Четверг , 3 июля 2025

МҮГЕДЕК АДАМДА ТАҢДАУ БОЛМАЙДЫ

ҚР Пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры   Тама­ра Дүй­се­но­ваға!

Қаза­қастан Рес­пуб­ли­ка­сын­да әле­умет­тік әлсіз топ­тар жыл­дан-жылға көбей­іп жатқа­нын өзіңіз де жақ­сы білесіз.

Қара­у­сыз қалған қарт­тар, асы­ра­у­шы­сы­нан айы­ры­лған көп­ба­ла­лы отба­сы­лар, әлдекім­нің жау­ап­сызды­ғы­нан жалғыз басты қалған ана­лар, тағы­сын тағы тіз­бек­тей беру­ге бола­ды. Бірақ солар­дың ішін­де­гі ең қорған­сызы деп тәні де, жаны да жара­лы – мүге­дек­ті­гі бар жан­дар­ды айтуға болады.

Әрине, тағ­дыр жара­лаған адам­дар­да өз өмірін өзгер­те қоя­тын таң­дау жоқ екен­ді­гін бар­лы­ғы­мыз біле­міз. Алай­да сол тағ­дыр­дың алдын­да таң­да­уы жоқ адам­дарға мем­ле­кет неге қисын­сыз таң­дау қоя­тын­ды­ғы түсініксіз.

Ол не таң­дау десеңіз – мүге­дек­ті­гі бар жан­дар зей­нет жасы­на кел­ген­де не зей­не­тақы, не жәр­де­мақы­ны таң­да­уға мәж­бүр. Бүгін­гі депу­тат­тық сау­а­лым­ның негіз­гі тақы­ры­бы осы.

Құр­мет­ті Тама­ра Босым­бекқы­зы! Жұмыспен қам­тыл­маған адам­нан зей­не­тақы қоры­на еш қар­жы түс­пе­се, зей­не­тақы­сы қан­ша бола­ты­нын ойлай беріңіз. Бұл мәсе­ленің негізін қара­сақ, халы­қа­ра­лық еңбек ұйы­мы­ның мүге­дек­ті­гі, қарт­ты­ғы және асы­ра­у­шы­сы­нан айы­ры­лу жағ­дайы бой­ын­ша №128 кон­вен­ци­я­сы­на сәй­кес жәр­де­мақы нақты еңбек­ке жарам­ды­лық кезеңі­нен зей­нет­кер­лік жасқа дей­ін­гі адам­дарға беріледі. Осы­лай­ша, Кодекстің 178-бабы­ның 2‑тармағына сәй­кес, зей­нет­кер­лік жасқа толған кез­де мүге­дек­ті­гі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік әле­умет­тік жәр­де­мақы төлеу жасы­на бай­ла­ны­сты тоқта­ты­ла­ды неме­се қай­та қара­ла­ды делінген.

Еңбек өтілі 1998 жыл­дан бастап жұмыс істе­ген мүге­дек аза­мат­тар зей­нет­ке шыққан­да, оларға тек зей­не­тақы қорын­да жиналған қара­жат қана бөлініп берілетін бола­ды. Ол дегені­міз – қорға қара­жат аудар­май­тын мүге­дек жан ештеңесіз қала­ды деген сөз.

Ия, сіз­дер: «Мүге­дек өзді­гі­нен ерік­ті түр­де қара­жат ауда­ру керек деп айта­сыздар, бірақ 95 мың тең­ге жәр­дем ақы ала­тын мүге­дек несін ауда­ра­ды? Демек, мүге­дек зей­не­тақы­сыз қала­ды деген сөз».

Сон­да қалай, сіз­дер­дің ойла­ры­ңыз­ша, зей­нет­ке шыққан мүге­дек қар­тай­ған шағын­да құлан таза сауы­ғып кете ме?.. Біле біл­сеңіз­дер, үшін­ші топ сана­тын­дағы мүге­дек адам­ның өзі – не қолы, не аяғы жоқ адам.

Бүгін­де 1‑топ – 95 496 тең­ге, 2‑топ – 79 435 тең­ге, 3‑топтағы мүге­дек­тер 69 886 тең­ге жәр­де­мақы ала­ды екен. Сол себеп­ті Әле­умет­тік кодек­с­ке өзгер­ту­лер енгі­зу арқы­лы осы жәр­де­мақы мен зей­не­тақы­ны қоса беру керек. Ондай бол­маған жағ­дай­да еңбек­ке қабілет­ті мүге­дек­тер­ді жұмыспен қам­ту қажет.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­метінің 2019 жылғы мамыр айын­дағы № 326 қаулы­сы бой­ын­ша Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да мүге­дек­ті­гі бар адам­дар­дың құқы­қта­рын қам­та­ма­сыз ету және тұр­мыс сапа­сын жақ­сар­ту жөнін­де­гі ұлт­тық жос­па­ры 2025 жылға дей­ін бекітіл­ген. Сон­да мүге­дек­ті­гі бар жан­дар­дың жағ­дай­ын 2025 жылға дей­ін жақ­сар­тқан түрі­міз осы ма? Неге біз­де мүге­дек­ті­гі бар адам­дар­дың мәсе­лесін айтқан­да, ол баяу іске аса­ды? Егер бұл мәсе­ленің оң шеші­мі табыл­ма­са, онда елі­міз­де­гі кедей­шілік шегі авто­мат­ты түр­де өседі. Аза­мат­тар­дың кедей­шілік пай­ы­зын төмен­де­те­міз деп жатқан­да, қай­та өсіріп алмай­ық. Себебі елі­міз­де бір мил­ли­онға жуық мүге­дек жан­дар бар. Осы бір мил­ли­онға жуық аза­мат авто­мат­ты түр­де кедей­шілік шегіне енетін болады.

Жоға­ры­да айты­лған­дар­ды еске­ре келе ұсынатыным:

1. Мүге­дек­ті­гі бар тұлға­ларға зей­нет жасқа жет­кен­де де жәр­де­мақы­сын тоқтат­пай, қоса берілуінің жүй­есін қалыптастыру.

2. Осы жөнін­де Әле­умет­тік кодек­с­ке өзгер­ту­лер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу қажет.

3. Мүге­дек­ті­гі бар адам­дар­дың құқы­қта­рын қам­та­ма­сыз ету және тұр­мыс сапа­сын жақ­сар­ту жөнін­де­гі ұлт­тық жос­пар 2025 жыл­дан кей­ін де жалға­сын табуы керек.

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісі «Ауыл» пар­ти­я­сы фракциясының

депу­та­ты ​​​​​​Таңсәу­ле СЕРІКОВ

Республиканский еженедельник онлайн