Четверг , 3 июля 2025

ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМДЕРІНЕНАШЫҚ ХАТ

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­ден­ті Тоқа­ев Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫНА,

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы пер­мьер-мини­стрі Бек­те­нов Олжас АБАЙҰЛЫНА,

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мент мәжілісінің төраға­сы Қоша­нов Ерлан ЖАҚАНҰЛЫНА,

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мент Мәжілісінің депутаттары

Аймағам­бе­тов Асхат ҚАНАТҰЛЫНА,

Ермұрат БАПИ мырзаға,

Жұл­дыз СҮЛЕЙМЕНОВА ханымға

2024 жыл­дың тамыз айы­нан бастап елі­міз­де 943 мек­теп «Мақ­сат­ты мек­теп» жоба­сы­на кіріп кетті.

Ы.Алтынсарин ака­де­ми­я­сы дай­ын­даған «Ныса­на­лы мек­теп» атты нұсқа­улы­ғы­на қара­сақ, «Мақ­сат­ты мек­теп­тер­ді» мына негіз­де­ме­лер арқы­лы анықтаған:

1. Педа­гог­тар­дың сан­дық және сапа­лық құрамы;

2. Бас­шы­лар­дың сан­дық және сапа­лық құрамы;

3. Дирек­тор­дың орын­ба­сар­ла­ры­ның сан­дық және сапа­лық құрамы;

4. ПББ нәти­же­лерін талдау;

5. Жал­пы үлгері­мі, білім сапасы;

6. Мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық жарақтандыру;

7. Пси­хо­ло­ги­я­лық кли­мат, бей­не­бақы­лау жүй­е­лері­мен жарақтан­ды­ру, т.б.

«Мақ­сат­ты мек­теп» жоба­сы­ның жұмысы мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық жарақтан­ды­ру­дан емес, мұғалім­дер­ді онлайн оқы­ту­дан басталды.

Мұғалім­дер тамыз айы­нан бері 5 модуль­дік онлайн оқу­дан өтті. Әр модуль сай­ын көп­те­ген онлайн тесттер тап­сыр­ды. Тест сұрақта­ры­ның басым бөлі­гі пси­хо­ло­ги­я­лық, мето­ди­ка­лық сұрақтар­дан тұра­ды. Пән­ге арналған сұрақтар­дың өзі де қате­ге толы.

Мұғалім­дер бала оқы­та ма, онлайн оқып, күн сай­ын тест тап­сы­ра ма? Мұғалім­дер­дің отба­сы­на қара­уға уақы­ты жоқ. Күн­діз жұмыста, кеш­те онлайн оқуда.

Бұл жоба жыл бойы жалға­са­ды екен. Бұл мұғалім­дер­дің ден­са­улы­ғы­на да, жеке өміріне де кері әсерін тигізіп жатыр.

Ұлт­тық тестілеу орта­лы­ғы­на, Назар­ба­ев зият­кер­лік мек­теп­теріне барып та тест тапсырамыз.

Бұл тесті тап­сы­ру уақы­ты мұғалім­дер­дің дема­лыс күн­деріне сәй­кес келеді. Баста­уыш сынып мұғалім­дері 2024 жылғы 12–13 қаза­нға, қоғам­дық-гума­ни­тар­лық және жара­ты­лы­ста­ну-мате­ма­ти­ка­лық бағыт­та­ры­ның пән мұғалім­дері 2024 жылғы 26–27 қаза­нға белгіленген.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­ры­на сәй­кес, оның ішін­де Еңбек кодексіне сәй­кес, сен­бі-жек­сен­бі – дема­лыс күн­дері болып бел­гі­лен­ген. Егер ол күн­дері жұмысқа шақы­ра­тын бол­са, жұмыс беру­ші жалақы төле­у­ге мін­дет­ті. Төтен­ше жағ­дай бол­ма­са, дема­лыс күн­дерін­де жұмыс­кер­ді өз жаз­ба­ша өтіні­ші арқы­лы ғана жұмысқа шақы­ра алады.

