Четверг , 3 июля 2025

«ОРАЛ ОҚИҒАСЫ» және оның САЯСИ МАҢЫЗЫ

Биыл 13–16 қыр­күй­ек күн­дері рес­пуб­ли­ка­мы­здың дер­бес­ті­гі мен аумақтық тұта­сты­ғы­на дау айтып, Орал облы­сын бөліп әкет­пек­ші болған казак-оры­ста­ры­ның аран­да­ту әре­кетіне қар­сы 1991 жылғы «Орал оқиға­сы­на» 33 жыл тола­ды. Каз­ак­тар 1919 жыл­дан бастап Қазақ КСР-інің құра­мы­на қаты­сты тер­ри­то­ри­я­лық құжат­тар тура­лы қабыл­данған заң актілерін жою­ды, Бөкей орда­сы мен Орал облы­сын РСФСР иелі­гіне қосу­ды талап етті. 1990 жылы ақпан айын­да тер­ри­то­ри­я­лық аумағы көр­сетіл­ген, кеңесі, өзінің аза­мат­ты­ғы, заң шыға­ру­шы орга­ны, сот пала­та­сы және ішкі әскері мен қауіп­сіздік қыз­мет жүй­есі бар «Орал казак авто­но­ми­я­лы облы­сы­ның еге­мен­ді­гі» тура­лы декла­ра­ци­я­сын жариялады.

«МЕРЕЙТОЙДЫҢ» МАҚСАТЫ 

Орал казак авто­но­ми­я­сы­ның еге­мен­ді­гі тура­лы  ДЕКЛАРАЦИЯ

– Орал авто­но­ми­я­лы облы­сын құру;

– ОАО-ның өз аза­мат­ты­ғы болады;

ОАО бұры­нғы Орал казак әскері бөлім­деріне қарас­ты Кал­мы­ко­во, Орал жер­лерін бірік­тіреді және ірге­лес жатқан тер­ри­то­ри­я­лар­дың ерік­ті түр­де қосы­луы­на қар­сы­лық білдірмейді;

 – Заң шыға­ру­шы мін­детін ОАО-ның кеңесі, атқа­ру­шы мін­детін ОАО-ның Сот пала­та­сы жүзе­ге асы­ра­ды. Соны­мен бір­ге қадаға­лау, бақы­лау қыз­метін атқа­ра­тын ОАО-ның ақсақал­дар кеңесі құрылсын;

– ОАО-ның ішкі әскері және қауіп­сіздік қыз­мет жүй­есін құруы­на құқы бар;

– ОАО-ның тер­ри­то­ри­я­сын­да­гы табиғи бай­лы­қтар оның ерекше мен­ші­гін­де болып табы­ла­ды, әрі оны пай­да­ла­ну құқын ОАО-ның аза­мат­та­ры ғана иеленеді;

– ОАО-ның аза­мат­та­ры мен олар­дың ұйым­да­ры­ның мүлік­тік пра­во­ла­рын қорға­уға, мен­шік пен шару­шы­лы­қтың кез кел­ген түрі­мен айна­лы­суға мүм­кін­дік береді. Сон­дай-ақ өзінің қар­жы-несие жүй­есін құруға, өз бюд­жетін дер­бес қалып­та­сты­руға, ком­мер­ци­я­лық банк, салық және баж-кеден жүй­есін құруға құқылы;

– Авто­но­ми­я­лы облы­стың еге­мен­ді­гін қорға­уды ОАО рес­пуб­ли­ка­сы мен Одақтың келісі­мі негізін­де бірі­гіп жүзе­ге асы­ра­ды және олар­дың әскер­лері мен қару-жарақта­рын өз тер­ри­то­ри­я­сын­да орна­ла­сты­ру тәр­тібін шешу­ге құқы­ғы бар…» (Қараңыз: «1991, қыр­күй­ек – Орал оқиға­сы» 2001, 62–63 бет. С.Н.Қошаманұлы).

Ең қауіп­тісі атал­мыш декла­ра­ци­яда: «Авто­но­ми­я­лы облы­стың еге­мен­ді­гін қорға­уды ОАО рес­пуб­ли­ка мен Одақтың келісі­мі негізін­де бірі­гіп жүзе­ге асы­ра­ды және олар­дың қару-жарағын өз тер­ри­то­ри­я­сы­на орна­ла­сты­ру тәр­тібін жүзе­ге асы­руға құқы­лы» деген жол­дар бол­ды. Авто­но­ми­я­лы облы­стың тер­ри­то­ри­я­сы­на бел­гілі бір келісім­дер жолы­мен өздері қалаған екін­ші бір мем­ле­кет­тің әскер күшін кір­гі­зе тұруға құқы бол­ды. Ойла­ры түсінік­ті. Келісім­ге қол­да­ры жет­се, Ресей әскерін авто­но­мия жеріне орна­ла­сты­ру арқы­лы ОАО-ның қорға­ныс кепілі ретін­де ұстап оты­ру еді. Үкі­мет­тің атқа­ру­шы мін­детін «Сот пала­та­сы» жүр­гі­зеді. Әлем­дік тәжіри­бе­де бол­маған өзгеріс. Құры­лған күн­нің ертеңіне-ақ бар­лық жұмысты үкім шыға­рып, сот­та­удан бастай­ын деп оты­рған бейне бір «жаза­ла­у­шы» үкі­мет тәрізді. Сон­да кім­дер­ді жаза­ға тарт­пақ­шы? Ком­му­ни­стер­ді ме? Әрине, сон­дай­лар­ды және каз­ак­тар қауы­мы­ның ерекшелік­тері­мен келіс­пей­тін­дер­ді. Құжат­тың соңғы жол­да­ры­на назар аудар­масқа бол­май­ды. Ең қауіп­тісі де осы тұс. Авто­но­ми­я­лы облы­стың еге­мен­ді­гін «қорға­уды» мем­ле­кет­тер ара­сын­дағы бел­гілі бір «келісім­дер» арқы­лы жүзе­ге асы­ра оты­рып, өздері қалаған мем­ле­кет­тің әскер күшін өз тер­ри­то­ри­я­сы­на кір­гі­зе тұруға құқы­ла­ры бар көрі­неді. Ал оның арты­ның не бола­ры бел­гілі – келісім­ге кол­да­ры жет­се, Ресей әскер­лері мен қару-жарақта­рын авто­но­мия жеріне орна­ла­сты­ру арқы­лы сырт­тан әскер кір­гі­зу. Бір сөз­бен айтқан­да, Ресей­дің әске­ри күшін «Казак авто­но­ми­я­сы­ның» корға­ныс кепілі ретін­де ұстап оты­ру. Авто­но­ми­я­сы түр­лі ста­ни­ца­лық елді мекен­дер­ге бөлін­ген. Ста­ни­ца дегені­міз не өзі? Оның алға­шқы мағы­на­сы – «казак отря­ды» деген сөз бола­тын. Кей­ін­нен ХVІІІ ғасыр­да «отряд» сөзі алма­сты­ры­лып, «әске­ри казак елді мекені» деген өзгеріс­ке ие бол­ды. Ста­ни­ца­дағы басқа­ру жүй­есін ата­ман жүр­гі­зеді. Демек, түсін­ген ада­мға «ста­ни­ца» сөзінің түп­кі мағы­на­сы әске­ри тер­мин екен­ді­гіне дау жоқ. Мәсе­лен, «Гри­го­рьев­ка ста­ни­ца­сы» дегені­міз – каз­ак­тар­дың әкім­шілік басқа­ру билі­гі ата­манға бағы­на­тын, әске­ри­лен­ген Гри­го­рьев­ка елді мекені болып шыға­ды. Жай ғана елді мекен деген­ді желеу қылып, көз­де­ген­дері әске­ри комис­си­яға бағы­на­тын ста­ни­ца­лар­ды тіріл­ту. Ал мұн­дай «әске­ри шару­а­шы­лы­қтар­дың» пай­да болуы неге апа­рып соқты­ра­ры бел­гілі жай еді.…

