Четверг , 3 июля 2025

Көпбалалы аналардың ӨМІРІН ҚИЫНДАТПАЙЫҚ!

Қаза­қстан Республикасы 

Пре­мьер-мини­стрі Олжас Бек­те­нов­ке!

Мемле­кет бас­шы­сы отба­сы құн­ды­лы­қта­рын нығай­ту­дың маңы­зды­лы­ғы­на әрдай­ым көңіл бөледі. Отба­сы­ның беделі неден баста­ла­ды? Отба­сы­ның мәр­те­бесі­нен. Ана мәр­те­бесі­нен. «Мықты отба­сы – мықты мем­ле­кет» деген сөз­дер бекер айтыл­маған. Ел ертеңін бүгін­гі жас ұрпақ, жас отба­сы­лар қалып­та­сты­ра­ды. Сон­ды­қтан біз отба­сын нығай­тып, ғасыр­лық салт-дәстүр­ді сақтап, бала­ла­ры­мы­зды өз Ота­нын сүй­етін, тарихы мен мәде­ни­етін құр­мет­тей­тін, лай­ы­қты және әдеп­ті адам етіп тәр­би­е­ле­уі­міз – мем­ле­кет­ті­гі­міздің дамуы­ның кепілі. Кез кел­ген мем­ле­кет­тің дамы­ған­ды­ғы оның ана­лар мен бала­ларға жасаған қамқор­лы­ғы­нан көрінеді. 

Мен өзім ана ретін­де әр депу­тат­тық сау­а­лым­да отба­сы­лар­дың, ана­лар­дың, бала­лар­дың шынайы, өзек­ті мәсе­ле­лерін көтеріп келе­мін. Бір жыл бұрын біз көп­ба­ла­лы отба­сы­лар­дың, ана­лар­дың мәр­те­бесі тура­лы депу­тат­тық сау­ал жол­даған болатынбыз. 

Алай­да Үкі­мет­тен кел­ген жау­ап бізді қанағат­тан­ды­рған жоқ. Себебі беріл­ген ұсы­ны­стар мүл­дем қарас­ты­рыл­маған, «қол­дай­мыз» неме­се «қол­да­май­мыз» деген жау­ап та жоқ. Соған қараған­да, біздің Үкі­мет­ке бұл сұрақ маңы­зды емес.

Әле­умет­тік әділет­тілік деген не? Ол – көп­ба­ла­лы отба­сы­ларға, ана­ларға өмір бойы мәр­те­бе мен жеңіл­дік­тер беру арқы­лы көп­ба­ла­лы отба­сы­лар дәре­же­сін көтеріп, олар өздерін төмен баға­ла­май­тын­дай әділ қоғам­да өмір сүру мүм­кін­ді­гін беру. 

Қазір­гі кез­де елі­міз­де 583 мың­нан астам көп­ба­ла­лы отба­сы тір­кел­ген, оның ішін­де 90 пай­ы­зы 4 және 5 бала тәр­би­е­леп оты­рған отба­сы­лар, яғни – 525 мың. Бұл шама­мен 3 мил­ли­онға жуық бала. Олар­дың тағ­ды­ры отба­сы­ның мәр­те­бесіне бай­ла­ны­сты. Нелік­тен көп­ба­ла­лы отба­сы мәр­те­бесі өмір бойы емес, уақыт­ша беріледі? Бала­лар отба­сын­да дүни­е­ге кел­ді, олар уақыт­ша кел­ген жоқ, олар бар, олар өмір сүру­де. Олар жай ғана бар емес, олар­ды тамақтан­ды­ру қажет, киін­ді­ру керек, үйре­ту, дамы­ту, емдеу, толы­ққан­ды өмір сүру үшін жағ­дай­ла­рын жасау керек.

Осы отба­сы­лар­ды маза­лай­тын ең басты проблема: 

Үлкен бала­ла­ры 18 жасқа толған­нан кей­ін, егер оқу орын­да­ры­на түсе алма­са (ондай жағ­дай көп­ба­ла­лы отба­сын­да жиі кез­де­седі), жәр­де­мақы­дан да, басқа мем­ле­кет тара­пы­нан берілетін көмек­тен де айы­ры­ла­ды (жоға­ры және орта білім беру ұйым­да­ры­на күн­діз­гі оқуға түс­кен бала­ларға 23 жасқа толғанға дей­ін беріледі). Ал көп­ба­ла­лы ана мәр­те­бесі тіп­ті қарастырылмаған.

Көпба­ла­лы ана­ларға арналған мем­ле­кет­тік награ­да­лар мен жеңіл­дік­тер­ді қазір­гі уақыт­та біз қай­та­дан қарас­ты­руы­мыз керек. Бұл баста­ма­ның негіз­гі мақ­са­ты – көп­ба­ла­лы ана­ларға арналған мара­пат­тар­ды жаңар­ту және олар­дың зама­на­уи қоғам­да лай­ы­қты құр­мет пен қол­да­уға ие болуын қам­та­ма­сыз ету.

Құр­мет­ті Олжас Абай­ұ­лы! Жоға­ры­да айты­лған­дар­ды еске­ре оты­рып, біз келесі шара­лар­ды қарас­ты­ру­ды ұсы­нған бола­тын­быз. Ең басты үш ұсы­ныс жасадық. 

Бірін­шісі  «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тiк награ­да­лар тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 1995 жылғы 12 жел­тоқ­сан­дағы № 2676 Заңы­на VI. Көп­ба­ла­лы ана­ларға арналған награ­да­лар бөлі­мі 4 және 5 бала­ны туған неме­се асы­рап алған көп­ба­ла­лы ана­ларға «Қола алқа» награ­да­сы­мен толы­қты­рыл­сын. Бұл жер­де­гі басты мақ­сат – көп­ба­ла­лы ана мәр­те­бесін өмір бой­ы­на бекіту.

Екін­шісі – «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік награ­да­ла­ры тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 1995 жылғы 12 жел­тоқ­сан­дағы № 2676 Заңы­нан, атап айтқан­да «Алтын алқа», «Күмiс алқа» орден­дері бой­ын­ша: жеті, алты бала туған және тәр­би­е­леп өсiр­ген ана­лар жетін­ші, алтын­шы «бала­сы бiр жасқа жет­кен және басқа бала­ла­ры тiрi болған рет­те наград­та­ла­ды» деген шар­ты алып тастал­сын. Себебі құжат­тар­ды рәсім­деу уақы­ты созы­лып, 1,5–2 жыл­дан кей­ін ғана мара­пат­та­лып, алқа­ла­ры­на қол жет­кі­зе ала­ды және жәр­де­мақы­лар да осы кезең­де бекітіледі. 

Бұл әділет­ті ме, қалай ойлай­сыз? Аталған тәр­тіп­ті жеңіл­детіп, дүни­е­ге алты және жеті бала алып кел­ген ана­лар­дың өмірін қиын­дат­пау керек. 

Үшін­шісі«Алтын алқа», «Күміс алқа», «Қола алқа» орден­дері­мен мара­пат­талған ана­ларға жәр­де­мақы мөл­шерін көте­ру және қосым­ша көп­те­ген жеңіл­дік­тер­ді ұсы­нған бола­тын­быз. Қазір­гі уақыт­та «Алтын алқа» және «Күміс алқа» орден­дері үшін жәр­де­мақы мөл­шері тіп­ті күл­кілі: жеті бала үшін – 27 321 тең­ге, ал алты бала үшін 23 629 тең­гені құрай­ды. Айы­на бір балаға 3900 тең­ге­ден, ал күніне небәрі 130 тең­ге шыға­ды! Бұл сан­дар­да Отан алдын­дағы еңбе­гі үшін Батыр Ана­ларға деген құр­мет те, сый­ла­стық та көрінбейді!

Осы орай­да Үкі­мет тара­пы­нан жоға­ры­да аталған про­бле­ма­лық сұрақтар бой­ын­ша және был­ты­рғы жари­я­ланған депу­тат­тық сау­алға толы­ққан­ды, бар­лық талап бой­ын­ша жау­ап беруді сұраймыз.

Пар­ла­мент Мәжілісінің депутаттары,

«Қаза­қстан Халық партиясы»

фрак­ци­я­сы­ның мүшелері​​​​:

Г. Тана­ше­ва

М. Магер­ра­мов

И. Смир­но­ва

Қ. Сей­іт­жан

И. Сұңқар

Республиканский еженедельник онлайн