол­лар капи­талға иелік ететін биз­нес­мен Тимур Тур­ло­втың да Қаза­қстан­ның ақпа­рат нары­ғы­на бас сұғуы тегін емес. 2022 жылы ол өзіне бағы­ны­шты ком­па­ни­я­лар арқы­лы «ЭРА» теле­ком­па­ни­я­сы» ЖШС-ін сатып алды. «ЭРА» теле­ком­па­ни­я­сы» ЖШС – «7 арна­ның» құры­л­тай­шы­сы. Арна о баста «Эра ТВ» деп аталға­ны көзі қарақты көре­рмен­нің есін­де болар. 2009 жыл­дан бері хабар тара­тып келе жатқан ақпа­рат құра­лы 2016 жылы бағы­тын өзгер­тіп, біры­ңғай таным­дық, ойын-сауы­қтық кон­тент ұсы­нуға көшті.

Сон­дай-ақ «Кур­сив» басы­лы­мы­на иелік ететін Alteco Partners ЖШС-ін де Тур­ло­втың адам­да­ры сатып алға­ны құпия болу­дан қалған. Бұдан бөлек Тур­лов QALAM – әлем тарихы мен мәде­ни­етіне Қаза­қстан мен Орта­лық Азия елдерінің көзі­мен қарай­тын муль­ти­ме­ди­а­лық жоба ашты. Қаза­қтың тарихын түген­де­у­ге кіріс­кен жоба­ны дамы­туға ресей­лік­тер атса­лы­сып жатқанға ұқсай­ды. Мәсе­лен, ресми сайт­та жоба кеңес­шісі Нико­лай Усков екені көр­сетіл­ген. Ол 2000 жыл­дан бері медиа-биз­нес сала­сын­да, Men’s Health, Conde Nast бас­па­сы­ның жур­на­лы GQ (Gentlemen’s Quarterly) және «Сноб» жур­нал­да­рын басқар­ды. 2016–2018 жыл­да­ры Forbes ресей­лік басы­лы­мы­ның бас редак­то­ры. 2018 жыл­дың тамыз айы­нан бастап Forbes Ресей­дің редак­тор­лық дирек­то­ры, Forbes Ресей дирек­тор­лар кеңесінің мүше­сі. Тимур және оның коман­да­сы – ресей­лік­тер екені әлім­сақтан айты­ла­ды. Биз­не­стің бар­лық сала­сы­на бел­сене кірісіп, көп құры­лым­дар­ды мен­ші­гіне алып жатқан Тур­ло­втың тари­хи жоба­ла­ры жер­гілік­ті халы­қтың көңілін аула­удың ама­лы ма, әлде басқа да біз біле бер­мей­тін бақай есеп бар ма?.. Белгісіз. 

Тур­ло­втың тағы бір медиа-жоба­сы – Tatler жур­на­лы. Tatler Asia кәсіп­кер Тимур Тур­ло­вқа экс­клю­зив­ті лицен­зия бер­ді. Оның аясын­да Tatler Kazakhstan, Tatler Türkiye, Tatler Azerbaijan және Tatler Uzbekistan жур­нал­да­ры шыға­ры­ла­ды, олар­ды Turlov private Holding Ltd ком­па­ни­я­сы басқарады.

Tatler Kazakhstan-ның бірін­ші нөмірі 2024 жыл­дың жел­тоқ­са­нын­да саты­лы­мға шық­пақ. Жылы­на жур­нал­дың он нөмірін басу жос­пар­ланған. Tatler Kazakhstan сай­ты да қазақ және орыс тіл­дерін­де осы мезет­те ашы­ла­ды делін­ген. Tatler (tattler ағы­л­шын тілі­нен аударған­да – «сөз­шең» деген­ді біл­діреді) – 1901 жыл­дан бері шыға­тын бри­тан­дық сән және бомонд журналы.

Тимур Тур­лов – АҚШ-та тір­кел­ген Freedom Holding Corp (frhc) қар­жы-инве­сти­ци­я­лық тобы­ның негізін қала­у­шы және мажо­ри­тар­лық иесі (70,3%). Қаза­қстан­да топ құры­лы­мы­на «Фри­дом Финанс» АҚ, Freedom Bank, «Freedom Finance Insurance Сақтан­ды­ру ком­па­ни­я­сы» АҚ, Arbuz.kz онлай-супер­мар­кеті, Aviata.kz агре­га­то­ры және тағы бір­не­ше ком­па­ния кіреді.

«ТӘҢІРІ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНЫҢ» ТАРИХЫ

Медиа-биз­не­сте­гі оли­гарх­тар тура­лы сөз болған­да, Алек­сандр Кле­ба­но­вты да айт­пай кету­ге бол­мас. Иә, Екі­ба­стұз­ды қақаған аяз­да жылу­сыз қал­ды­рып, қарғы­стың астын­да қалған биз­нес­мен тура­лы айтып отыр­мыз. Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz ақпа­рат­тық пор­тал­да­ры­на иелік ететін Effective Media Liaison ЖШС бір кез­дері Кле­ба­но­вқа тиесілі болға­нын біреу біл­се, біреу біл­мес. Кле­ба­нов 2015 жылға дей­ін сол ком­па­ни­я­ның құры­л­тай­шы­ла­ры­ның бірі саналды.

Қазір аталған ақпа­рат құрал­да­ры – Alash Media Group хол­дин­гінің мен­ші­гі. Ашық дереккөз­дер­ге сүй­ен­сек, Алек­сандр Кле­ба­нов 2008–2012 жыл­да­ры осы хол­динг иелерінің бірі бол­ды. Хол­динг іс жүзін­де Кәрім Мәсі­мов­ке тиесілі болға­ны айты­ла­ды. Әлбет­те, Мәсі­мо­втің ықпа­лы оған қарас­ты БАҚ-тың қары­штап дамуы­на әсер етпей қой­ған жоқ.

