Четверг , 3 июля 2025

ТОМ-ТОМ ЖАРЫСТЫ КІМ ТИЯР?

Жазу­шы еңбе­гі қашан да сапа­сы­мен баға­ла­на­ды. Оны аны­қта­уды небір сөз зер­гер­лері, сын­шы­лар мен әде­би­ет­та­ну­шы ғалым­дар көр­сет­кен. Дүни­е­ден өткен талай жақ­сы­лар мен жай­саң­дар әде­би дәстүр­дің негізін қалап кет­ті. Халы­қтық мұраға адал­ды­ғын сақтап келе жатқан аға буын өкіл­дері қазір де бар, талант­ты жастар легі өсіп-жетіліп келеді.

Көзі қарақты оқыр­ман ұлт ақын-жазу­шы­ла­рын жақ­сы біледі, оқи­ды, құр­мет тұта­ды. Әсіре­се дүни­е­ден озған айту­лы қалам­гер­лер­дің мұра­сын лай­ы­қты құнт­тап, жары­ққа шыға­ру­да артын­да қалған ізде­ушілері ыждағат таны­тып жат­са, нұр үстіне нұр.

Қазір жары­ққа шығып жатқан кітап­тарға қоғам­ның қызы­ғу­шы­лы­ғы кем­деу көрі­неді. Оның наси­ха­ты да кере­мет дей алмай­мыз. Бәл­кім, мұның біз біл­мей­тін себеп­тері бар шығар. Деген­мен ой бөліс­кен артық болмас.

Бірін­ші­ден, нарық зама­нын­да жазу­шы­ға, бас­па­гер­ге, кітап сату­шы­ға ешкім нарық заңын үйрет­пе­ді. Өрке­ни­ет­ті әлем­де оның түр­лі амал-тәсіл­дері іске қосы­лып, жолға қойылған.

Екін­ші­ден, автор­лық құқы­қты қорғау сала­сы да нары­қтық қаты­на­стан бой­ын аулақ сал­ды. Өзі­мен-өзі әуре, алды­на кел­ген жеке­ле­ген шығар­ма­шыл адам­ның талап-тіле­гін ғана қарай­ды. Оңтай­лы жүй­есі қалып­тас­па­ды. Талқы­ла­нып жатқан Салық кодексі жоба­сын­да автор­лық құқық сала­сы, бас­па ісі, әле­умет­тік маңы­зы бар әде­би­ет­ті басып шыға­ру, сату, тара­ту жайы ескерілу­ге тиіс деп ойлаймыз.

Ал ептілер жазу­шы еңбе­гін әділ баға­ла­удан гөрі ебін тауып екі асаған­нан аса алмай келеді. Оның бер жағын­да жеке­ле­ген қалам­гер­лер мем­ле­кет есебі­нен де, қал­та­сы қалың деме­уші қол­да­уы­мен де жыл құрғат­пай неме­се жылы­на бір­не­ше кітап шыға­ра­тын бол­ды. Ал кітап сапа­сы­на, маз­мұ­ны­на, поли­гра­фи­я­лық мәде­ни­етіне қаты­сты сын аты­мен жоқ. Тек қол­паштау, бел­гілі орта­да ғана жалаң жар­на­ма жасау бар. Қалың оқыр­ман­ның қала­у­ын, пікірін еске­ру, әде­би­ет­сүй­ер қауым орта­сын­да талқы­ға салу енжар күй­де. Осын­дай­да талант­ты, дарын­ды жастар бұй­ы­ғып, іштей тынып жата­ды. Өйт­кені бір­деңе дей­ін десе, «Бай­дың асын қызға­на­тын бай­ғұс» болып шыға келетінін біледі. Қалам­гер қауы­мы кітап шыға­ру ісін тау­ар өнді­ру деп ұға­тын серік­тес ұйым­дарға сене қой­май­ды. Мұн­дай­да мерей­лі жасы­на орай шығар­ма­ла­ры­ның таң­да­ма­лы жинағын әзір­ле­умен әуре­ге түсетін аға буын өкіл­дері­нен де қай­ран жоқ. Олар­дың көз­де­ген бар мақ­са­ты әрі арма­ны – әр жыл­дар­да жазған-сызға­нын топ­та­сты­рып, том саны жөні­нен өзге­лер­ден озу. Осы­ған бай­ла­ны­сты сөз зер­гері Ғабит МҮСІРЕПОВ:

«Қай ақын-жазу­шы­ның бол­са да жыл­дар өтуіне бай­ла­ны­сты, оқу­шы­ның талап-талға­мы, мәде­ни­еті, білі­мі өсуіне бай­ла­ны­сты маз­мұн­дық нәрі сұй­ы­ла бастаған, көр­кем­дік ажа­ры оңа бастаған шығар­ма­ла­ры болуы мүм­кін. Мүм­кін ғана емес, болған, бар, бола­ды. Сон­дай ескір­ген еңбек­тері барын жұрт­тан бұрын жазу­шы­ның өзі сезі­нетін сияқты. Кезін­де бел­гілі дәре­же­де маңы­зды болға­ны­мен, енді ескі­ре бас­та­са, ондай шығар­ма­ла­рын бас­паға ұсы­на беру­ге жазу­шы­ның өзі тоқтам сал­са, қан­дай игі мінез болар еді дей­мін» деп жазға­ны мәлім.

Өзінің 80-жыл­ды­ғы­на орай шығарған таң­да­ма­лы үш том­ды­ғы – әде­би­ет клас­си­гінің кей­ін­гі­ге қал­ды­рған өне­гесі. Осы үлгіні қалам ұстаған қауым ескер­се артық па?

Сон­дай-ақ фран­цуз жазу­шы­сы, «Фило­со­фи­я­лық хат­тар» еңбе­гінің авто­ры Фран­с­уа-Мари ВОЛЬТЕР:

«Жазу­шы­ның оқуға арзи­тын ғана туындыс­ын басу керек. Бұл аяу­лы ере­же кітап­тың санын азай­тқан­мен, оқу­шы­лар­дың талға­мын арт­ты­ра түс­кен болар еді» деген екен.

Шын­ды­ғын­да, қазір дүкен сөре­лері әртүр­лі тақы­рып­тағы, тіл­де­гі біре­гей, төл­ту­ма, аудар­ма кітап­тарға толы. Қаз-қатар тізіліп тұр. Ара­сын­да бұрын жарық көр­ген және қай­та басы­лған туын­ды­лар да бар­шы­лық. Саны да аз емес, олар­ды әр адам ой-өрісіне, білім көк­жи­егіне шақтап таң­дай­ды, ал сапа­сын баға­лау үшін оқып, таны­су керек. Енді сұрақ туа­ды: біз­ге елдің, оқыр­ман­ның талға­мын арт­ты­ру маңы­зды ма, жоқ «бол­ма­са, бор­дай тозсын» деу маңы­зды ма?

Әлем тәжіри­бесі мен өзі­міздің өткені­міз­ге қара­сақ, талап пен талғам артқан­да ғана ұлт­тың сапа­сы өскен екен. Талғам­сыздық белең алған­да, жұр­тқа күл­кі болып­пыз. Қазір де қал­та­лы­лар жоқ емес, кей­біре­уі дере­гі аз, күмән­ді дүниені том-том етіп, әде­мі безен­діріп, той-тома­лақта үле­стіріп, өзін де, өзгені де ада­сты­рып жүр. Бұған не дерсіз?

Тая­у­да марқұм болған бір кісінің 10 том­дық жинағын көр­дік. 8 томы – ол кісі қыз­мет істе­ген­де қабыл­данған түр­лі ұжым­дық құжат­тар, ере­же­лер, бағ­дар­ла­ма­лар, нұсқа­улы­қтар, іс-шара жос­пар­ла­ры, келісім­шар­ттың даяр үлгілері. Егер автор­да, соңын­дағы жоқта­у­шы­ла­рын­да осын­дай мақтан­гер­шілік, талғам­сыздық бол­са, мұны қалай тиямыз?

Осы тұста ойла­най­ық: бұл аза­мат сана­сы­на өзін­ше том-том кітап шыға­ру қай­дан кел­ді? Әрине, ол атақты­сы бар, атақ­сызы бар, талант­ты­сы бар, талант­сызы бар ақын-жазу­шы­лар­дың жары­са том-том кітап шыға­рып жатқан дүр­ме­гіне ілескісі кел­ді. Бұл – бір жағы­нан пси­хо­ло­ги­ядағы күр­делі ком­плекс. Абай айтқан­дай, «Өзің­де бар­мен көз­ге ұрып, Арты­лам деме өзге­ден. Күн­десті­гін қоз­ды­рып, Аза­пқа қал­ма езбе­ден…». Осы­ның кері. Екін­ші жағы­нан – ақын-жазу­шы­ға жадағай «паро­дия». Бұлар – көп том­шы­лар­дың көлеңкесі.

Қалай деген­де де, мұн­дай масқа­ра­ны тоқта­та­тын – сала жау­ап­кер­шілі­гі, қоғам сер­гек­ті­гі, ақын-жазу­шы­ның талғам-таразысы. Дар­хан МЫҢБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн