Четверг , 1 мая 2025

ҚАҚПАҒЫ КЕТКЕН ҚАЗАН Немесе ҚАҚПАҚЫЛҒА ТҮСКЕН ҚАРИЯ

Бір­ден айтай­ық, бұл жер­де­гі қақ­пағы кет­кен қаза­ны­мыз – Жам­был облы­сы­ның бұры­нғы Сверд­лов ауда­ны­ның «Қазан­ның 40 жыл­ды­ғы» атын­дағы кол­хо­зы, қақ­пақы­лға түс­кен қари­я­мыз – кезін­де сол шару­а­шы­лы­қтың мүше­сі болған, қатар­дағы меха­ни­за­тор­дан кәсі­по­дақ ұйы­мы­ның төраға­сы­на дей­ін­гі жау­ап­ты қыз­мет­тер атқа­рып, шару­а­шы­лы­қтың эко­но­ми­ка­лық дамуы­на өзін­дік үлесін қосқан еңбек арда­гері Кеңе­с­бек Нуридинов.

– Шырағым, шын­дық іздеп жүр­ген адам­мын, – деді Бай­зақ ауда­ны Мәді­мар ауы­лы­нан «ат ары­тып», арнайы іздеп кел­ген Кеңе­с­бек қария. – Іздеп жүр­ген жоғым тура­лы облыс әкі­міне, облыс про­ку­ро­ры­на, аудан әкі­міне, әйте­уір «шын­ды­қты табуы­ма, әділ­дік­тің сал­та­нат құруы­на ықпал жасап, көмек­те­сер-ау» деген­дер­дің бәріне жаз­дым. Ешқай­сысы­нан қанағат­та­нар­лы­қтай, көңіл көн­ші­тер­лік­тей жау­ап бол­ма­ды. Бар­лы­ғы да бір-біріне сіл­теу. Бол­маған соң, облы­стық газет редак­ци­я­сы­на да шағым­дан­дым. Одан да оңды нәти­же бол­ма­ды. Біл­мей­мін, жоға­ры­ға жал­тақтай ма, біре­улер­ден сес­кене ме, газет тіл­шісінің жазға­ны көңілім­нен шыққан жоқ. Жазған­да­ры­ң­ды оқып жүр­мін. Енді­гі үмітім сен­де. Сен – тәжіри­белі журналистсің.

Пен­де­міз ғой, қол­ты­ғы­ма жастық тастап, асты­ма көп­шік қоя сөй­ле­геніне «шын­ды­ғын­да да мен сон­дай­мын ба» деп көңілім көтеріліңкіреп қалған жайы бар. «Құл­ды «әп, бәре­кел­ді» өлтіреді» деген, қари­я­ның асты­ма көп­шік тастаға­ны­на көзім қара­уы­тып бара ма өзі?!» – деп өзім­ді-өзім сабы­рға шақы­рып, саба­ма түсіп:

– Ойбай-ау, қария-ау, мен де солар­дай жур­на­лист­пін ғой. Тәжіри­белі болай­ын, бол­май­ын, бәрі­міз­ге заң ортақ. Заң­нан ешкім аса алмай­ды, – дедім ол кісі­ге жөнін айтып.

– Сон­да да бол­са көр­ші, қарағым. Буын­сыз жер­ге пышақ ұрып отыр­сам, беті­ме басып оны айт, – деді ол мені қашқақтап оты­рғанға санағандай.

Қарт көңілін қимай, арызы­мен таны­стым. Тәу­ел­сіздік­ке қол жетіп, елі­міз жаңа қоғам­дық жүй­е­ге көш­кен тұстағы өтпе­лі кезең­де­гі өзгерістер­ге өкпе­лі қария жеке­ше­лен­ді­ру кезін­де әртүр­лі жол­дар­мен, айла-амал­дар­мен деген дұрыс шығар, ауыл тұрғын­да­ры­ның ұстаған­ның қолын­да, тісте­ген­нің аузын­да кет­кен дүние-мүл­кінің жоқта­у­шы­сы сияқты. Сон­да ол кісі нені жоқтай­ды екен? Ары­здың қысқа нұсқа­сы­мен таны­сып алайықшы.

