Пятница , 4 июля 2025

Әскер мен халықтың арасына СЫНА ҚАҒУҒА сыртқы күштер мүдделі болуы мүмкін

  • Соңғы кез­дері Қаза­қстан әскері қата­рын­да қай­ғы­лы жағ­дай­лар жиілеп, жас сар­ба­з­дар­дың қаза­сы­на қаты­сты кері қоғам­дық пікір­лер өршіп кет­ті. Бұл кереғар оқиға­лар­дың себебі мен сал­да­ры қан­дай? Осы қоғам­дағы өзге де мәсе­ле­лер­ге бай­ла­ны­сты ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­та­ты, Халы­қа­ра­лық істер, қорға­ныс және қауіп­сіздік коми­тетінің мүше­сі Олжас Кұс­пе­ков біздің газет­тің тіл­шісіне сұх­бат бер­ген еді.

– Олжас Хай­рол­лаұ­лы, Қаза­қстан әскерін­де сар­ба­з­дар­дың қаза­сы жиілеп кет­ті деп, қоғам тара­пы­нан нара­зы пікір­лер туып отыр. Сіз бұл келеңсіз жағ­дай­лар жөнін­де қан­дай тұжы­рым айтар едіңіз?

– Иә, расы­мен, қазір­гі Қаза­қстан әскерін­де сар­ба­з­дар­дың қаза­сы және зардап шегу көбе­ю­де деп жиі айты­ла­ды. Бірақ бұның аста­рын­да жатқан басқа да ста­ти­сти­ка бар. Егер сол жастағы қоғам­да, уни­вер­си­тет­те неме­се басқа оқу орын­да­рын­да жүр­ген жастар­дың ста­ти­сти­ка­сы­на қарай­тын бол­сақ, ол 2–3 есе көп. Қазір жасөс­пірім­дер ара­сын­дағы суи­цид мәсе­лесі және басқа да қаза табу мәсе­лесі бой­ын­ша біздің Қаза­қстан жал­пы дүни­е­жүзілік рей­тинг­те өте жоға­ры орын­да тұр. Бұл жал­пы қоғам­да болып жатқан құбы­лыс. Сон­ды­қтан бұған тек әскер­де ғана болып жатқан оқиға­лар деп қара­уға бол­май­ды. Әрине, әскер­де де болып жатыр. Бұл да қабы­рға­ны қай­ы­сты­ра­тын бір жәйт. Біз оған бей­жай қарап оты­ра алмай­мыз. Сес­си­я­ның баста­луын­да ең бірін­ші жиы­ны­мы­зды осы тақы­ры­пқа арнап Коми­тет­тің оты­ры­сын өткіздік. Оған Қорға­ныс мини­стр­лі­гінің өкіл­дері, шека­ра қыз­меті келіп, есеп берді.

Жал­пы тәу­ел­сіздік жыл­да­ры біз негізі әскер­де­гі суи­цид және өлім­нің ста­ти­сти­ка­сын едәуір азай­тқа­ны­мыз бар. Бірақ әр бала­ның қаза­сы біз­ге де ауыр тиеді. Сон­ды­қтан біз мұны мак­си­мал­ды түр­де нөл­ге жет­кі­зуі­міз керек. Дүни­е­жүзілік ста­ти­сти­ка­ны алып қарай­тын бол­сақ, мұн­дай жайт басқа елдер­дің, тіп­ті дамы­ған елдер­дің әскерін­де де болып жатыр. Әр оқиға­ның артын­да қан­дай қателік бар екенін зерт­теп, тер­геу жүр­гізіп, мін­дет­ті түр­де сол олқы­лы­қтар­ды түзе­уі­міз керек.

Осы­ған орай жақын­да Қорға­ныс және қауіп­сіздік коми­тетінің бірін­ші оты­ры­сын өткіздік. Қорға­ныс мини­стр­лі­гі тара­пы­нан қан­дай шара­лар қол­да­ны­лып жатқа­нын зер­де­леп, өзі­міздің ұсы­ны­стар­ды бер­дік. Жақын ара­да қан­дай шару­а­лар жаса­лып жатқа­нын, не өзгерістер енгізіл­генін жария етеміз.

– Ал Маңғы­ста­удағы әске­ри поли­гон­да қаза тапқан жас сар­ба­зға қаты­сты қан­дай мәлі­метіңіз бар?

– Маңғы­ста­удағы әске­ри поли­гон­да қаза тапқан сар­ба­зға қаты­сты айта­тын бол­сақ, сол жер­де­гі тапан­ша­ның аты­лып кетуі – бұл қауіп­сіздік тех­ни­ка­сын сақта­маудың сал­да­ры­нан болған оқиға.

Бола­шақта әскер­ге 18–19 жасар жасөс­пірім­дер емес, жетіл­ген ере­сек аза­мат­тар ғана келісім­шарт арқы­лы баруы керек. Яғни, өз еркі­мен, өз таң­да­уы­мен кәсі­би жұмысы­на қараған­дай жау­ап­кер­шілік алған­да ғана өзгеріс бола­ды. Әскер­дің осын­дай түріне көш­кен кез­де қазір­гі­дей олқы­лы­қтар, яғни жасөс­пірім­дер ара­сын­дағы өлім мен суи­цид­тер азаяды.

Енді Маңғы­ста­уда қаза тапқан біздің жасөс­пірім­ге орал­сақ, әрине, бұл өте ауыр жағ­дай. Ресми ақпа­ратқа сүй­ен­сек, жоға­ры­да атап өткен­дей, бұл қауіп­сіздік тех­ни­ка­сын сақта­маған­нан болған шаруа. Бұл әскер­де болып тұра­тын жағ­дай, өйт­кені ол жер­де қару қол­да­ры­ның астын­да. Мұн­дай оқиға тарих­та, тіп­ті Кеңес Одағын­да да болған және қазір­де де бар. Бірақ біз бұған тек қана ста­ти­сти­ка ретін­де қара­май, осы­лай қаза тапқан әр жауын­гер­дің арты­нан тер­геу жүр­гізіп, объ­ек­тив­ті түр­де жау­ап­ты адам­дар­ды мін­дет­ті түр­де жау­а­пқа тар­туы­мыз керек. Бұған қоса, Пре­зи­дент­тің жол­да­уын­да сол жер­дің коман­дир­лері толық жау­ап­ты бола­ды деген мәсе­ле айты­лған. Жау­ап­кер­шілік­ті арт­ты­ру мақ­са­тын­да қажет­ті өзгерістер­ді жақын ара­да дай­ын­дап, заңға өзгерістер енгіз­бек­піз. Өйт­кені сол жер­дің коман­ди­рі қауіп­сіздік шара­ла­рын толы­қтай рет­те­мей, жауын­гер­лер­ді оқу-жат­ты­ғу жұмыста­ры­на жібе­ретін бол­са, тіке­лей өздері жау­ап­ты болуы­на мін­дет­теу керек. Қазір де жау­ап­кер­шілік бар, әлбет­те, бірақ сол жау­ап­кер­шілік­ті күшей­ту қажет. Сон­ды­қтан жақын ара­да заңға өзгер­ту­лер енгізіледі.