Сөй­тіп, Орал каз­ак­та­ры өздерінің авто­но­ми­я­сын, «еге­мен­дік декла­ра­ци­я­сын» жари­я­лап жібер­ді. Олар 1920 жылғы 26 тамы­здағы декрет­пен Орал облы­сы­ның Қырғыз авто­но­ми­я­лық рес­пуб­ли­ка­сы құра­мы­на өткені заң­сыз деп табы­лып, күші жой­ыл­сын, жаңа «Одақтық шар­тқа» қол қой­ы­лар кез­де орыс халқы­ның мүд­де­лері ескеріліп, Орал каза­че­ст­во­сы­ның бұры­нғы жер­лері түгел­дей Ресей құра­мы­на қай­та­ры­луы тиіс. «Егер талап­та­ры­мыз ескеріл­мей­тін бол­са, біз КСРО пре­зи­ден­ті М.С.Горбачев көр­сет­кен­дей, «өзінің тари­хи ота­ны­нан тысқа­ры тұрып жатқан ұлт­тар­дың еркін дамуы» тура­лы заңы­мен бекітіл­ген құқы­қта­ры­мы­зды қорғау үшін бар­лық мүм­кін­дік­тері­мізді пай­да­ла­на­мыз» деп, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне «Үндеу хат­пен» шықты. КСРО пре­зи­ден­тінің 1989 жылы жасаған «Пар­ти­я­ның ұлт сая­са­ты тура­лы» баян­да­ма­сы­нан алы­нған: «Ұлт­тар жинақы тұрған жер­лер­де ұлт­тық аудан­дар, тер­ри­то­ри­я­лық авто­но­ми­я­сы жоқ, саны жөні­нен ірі ұлт­тар­дың одақтық совет­терін құру мүм­кін­дік­тері бар» деген сөзін өздеріне бағыт-бағ­дар етіп алды.

Сол кез­де­гі Орал облы­стық МҚК (КГБ) бас­шы­сы Вла­ди­мир Чер­вя­ков жер­гілік­ті казак қоға­мы­м­ен жасы­рын бай­ла­ны­ста бол­ды. Ол тіке­лей Мәс­ке­удің МҚК (КГБ) тап­сы­ры­сы­мен орыс-каз­ак­та­ры­на иде­я­лық қол­да­у­шы­лық біл­діріп отыр­ды. Халық ара­сын­да орыс– каз­ак­та­ры қала­ның әске­ри завод­та­рын­да жасы­рын қару-жарақ қорын жасап жатқа­ны, Чер­вя­ко­втың казак-оры­стар­дың жиын­да­рын­да болып, казак ата­ма­ны мен оның көмек­шілері­мен жиі кез­де­су­лер жасай­ты­ны, олар­дың вице-пре­зи­дент Г.Янаевпен де бай­ла­ны­сып жүр­гені бел­гілі бол­ды. Мұны Н.Есқалиев біл­ді. Н.Есқалиев өзінің кей­ін­гі естелі­гін­де бұл жөнін­де былай дей­ді: «Вско­ре ста­ло замет­но, что у него (В.Червякова) есть зада­ние Моск­вы под­дер­жать «несчаст­ных каза­ков». Чер­вя­ко­ва часто виде­ли на собра­ни­ях каза­ков, он пуб­лич­но не высту­пал, но вел про­дол­жи­тель­ные бесе­ды с каза­чьим ата­ма­ном и его пом­пош­ни­ка­ми. На одном из засе­да­ний создан­но­го тогда шта­ба по про­бле­ме «юби­лея» Иска­ли­ев озна­ко­мил чле­нов шта­ба с мате­ри­а­ла­ми из дру­гих источ­ни­ков, дока­зы­ва­ю­щи­ми факт созда­ния каза­ка­ми воору­жен­ных групп на базе неко­то­рых пред­при­я­тий горо­да. Име­лись све­де­ния о том, как некий «поход­ний ата­ман» Сутя­гин, при­быв­ший из Моск­вы с собра­ния ата­ма­нов Рос­сии, рас­ска­зал мест­ным каза­кам о сво­ей встре­че с вице-пре­зи­ден­том СССР Ген­на­ди­ем Яна­е­вым. Сутя­гин пред­ло­жил каза­чьи фор­ми­ро­ва­ния в Ураль­ске пере­во­дить на кон­спи­ра­тив­ный режим… источ­ни­ки инфор­ми­ро­ва­ли, что Чер­вя­ков якша­ет­ся с вер­хуш­кой ураль­ско­го каза­че­ства, дает им инстру­кии, но все это тща­тель­но, по-чекист­ки им скры­ва­лось» (Дереккөз: «Про­ти­во­сто­я­ние в Ураль­ске, 1991 год» кіта­бы, 30–31-беттер).

Осы­дан соң Н.Есқалиев сол кез­де­гі Чер­вя­ко­втың орын­ба­са­ры, ұлты қазақ Тұры­с­бек Дәу­ле­тов­пен бай­ла­ны­сқа шығып, оған: «Что на кону сто­ит судь­ба все­го Казах­ста­на, что кро­ме дол­га чеки­ста слу­жить Оте­че­ству, есть еще и долг перед казах­ским наро­дом», – деп, одан Чер­вя­ко­втың күдік­ті істері жөнін­де ақпа­рат беруін сұрай­ды. «Қаны­на тарт­паған­ның қары сын­сын» – Тұры­с­бек Н.Есқалиевтың алды­на КГБ бас­шы­сы В.Червяковтың ата­ман Кача­лин­мен мүд­де­лес екенін дәлел­дей­тін теле­фон жаз­ба­сын әкеліп береді. Тас­па­дан Чер­вя­ко­втың Орал каз­ак­та­ры­ның той өткі­зу шара­сын және басқа да астыр­тын іс-әрке­кет­терін қол­дай­ты­ны бел­гілі болады.

1991 жылы 28 мамыр­да Орал қала­лық атқа­ру коми­тетінің төраға­сы Б.Ғ.Молдашев пен қала­лық совет­тің іс басқа­ру­шы­сы А.Н.Мартышкин қол­да­рын қой­ған және Халық депу­тат­та­ры облы­стық советінің төраға­сы Н.Есқалиевтың «Орал өңірі» газетін­де жари­я­ланған 1991 жыл 5 шіл­де­де­гі қос қаулы­сы­нан басталған ой-пікір­лер бұл­жы­мас сая­си қағи­даға айна­лып, «каз­ак­тар­дың пат­ша­лық Ресей­ге қыз­мет еткеніне 400 жыл­дық мерей­той» деген шара­сы жер­гілік­ті қос билік­тің тара­пы­нан ресми қол­да­уға ие бол­ды. Той (съезд) қыр­күй­ек айы­ның 15-іне белгіленді.

Сөй­тіп жүр­ген­де, тамыз айын­да Мәс­ке­уде мем­ле­кет­тік төң­керіс бастал­ды. Осы кез­де Орал қала­сы­ның бас­шы­сы Б.Ғ.Молдашев ГКЧП-ның (мем­ле­кет­тік төтен­ше оқиға­лар жөнін­де­гі коми­тет) №1 қаулы­сы­на сіл­те­ме жасай оты­рып, жер­гілік­ті жер­де оның бұй­ры­қта­рын орын­дау қажет­ті­гін, каз­ак­тар­дың мере­кесіне орай алған қала­лық кеңе­стің шеші­мінің күшін жоя­ты­нын мәлім­деді. ТЖМК-ның бұй­ры­қта­рын қол­дау қала­лық өкі­мет­тің беделін түп­кілік­ті түсір­ді. Солай бола тұра, облы­стық кеңес Рес­пуб­ли­ка күніне орай­ла­сты­рған «Халы­қтар досты­ғы күнін» ұйым­да­сты­ру­ды өз күшін­де қал­дыр­ды (Қараңыз: «1991, қыр­күй­ек – Орал оқиға­сы» 2001, 83; 248 бет, С.Н.Қошаманұлы). Алы­нған бұл соңғы қау­лы: «папа­ха киген орыс-каз­ак­тарға қаза­қтың малақай­ын кигізіп той­лай­ық» деген­дей шара болды.

              «АЗАТ» АЗАМАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ӘРЕКЕТІ

08.07.1991 жылы­Ор­та­лық бас­шы­лы­қҚа­за­қстан­ның аза­мат­тық «Азат» қозға­лы­сы шта­бы Кон­сти­ту­ция ере­же­лерін бас­шы­лы­ққа ала оты­рып, рес­пуб­ли­ка Пре­зи­ден­ті Н.Назарбаевқа ашық хат­пен шықты. Хат­та казак-оры­стар­дың жете­гін­де кет­кен Орал облы­стық (05.06.91 ж.) және қала­лық (28.05.91 ж.) кеңе­стері атқа­ру коми­тет­тері шешім­дерінің күшінің жой­ы­луын, мұның Қаза­қстан­ның бір­тұ­та­сты­ғы­на нұқ­сан кел­тіретін қадам болға­лы тұрға­нын, каз­ак­тар мере­кесінің той­ла­нуы­на тый­ым салы­ну қажет­ті­гін айта келіп, өзінің тара­пы­нан бел­гілі бір шара­ларға бару керекті­гі, егер бұл талап­тар орын­дал­май­тын бол­са, Қаза­қстан­ның аза­мат­тық «Азат» аза­мат­тық қозға­лы­сы рес­пуб­ли­ка төңіре­гін­де бар­ша халы­қты өзін-өзі қорға­уға және КСРО құра­мы­нан шығуға шақы­ра­ты­нын мәлім­деді. Бұл хатқа да елең еткен рес­пуб­ли­ка бас­шы­ла­ры болмады…

Каз­ак­тар одағы өздерінің мақ­са­ты – авто­но­мия құру, Орал облы­сын сая­си-құқы­қтық жол­мен бөліп әке­ту екенін, тіп­тен ойла­ры орын­дал­ма­са, қару­лы күрес­ке де әзір екен­дік­терін талай жер­де ашық айт­ты. Сол күн­дері өзінің алаң­да­у­шы­лы­ғын біл­дір­ген С.Кисельев «Лите­ра­тур­ная газе­та» басы­лы­мын­да: «Жағ­дай осы­лай. Мәде­ни­ет пен эко­но­ми­ка­ны қай­та жаңғыр­ту үшін күрес ұлт­тық қозға­лы­спен құй­ы­лып, сая­сатқа ауы­сқан жер­де қан­тө­гіс бола­ды. Ол қазір төгіл­ді де – Сол­түстік Кав­каз­дағы каз­ак­тар мен таулы­қтар қаны. Келесі кезек – Орал каз­ак­та­ры, Орал облы­сын Ресей­ге қоса­мыз деп жатқан Қаза­қстан­дікі ме деп те ойлай­сың»,– деп үрей­ле­нетінін жазған еді. Орал­да қан­тө­гіс болуы мүм­кін­ді­гін орал­дық ата­ман А.Качалиннің өзі де ресми кез­де­су­лер­де әлде­не­ше рет қай­та­лаған бола­тын (Қараңыз: «1991, қыр­күй­ек – Орал оқиға­сы» 2001, 83; 248 бет, С.Н.Қошаманұлы).

Орал каз­ак­та­ры­ның нені көз­де­гені Назар­ба­евқа жазған ашу­лы да қыжы­лға толы мына хаты­нан анық көрініп тұр. Олар: «И про­те­сту­ем про­тив язы­ка дик­та­та, иска­же­ний исто­ри­че­ских истин. Окри­ки, воле­вая пере­строй­ка исто­рии – не луч­ший путь к миру и спо­кой­стию в реги­оне. Не надо забы­вать, что мы явля­ем­ся потом­ка­ми одно­го из самых сво­бо­до­лю­би­вых каза­честв Рос­сии. При таком отно­ше­нии к нам мы не можем, сле­дуя Вашим сло­вам, «чув­ство­вать себя на казах­ской зем­ле как в род­ном отчем доме». Одной этой неосто­рож­ной фра­зой Вы пере­чер­ки­ва­е­те наше пра­во на исто­ри­че­скую роди­ну, вели­ко­душ­но раз­ре­шая жить на «казах­ской зем­ле», хотя пра­во­бе­реж­ное При­ура­лье нико­гда не было казах­ским… Поче­му наше жела­ние про­ве­сти юби­лей­ное празд­но­ва­ние (одно в сто лет!) в горо­де, осно­ван­ном наши­ми пред­ка­ми 378 лет назад, вызы­ва­ет такое нер­воз­ное непри­я­тие руко­во­ди­те­лей рес­пуб­ли­ки и обла­сти? Во имя того, что­бы люди не зна­ли, не пом­ни­ли исто­рии того, что Ураль­ская область была при­со­еди­не­на к Казах­ста­ну в 20‑х годах?.. Есть афо­ризм: каза­че­ство мож­но уни­что­жить, но постав­лять на коле­ни – нет! Уве­ре­ны, теперь и уни­что­жать не удаст­ся – вре­ме­на изме­ни­лись»… При­ня­то учре­ди­тель­ным Боль­шим кру­гом (кон­фе­рен­ци­ей) Сою­за ураль­ских каза­ков, 15 июнь, 1991 г.» – дей­ді. Бұдан нені бай­қай­мыз? Ресей­дің әр түп­кірін­де каз­ак­тар­дың қуат­ты топ­та­ры­ның көбе­юі, олар­дың қазақ шека­ра­сы­на жақын шоғыр­ла­нуы, дау­лы мәсе­ле­лер­ді үне­мі қоқан-лоққы мәлім­де­ме­лер­мен, соғыс қаруы­мен шешу­ге ұмты­луы каза­че­ство­ны мем­ле­кеті­міздің еге­мен­ді­гіне қауіп төн­дірер «ықти­мал әске­ри күш» ретін­де дәлел­дей түсті.

Кей­бір деректер бой­ын­ша сол жыл­да­ры Кеңес Одағы­ның әр аймағын­да шақы­рған­да жедел жететін казак әске­ри құра­ма­ла­ры мен топ­та­ры құрыл­ды. Ната­лья Зено­ва деген жур­на­лист қару­лы қақты­ғы­стар туын­даған аймақтарға жіберілетін «жедел топ­тың» болға­нын жаз­ды («Лите­ра­тур­ная газе­та», 07.1991). Мұн­дай жедел топ мүше­лерінің Орал каз­ак­та­ры әске­ри одағы­ның ара­сын­да болған­ды­ғын құжат­тар айғақтаған­дай. Кей­ін­нен «Ведо­мо­сти» газетін­де жари­я­ланған «Что такое УГИКО?» деген мақа­ла­да сол 1991 жыл­дарға қаты­сты бір деректі кел­тіреді. Онда: «За какие каче­ства избра­ли Ирте­ке­е­ва. Может быть, повли­я­ла его чест­ность в финан­со­вых делах. Может быть, и то, что он участ­во­вал, как и Сур­га­нов, Мар­ков, Суэтин в воен­ных дей­стви­ях про­тив пра­во­слав­ных гру­зин за абхаз­цев» (01.10.2000) – дей­ді. Осы аталған сар­ба­з­дар­дың бар­лы­ғы 1990–1991 жыл­да­ры Орал каз­ак­та­ры одағы­ның бел­сен­ділері болға­ны бел­гілі. Тіп­тен орал­дық «жедел топ» мүше­лерінің бірі пра­во­слав­ты армян­дар жағын­да тау­лы Қара­бақ соғы­сы­на қаты­сып қаза бол­ды. Сол өлген казак сол­дат­та­ры Орал қала­сын­дағы зиратқа жер­лен­ді. Жер­гілік­ті казак-оры­стар оның басы­на барып гүл шоқта­рын қою­ды да әдет­ке айнал­ды­рып жүрді.

Сол бір қыр­күй­ек күн­дері мұн­дай жедел топ­тар­дың Оралға да келіп жетуі әбден мүм­кін еді. Сөй­тіп, олар өздерінің мем­ле­кет­тер ара­сын­дағы келісіл­ген іс-қимыл­да­рын үйле­стіруді, ұжым­дық көмек­терін жүзе­ге асы­ру­ды, қару­лы күш­терінің құра­мын­дағы жоға­ры­дағы­дай «жедел топ­тар­ды» түсі­ру арқы­лы қол­дау көр­сетіп отыр­ды. Бұған Орал казак-оры­ста­ры одағы­ның жарғы­сын­дағы: «Укреп­лять свя­зи с арми­ей, воен­ко­ма­та­ми по орга­ни­за­ции воен­но-пат­ри­о­ти­че­ской и обще­фи­зи­че­ской под­го­тов­ке каза­чьей при­зыв­ной моло­де­жи» – деген жол­дар толық дәлел бола­ды. Осы­ның өзі сол кез­дер­де кеңес каз­ак­та­ры­ның ара­сын­да кеңес қару­лы күш­тері­мен бай­ла­ны­сын қам­та­ма­сыз ету­ші өза­ра бел­гілі бір ұжым­дық қауіп­сіздік шар­ты болған­ды­ғын айғақтаған­дай… Мұн­дай «жедел топ­тар­дың» соғы­сқа қаты­сқа­ны, Днестр бой­ын­дағы соғы­сқа, Абха­зия мен Гру­зи­яда, бұры­нғы Юго­сла­вия жерін­де­гі қару­лы шай­қастарға қаты­сқа­ны кей­ін­нен Пет­ро­пав­ловск каз­ак­та­ры­ның құры­л­тай­ын­да да жария етіл­ді. «Бар­лық жер­де олар Ресей мен пра­во­сла­вие үшін соғы­сып жатыр», – деді казак ата­ма­ны В.Попов («Халық кеңесі» газеті, 04.08.1993).

Әлі есім­де, Алма­ты­да жүр­ген Аман­жол Зинул­лин, қате­ле­с­пе­сем, тамыз айы­ның аяғын­да болуы керек, рес­пуб­ли­ка­лық радио­дан сөй­леп, қаза­қстан­ды­қтар­ды Орал қала­сы­на жина­луға үндеді (тас­па орта­лық радио тора­бы­ның мұраға­тын­да сақта­луы мүм­кін). Алма­ты­да «Атта­най­ық Ақжай­ы­ққа» шта­бы құрыл­ды. Шақы­ру­ды есті­ген халы­қтың екін­ші бөлі­гі қар­сы­лық көр­се­ту үшін Орал қала­сы­на ағыл­ды. Ерік­тілер­дің алды­ңғы легі 13 қыр­күй­ек­те Оралға жет­ті. Қар­сы­лық акци­я­сын ұйым­да­сты­ру­шы «Басқа­ру орта­лы­ғы» құрыл­ды. Сол 1991 жылғы 13 қыр­күй­ек күні ата­ман Мар­ты­нов басқарған Ресей каз­ак­та­ры­ның әске­ри жасақта­ры да «400 жыл­дық мерей­той өткі­зе­міз» деген желе­умен Оралға кел­ді. Олар­дың мұны­сы жер­гілік­ті билік­тен қол­да­уын тап­ты. Билік орыс-каз­ак­та­ры­ның мерей­той­ын өздері ойлап тапқан: «Орал өңірі халы­қта­ры­ның досты­ғы күні» деген мере­ке аясын­да өткізіп жібер­мек­ші бол­ды. Олар­дың «Той» дегені «бүр­кен­шік ат» екенін жер­гілік­ті билік біле тұра, аху­ал­дың одан әрі ушы­ғуы­на осы­лай жасыл шам жақты. Билік: «Мұның бар­лы­ғы қаза­қтар мен басқа да тұрғын­дар­дың едәуір бөлі­гінің каз­ак­тар қауы­мы­ның қауіп­ті сая­си­ла­нуы­на, ата­ман­дық әске­ри құры­лым­да­рын қал­пы­на кел­тіру­ге бай­ла­ны­сты қар­сы­лы­ғы­нан туын­даған қадам­дар бола­тын. Қақты­ғыс туып кет­пес үшін, каз­ак­тар­дың мей­ра­мын бүгін­гі сая­си аху­алға, «Орал өңірі халы­қта­ры­ның мей­ра­мы» аясын­да өткіз­бек­піз», – деген үлкен сөз­дер­мен ақтал­ды. Қалай болған­да да, бұл жер­гілік­ті билік­тің нео­ко­ло­ни­а­ли­стер­дің алдын­дағы кезек­ті «шегінісі», так­ти­ка­сын­дағы жібер­ген үлкен «сая­си қателі­гі» болды.

15 қыр­күй­ек­те каз­ак­тар тұрғы­лы­қты халы­қтың нара­зы­лы­ғын ескер­мей, қала­дағы шір­ке­уде құдай­ға құл­шы­лық ету­мен қатар, казак мере­кесінің тұса­уын кес­кен ресми шара­ла­рын баста­ды. Орал қала­сын­дағы оқиға кезін­де пра­во­сла­ви­елік дін басы­ла­ры­ның қыз­метін де айту керек. Шір­кеу бас­шы­ла­ры ұлта­ра­лық аху­ал­ды ушы­қты­ру­да ерекше рөл атқар­ды. Олар осы күні іс жүзін­де каза­че­ство­ның сая­си шара­сын ұйым­да­сты­ру орта­лы­ғы­на айнал­ды. Каз­ак­тар­дың тарихын, ерлі­гін, ерекшелі­гін уағы­зда­ды. Кезін­де сла­вя­но­фил­дік бағыт ұстанған бел­гілі орыс фило­со­фы Нико­лай Бер­дя­ев­тің: «В рус­ском мис­си­о­низ­ме столь свой­ствен­но­му рус­ско­му наро­ду, чистая мис­си­ан­ская идея Цар­ства Божье­го, Цар­ства прав­ды была зату­ма­не­на иде­ей импе­ра­ли­сти­че­ской волей к могу­ще­ству», – деп өзі айтқан­дай, шара кезін­де шір­кеу архи­епи­ско­пы сөз сөй­леп, ол жиналған­дарға: «Орыс-каз­ак­та­ры пра­во­сла­ви­елік халық ретін­де Ресей импе­ри­я­сын құтқа­ру­шы, құдай таң­даған (избран­ный) ерекше тари­хи және мәде­ни мис­си­яға ие ұлт», – деген үндеу таста­уға дей­ін барды.