Арыз иесі К.Нуридинов кеңе­стік кезең­де­гі Сверд­лов (қазір­гі Бай­зақ) ауда­ны «Қазан­ның 40 жыл­ды­ғы» атын­дағы кол­хоз­да өткен ғасыр­дың 70-жыл­да­ры (шама­мен) пай­да­ла­нуға беріл­ген 1200 сауын сиы­ры­на арналған тау­ар­лы-сүт фер­ма­сы­ның, одан бөлек маши­на-трак­тор шебер­ха­на­сы­ның, қыр­ман­ның, құры­лыс цехы­ның, тағы басқа нысан­дар­дың тоз-тозы шығып жарам­сызданға­ны­на, кей­бірінің там­ты­ғы да қал­маға­ны­на жаны ауы­рып, «солар адам­дар игілі­гіне қыз­мет етсе ғой» деп армандайды.

Ниет – түзу, қари­я­ның ойлаға­ны – елдің, ауыл­даста­ры­ның қамы. Ол өзі ұзақ жыл­дар қыз­мет атқарған, дамуы­на қал-қадерін­ше үлес қосқан шару­а­шы­лы­қтың өткеніне көз жүгір­те оты­рып, бұры­нғы кол­хоз мен­ші­гін­де­гі дүние-мүлік­тің, оның ішін­де мал да, өндірістік нысан­дар да, бәрі-бәрі бар, көз алдын­да бар­дан жоққа айналға­ны­на қина­лыс біл­діреді. Іргелі шару­а­шы­лы­қтың шаруа­сы шатқа­яқтап, кере­гесі сөгіліп, уығы сынып, шаңы­рағы орта­сы­на түс­кенін жана­шыр­лы­қтың жоқты­ғы деп біледі. Өткен­ді көксейді.

Бір жағы­нан, қари­я­ның жанай­қай­ын түсі­ну­ге де бола­ды. Бірақ К.Нуридинов заман өзгер­генін, қоғам өзгер­генін, жүйе соци­а­ли­стік­тен капи­та­ли­стік­ке айналға­нын, шару­а­шы­лық жүр­гі­зудің әдісі кеңе­стік жос­пар­лы эко­но­ми­ка­дан нары­қты­ққа көш­кенін, билік қол­дан-қолға өткенін, қиын кезең­де дүниенің қиюы қашқа­нын ескер­гісі кел­мей­тін сияқты. «Басқа­сын былай қой­ған­да, елі­міз еге­мен­ді­гін алып, тәу­ел­сізді­гін жари­я­лап, даму­дың басқа жолы­на түс­кеніне отыз жыл­дан асты ғой. Осы­ны неге ойла­май­ды екен?» деген сұрақтар­дың астын­да қалған сияқтымыз.

– «Өнбей­тін дауды өспей­тін адам қуа­ды» деген, сіз жоқтап жүр­ген дүние-мүлік баяғы­да-ақ «әллу» болған. Енді ештеңе де қал­пы­на келе қоюы қиын, – деп түсін­діріп те көр­ген­біз қарияға.

– Мен оны түсін­бей­тін бала емес­пін. Бәле қуған бәле де емес­пін, – деп шамы­рқан­ды Кеңе­с­бек қария. – Менің көк­се­генім елі­міздің еге­мен­ді­гін баян­ды, тәу­ел­сізді­гін тұғыр­лы ету­ге мүд­делі болып, үлес қосуға тиіс аза­мат­тар­дың туған жер­ге туын тігіп, ұлы көштің ауып бара жатқан жүгін түзе­ту­ге тыры­су­дың орны­на өтпе­лі кезең­де­гі қиын­ды­қтар­ды өз қарақан баста­ры­на пай­да­ла­нып, жемқор­лы­қтың жел­кенін керіп, халық қазы­на­сын, ел игілі­гін талан-тара­жға ұшы­ратқа­ны­на ішім аши­ды. Нағыз «жаны ашы­ма­стың қасын­да басың ауыр­ма­сын­ның» кері.

Біле­мін, бар­лық жер­де дер­лік қоға­мға осын­дай зиян­кест­ік, жаны­а­шы­ма­стық, ашкөздік, дүни­еқор­лық, алып қалу, асап қалу сияқты пси­хо­ло­гия қалып­тасқан. Бұл – жұқ­па­лы ауру, қоғам­ды ден­де­ген дерт. Деген­мен, кез­дескен қиын­ды­қтар­дан жол тауып, жаңа нары­қтық қаты­на­старға бей­ім­деліп, шару­а­ның шаша­уын шығар­май, ұтқыр ұйым­да­сты­ру­шы­лы­қ­пен ел бір­лі­гін сақтап, тір­лі­гін түзу жолға салған­дар да бар ғой. Олар – нағыз отаншылдар.

Мен «өзім сана­лы өмірім­ді өткіз­ген, өркен­де­уіне шама-шарқым­ша үлес қосқан шару­а­шы­лы­қты әр кез­дер­де басқарған бас­шы­лар неге солар сияқты әре­кет­тен­беді екен?» деп өкпе­лей­мін, нали­мын. Судың да сұра­уы бар, мей­лі қан­ша уақыт өтсе де, күн­дер­дің күнін­де халық қазы­на­сы­ның бір жоқта­у­шы­сы шыға­ты­ны сөз­сіз. Менің оған сені­мім кәміл.

Міне, қазір бас­пасөз­ден оқып, теле­ди­дар­дан көріп жүр­міз, халық қазы­на­сын тонаған атжал­ман­дар­дың ініне су құй­ы­лып, олар тұн­шы­ғып, судың бетіне шығып, ішкен-жеген­дерін құсып масқа­ра болып жатқа­нын. Жемқор­дың үлкен-кішісі бол­май­ды, жемқор­лы­қтың аты – жемқорлық.

Кеңе­стік кезең­де біреу жемқор­лы­қ­пен неме­се сыбай­ла­сты­қ­пен бір­деңені «қылғы­тып» қой­са, «жесе, өкі­мет­тікін жеп жатыр ғой» дей­тін­біз немқұрай­ды­лы­қ­пен. Ол заман­да да «соци­а­ли­стік мен­шік­ті талан-тара­жға салу­мен күрес» деген орган болған. Ал қазір ше? Қазір жемқор­лар халы­қтың мен­ші­гін, елдің ортақ қазы­на­сын, адам­дар­дың тиісті несі­бесін жеп жатыр. Онда менің де, сенің де, оның да үлесі­міз бар. Енде­ше біздің бәрі­міздің ортақ бай­лы­ғы­мы­зды жеген жемқор­ларға ешқан­дай кешірім бол­мауы керек!

Мен ауыл­даста­рым­ның бай­лы­ғын жеген жер­гілік­ті жемқор­лар­дың лай­ы­қты жаза­ланған­да­рын қалай­мын. Жемқор­лық, сыбай­ла­стық сын­ды қоға­мға жат әре­кет­тер­дің тамы­ры­на бал­та шабыл­май, тәу­ел­сіздік­тің тұғы­ры берік, ел бола­шағы жарқын болуы неғай­был! – деп Кеңе­с­бек қария ары­зқой­лы­ғы­ның сырын ашып, ашы­на айтты.

Бай­қап қара­сақ, шын­ды­ғын­да да, «ары­зқой» Кеңе­с­бек Нури­ди­но­втің әле­умет­тік жағ­дайы да, тұр­мыс-тір­шілі­гі де «Осы­ған не жет­пей­ді екен?» дей­тін­дей емес. Зей­не­тақы­сы бар. Жеке­ше­лен­ді­ру кезін­де шару­а­шы­лы­қтан өзіне тиесілі жер үлесін, тех­ни­ка­сын алған. Бүгін­де бала­сы Елбо­сын Нури­ди­нов шаруа қожа­лы­ғы­ның жұмысын жүр­гізіп отыр. Құдай­ға шүкір, жағ­дайы – біре­уден ілгері, біре­уден кейін.

Демек, «К.Нуридиновтің шырыл­дап шын­дық, әре­кет­теніп әділ­дік іздеп жүр­гені анық» деген ой туа­ды. Ол кісі ары­зданған орган­дар неге бас ауыр­тқы­сы кел­меді екен? Әлде Кеңе­с­бек қари­я­ның бұл әре­кеті шын­ды­ғын­да да өнбей­тін дау, түк шық­пай­тын тір­лік, бекер бай­ба­лам ба?

Қари­я­ның меселін қай­тар­май, өз құзіреті­міз шегін­де біз бас ауыр­тып көрей­ік­ші. Ешкім шапа­ны­мы­зды шешіп алмас. Әрі жур­на­ли­стік пары­зы­мыз ғой.

Елі­міз­де жап­пай жеке­ше­лен­ді­ру белең алып, Назар­ба­ев­тың «хан тала­пайы» басталғанға дей­ін Сверд­лов ауда­нын­дағы «Қазан­ның 40 жыл­ды­ғы» атын­дағы кол­хоз­дың мүше­лері аштан өліп, көш­тен қал­май-ақ, өз қотыр­ла­рын өздері қасып, ел қатар­лы өмір сүріп оты­рған. Бірақ Тәу­ел­сіздік­пен бір­ге кел­ген тап­шы­лық, жұмыс­сыздық, мем­ле­кет тара­пы­нан қол­да­удың там-тұм жетіс­пе­ушілі­гі, «өз күніңді өзің көр» деп тіз­гін­ді қолға ұста­ту қазан­ның қақ­пағын ұшы­рып түсір­ген. Сол кез­де ғой кей­бір қолын­да билі­гі бар­лар­дың бар­лы­ғы «қолы­нан келіп тұрған­да қоны­шы­нан басып», қазан­дағы қазы­наға қол салға­ны, бір салған­да мол салға­ны, халы­қтың бай­лы­ғын оңды-сол­ды шашқаны.

Шашу­дың жолы көп, ең бірін­шісі – айыр­бас. Эко­но­ми­ка тілін­де­гі ата­уы – бар­тер. Сол бар­тер әдісі­мен «шару­а­шы­лы­ққа қажет­ті тех­ни­каға, тех­ни­каға қажет­ті қосалқы бөл­шек­тер мен жанар-жағар май­ға, басқа да қажет­тілік­тер­ге» деп қол­да бар мал­ды, егін­шілік­тен алы­нған өнім­ді, тіп­ті қой­дың ішін­де­гі қозыс­ын, сиыр­дың әлі туыл­маған бұза­уын, орыл­маған асты­қтың дәнін, әйте­уір жарай­тын­ның бәрін бас­шы­лар саудаға салып жат­ты. «Әй» дей­тін әже, «қой» дей­тін қожа жоқ, бәрі де өз қолын­да. Бәрін бастық өзі біледі. Одан кей­ін білетін­дер – басты­қтың жандайшаптары.

Сон­дай да заман болған. Бұл – Қаза­қстан­дағы бар­лық агроқұры­лым­дар­дың басы­на түс­кен жағ­дай. Тілі­міз жазы­қты, басым көп­шілі­гі бар­тер­лік әдіспен жұмыс жүр­гізу­ге барын сал­ды. Ара­сын­да шару­а­шы­лы­қтың мүл­кі­нен шашау шығар­маған, шару­а­шы­лы­қты сол қал­пын­да сақтап қалған бас­шы­лар да бол­ды. Бірақ олар бірең-сараң ғана. Кеңе­с­бек қария айтқан­дай, олар – нағыз отаншылдар.

Өгіз­ге туған күн бұза­уға да туып, өтпе­лі кезеңнің қиын­ды­қта­рын «Қазан­ның 40 жыл­ды­ғы» атын­дағы кол­хоз да бастан өткер­ді. Кол­хоз­да, әрине, аудан­ның нұсқа­уы­мен ғой, шару­а­шы­лы­қты жеке­ше­лен­ді­ру, агроқұры­лым­ды қай­та құру жина­лы­сы өткен 1997 жыл­дың ақпа­ны­на дей­ін бұры­нғы бастық Сай­лау Жаман­ба­ев қан­ша мал­ды, дүние-мүлік­ті айыр­басқа құр­бан еткені бір Құдай­ға аян. Оны сіз де, біз де, ешкім де біл­мей­ді. Марқұм осы жина­лы­стан кей­ін өзіне жақ­тас, мүд­де­лес 50 шақты отба­сын бар­лық үле­стері­мен қоса бөліп алып, бөлек отау тігіп шыға кел­ді. Кеңе­стік кезең­де­гі «Қазан­ның 40 жыл­ды­ғы» атын­дағы кол­хоз деген ата­уы тарих қой­на­уы­на кетіп, жаңа­дан құры­лған «Ынты­мақ» өндірістік коопе­ра­тиві төраға­сы­ның орын­тағы­на осы ауыл­дың тума­сы, жер­гілік­ті кадр, білік­ті маман Өмір­бек Жүсі­п­бе­ков отырды.

Өмір­бек Жүсі­п­бе­ков кім? Ол – кезін­де осы шару­а­шы­лы­қта бас инже­нер және парт­ком хат­шы­сы, аудан­ның басқа да шару­а­шы­лы­қта­рын­да жау­ап­ты, лау­а­зым­ды қыз­мет­тер атқарған аза­мат. Шару­а­шы­лық бас­шы­сы бала­ма­лы негіз­де сай­ланған жина­лы­ста асы­ғы алшы­сы­нан түсті. Жер­ле­стері жаңа агроқұры­лым­ның екі тіз­гін, бір шыл­бы­рын қолы­на ұстатқан­нан кей­ін жұмысқа білек сыба­на кіріс­кен Өмір­бек Жүсі­п­бе­ков бірақ алдын­дағы басты­қтан асып кете алған жоқ. Ол да сол сүр­ле­у­ге түс­кен. Оның да Сай­лау Жаман­ба­ев­тың кезін­де қарқын алған бар­тер әдісін жалға­сты­ру­дан басқа ама­лы қал­маған еді.

Ол кез­де өндірістік коопе­ра­тив иелі­гін­де әлі де біраз шашуға жететін­дей дүние-мүлік бар екен. Өмір­бек өз қала­у­ы­мен сол қол­да бар­ды бар­тер­ге жөнел­тіп жат­ты. Қолын қаққан ешкім жоқ. Шығын қай­да кет­кені қағаз­да хат­та­у­лы, есеп-қиса­бы шот­та­у­лы. Содан ынты­мақты тір­лік­пен «Ынты­мақтың» көсе­гесін көгер­ту­ге көп тер төк­кен Өмір­бек Жүсі­п­бе­ков өндірістік коопе­ра­тив­ті 1997–2004 жыл­дар ара­лы­ғын­да басқа­рып, тір­лік­ті түзу жолға қоя алма­ды ма, әлде шару­а­шы­лы­қта «жей­тін» түк қал­ма­ды ма, әлде шар­ша­ды ма, әлде орын­тақтан үміт­тілер түрт­пек­теп шар­шат­ты ма, әйте­уір 2004 жылы шару­а­шы­лық тіз­гінін Мей­ір­бек Ноға­евқа тапсырады.

Мей­ір­бек те осы ауыл­дың тума­сы. Жастай­ы­нан кол­хоз­дың ысты­ғы­на күй­іп, суы­ғы­на тоңып ысы­лған, бұза­ушы­лы­қтан фер­ма мең­ге­ру­шісіне дей­ін­гі жол­дан өткен пысық жігіт.

Өмір­бек құр қол кет­кен жоқ. Шару­а­шы­лы­ққа сіңір­ген еле­улі еңбе­гі үшін өндірістік коопе­ра­тив­тен 9,2 гек­тар суар­ма­лы, 17,7 гек­тар тәлі­мі, 36 гек­тар шабын­дық жер­ді еншілеп, бір «УАЗ-469» авто­көлі­гін тақы­мға басып кет­ті. «Авто­көлік­ті бұрын­дау алған­мын, шару­а­шы­лы­қтың игілі­гіне мін­дім», – дей­ді Өме­кең өндірістік коопе­ра­тив­ке бір­деңесі өтіп кет­кен­дей. Солай болған күн­нің өзін­де де, бастық мін­ген көлік­тің жағ­дайы жаман бол­май­ты­ны айт­па­са да түсінік­ті. «Жем-шөбі» шару­а­шы­лық есебі­нен. Бұзы­ла қал­са, алды­мен сол жөн­де­леді. Басты­қтың көлі­гі тоқ­та­са, жұмыс қараң қалға­ны. Өмір­бек­ті «көлі­гін аяды» деп ешкім кінәлай алма­са керек. «Ынты­мақты» ыры­сқа кенел­те­мін деп шапқы­ла­уы аз болған жоқ.

– Есеп­сіз дүние жоқ. Шару­а­шы­лы­қтың сіз қабыл­дап алған кез­де­гі эко­но­ми­ка­лық жай-жағ­дайы қалай еді?