Жал­пы, әскер­де болып жатқан келеңсіз жағ­дай­лар өте көп. Әске­ри жарғы­дан тыс қарым-қаты­на­стар, әлім­жет­тік мәсе­лесі, тех­ни­ка­лық қауіп­сіздік ере­же­лерін сақта­мау, суи­цид мәсе­лесі – осы­ның бар­лы­ғы әскер­дің ими­джін төмен­де­ту­де. Мін­дет­ті түр­де еске­ретін нәр­се – біздің әскер бізді қорғай­ды. Біз­ге әскер керек. Алы­сқа бар­май-ақ, көр­ші елдер­де болып жатқан соғыс қақты­ғы­ста­ры осы­ған дәлел бола­ды. Бірін­ші­ден, егер біз өзі­міздің әскері­міз­де­гі осы олқы­лы­қтар­ды түзет­пе­сек, екін­ші­ден, қоғам ара­сын­да дұрыс неме­се дұрыс емес ақпа­рат тарап жатыр ма, әлде жоқ па деген мәсе­лені рет­те­ме­сек, осы­ның бар­лы­ғы халы­қтың әскер­ге деген сенім­сізді­гін, ең алды­мен ел ара­сын­да өзі­міздің әскер­ге деген сенім­сіздік­ті арт­ты­ра­ды. Менің ойым­ша, соның бар­лы­ғы сырт көз­дер­дің тара­пы­нан қар­жы­лан­ды­ры­лып, арнайы осы жағ­дай­лар­ды біреу күшейт­кен сияқты. Егер халық өз әскеріне сен­бей­тін бол­са, ертең бұл елдің қауіп­сізді­гіне қатер төн­ді деген сөз. Сон­ды­қтан біз мін­дет­ті түр­де әскер­дің ими­джін көте­руі­міз керек, ондағы әлім­жет­тік мәсе­лесін, суи­цид мәсе­лесін, бар­лық олқы­лы­қтар­ды рет­те­уі­міз қажет. Алдағы уақыт­та осы­ның бар­лы­ғы қолға алы­на­ды. Осы күн­ге дей­ін де істел­ген шару­а­лар аз емес, бірақ әлі де істей­тін шару­а­лар жет­кілік­ті. Заң­ды­лық талап­тарға өзгерістер енгізіп, жау­ап­кер­шілік­ті күшей­ту жұмыста­рын қолға алдық десек болады.

– Сон­да бұл ақпа­рат­тық шабуыл­ды кім­дер ұйым­да­сты­руы мүмкін?

– Иә, әскер­де­гі дүр­бе­лең­ге қаты­сты ақпа­рат­тық шабуыл­дар алдын ала жаса­лып жатқан шара болуы мүм­кін. Мүм­кін, бұл әскер мен қоғам­ның ара­сы­на жары­қ­шақ салуға бағыт­талған нақақ және қастық ақпа­рат­тық шабуыл­дар сыр­тқы күш­тер­дің әсері­нен болып жатқан шығар. Бәл­кім, Қаза­қстан­ның дамуы, оның әскерінің мықты болуы, қоғам­ның ауы­з­бір­шілі­гінің бекем болуы оларға керек емес шығар. Гибрид­тік соғыс кон­цеп­ци­я­сын қара­сақ, бір елдің бола­шақта құл­ды­ра­уы­на негіз бола­тын осын­дай ақпа­рат­тық шабуыл­дар жаса­ла­ды. Сол себеп­ті біз бола­шақта мұн­дай­ды бол­дыр­мау мәсе­ле­лерін қарас­ты­руы­мыз керек. Ақты ақ, қара­ны қара деп, болған жайт­тар­дан сабақ алуы­мыз керек. Ал әле­умет­тік желілер­де осын­дай жағ­дай­лар­ды дүр­бе­лең етіп, ақпа­рат­тық шабуыл­дар жасап жатқан адам­дар­ды да жаза­лау керек. Өйт­кені бұл біздің қоғам­да әскер­ге деген сенім­ді азай­та­ды және әскер­дің ими­джіне нұқ­сан келтіреді.

Жал­пы, әскер­де­гі осын­дай келеңсіз жәйт­тер елдің қауіп­сізді­гін қорғау, жастар­ды әскер­ге шақы­ру мәсе­лесіне зала­лын тигі­зу­де деп айта ала­сыз ба?

– Естеріңіз­де бол­са, алды­ңғы жыл­да­ры жасөс­пірім­дер­ді әскер­ге шақы­ру науқа­ны кезін­де олар­ды кафе­де, интер­нет клуб­та неме­се көше­де ұстап алып кетіп жат­ты. Сәл ерсі көрі­нетін нәр­се, бірақ, өкініш­ке қарай, оған дей­ін болған шара­лар­ды ешкім ескер­мей­ді. Ең алды­мен оларға шақы­ру қаға­зы беріледі. Соны алған­нан кей­ін жасөс­пірім­дер әске­ри комис­са­ри­атқа баруы қажет.