Шір­кеу үстін­де Ресей импе­ри­я­сы­ның үш түсті жала­уы желбіреді. Мұның соңы каз­ак­тар тара­пы­нан ұлта­ра­лық ала­у­ы­зды­ққа ашық аран­датқан анти­кон­сти­ту­ци­я­лық қимыл­дарға ұла­сты. Шір­ке­уден соң әске­ри жасақ қала көше­лері­мен әске­ри шеру жасап, «Зенит» мәде­ни­ет үйіне қарай жүр­ді. Еш кедер­гісіз мәде­ни­ет үйіне өткен олар мере­келік шара деген желе­умен «Орал казак әске­ри одағы­ның құры­л­тай­ын» (съезін) баста­ды. Себебі казак авто­но­ми­я­сы тура­лы мәсе­лені шешуді осы құры­л­тай­да түп­кілік­ті ресми­лен­діріп, бекітіп алмақ­шы бол­ды. Олар 400 жыл­дық мерей­той деген желе­умен «Зенит» мәде­ни­ет үйін­де­гі кон­церт­тің үстін­де Орал авто­но­ми­я­сы­ның құры­лға­нын ресми түр­де жари­я­лап жібер­мек­ші бол­ды. Сонан кей­ін орыс әскері При­дне­стро­вье сце­на­рийі бой­ын­ша Оралға кіретін еді. Кей­ін­нен бірін­ші хат­шы Н.Есқалиевтың сол кез­де­гі кеңес­шісі Болат Шаки­мов мұны рас­та­ды. Ол өзінің естелі­гін­де былай дей­ді: «У руко­вод­ства обла­сти были серьез­ные осно­ва­ния поло­гать, что на юби­лее могут объ­явить о созда­нии Ураль­ской каза­чьей авто­ном­ной рес­пуб­ли­ки» (Қараңыз: А.Нығымет, «Про­ти­во­сто­я­ние в Ураль­ске, 1991 год» кіта­бы, 158 бет).Азаттықтардың айтқа­ны, болжаған қау­пі расқа шықты. Азатты­қтар Мәс­ке­удің Оралға әскер кір­гі­зуі мүм­кін екенін сол кездің өзін­де облыс бас­шы­ла­ры­на әлде­не­ше рет ескерт­кен еді. Бірақ билік мұны жүре тың­дап, орыс каз­ак­та­ры­ның мерей­той­ын өткі­зу керек деген рай­ла­ры­нан қайтпады…

Қалып­тасқан бұқатірес аху­ал, орыс-казак авто­но­ми­я­сы­ның құры­лға­нын (ОКА) жари­я­ла­уы – ұры­сқа кірер алдын­дағы әске­ри дай­ын­ды­қтың кер­ней үнін­дей болып, бір даяр­лы­қтың диір­менін айнал­ды­рған­дай бол­ды. Солай бол­ды да, Орал каз­ак­та­ры 1991 жылы қыр­күй­ек­тің 15‑і күні қала­да «Бүкі­ло­дақтық каз­ак­тар­дың съезін» өткізіп, осы күні баты­ста Аты­ра­уға (Гурьев) дей­ін жер­ді алып жаты­рған «Жай­ық каз­ак­та­ры авто­но­ми­я­сы­ның» құры­лға­нын және Ресей­ге қосы­ла­ты­нын ресми жағ­дай­да жари­я­лап жібер­мек­ші бол­ды. Бұл кез­де Орал­дан 100 шақы­рым жер­де При­вольжск әске­ри окру­гін басқарған гене­рал Мака­шо­втың бітім­гер­шілік қару­лы күш­тері (тан­кілер) Оралға «марш бро­сок» жаса­уға даяр тұр еді. Бұл тура­лы гене­рал Мака­шо­втың өзі айт­ты, ол: «Мне было при­ка­за­но выдви­нуть в рай­он села Боль­шая Чер­ни­гов­ка Самар­ской обла­сти тан­ко­вый полк, были гото­вы к мар­шу 94 тан­ка. Коман­дир тан­ко­вой части мне сооб­щил, что к ним при­со­еди­ни­лось под­раз­де­ле­ние каза­чей пехо­ты, кото­рое гото­во было идти в Уральск вме­сте с воен­ны­ми. Я при­ка­зал коман­ди­ру пол­ка не пред­при­ни­мать ника­ких манев­ров без моей коман­ды, так как дело архи­се­рьез­ное. Ввод­ную я полу­чил лич­но от мар­ша­ла Совет­ско­го Сою­за Язо­ва. Соглас­но дей­ству­ю­ще­му в тот момент поло­же­нию, со сво­и­ми вой­ска­ми я мог вой­ти на любую тер­ри­то­рию вве­рен­но­го мне окру­га, по пред­ва­ри­тель­но­му согла­сию мест­ных вла­стей», – деді.

Жағ­дай ушы­қ­са, Мол­до­во­дағы­дай «Днестр бойы рес­пуб­ли­ка­сы» сце­на­рийі жолы­мен қуыр­шақ «Орал казак рес­пуб­ли­ка­сы­ның» құры­луы біз­де де қай­та­ла­нуы мүм­кін еді. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депу­та­ты, орыс-каз­ак­та­ры­ның идео­лог­та­ры­ның бірі Водо­ла­зо­втың өзі: «Мұның бар­лы­ғын Қорға­ныс мини­стр­лі­гі мен Мем­ле­кет­тік қауіп­сіздік коми­тетін­де­гілер ұйым­да­сты­рған еді. Солар бар­лы­ғын жасаған. Мен өз кана­лым бой­ын­ша арнайы жос­пар барын біл­дім. Олар өз алды­на, ал біз­дер өздері­міз­ше қимы­лға көштік. Қалаға оқиға күн­дері «арна­у­лы топ­тар­ды» кір­гізіп те, жасы­рып та үлгер­ген бола­тын. Сен­дер митин­гі­мен әуре болып жүр­ген­де, қала­да жай киін­ген жер­гілік­ті емес жастар көп жүр­ді», – деген бола­тын. Оның бұл сөзін кезін­де Бақыт­жан Әді­лов (марқұм) еке­уі­міз толы­ғы­мен дик­то­фон тас­па­сы­на жасы­рын жазып алған едік.