– Бір­ден айтай­ын, мен шару­а­шы­лы­қты қабыл­дап алғанға дей­ін де бар­тер баста­лып кетіп, айыр­ба­стың дәу­рені жүріп тұрған. Менің алдым­дағы бастық Сай­лау Жаман­ба­ев­тың бар­тер­ге не жұм­сап, не қой­ға­нын­да шару­ам не, өзі­ме өткіз­генін қабыл­дап алдым да, жұмысты жүр­гізу­ге кірісіп кеттім.

– Сіз­дер «Қазан­ның 40 жыл­ды­ғы» атын­дағы кол­хоз­дың жана­за­сын шыға­рып, жаңа заманға лай­ық «Ынты­мақ» өндірістік коопе­ра­тивінің жұмысын бастап кет­кен­де, шару­а­шы­лы­қтың қан­ша дүние-мүл­кі бар екен? Онда қан­ша адам­ның үлесі бар еді?

– «Ынты­мақ» ӨК еншісін­де 1300 гек­тар­дай суар­ма­лы, 3500 гек­тар­дай тәлі­мі жер, 350–370 бастай сиыр, шама­лы тех­ни­ка қалған. Тау­ар­лы-сүт фер­ма­сы, 1 сүт таси­тын маши­на, 1 авто­бус бол­ды. Сол кездің өзін­де-ақ жарам­ды заттар­дың біра­зы саты­лып кет­кен. Мыса­лы, сүт салқын­да­та­тын құры­лғы. Егін­шілік­те 1000 гек­тар­дай ақ егіс, 250 гек­тар­дай қант қызы­л­ша­сы алқа­бы, 300 гек­тар­дай жоңы­шқа, 200 гек­тар­дай жүгері, 100 гек­тар­дай көкөніс бола­тын. Мал шару­а­шы­лы­ғын­да 5 отар, яғни 2500 бастай қой, 30 шақты жылқы, 300 бастай (бай­қай­сыз ба, Өме­кең бір жер­де 350–370, енді бір сөзін­де 300 бастай дей­ді) сиыр бар екен.

– Мақұл делік, сіз біраз цифр­лар­ды айт­ты­ңыз. Бірақ бар­лы­ғы да шама­мен. Сон­да шару­а­шы­лы­қты қабыл­дап алу-өткі­зу актісі жасалған жоқ па?

– Ондай құжат­тар­дың біра­зы болған. Есеп­сіз дүние жоқ, шару­а­шы­лы­қтың шыққан шығы­ста­ры мен кір­ген кірістері – бәрі-бәрі сон­да еді. Мен ол құжат­тар­ды соңғы күн­дер­ге дей­ін сақтап кел­дім де, осы­дан 10 күн бұрын «енді ешкім­ге кере­гі бола қой­мас» деп өртеп жібердім.

– Мен сіз­ге осы арыз бой­ын­ша осы­дан біраз бұрын хабар­ласқа­ным­да, мәсе­ленің мәнісін, ары­здың неге қаты­сты екенін ескер­тіп айтқан сияқты едім ғой. Осы­ның бәрі­нен кей­ін «осы құжат­тар жур­на­лист­ке керек болып қалар-ау» деп ойла­маға­ны­ңыз ба? – деген сұрағымызға:

– Қай­дан білей­ін, – деп иығын қиқаң еткізді Өмір­бек Жүсі­п­бе­ков мыр­за. Оның қол­да бар құжат­та­рын өртеп жібер­генінің өзі-ақ күмән туғы­зған­дай. «Құжат­тар сөй­леп қоя бер­се, құпи­ям ашы­лып қала ма?!» – деп сақтанға­ны ма әлде? Әйте­уір Өмір­бек­тің осы әре­кетін­де бір сыр бар. Өрте­гіш бол­са, жур­на­лист хабар­ласқанға дей­ін қай­да қалған?

Ойда осын­дай күмән­ді сұрақ көп. Өйт­кені Өмір­бек қана емес, одан кей­ін бастық болған Мей­ір­бек Ноға­ев та, Мей­ір­бек іскер­лі­гі­мен көз­ге түсіп ауыл­дық округ әкі­мі қыз­метіне тағай­ын­да­лып кет­кен­нен кей­ін шару­а­шы­лық тіз­гінін қолға алған Еркін Сан­ды­ба­ев та бас­шы­лық ауы­сқан кез­де түзілу­ге тиіс қабыл­дап алу-өткі­зу актісі тура­лы сұраға­ны­мы­зда, ондай құжат тура­лы біл­мей­тін болып шықты.