Ал Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Оқу-ағар­ту мини­стрі Ғани Бей­сем­ба­ев мыр­за 943 мек­теп­тің мұғалім­дерін дема­лыс күні тест тап­сы­руға бұй­рық шыға­рып отыр.

«Мақ­сат­ты мек­теп» тура­лы «Педа­гог мәр­те­бесі» заңын­да да, «Білім тура­лы» заң­да да көрсетілмеген.

«Әділет.кз» сай­тын­да да ол тура­лы ешқан­дай бұй­рық неме­се заң жоқ. Бұл жоба – заң­мен бекітіл­ме­ген жоба. Яғни, заң­ды құжа­ты жоқ жоба қалай­ша мек­теп ара­лап кет­ті? Біз әр ісі­мізді заң­мен рет­те­у­ге тиіс­піз. Бар болға­ны Ы. Алтын­са­рин ака­де­ми­я­сы­ның нұсқа­улы­ғы бар. Нұсқа­улық заң емес, бұй­рық емес.

«Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­метінің 2023 жылғы 28 науры­зын­дағы 249-қаулы­сы­ның 3‑бөлімінде «Педа­гог­тар­дың кәсі­би­лі­гін дамы­ту» деген тара­уын­да педа­гог­тар­дың білік­тілі­гін арт­ты­ру кур­ста­ры тура­лы жазы­лған. Осы тара­уда үш жыл­да бір рет педа­гог­тар­дың білік­тілі­гін арт­ты­ру жөнін­де мем­ле­кет бас­шы­сы­ның тап­сыр­ма­сы бар екен.

«Педа­гог мәр­те­бесі» заңы бой­ын­ша да мұғалім 3 жыл­да бір рет білік­тілі­гін арт­ты­ра­тын кур­сқа баруы керек. Ондай кур­стар­дан бар­лық мұғалім­дер уақы­ты­мен өтіп жүр. Бес жыл­да бір рет атте­ста­ци­ядан өтуі­міз керек. Бар­лық мұғалім­дер тест тап­сы­рып, атте­ста­ци­ядан да өтіп қой­дық. Атте­ста­ци­ядан өтіп, тест тап­сы­рған мұғалім­дер­ді қай­та даяр­лау не үшін, кім үшін қажет?

2017 жыл­дан бері оқулы­қтар жаңар­тыл­ма­ды, бағ­дар­ла­ма өзгермеді.

Оқу-ағар­ту мини­стрі Ғани Бей­сем­ба­ев мыр­за білім сапа­сын арт­ты­рғы­сы кел­се, сапа­сыз жасалған оқу бағ­дар­ла­ма­сын өзгерт­сін! Мек­теп­тер­де­гі мате­ри­ал­дық база өте төмен дең­гей­де. Соны заманға сай жаб­ды­қтап бер­сін! Сон­да ғана білім сапа­сы өзді­гі­нен артады.

Сіз­дер­ден:

1. Мек­теп­тер­ге заң­сыз енгізіл­ген «Мақ­сат­ты мек­теп» жоба­сын тоқта­тып беру­леріңізді сұраймыз!

Құр­мет­пен:

Қаза­қстан мұғалімдері

Мей­ір­жан Темір­бек, ШҚО

Айман Сағи­дул­ла, Алма­ты облысы

Сания Нүсі­пәлі, Алма­ты облысы

Тілекқа­был Нұры­шов, БҚО

Айнұр Сабыр, БҚО

Нүсі­п­бек Мей­рам­гүл Барқа­за­тқы­зы, Алма­ты қаласы

Баим­бе­то­ва Мар­жан Мара­тов­на, Шым­кент қаласы

Саке­та­е­ва Жан­на Кина­я­тов­на, ШҚО

Жаңға­шов Ғалым­жан Қыды­рәліұ­лы, Шым­кент қаласы

Ыбы­ше­ва Рау­шан Аман­гел­діқы­зы, Жам­был облысы

Республиканский еженедельник онлайн