          АРАНДАТУДЫҢ АРТЫНДА ТҰРҒАНМӘСКЕУ

 Осы­ның бәрін тіке­лей Москва ұйым­да­сты­рға­ны анық еді. Мұны жер­гілік­ті билік те біразға дей­ін бұқа­ра­дан жасы­рып кел­ді. Кей­ін бәрі айқын­дал­ды. Бұған гене­рал Мака­шо­втың өзі айтқан мына сөз­дері дәлел, ол Н.Есқалиевпен болған бір кез­де­суін­де былай дей­ді: «Зна­е­те, дей­стви­тель­но, Гос­подь Бог был на вашей сто­роне… Одна­ко здесь ваше согла­сие и не тре­бо­ва­лось, дис­по­зи­ция была совсем иная. Я дол­жен был выпол­нить миро­твор­че­скую мис­сию по ней­тра­ли­за­ции зава­ру­хи в Ураль­ске. Это дало бы мне повод, что­бы наши тан­ки вошли в Уральск и даль­ше дви­ну­лись в Гурьев, до кото­ро­го было рукой подать. Мне докла­ды­ва­ли, что в Уральск каза­ки со все­го Сою­за сте­ка­ют­ся, что­бы отпразд­но­вать какой-то юбилей…

Мест­ное насе­ле­ние их под­дер­жи­ва­ло. Ясно, что этот дурац­кий ГКЧП рас­стро­ил все пла­ны. Наш министр обо­ро­ны мар­шал Язов уже сидел в тюрь­ме. Одна­ко никто не отме­нял при­каз мини­стра, и он про­дол­жал дей­ство­вать. Толь­ко лич­но министр обо­ро­ны СССР мог отме­нить свой при­каз, так как Совет­ский Союз еще был. В шта­бе окру­га жда­ли от каза­ков Ураль­ска соот­вет­ству­ю­ще­го сиг­на­ла, что «их бьют», но до обе­да в тот день ника­кой инфор­ма­ции не поступало.

И тут из Ураль­ска полу­чил сроч­ное доне­се­ние о том, что может появить­ся еще одна вес­кая при­чи­на для вме­ша­тель­ства и вхож­де­ния на тер­ри­то­рию вашей обла­сти. Мне сооб­щи­ли, что огром­ная раз­го­ря­чен­ная тол­па казах­ской моло­де­жи тре­бу­ет Ваше­го появ­ле­ния на пло­ща­ди. Тол­па была настро­е­на агрес­сив­но, соби­ра­ясь при­ме­нить в отно­ше­нии пер­во­го сек­ре­та­ря обко­ма пар­тии и чле­на ЦК КПСС силу. Это был бы повод для вхож­де­ния войск в город Уральск.

У меня при­каз, я не имел пра­ва допу­стить напа­де­ния тол­пы наци­о­на­ли­сти­че­ских эле­мен­тов с целью при­чи­не­ния физи­че­ско­го вре­да пер­во­му сек­ре­та­рю обко­ма пар­тии и народ­но­му депу­та­ту СССР! Если бы с тобой что-то слу­чи­лось, на меня сра­зу бы пове­си­ли уго­лов­ную ста­тью. Но, к сча­стью, все полу­чи­лось так, как полу­чи­лось. Без вес­ких осно­ва­ний я не полез в Казах­стан – у меня голо­ва одна. Может быть, это даже к луч­ше­му, что все так тогда разо­шлись…» (Қараңыз: А.Нығымет, «Про­ти­во­сто­я­ние в Ураль­ске, 1991 год» кіта­бы, 104–105-беттер). Бұл деректер Н.Есқалиевтың өз аузы­нан жазып алы­нған. Азатты­қтар­дың бұған дей­ін де облыс бас­шы­ла­ры­на «Ресей­дің әскер кір­гі­зуі мүм­кін», – деген ескерт­пе­сі кеш те бол­са ақиқатқа айналды.

Орал­дағы текетірес тура­лы және бітім­гер­шілік күш­тері кір­ген жағ­дай­да не бола­ты­ны тура­лы Орал облы­стық ҰҚК-інің бұры­нғы төраға­сы В.Червяковтың орны­на кел­ген Ана­то­лий Дру­жи­нин өзінің естелік кіта­бын­да: «1991 жылғы Орал оқиға­сын жазып үлге­руі­міз қажет. Бұл жаңа құры­ла бастаған мем­ле­кет тарихын­дағы бір­ден-бір маңы­зды оқиға бол­ды. Егер біз ашық қақты­ғы­сқа, қан­тө­гіс­ке жол бер­ген­де, ешқан­дай тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның, оны БҰҰ-ның тануы да екіта­лай еді. Ондай кез­де рес­пуб­ли­ка тер­ри­то­ри­я­сы­на бітім­гер­шілік күш­тері кіріп, жағ­дай одан сай­ын күр­де­лен­ген болар еді», – деп жаз­ды. Н.Есқалиев оқиға­дан бұрын Мәс­ке­уде болған бір кез­де­су кезін­де Гор­ба­чев­ке қалып­тасқан жағ­дай­ды жет­кіз­бек­ші болып: «Осы­лай да осы­лай, Миха­ил Сер­ге­е­вич, әрине, бұл мере­ке­ден үрей­ле­нетін­дей ештеңе жоқ, деген­мен де текетірес ауа­ны ушы­ғып кет­пе­се…» – дегенім­де, мән-жай­ды түсі­нудің орны­на сон­дағы оның маған төк­кен зілін көр­сең етті. Сон­да ғана мен тек қана өз сезі­мім мен әріп­те­стерім­нің тәжіри­бесіне сүй­е­ну қажет­ті­гін түсін­дім. Кей­ін адам­дар­дың салқы­нқан­ды­лы­ғы бәрі­нен де жоға­ры болған болуы керек, Орал мен Гурьев­ке бағыт­талған Сама­ра облы­сы шека­ра­сын­да тұрған тан­кілер бұған бар­ма­ды. ТЖМК-дан кей­ін­гі Мәс­ке­уде­гі қалып­тасқан түсін­бес­тік жағ­дай­дың сал­да­ры­нан, сірә, Мака­шов дер­бес шешім қабыл­да­уға тәу­е­кел ете алмаған болуы керек», – депті.

Қазақ халқы орыс-каз­ак­та­ры­ның 400 жыл­дық аран­да­ту той­ы­на қар­сы бол­ды. Казак-оры­старға қар­сы­лы­ғын біл­ді­ру үшін, елі­міздің 12 облы­сы­нан (Орал, Ақтө­бе, Ақтау, Алма­ты, Тал­ды­қорған, Пав­ло­дар, Жам­был, Шым­кент, Қызы­лор­да, Семей, Өске­мен, Ақмо­ла) халық Оралға жинал­ды. Олар қазақ жерінің тұта­сты­ғын, мем­ле­кеті­міздің тәу­ел­сізді­гін, қабыл­данған мем­ле­кет­тік заң­да­рын, қазақ халқы­ның тарихын, бүгіні мен бола­шағын қорға­ды. Сол бір қиын күн­дер­дің өзін­де ұлт­тық идео­ло­гия аясын­да қимыл­даған демо­кра­ти­я­лық күш­тер аза­мат­тық келісім­ге келу­ге, пікірі әртүр­лі сая­си және қоғам­дық күш­тер­ді топ­та­сты­руға, ұлта­ра­лық жағ­дай­ды тұрақтан­ды­руға ұмтыл­ды. Оның соңы 4 күн­ге (13–16 қыр­күй­ек) созы­лған халық толқуы­на ұла­сып, казак-оры­стар­дың сая­си шара­сы өтпей қал­ды. Ресей­ден кел­ген каз­ак­тар­дың әске­ри жасақта­ры халы­қтың қысы­мы­м­ен қала­ны тастап кету­ге мәж­бүр бол­ды. Бұл тура­лы сол кез­де­гі Орал обко­мы­ның бірін­ші хат­шы­сы Н.Есқалиевтың көмек­шісі болған Болат Шаки­мов: «В ито­ге, общи­ми уси­ли­я­ми вла­стей и пат­ри­о­тов про­ти­во­сто­я­ние уда­лось ней­тра­ли­зо­вать, «юби­лей­ное» собра­ние каза­че­ства под натис­ком «АЗАТОВЦЕВ» было свер­ну­то, при­е­хав­шие в Уральск из раз­ных реги­о­нов Рос­сии пред­ста­ви­те­ли каза­честв через создан­ный сило­ви­ка­ми кори­дор на несколь­ких авто­бу­сах были выве­зе­ны из двор­ца куль­ту­ры заво­да «Зенит» на при­го­род­ные желез­но­до­рож­ные стан­ции и поса­же­ны на поез­да…» – деп еске ала­ды (Қараңыз: А.Нығымет, «Про­ти­во­сто­я­ние в Ураль­ске, 1991 год» кіта­бы, 158 бет). Сол күн­дері «қазақ пен казак текетіресінің» қалай ушы­ққа­ны­на тоқтал­май-ақ қояй­ын, ол тура­лы ҚР тәу­ел­сізді­гінің 10 жыл­ды­ғы­на орай шыққан бірін­ші кітап­тың «Үрей­лі үш күн» тара­уын­да егжей-тег­жей баян­дал­ды (Қараңыз: «1991, қыр­күй­ек – Орал оқиға­сы» 2001, 155–190-беттер, С.Н.Қошаманұлы)…