Өйт­кені кон­сти­ту­ци­я­лық боры­шын өтеу мақ­са­тын­да әскер­ге бару заң­да мін­дет­тел­ген. Бірақ осы мін­детін ескер­мей, жасөс­пірім­дер заң­нан қашып жүреді, бұған ата-ана­ла­ры да ықпал­да­сып, олар­ды қол­дай жата­ды. Ата-ана­лар бала­сын әске­ри боры­шын өте­у­ге жібер­ме­удің нешетүр­лі ама­лын жасай­ты­нын біле­міз. Әрине, қазір­гі жағ­дай­да әле­умет­тік желілер тара­пы­нан өте көп жағым­сыз ақпа­рат­тар алы­на­ды. Өзі­міз де ата-ана­мыз ғой.

 Осы коми­тет­те­гі шақы­ры­лы­мға депу­тат болып кел­ген соң, өзі­міз тәр­би­е­леп жатқан бала­ла­ры­мыз әскер­ге барған кез­де сапа­лы дең­гей­де, қауіп­сіз әскер қата­рын­да боры­шта­рын өте­уі үшін барын­ша жағ­дай жаса­уы­мыз керек. Сон­ды­қтан қазір­гі іс-шара­лар­мен айна­лы­су­дағы негіз­гі мақ­са­тым – бола­шақта әр отба­сы­ның бала­сы әскер­ге баруын қалай­мын. Сол себеп­тен бұл мен үшін өте өзек­ті мәсе­ле. Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша әр ер бала өз аза­мат­тық боры­шын өте­уі үшін әскер­ге баруы қажет. Сол себеп­ті біз бар­лық мәсе­ле­лер­ді қолға алып, олар­ды шешу және рет­теу мақ­са­тын­да барын­ша қыз­мет етудеміз.

– Қару­лы күш­тер­дің қоғам­дағы беделін арт­ты­ру үшін қан­дай мем­ле­кет­тік шара­лар қажет деп ойлайсыз?

– Естеріңіз­де бол­са, таны­мал коре­я­лық BTS тобы­ның мүше­лері әске­ри боры­шын өте­у­ге дай­ын екенін айтқан бола­тын. Бұл әскер­ге деген сенім және жас тың­дар­ман­да­ры­на көр­сетіп жатқан үлгі. Біз­де, өкініш­ке қарай, бір бло­гер­дің неме­се әншінің әскер­ге бар­дым дегенін есті­мей­сіз. Был­тыр Мәжілістің бір топ депу­тат­та­ры Алма­ты облы­сы­ның тау­лы аймағын­дағы лагерь­де шека­ра­шы­лар­мен бір­ге дай­ын­ды­қтан өткен бола­тын­быз. Мұн­да біз бір­не­ше апта бойы шека­ра­шы­лар­мен бір­ге дай­ын­ды­қтан өтіп, олар­дың жұмыс жағ­дай­ла­рын зерт­те­дік. Оларға ел қорға­уда жағ­дай жасау үшін, қажет жағ­дай­да ұсы­ны­стар енгіздік. Мұн­дай тәжіри­бе біздің қорға­у­шы­ла­ры­мы­здың шека­ра шебін­де кез­де­сетін қиын­ды­қта­рын түсі­ну­ге, сол бағыт­та жұмыс істе­уіне көмек­те­сті. Біздің жұмысы­мыз тек заң шыға­ру­мен ғана шек­тел­мей­ді, соны­мен қатар нақты әре­кет­тер жасау қажет.