Айт­пақ­шы, соңғы мұра­гер Еркін Сан­ды­ба­ев­тан «Ондай құжат бол­са, болған шығар? Қазір қай­да екенін біл­мей­мін» деген екіұ­шты жау­ап алған­быз. Ізде­у­ге ері­нетін сияқты ма, қалай өзі?

Ал Мей­ір­бек Ноға­ев бол­са, «мен сіз­ге қолым­дағы құжат­тар­ды түгел апа­рып бер­ген­мін. Неме­не­ге қаз­ба­лап сұрай бересіз?! Жиыр­ма жыл­дан кей­ін ойда не қал­ды дей­сіз!» деген рені­шін біл­дір­ген соң, қай­та сұра­уға бат­пай қал­дық. Тіп­ті кір­пи­яз әкім­нен кешірім сұра­дық осы әре­кеті­міз­ге. Біз бұл жер­де сұрақты Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры тура­лы» заңы­на сүй­еніп қой­ған едік. Осы заң­ның 20-бабын­да: «Жур­на­ли­стің ақпа­рат­ты ізде­стіруді жүзе­ге асы­руға, сұра­уға және тара­туға құқы­ғы бар» делінген.

Олар жал­пы жина­лы­ста бастық болып сай­ла­нып алған соң, билік­тің биші­гі қолға тигенін қанағат тұтып, жұмысты әрі қарай жалға­сты­ра бер­ген болып шыға­ды ғой тиісті қабыл­дау-өткі­зу актісінің жоқты­ғы­на қараған­да. Әйте­уір біз ондай құжатқа қол жет­кі­зе алма­дық. Міне, нағыз сұра­у­сыз дүние!

Жалғыз сұра­у­шы­сы – арда­гер Кеңе­с­бек Нури­ди­нов қана. Сон­ша­ма індетіп іздей­тін­дей, бар­лық саты­дағы бас­шы­лы­ққа шағым­да­на­тын­дай кім­нің жоғын жоқтап, кім­нің жыр­ты­сын жыр­тып жүр екен ары­зда­ну­шы ақсақал! Әлде біре­улер­мен, әсіре­се М.Ноғаевпен жеке бас араз­ды­ғы бар ма екен? Ақсақал­дан оны да сұрадық.

– Айт­тым ғой, менің ешкім­де алты ала­сым, бес бересім жоқ екенін. Тек ауыл­дық әкім­дік­те болған жина­лы­стар­да сұрай­мын ғой іздеу-сұра­у­сыз кет­кен есіл дүниені. Кім­дер­дің қай­да, қан­дай мақ­сат­та жұм­саға­нын, орнын­да не қалға­нын біл­гім келетіні рас. Қалай деген­мен де, кеңе­стік кезең­де­гі­дей «қазы­на­ның дүни­есі ғой» деп қоя сала­тын­дай емес, ол шару­а­шы­лы­қтың қалып­та­суы­на үлес қосқан, сол ұжым­да еңбек еткен, қазір кол­хоз­дың орнын­дағы мұра­гер агроқұры­лым­ның нәмін­де тұра­тын үлес­кер­лер­дің мен­ші­гі ғой. Менің осы қызы­ғу­шы­лы­ғым құпи­я­сы­ның кіл­тін ашып қоя­тын­дай сес­кен­ген соң ба, ауыл әкі­мі соңғы кез­дері сол сұрақтарға жау­ап бер­гісі кел­мей, шамы­рқа­на дөрекі сөй­леп, дауыс көте­ретін­ді шығар­ды. Бұл – мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші әдебіне жат әре­кет. М.Ноғаевтың маған дөрекі сөй­леп, доңай­бат көр­сет­кеніне куәлар да бар. Балам­дай адам­ның намысы­ма тие сөй­ле­геніне қор­ла­нып, қысты­ғып қала­ты­ным да рас, – деп, қария шын­ды­қтың кар­та­сын алды­мы­зға жай­ып сал­ды. Болат ЖАППАРҰЛЫ, Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның мүшесі

Республиканский еженедельник онлайн