Оқиға­дан соң «Казах­стан­ская прав­да» газеті 1991 жылғы 21 қыр­күй­ек­те­гі санын­да: «Аза­мат­тық «Азат» қозға­лы­сы­ның жетек­ші өкіл­дері қысы­л­та­яң қиын сәт­те сал­мақты­лық таны­та біл­ді, соның арқа­сын­да үлкен аран­да­туға жол беріл­меді» деп жаз­ды. Қол­да­ны­лған бірік­кен шара­лар нәти­же­сін­де қоғам­дық-сая­си аху­ал­ды ушы­қты­ра­тын­дай тосын оқиға­ларға жол беріл­меді. Нара­зы­лық шеру­лері бел­гілі бір заң­ды­лы­қтар­дың бұзы­луы­мен өткеніне қара­ма­стан, облы­стық сот кей­ін­нен оның негізді екенін мой­ын­дап, «АЗАТ» әре­кеті Қаза­қстан­ның тәу­ел­сізді­гі мен аумақтық тұта­сты­ғын қорға­уға бағыт­талған», – деп бағаланды.

Нәжі­ме­ден Есқа­ли­ев және оның айна­ла­сын­дағы аз топ гене­рал Мака­шо­втың шека­ра­да шоғыр­ланған тан­кілері тура­лы, әрине, біл­ді. Мұны «халық ара­сын­да дүр­бе­лең туғы­зуы мүм­кін» деген оймен жария ету­ден қоры­қты. Мен кей­ін­нен екін­ші кітап­ты жазу бары­сын­да «Орал оқиға­сы» мәсе­лесін­де бүй­рек­тен сирақ шығарған­дай бол­май­ық, өткені­мізді боя­ма­лап, өтірік­ті шын­дай сапы­рып­ты демесін» деген оймен бұры­нғы облыс бас­шы­сы, зей­нет­кер Н.Есқалиевке: «Кітап, әрине, бір­жақты шық­пау керек. Бар­лы­ғы­мыз да ет пен сүй­ек­тен жара­ты­лған пен­де­лер болған­ды­қтан, өмір­де жаза басып, жаңы­ла­тын тұста­ры­мыз бола­ды. Халқы­мыз «Жаман келісіп оты­рып кері­седі, жақ­сы керісіп оты­рып келі­седі» деген­дей, сол күн­дері бір-бірі­міз­ге сын садағын кезес­кен кезі­міздің өзін­де айна­лып кел­ген­де билік өкілі ретін­де сіз­дер­дің де, азатты­қтар­дың да көз­де­гені аран­да­ту мен аран­дап қал­маудың алдын алу еді. Бар айыр­ма­шы­лық мәсе­ле­ге әрқай­сысы­ның түр­лі көзқа­рас тұрғы­сы­нан кел­генін­де. Әрқи­лы көзқа­рас­тар­ды салы­сты­ру, салға­сты­ру арқы­лы оқиға­ның шынайы кес­кін-кел­беті айқын­да­ла­ды. Осы тұрғы­дан кел­ген­де тари­хи кей­іп­кер ретін­де өзіңіздің естелік­теріңіз біз үшін құн­ды. Сол күн­дер төңіре­гін­де бүгін­де не айтар едіңіз? Бұл тари­хи ақиқат үшін қажет. Кезін­де халы­ққа бей­мәлім оқиға­ның тек кана өздеріңіз­ге бел­гілі болған, қоғам­да айтыл­маған құпия тұста­ры бол­ды ма? Осы жөнін­де не айта ала­сыз? Билік өкіл­дері ретін­де біз­ге бел­гісіз қан­дай шара­лар­га бар­ды­ңы­здар? Сыр­тқы күш­тер­дің (сепа­рат­тық бағыт­тағы) біз­ге бел­гісіз басқа да қан­дай жос­па­ры бол­ды? Оқиғаға бай­ла­ны­сты жари­я­лан­баған тың құжат­тар мен деректер бере ала­сыз ба? Демо­кра­ти­я­лық, күш­тер­дің жібер­ген қателік­тері неде деп ойлай­сыз? Кіта­пқа оқиғаға қаты­сы бар басқа да куәлар­ды өз естелік­тері­мен тар­туы­ңы­зға бола­ды», – деген маз­мұн­да хат жаз­дым (15.02.2008). Өкініш­ке қарай, ол хат­ты апа­рып бер­ген аза­мат­тың көзін­ше жыр­тып тастап­ты. Облыс бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры болған Бауы­р­жан Тұма­нов та сұра­уым­ды жау­ап­сыз қалдырды.

           ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ҮЛКЕН ЕҢБЕК

Дəл осын­дай тұста билік пен азатты­қтар ара­сын­да шие­леністі жағ­дай орнап, қырғи қабақты­ққа жол беріл­се, істің нəти­желі аяқта­ла­ры неғай­бы­л­тұғын. Азатты­қтар мұны жақ­сы түсін­ді, олар­дың жібер­ген қателік­терін көре тұра, мей­лін­ше билік­пен түсіністік­те, бір­ле­се қимыл­да­уға ұмтыл­ды және солай жаса­ды да. Бұл тура­лы Орал оқиға­сы жетек­шілерінің бірі, бел­гілі ақын А.Қадырбаева: «Бір-бірі­міз­бен текетіре­се жүріп, айты­сып-тар­ты­са жүріп, бір мақ­сат, бір бағыт­та ел үшін, жер үшін деп, қол­мен қой­ған­дай, аса бір үйлесім­ді жағ­дай­да өткен ондай күрес – қазір арман. Сон­ды­қтан да мен өз жаз­ба­ла­рым­да «Орал оқиға­сы­ның» абы­ройы бір­лі-жарым адам­дар­дың иелі­гіне сый­май­тын жал­пы­ха­лы­қтық үлкен еңбек деп айту­мен келе­мін. Қазақ «Тас түс­кен жеріне ауыр» дей­ді. Орал оқиға­сы­ның басты жау­ап­кер­шілі­гі, сөз жоқ, сол кез­де­гі Н.Есқалиев бас­шы­лық етіп оты­рған жер­гілік­ті билік­ке түсті. Екі оттың орта­сы­на түсіп, жаны шыжғы­ры­лған да – сол жер­гілік­ті билік еді. Егер сол кез­де билік­те терісі тар, етіне шыбық тигіз­бей­тін шытыр­лақ мінез біре­улер отыр­са, мем­ле­кет­тік дəре­же­де сал­мағын сала кел­ген екі ел ара­сын­дағы дау­лы мəсе­ленің бар жақ­сы аты мен бар жаман атын қатар көтеріп кете алмас еді. Араға отыз жыл түс­кен­де, сол кез­гі сая­сат­тың таба­сын­да бидай­дай шыжғы­ры­лып, ешкім­ге жама­нат жап­сыр­маған Нəжі­ме­ден аға­мы­зға да риза­шы­лы­ғы­мы­зды біл­діруі­міз керек деп есеп­тей­мін. Ол кісі сол оқиға­да халық тағ­ды­ры­на жау­ап­ты Қаза­қстан билі­гінің оққаға­ры бол­ды десе бола­ды», – деді маған жазған бір хатын­да (29.07.2020)…