Alash Media Group – құра­мын­да Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz ақпа­рат­тық пор­тал­да­ры­нан бөлек, «Жұл­дыз FM», «Ретро FM Қаза­қстан» радио­стан­ци­я­ла­ры бар. 2022 жылға дей­ін хол­динг­тің бас­шы­сы және құры­л­тай­шы­сы бел­гілі меди­а­ме­не­джер Батыр Қазы­ба­ев бол­ды. Қазір­гі уақыт­та «Алаш Медиа групп»-тың үш құры­л­тай­шы­сы бар:

Зәу­ре Қазы­ба­е­ва – Tengrinews негізін қала­у­шы, бел­гілі жур­на­лист, марқұм Батыр Қазы­ба­ев­тың жұбайы;

Дәу­рен Қай­са­ров – (Аста­на әкім­ді­гі жанын­дағы «Қала­лық шешім­дер бюро­сы» ақпа­рат­тық-тал­дау орта­лы­ғы­ның дирек­то­ры) «Sana» contemporary communications Laboratory LTD;

Дина­ра Теміро­ва – 2017 жылғы жағ­дай бой­ын­ша Green Power Generation АҚ Дирек­тор­лар кеңесінің мүше­сі (Дина­ра мен Тимур Құлы­ба­ев­тың активі).

КASPI ҚЫЗМЕТКЕРІ ҚАЙ МЕДИАДА ҚҰРЫЛТАЙШЫ

Әңгі­ме «Айран медиа» жай­ын­да. AIRAN өздерін пуб­ли­ци­сти­ка­лық және білім беру мақ­са­тын­да видео­кон­тент шыға­руға арналған редак­ция деп таныстырады.

«Біздің мақ­са­ты­мыз – мүм­кін­ді­гін­ше еркін, объ­ек­тив­ті және жау­ап­ты болу. Мін­деті­міз – цен­зу­ра­сыз, өткір, бірақ соны­мен бір­ге тек­серіл­ген және сал­мақты кон­тент­ке деген қоғам сұра­ны­сын қанағат­тан­ды­ру. Біз сая­си қитұрқы ойын­дар, кәсіп­кер­лер ара­сын­дағы жан­жал­дар мен эли­та­ара­лық қырқы­стар тура­лы емес, адам­дар мен олар­дың тауқы­мет­тері тура­лы айта­тын бола­мыз», деп жазы­лған ресур­стың редак­ция қыз­меті тура­лы бөлімінде.

2022 жылы тір­кел­ген «АЙРАН МЕДИА» ЖШС-нің екі құры­л­тай­шы­сы бар. Ашық дереккөз­дер­де диджи­тал меди­а­ның жетек­шісі әрі құры­л­тай­шы­сы Дәу­рен Мер­ке­ев екені көр­сетіл­ген. Мер­ке­ев еңбек жолын «Хабар» агент­ті­гін­де бастаған. Кей­ін ұзақ жыл­дар КТК теле­ар­на­сын­да жұмыс істе­ген. Ол жер­де арна дирек­то­ры­ның орын­ба­са­ры қыз­метіне дей­ін көтерілген.

Екін­ші құры­л­тай­шы – Мар­жан Елші­ба­е­ва. Елші­ба­е­ва Қаза­қстан­ның медиа сала­сын­да 20 жылға жуық жұмыс істей­ді. Еңбек жолын 1994 жылы КТК теле­ар­на­сын­да жур­на­лист болып бастаған. Кей­ін «31 телар­на­да» еңбек еткен. 2002 жылы «Интер­ньюс-Қаза­қстанға» ауы­са­ды. 2014–2021 жж. Kaspi Банк­тің атқа­ру­шы дирек­то­ры бола­ды. Қазір аталған банк­те Кор­по­ра­тив­тік ком­му­ни­ка­ци­я­лар бөлі­мінің бас­шы­сы қызметінде.

Жұмыс істе­ген үш жыл ішін­де «АЙРАН МЕДИА» 110 549 921 тең­ге салық төле­ген. Банк қыз­мет­керінің қол астын­дағы меди­а­ны банк­пен бай­ла­ны­сты­руға бола ма? Өзіңіз топ­шы­лай беріңіз. Айт­пақ­шы, жақын­да Мар­жан Елші­ба­е­ва бри­тан аза­ма­ты­на тұр­мысқа шықты.

Kaspi.kz құра­мы­на – «Kaspi Дүкен» ЖШС, «Kaspi Bank» АҚ, «Kaspi Pay» ЖШС және «Kaspi Travel» ЖШС кіреді. 2024 жылғы қыр­күй­ек­те­гі жағ­дай­ға сәй­кес банк сек­то­рын­дағы актив­тер мөл­шері, кре­дит көле­мі және депо­зит­тік база­сы бой­ын­ша қар­жы құры­лы­мы Қаза­қстан­да екін­ші орын­да. Kaspi.kz акци­о­нері әрі Дирек­тор­лар кеңесінің төраға­сы – Вяче­слав Ким. Ол банк­тің – 23,22%, Baring Vostok Funds – 27,24 %, Миха­ил Лом­тад­зе – 24,42 %, жария инве­стор­лар – 21,75 % акци­я­сы­на ие. Kaspi.kz капи­та­лы 13,74 мил­ли­ард дол­лар­ды құрай­ды.   Іли­яс БАҚЫТ

Республиканский еженедельник онлайн