Сон­дай-ақ әскер­де­гі инфрақұры­лым­ды дамы­ту­ды ойла­у­ы­мыз керек. Жастар­дың әскер­ден қаша­тын бір­ден-бір себебі де сол. Жатын орны мен жай-күйі көңіл көн­ші­тер­лік емес. Одан бөлек, осы жыл­дан бастап мерзім­ді әске­ри қыз­мет­те боры­шын өте­ген­дер­ге 13 ай несие төле­ме­у­ге рұқ­сат беріледі. Осы уақыт­тың ішін­де банк, мик­роқар­жы ұйы­мы бол­сын, қары­зды өнді­ру бой­ын­ша сотқа да, тиісті меке­ме­лер­ге де жүгіне алмай­ды. Одан бөлек, тағы бір қуа­ны­шты жаңа­лық – әскер­ден кел­ген сар­ба­з­дар жоға­ры оқу орны­на ҰБТ тап­сыр­май-ақ тегін түсе ала­ды. Оларға бұл жеңіл­дік­ті уни­вер­си­тет беріп отыр. Бүгін­де 70 жоға­ры оқу орны әскер­ге барып кел­ген 3 мыңға жуық адам­ды қабыл­да­уға дай­ын. Олар­дың ішін­де Әл-Фара­би атын­дағы Қазақ ұлт­тық уни­вер­си­теті, Көлік және логи­сти­ка ака­де­ми­я­сы, Мұх­тар Әуе­зов атын­дағы Оңтүстік Қаза­қстан уни­вер­си­теті, Торай­ғы­ров уни­вер­си­теті, Аты­рау мұнай және газ уни­вер­си­теті, Жәң­гір хан атын­дағы Батыс Қаза­қстан агро­тех­ни­ка­лық уни­вер­си­теті және тағы басқа да таны­мал оқу орын­да­ры бар.

– Ал енді Қаза­қстан­да АЭС салу мәсе­лесі мем­ле­кет­тік дәре­же­де­гі кам­па­ни­яға айнал­ды ғой: жал­пы, ел Пре­зи­ден­ті өзінің жол­да­уын­да рефе­рен­дум мерзі­мін бел­гіле­ген осы АЭС құры­лы­сы­на халық ара­сын­да қар­сы­лы­қтың өршіп тұрға­нын қалай бағалайсыз?

– Инду­стри­я­лан­ды­ру мен тех­но­ло­ги­я­лық дамуға ұмты­лу бары­сын­да адам­зат дәстүр­лі энер­гия көз­дерін – мұнай, көмір және газ­ды пай­да­ла­ну­дың кли­мат­тық өзгерістер мен эко­ло­ги­я­лық жағ­дай­дың нашар­ла­у­ы­на әкел­генін еле­мей кел­ді. Қаза­қстан осы табиғи ресур­старға бай болға­ны­мен, олар­ды пай­да­ла­ну­ды жалға­сты­ру арқы­лы қор­шаған ортаға үлкен зиян тигі­зетіні анық. Ал біз, аға буын, баға жет­пес бай­лы­ғы­мы­зды бола­шақ ұрпақ үшін сақта­уы­мыз керек.

Қуат көзінің тап­шы­лы­ғы бай­қа­лып жатқан уақыт­та тұрақты және эко­ло­ги­я­лық таза энер­гия көз­дері аса қажет. Осы орай­да атом энер­ге­ти­ка­сы эко­но­ми­ка­мы­здың қажет­тілік­терін қанағат­тан­ды­ру­да маңы­зды рөл атқа­ра ала­ды. Мем­ле­кет бас­шы­сы халы­ққа 2024 жылғы 2 қыр­күй­ек­те­гі Жол­да­уын­да атом энер­ге­ти­ка­сын дамы­ту­дың маңы­зды­лы­ғын, әсіре­се қажет­тілі­гі­міз күн санап артып келе жатқан осы кезең­де сол тап­шы­лы­қтың орнын тол­ты­ру­да қуат көзі ретін­де атом энер­ге­ти­ка­сы­на назар ауда­руы­мыз қажет екенін атап өтті.

Алай­да, тарих­тан білетіні­міз­дей, про­гресс жолын­да адам­дар­дың бой­ын­да түр­лі оқиға­ларға негіз­дел­ген ато­мо­фо­бия сияқты үрей қалып­та­сты. Бұл рет­те бүгін­гі тех­но­ло­ги­я­лық мүм­кін­дік­тер атом энер­ге­ти­ка­сы­ның жоға­ры қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ететінін еске­ру керек. Қоғам­дағы осы қорқы­ны­штар­ды жеңіп, бола­шаққа нық сенім­мен қарау маңы­зды. Бола­шақ – жасыл энер­ги­яда, әсіре­се атом энергетикасында.