Иә, Айсұ­лу дұры­сын айт­ты, оның пікірін қол­дай­мын. Біз­ге кеш те бол­са бел­гілі болған­дай, Н.Есқалиевтың Орал­да қалай­да қан­тө­гісті бол­дыр­мау мақ­са­тын­да атқарған біраз іс-әре­кет­тері Н.Нағыметтің кіта­бын­да да айты­лып­ты. Бұған кітап­ты оқы­ған адам көз жет­кі­зеді. Иә, билік пен азатты­қтар ара­сын­да түсін­бес­тік ушы­ққан ондай кез­де, еш жасы­ра­ты­ны жоқ, мəсе­ленің дұрыс шешіліп, жағ­дай­дың қан­тө­гіс­ке жет­пе­уіне тіле­улес болып, Қаза­қстан­ның түк­пір-түк­пірі­нен атса­лы­са кел­ген азатты­қтар мен көп­шілік­тің еңбе­гі еш, жүзі сор бола­ры анық еді.

Қатені жібер­ген­нен, оны түзе­ме­ген жаман. Қан­ша жасыр­са да, «Азат» тіре­су­ші екі жақтың орта­сын­да қалған жер­гілік­ті билік­тің шын мәнін­де­гі босбел­бе­улі­гін, жібер­ген қателі­гін көре біл­ді. Кей­ін­нен жер­гілік­ті билік: «Осы­ның бар­лы­ғы каз­ак­тар қауы­мы­ның қауіп­ті сая­си­ла­нуы­на, ата­ман­дық-әске­ри қимыл­да­рын қал­пы­на кел­тіру­ге бай­ла­ны­сты туын­даған қауіп­ті сей­іл­ту үшін барған қадам­дар еді», – деп, көр­сет­кен дәр­мен­сізді­гін, жібер­ген қателік­терін осын­дай үлкен сөз­дер­мен жуып-шай­ып, ақталған болып, өздерін және әшкереледі.

Тамыз айын­да Мәс­ке­уде ТЖМК-дан кей­ін алмағай­ып жағ­дай қалып­та­сты. Сон­дағы жетек­ші­міз Аман­жол Зинул­лин­нің: «Жігіт­тер, Ресей аза­мат­тық соғыс жағ­дай­ын­да. Мұн­дай кез­де алып импе­ри­яға ірге­лес ел ретін­де аран­дап қал­мауды, акци­я­ны бүл­діріп алмай, өз іші­міз­де­гі бір­лі­гі­міздің берік­ті­гін, мем­ле­кеті­міздің қауіп­сізді­гін баса ойлаға­ны­мыз да дұрыс бола­ды», – дегені бар. Оның бұл айтқа­нын жігіт­тер де түсін­ді, ескер­туін екі етпе­ді. «Азат» аза­мат­та­ры, «басқа­ру­шы топ» осы­ның бәрін ой еле­гі­нен өткізіп барып, жағ­дай­ды ушы­қтыр­май, «бүкіла­ла­штық қар­сы­лық акци­я­сын» қан­тө­гіс­сіз бей­біт өткі­зе біл­ді. Жеңі­стен соң Аман­жол әр облы­стан кел­ген­дер­ді үйіне шақы­рып, ақ дастар­ха­нын жай­ып, Үш Жүздің аты­нан үш қой сой­ып, ас бер­ді!                          ОҚИҒАНЫҢ МАҢЫЗЫ

«Орал оқиға­сы­ның» басты 5 ерекшелі­гі мына­да: оқиға кезін­де сепа­ра­ти­стер­дің аран­да­туы­на жау­ап ретін­де қар­сы тұрған халы­қты қан­ды қақты­ғы­старға жібер­мей, бар жау­ап­кер­шілік­ті өздеріне алып, халы­қты ұйым­дасқан түр­де шеру­ге алып шыққан­дар болды.

Бірін­ші­ден, оның баста­уын­да сая­си күш­тер мен есім­дері бел­гілі нақты адам­дар жүр­ді. Олар халы­қты атой­ла­тып, өздері таса­дан сыға­лап, жасы­ры­нған емес.

Екін­ші­ден, оқиға Қаза­қстан­ның еге­мен­ді­гіне, тер­ри­то­ри­я­мы­здың тұта­сты­ғы­на қауіп төн­дір­ген Ресей тара­пы­нан болған «сая­си тер­ро­риз­мнің» бетін қайтарды.

Үшін­ші­ден, тәу­ел­сіздік жолын­да Қаза­қстанға әлем жұрт­шы­лы­ғы алдын­да, көр­шілері орта­сын­да ұтым­ды ұпай, сая­си бедел алып бер­ді. Қар­сы тұруға жиналған бар­лық облы­стар­дан кел­ген ерік­тілер әре­кеті шын мәнін­де ел тағ­ды­рын­дағы ерекше құбы­лыс – ұлт­тық бірі­гудің жарқын көрінісі бол­ды. Үш жүз сыр­тқы жауға қар­сы соғы­ста Ордаб­а­сы­да қалай бірік­се, Орал­дағы бірі­гу де қазақ бір­лі­гінің руха­ни жалға­сы­на айналды.

Төр­тін­ші­ден, азаттық жолын­да 1991 жылы қыр­күй­ек­те Орал­дағы қазақ халқы­ның жер дау­лаған орыс-каз­ак­та­ры­на қар­сы көтеріл­ген бей­біт нара­зы­лы­ғы Қаза­қстан үкі­метінің ішкі және сыр­тқы стра­те­ги­я­лық сая­са­тын­да түбе­гей­лі жаңа өзгерістер­дің пай­да болуы­на, демо­кра­ти­я­лық бет­бұры­стар­дың баста­ма­сы­на қозғау болды.

Бесін­ші­ден, оқиға Қаза­қстан­ның тәу­ел­сіздік жолын­дағы тарихын­да сая­си, эко­но­ми­ка­лық дер­бес­тік­ке ұмты­луын жедел­де­ту­ге себеп­ші болған басты фак­тор­лар­дың біріне айналды…

 Нұр­лы­бай ҚОШАМАНҰЛЫ,  «Азат» аза­мат­тық қозға­лы­сы­ның ардагері

Республиканский еженедельник онлайн