Четверг , 3 июля 2025

ЖОЛДАУДАН ТУҒАН ОЙ

1.Президенттің жол­да­уын көз­бе-көз тың­дап, ғалым ретін­де толға­ны­ста­мын. Себебі, әлем қазір күй­зелі­сте, ертең не бола­ты­ны бел­гісіз. Ұлы Абай айт­пақ­шы, Баты­сың шығыс, шығы­сың батыс болып, әлем сапы­ры­лы­су­да. Мен деген дамы­ған G7, G20 мем­ле­кет­тері де БҰҰ- мен бір ынты­маққа келе алмай,  есін жинай алмай жатыр.

Біз, Қаза­қстан өтпе­лі заман­да тұр­мыз. Тәу­ел­сіз ел болға­лы 33 жыл, болар іс бол­ды, жақ­сысы­ның да, жама­ны­ның да баға­сын беретін халық. Енді адас­пай­тын, шатас­пай­тын  Қаза­қстан­ның өз сара жолын, оның сүрін­бей­тін  тетік­терін таба білу өте-мөте қажет.

2.Қасым-Жомарт Кемелұ­лы бұл  Жол­да­уын­да «Әділет­ті Қаза­қстан­ның сара жолын» көр­сет­кен­дей. Ол әлем­дік  дең­гей­де­гі дипло­мат, ҚР Пре­зи­ден­ті ретін­де мына­дай түбе­гей­лі  мәсе­ле­лер­ге аса мән берді.

Мыса­лы, ол – халы­қтың осы күн­ге дей­ін­гі  қалай күн көрісін емес, Жол­да­уда халы­қтың жақ­сы өмір сүру дең­гей­ін көте­ру, эко­но­ми­ка­лық өсу, қай­та өңдеу өндірісіне жаңа пәр­мен беру, аймақтарға сүй­е­ну қает­ті­гін айтты.

Менің ойым­ша, билік­ке өндірісті білетін адам­дар  келуі керек. Өйт­кені әлі де ескі билік­тің адам­да­ры қап­тап жүр, бюро­кра­тия жалға­су­да, бір крес­лоға жыл­дар бойы жабысып алған. «Жылы орным­нан кетіп қал­ма­сам еді» деген адам­дар  әділет­ті Қаза­қстан­ды құра алмайды.

«Банк­тер өндіріс­ке инве­сти­ция салу керек»  деді. Жыл­да бола­тын әлем­дік Давос фору­мы­ның гло­бал­ды бәсе­келістік көр­сет­кі­ші бой­ын­ша біздің банк жүй­есі ең соңын­да  – 113 орын­да тұр, бірақ Қаза­қстан­да ең байлар.

Пре­зи­дент салық жүй­есіне рефор­ма керек екен­ді­гін еске салып, жаңа салық кодексін жаса­уды тап­сыр­ды. Осы­ған бай­ла­ны­сты шағын кәсіп­ке салы­қты азай­ту керек екен­ді­гін айтқым келеді. Шағын кәсіп – елге нәсіп. Біз елді кәсіп­кер­лік қоғам ету үшін күре­суі­міз керек. Сон­да ғана эко­но­ми­ка өседі. Қытай­да бұған үлкен мән берілген.

 2000 жер иелерінің  игеріл­ме­ген жер­лері тәл­кі­лен­генін айт­ты. Осы тұста, біз 2016 жылы Жер дауы болған­да лати­фун­ди­стер­дің тізі­мін жасап, С.Кулагиннен бастап, кім­де қан­ша мың гек­тар жері бар, соның тізі­мін дай­ын­даған едік. Н.Назарбаев рұқ­сат бер­мей, бізді –  Мем­ле­кет­тік жер комис­си­я­сын тара­тып жібер­ген бола­тын. Сол жабу­лы қазан әлі жабу­лы, халы­қтың есебі­нен бай­ы­ған бай­лар тай­раң­дап жүр. «Халы­ққа қай­та­ру қоры» оларға жүр­мей­тін сияқты, 162 бай ара­мы­зда жүр емес пе? Депу­тат­тар неге осы­дан Пар­ла­мент­тік тың­дау өткізбейді?

Жол­да­уда цифр­лан­ды­руға, жасан­ды интел­лект­ке аса мән беріліп,  ұлт­тық орта­лы­қтар ашы­ла­тын­ды­ғы айтыл­ды. Бұл – сыбай­лас жемқор­лы­қтан құты­лу­дың бір жолы деді. Бірақ осы мәсе­ле­ге кел­ген­де біздің шене­улік­тер өте қу, жеудің басқа жолын тауып алуы мүм­кін. Сыбай­лас жемқор­лы­қты жоюу­дың бір-ақ жолы, ол – ұрлау түсіне де кір­мей­тін­дей етіп заң­мен қатаң жазалау.

Қасым-Жомарт Кемелұ­лы кадр мәсе­лесіне тоқта­лып, біз­де инже­нер­лер, тех­ни­ка­лық маман­дар жетіс­пей­тін­ді­гін де айт­ты. 23 уни­вер­си­тет­те шетел­мен бір­лесіп кадр дай­ын­дау бастал­ды деді. Бірақ әлі де уни­вер­си­тет­тер мен өндірістің ара­сы алшақ екенін еске сал­ды. «2025 жыл – жұмыс­шы маман­ды­қта­ры жылы бол­сын» деді. Еңбекқор адам тәр­би­е­ле­уді, адал еңбек арқы­лы бәсе­ке­ле­стік­ті күшей­ту керекті­гіне тоқталды.