Қаза­қстан өзге де даму­шы мем­ле­кет­тер сияқты Париж келісі­мі­неқо­сы­лып, жаһан­дық тем­пе­ра­ту­ра­ның өсуін шек­теу және 2060 жылға қарай көмір­те­гі бей­та­рап­ты­ғы­на қол жет­кі­зу мақ­са­тын­дағы жұмысты көз­дей­ді. Әлем­де атом энер­ге­ти­ка­сы тиім­ді және қауіп­сіз энер­гия көзі ретін­де таны­лған. Бүгін­де АЭС 31 елде жұмыс істей­ді, тағы 28 ел АЭС салу­ды жос­пар­лап отыр. Бұл жоба еңбек адам­да­ры­на жағ­дай жасап, ғылы­ми зерт­те­улер­ге жол аша­ды, әрі қосым­ша инве­сти­ци­я­лар тар­туға мүм­кін­дік береді. Сон­дай-ақ атом энер­ге­ти­ка­сын дамы­ту салық түсім­дерін арт­ты­руға және инфрақұры­лым­ды жақ­сар­туға да ықпал етуі мүм­кін. Бұл – елі­міздің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ы­на оң әсерін тигі­зері сөзсіз.

Айт­пақ­шы, сіз Дүни­е­жүзілік көшпен­ділер ойы­ны­ның ашы­луы­на қаты­сты­ңыз ба? Жал­пы, бұл ойын­дар­дың маңы­зы мен ерекшелі­гін қалай баға­лап берер едіңіз?

  • – Бір топ депу­тат болып ашы­лу сал­та­на­ты­на қаты­стық. Ашы­лу рәсі­мі өте жоға­ры дең­гей­де өтті. Шетел­ден кел­ген қонақтар да өздерінің таң­да­ны­сын жасыр­ма­ды. Ашы­лу сал­та­на­тын­да қазақ халқы­ның қалып­та­су тарихын көр­се­тетін әсер­лі шолу жасал­ды. «Қазақ елі болған жоқ. Құры­лға­ны­на 32 жыл ғана бол­ды» деп түр­лі пікір айту­шы­ларға көшпе­лі мәде­ни­ет­тің ежел­ден келе жатқа­ны­ның терең тарихы бар екенін көр­се­те алдық деп ойлай­мын. Cол үшін Ұлт­тық ойын­да­ры­мы­зды келесі буы­нға дәріп­теп, ама­нат етуі­міз керек.
  • Оған қоса, өзім Халы­қа­ра­лық асық ату феде­ра­ци­я­сы­ның пре­зи­ден­ті болған­ды­қтан, асық ату­дан жары­сты ресми түр­де ашып кел­дік. Осы тұста асық ойны­на тоқта­ла кет­кім келіп отыр. Асық – көшпе­лі мәде­ни­ет өмірі туды­рған төл өнері­міз. Бұл ойын жастар­ды ептілік­ке, мер­ген­дік­ке, ұқып­ты­лы­ққа, сер­гек­тік­ке бау­ли­тын тәр­би­енің көзі. «Асық ойнаған азар» деп бекер айт­па­са керек. Себебі соңғы жыл­да­ры жасөс­пірім­дер ара­сын­да артық сал­маққа душар болған­дар саны көбей­іп келеді. Асық – көп қозға­лы­сты қажет ететін ойын болған­ды­қтан, жоға­ры­дағы мәсе­лені шешудің бір­ден-бір жолы деп ойлаймын.

2017 жылы «Асық ату» ойы­ны ЮНЕ­СКО-ның қорға­ла­тын мате­ри­ал­дық емес мәде­ни мұра объ­ек­тілерінің тізі­міне енгізіл­ді. Биыл­дан бастап, ұлт­тық спор­ты­мыз мек­теп бағ­дар­ла­ма­сы­на енгізіл­ді және аула­лар­да асық алаң­да­ры салынды.

  • Cұхба­ты­ңы­зға көп рахмет!
    • Дина ӘДІЛDAT»-тың пар­ла­мент­тік тілшісі

Республиканский еженедельник онлайн