Білім­ге, ұстаз дай­ын­да­уға аса мән беру керек деді. Мыса­лы, биыл 217 мек­теп тап­сы­ры­ла­ды екен. Менің біл­генім, Аста­на­да Жасмұқан інім­нің бала­сы 1 сыны­пқа бара баста­ды. Сол мек­теп­те   24 бірін­ші сынып бар екен, әр сыы­нып­та 33 бала­дан. Бұл мысал­дан Аста­на­ның өзін­де үш ауы­сым­да оқы­са, елі­міздің басқа жер­лерін­де жағ­дай­дың мүш­кіл екеніне көз жет­кізу­ге бола­ды. Сон­да «Аста­на әкім­шілі­гі ай қарап отыр ма,  не істеп отыр?» – деген сұрақ туады

Пре­зи­дент халы­қа­ра­лық жетістік­тер­ге, өткізіліп жатқан сам­мит­тер, ШОС, ЕАЭО,Түркі тіл­дес елдерінің бас қосуы, тағы басқа инте­гра­ци­я­лық эко­но­ми­ка­лық іс әре­кет­тер, жоба­ларға да тоқтал­ды. Шынын­да да Қаза­қстан­ның халы­қа­ра­лық ими­джі жақ­сы деу­ге бола­ды. Ал осын­дай баға­ны біздің ішкі эко­но­ми­ка­лық сая­сатқа, нарық жүй­есіне бере алмай­мыз. Мен маман ретін­де біздің эко­но­ми­ка, әсіре­се отан­дық тау­ар өндіру­шілері­мізді қол­дау әлі ақсап тұрға­нын айтқым келеді.

Сөз соңын­да Пре­зи­дент отан­шыл­ды­ққа, ел бір­лі­гіне, әділет­ті Қаза­қстан­ды бір­ге құруға, бола­шақ ұрпаққа қыз­мет ету­ге шақыр­ды. Осы жол­да өзі де күш-жігерін аямай­тын­ды­ғын білдірді.

3.Ең маңы­здысы, осы­лар­дың бәрін билік халы­қ­пен бір­ге іске асы­ра­тын­ды­ғы болып тұр. Енді осы­лар­ды билік­тің үш тар­мағы, бүкіл қоғам болып, халық болып, жер­гілік­ті жер­де бір үйдің бала­сын­дай іске асы­руы­мыз қажет. Ашы­ғын айтай­ын, біз өзі іске асы­ру жағы­на кел­ген­де ақсап тұр­мыз. Жай­ба­сар­лық, немқұрай­лық, сыбай­лас жемқор­лы­қтың зама­ны арт­та қалуы керек,  айна­ла­мыз астан-кестен болып жатқан­да, осы соңғы мүм­кін­дік­тен енді қапы қалмайық.

4.Менің ойым­ша, Пре­зи­дент­тің   Жол­да­уын іске асы­ру үшін екі мәсе­ле­ге өте мән бер­сек. Әлем бір ала­ман бәй­ге­де. Сол Ала­ман бәй­ге­ден суы­ры­лып шыққан екі аттың, сәй­гүлік­тің жары­сы сияқты.

Бірі,  Ұлы Абай­дың ілі­мі, руха­ни құн­ды­лық, сана­ны ояту, ата- тек­тен келе жатқан рух­ты көте­ру, ал екін­шісі,  жаңа ғалам­дық үрдіс, ол жаңа тех­но­ло­гия, ІТ-тех­но­ло­гия, жасан­ды интел­лект, инно­ва­ци­я­лық даму. Осы екі сәй­гүлік­ті екі жаққа жібер­мей, жаңа өрке­ни­ет­тің ара­ба­сы­на бір­ге жегіп мерей­ге шап­сақ , Жол­да­уда айты­лған  мәсе­ле­лер анық  іске аса­ды. Оған Қаза­қстан­ның әле­уеті әбден жетеді.

5.Әлеует демек­ші,  әлем тарихын­да алға­шқы өрке­ни­ет­ті бастап бер­ген Шумер­лер, Сақ, Ғұн зама­ны­нан бері,  Түр­кі тегі терең­де жатқан ханды­қтар­мен бір­ге  қазақ халқы, жеті қабат жер­дің астын­да, дари­я­ның  түбін­де ескі­ден келе жатқан руха­ни-тари­хи жәді­гер­лері­мізді, мар­жан құн­ды­лы­қта­ры­мы­зды жұл­ды­здай жарқы­ра­тып  көте­ретін кез кел­ді. Алдағы бір кез­дер­де  біз, Қаза­қстан әлем­дік аре­наға Евра­зи­я­ны 13 ғасыр басқа­рып, дүр сіл­кін­дір­ген Түр­кі импе­ри­я­сы­нан кей­ін,  соның мұра­гері ретін­де тарих­та екін­ші рет көтерілуі­міз мүкін. Басқа жол­ды көріп тұрған жоқпын.

Қазақ өзі кім деген сұраққа былай қысқа­ша жау­ап беретін жөні­міз бар. Қазақ 3–4 мың жыл­дық тарихы бар, түр­кі тегі­нен тарай­тын рухы күшті, жері де бай, дана халық!

Келе­шек­те жаста­ры­мы­здан шыға­тын басқа инно­ва­ци­я­лар­ды айт­паған­да,  Қаза­қстан азық-түлік дер­жа­ва­сы ретін­де көп­те­ген мем­ле­кет­тер­ді қам­та­ма­сыз ететінің өзі неге тұра­ды! Қазақ халқы­ның пеше­несіне жаратқан жер­дің асты, үстін­де­гі  қыру­ар бай­лы­қты беріп тұр ғой, әлем­де адам басы­на шаққан­да ең бай Елміз. Бірақ соны ел игілі­гіне тиім­ді жара­та алмай келе­міз. Әттең, бір кем дүние!..

Ора­за­лы СӘБДЕН, академик

Республиканский еженедельник онлайн